6B04248 Құқықтану (Мемлекеттік қызмет) в Қызылорда ашық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Құқық қорғау органдарының, мемлекеттік билік органдарының, сот және құқық қорғау жүйелерінің, меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың кадрлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне бағдарланған, қойылған міндеттерді заңнама тұрғысынан және өзгермелі экономикалық жағдайды ескере отырып шешуге қабілетті, азаматтық кемелділікке және жоғары қоғамдық белсенділікке, кәсіби этикаға, құқықтық және психологиялық мәдениетке ие білікті заңгерлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда ашық университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзілік тарих және Құқық негіздері
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B042 Құқық
Пәндер
-
Мамандыққа кіріспе
Пәнді оқу барысында білім алушыларға: - заңгер мамандығымен жақын танысуға; - білім алушыларды өзі мен қоршаған орта туралы мәліметтермен байытады. - қарым қатынас пен іскерлік қарым қатынас этикасына баулиды. Білім алушы негізгі құқықтық түсініктер мен құқықтық мамандықтар туралы жалпы түсініктерді біліп шығуына ықпал етеді. Заңгер мамандығының мәселелері мен қиындықтары және оларды шешу жолдарын білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мемлекет және құқық теориясы
Пәннің мақсаты мемлекеттің және олардың тұрақты өзара әрекеттестігіндегі құқықтың мәнін, шығу тегі, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен үрдістерін зерттейді, сондай-ақ барлық заң ғылымдары үшін ортақ ұғымдар мен санаттарды қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Пәнді игеру барысында білім алушылар конституциялық құқықтың маңызды ғылыми - теориялық ережелерін, Қазақстан Республикасының конституциялық даму тарихын, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттілікті құру процесінде мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі Конституцияның рөлі мен функцияларын білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заңгердің кәсіби этикасы
Заңгерлердің әдептік және моральдық мәдениетін жақсарту, моралдың нормалары мен қағидалары саласындағы қандай болмасын заңды бұзушылық пен мораль нормаларының міндеттерін жүзеге асыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тұрақты даму
Тұрақты даму пәні студенттерге тұрақты даму қағидаттарын ғылыми негізде меңгерту, адамзат пен табиғат арасындағы тепе-теңдікті сақтау, ресурстарды ұтымды пайдалану және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру. Сонымен қатар, студенттерге сыни ойлау, кешенді талдау, экологиялық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік дағдыларын дамыту көзделеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
Білім алушылардың оқып жатқан курсы бойынша негізгі білім алуы, білім алушыларды азаматтық құқық саласында ғылыми-зерттеу жұмысына баулу, сондай-ақ нақты өмірлік жағдайларда азаматтық құқық нормасын пайдалана білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пән алынған білімді пайдалану мақсатында ғылыми жұмысты жүргізудің стандартты әдістері мен тәсілдерін қарастырады және нақты проблемалық жағдайларды талдайды. Ғылыми жұмысты рәсімдеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және өміртіршілік қауіпсіздігі
Экология мәселелері, экологияның жаһандық, ұлттық мәселелері баяндалады. Табиғи ресурстар, есепке алу, бағалау, ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері, жасыл экономика мәселелері қарастырылады. Студенттерді әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда халықты және аумақтарды инженерлік қорғау негіздерімен таныстырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін меңгеру барысында студент өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу. Жалпы адамзаттық құндылықтарды кеңінен насихатау, баршаның заң алдындағы теңдігі, еңбексүйгіштігі және адалдығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға, оның ішінде заң талаптарын орындау, білім және мәдени деңгейін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)
Білім алушыларға қылмыстық заң жағынан тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері принціптерін, оның негізгі ұғымдары мен институттарын түсіндіру, сондай-ақ нақты қылмыс түрлерінің белгілерімен, олардың жазаланушылық шектерін білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі
Пәнді оқытудың мақсаты – студенттерге мемлекеттік қызметтің мәні, демократиялық және құқықтық мемлекетті орнату үрдісіндегі оның орны мен рөлі, мемлекеттік қызмет үшін халықаралық стандарттарға сай, ҚР азаматтарының жоғары деңгейде және сапалы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған кадрларды дайындауда жаңа жолдар табу туралы жүйелі білім беру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы
