Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01723 Қазақ тілі және әдебиет педагогтарын даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қоғамның мәдени және әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық қарқынды дамуын қамтамасыз ететін және өз бетінше ойлауға қабілетті, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері, терең ғылыми және педагогикалық дайындығы бар, тіл білімі мен әдебиеттің іргелі және қолданбалы бағыттары бойынша базалық түсінігі толыққанды қалыптасқан, қазіргі заманғы филологиялық үдерістер мен құбылыстарды талдаудың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік әдістерін меңгерген маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Алаш ұранды әдебиет
Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы
Тіл ғылымындағы антропоцентрлік парадигма
Тіл білімінің метатілі мен метасөздігі
Бейіндік пәндерді оқыту әдістемесі мен технологиясы
Әдебиеттанудағы жасанды интеллект: Қазақ әдебиетін талдау және оқыту
Қазақ шешендік сөздерінің поэтикасы
Шетел тілі (кәсіби)
Ғылым тарихы және философиясы
Қазақ поэзиясының поэтикалық жүйесі
Жыраулар поэзиясы және шешендік өнер
Мәтін лингвистикасы
Қазақ лингвистикасының ғылыми-зерттеу әдістері
Лингвистиканың аспектілері мен жаңа бағыттары
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Ауызша авторлық әдебиет поэтикасы
Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі
-
2 Оқу жылы
Аударматану теориясы мен практикасы
Жазбаша аударма практикасы
Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Лингвомәдениеттану және танымдық тіл білімі
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Көркем шығарманы талдаудың ғылыми-теориялық негіздері
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Көркем әдебиеттегі ұлттық ментальдікті оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Сөз мәдениетіндегі лингвоэкология аспектілері
Көркем шығармадағы психологизм
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Менеджменттегі қазіргі теориялар мен концепциялар бағыттарының ерекшеліктерін және ғылым тарихы мен философиясының мәселелерін талдай отырып, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді табады.
- Қазіргі заманғы зерттеу әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін пайдаланады.
- Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын; ЖОО-да бейіндік пәндерді оқытудың заманауи тәсілдерін, әдістері мен технологияларын біледі; оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді; студенттерді оқытуға және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға ынталандырады; білім беру қызметінде цифрлық құралдар мен платформаларды пайдаланады.
- Қазіргі кезеңдегі қазіргі әдебиеттің және оның тарихының өзекті мәселелерін айқындайды және оларды өзінің кәсіби қызметінде ұтымды пайдаланады, болашақ ұрпақтың ұлттық идеясын қалыптастыру мақсатында Алаш қайраткерлерінің ұлттық идеясын талдайды
- Авторлық ауызша әдебиеттің ерекшеліктерін, жазбаша әдебиетпен сабақтастығын, көркем поэтика жүйесі мен көркем шығармадағы психологизм концепциясын танып білу арқылы көркем шығарманы талдайды.
- Жасанды интеллект технологияларын қазақ әдебиетін талдау және оқыту үдерісінде тиімді қолдана отырып, әдеби мәтіндерді цифрлық-гуманитарлық тұрғыда интерпретациялайды, ЖИ платформаларымен жұмыс істеп, нақты әдеби жобалар әзірлейді және алынған деректерді оқыту үдерісінде тиімді пайдаланады.
- Педагогикалық әдістерді қолдана отырып, сабақтардың түрлі түрлерін жоспарлап, ғылым, білім және инновацияның тығыз интеграциясы негізінде жаңа формациядағы жоғары білікті педагог кадрларын дайындауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, қазақ лингвистикасының ғылыми-зерттеу әдістерін зерттеп, ұлттық ментальділіктің ғылыми-теориялық негіздеріне сәйкес әдебиет пен лингвистикалық зерттеулерді оқытудың әдіснамалық принциптері мен әдістеріне талдау жүргізеді.
- Лингвистикалық сөздіктерді салыстырады, метатілдік корпустарды дамытады және терминологиялық сәйкессіздіктерді талдайды. Антропоцентрлік парадигма негіздерін меңгерген және зерттеу жүргізу дағдыларын қолданады.
- Қазіргі лингвистикалық ілімнің іргелі ізденістері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, меңгерген білімдерін зерттеу жұмысы мен оқыту әдістемесінде қолданады, әлемдік филология процесін зерттеудің эмпирикалық әдістері мен мәтіннің лингвистикалық аспектілерін талдау әдістерін пайдаланады.
- Қазақ тіл мен әдебиет тарихының қалыптасуы мен дамуы туралы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне, жыраулар поэзиясы мен шешендік өнердің ерекшеліктеріне, жан-жақты терең талдау жүргізеді. Сондай-ақ қазақ тілінің тарихи грамматикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді.
- Аударма теориясы мен практикасын игеру арқылы аударылатын мәтіннің сапасын талдайды, көркем мәтінді аудару мен түсіндірудің ерекшеліктерін ескере отырып, аударма саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді.