Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01409 Кәсіптік оқыту (Көркем еңбек және арнайы пәндер) в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми коммуникация негіздерін шет тілінде білуін, ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясын терең түсінуін көрсете алады, педагогтар мен білім алушылардың өзара іс-қимыл процестерін талдай отырып, басқару психологиясының теориялық-әдіснамалық ғылыми негіздерін қолдана алады.
  • Теория мен практиканың мәнін, кәсіптік білім берудегі тәрбие жұмысының мақсаттары мен проблемаларын, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру принциптерін, педагогикалық міндеттерді өз бетінше шешуді сипаттай отырып, педагогтар мен білім алушылардың өзара іс-қимыл процестерін талдай алады.
  • Әлем халықтарының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін, кәсіптік білім беру мазмұнының заманауи әдістері мен ғылыми-теориялық негіздерін қолдану арқылы көркемдік білім берудің білім беру ортасын ұйымдастыруға қабілетті.
  • Кәсіби қарым-қатынас мәдениетіне, құзыреттілікті қалыптастыруға негізделген білім алушылардың оқу-танымдық қызметін басқару үшін жоғары кәсіптік білім беру теориясы мен практикасының білімін, түсінігін және қабілетін кәсіби деңгейде қолдана алады.
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру әдістерін, жоғары мектепте үздіксіз білім беру жүйесінің формаларын талдау, кәсіби қызметте және педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейінде жеке өзін-өзі жетілдіру модельдерін құра алады.
  • Менеджмент саласында оқытудың әдістері мен тәсілдерін, сапалы кәсіптік оқыту үшін ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру саласындағы қабілеттерін айқындау және қолдану.
  • Ақпараттық және компьютерлік технологиялардың заманауи құралдарын пайдалана отырып, кәсіптік білім беруде оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін зерттеу және қолдану.
  • Көркем еңбекті оқыту әдістемесін талдау және таңдау, көркемдік білім беру саласындағы өзінің зерттеулері мен педагогикалық эксперименттерінің нәтижелерін бағалау және негіздеу.
Top