Пәнді оқудың нәтижесінде білім алушылар келесі қабілеттіктерге ие болады: Әкімшілік құқық жүйесіндегі категориялар мен жалпы түсініктер. Мемлекеттік басқару органдарының қызаметінің негізінде әкімшілік құқық нормаларын құқықтық әдістемелік талдау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару ерекшеліктері. Әкімшілік іс жүргізу мен әкімшілік құқық теориясы. Атқару билік органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнама нормалары. Әкімшілік құқықтық норма мен қатынастарына әсер ететін ішкі саяси, сыртқы саяси және экономикалық факторлар. Процессуалды құжаттарды құрастыру, ситуациялық есептерді шешу, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің нормаларын қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
Білім алушыларда пәнді білуді, азаматтық құқықтың ерекше бөлігі институттарының негізгі ережелерін түсіндіруді және азаматтық кодекстің жалпы бөлімінің нормаларымен, сонымен қатар азаматтық айналымда туындайтын қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын жинақтау
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және құқық
Пәннің мақсаты экономикалық мəселелер бойынша ғылыми жинақталған негізгі теориялық көзқарастарды білу. Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін, мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пәннің мақсаты қаржылық қатынастардың маңызды салаларының көрінісі болып табылатын базалық және қаржылық-экономикалық ұғымдарды, сондай-ақ қаржы институттарының кең ауқымымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруді көздейтін білім алушыларда қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздері
Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы: - мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары туралы білімді көрсетуге, меритократия қағидатын мемлекеттік қызметтің негізі ретінде сипаттауға, мемлекеттік қызмет нормаларын және оларға негізделген мемлекеттік басқару органдарының қызметін құқықтық талдау әдістемесін меңгеруге, мемлекеттік қызметті реформалаудың қазақстандық және шетелдік тәжірибесін талдауға, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасының жобасын әзірлей білу
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет туралы білімді кеңейту және нақтылау, өз ісін, коммерциялық қызметті құру дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау, бизнес-жоспарды әзірлеу, ҚР-дағы кәсіпкерліктің экономикалық проблемаларын білу болып табылады., бизнесті жүргізудің нақты ережелері мен тәсілдерін және кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру негіздерін меңгеру, кәсіпкердің іскерлік этикалық мінез-құлық қағидаттарын білу; бизнесте it қолдану
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)
Пәннің мақсаты - қылмыстық құқықтың принциптері, санаттары мен ережелері туралы теориялық білімді алуға, білім алушылардың қолданыстағы қылмыстық заңнаманың дұрыс бағдарлануы, қылмыстық құқық нормаларын ұтымды түсіндіру және қолдану дағдыларын дамыту, қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралай білуге, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың құралы ретінде қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік құқығы
Пәнді меңгеру барысында қылмыстық процесс теориясын және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қолданыстағы нормаларын меңгеруге, олардың тағайындалуына, іс жүргізу нормаларын қолданудың негіздері мен тәртібіне бағытталған; қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде сауатты талдау және материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын қолдану арқылы білім алушылардың біліктері мен дағдыларын жинақтау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҚР еңбек құқығы
Пән қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқық нормалары туралы ұғымды қалыптастыруға, еңбек құқығы және еңбек заңнамасы теориясын меңгеруге, білім алушылардың еңбек құқығы нормаларын қолданудың тәжірибелік дағдыларын түсіну.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Пәннің мақсаты: студенттердің жүйелі базалық түсінігін, алғашқы білімін, білімді инженерия және нейроинформатика негіздері бойынша зияткерлік жүйелерді құрудың екі негізгі бағыты ретінде қалыптастыру
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік құқығы
Пәннің мақсаты әкімшілік процестің негізгі ұғымдары мен қағидаттарын зерделеуге, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу білімін практикада қолдана білуге, студенттердің әкімшілік сот ісін жүргізу процесінде құжаттармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әкімшілік құқық бойынша практикум
Пәннің мақсаты мемлекеттік басқарудың біртұтас заңдылығын түсіну және нақты практикалық мәселелерді шешу үшін әкімшілік құқық нормаларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Білім алушылар төмендегідей білімдерді меңгереді: - мемлекеттік-басқару қатынастарының теориялық негіздері туралы білімін және оларды түсінгенін көрсету; - нақты заңи фактілерге қатысты әкімшілік құқық нормаларын дұрыс талқылау және оларды дұрыс қолдана білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының азаматтық процестік құқығы
Пән азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін және азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру тәртібін реттейтін құқық, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымына тән құқықтық категорияларды, ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамаларды түсіну.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және электрондық үкімет
Білім алушылар пәндерді оқу барысында білім алушыларда e-Gov электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу, құжат айналымында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану, мобильді банкинг және басқа да сандық сервистерді практикалық қолдану
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құқығы
Тұрғын үй құқығы - тұрғын үйге деген құқықтың пайда болуы, жүзеге асуы, жойылуы айналасында туындайтын қоғамдық қарым-қатынасты реттейтін құқық саласы. Тұрғын үй құқығы әр түрлі құқықтық актілерде бекітілген нормаларды жинақтап, бір актіге біріктірілген тұрғын үй заңы арқылы тұрғын үйді меншіктену, пайдалануға беру, жер учаскелеріне үй салу, т.б. қоғамдық қатынастарын қалыптастыра білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Неке және отбасы құқығы
Пәннің мақсаты отбасы-неке қатынастарының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы түсінік беру, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы ҚР Кодексінің баптарына сүйене отырып, отбасы заңнамасы ерлі-зайыптылардың мүдделерін қалай көрсететінін көрсету. Отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін және отбасындағы дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениеті
Пәнді оқыту барысында білім алушылар Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілердің бағалау жүйесін талдау. Мемлекеттік қызметті тоқтату. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілерді ынталандыра білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік органдардың әкімшілік қызметі
Мақсаты-мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде шешімдер қабылдау және орындау тәртібі туралы өз білімдерін біріктіру. Курс әкімшілік рәсімдердің қазіргі жағдайын, атқарушы органдармен қатынастарды реттеудің проблемалық мәселелерін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ҚР Банк және салық құқығы
Пәннің мақсаты мемлекеттің банк қызметі мен жүйесі туралы толыққанды білімді қалыптастыру үшін, банктік құқықтық заманауи әдістері мен тәсілдерін және қаржы стратегиясын пайдалана отырып, студенттердің банк құқығының институттарын талдау қабілетін қалыптастыру. Салықтар мен салық салу жүйесiнiц қызмет етуiнiң теориялық аспектiлерiн оқып үйрену, яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бiрге салықтардың функциялары мен принциптерiн, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесiнiң құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерiн, елiмiздегi салық реформаларының негiзгi концепциялық бағыт-бағдарын ашып қарастырып оқыту
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Іс жүргізу
Пәннің мақсаты құжаттардың жасалуын, ресімделуін, жіктелуін, қозғалысын есепке алынуы мен сақталуына байланыст жұмыстардың жиынтығын, іс қағаздарын жүргізуді меңгеру. Пәннің құжат айналымын іске асыру, хат алмасу, ақпарат тарату, қызмет көрсету, тауарды жарнамалаудың жаңа мәдиниетін қалыптастыру, республикада іс қағаздарын жүргізу жұмысын жетілдіру және ақпарат көздерін жүйелеу барысында маңызы зор.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік қызмет пен басқаруға қарсы қылмыстар
Мемлекеттік қызметке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар пәні білім алушылардың алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту негіздері туралы, осы қылмыстың құрамы туралы, субъектілер, субъективті тарап, объект, құқық бұзушылықтың осы түрінің объективті жағы туралы білімдерін игеруге бағытталған
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сот орындаушы және нотариат
Пәннің міндеті сот орындаушы мен нотариустың негізгі теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты зерттеу қызметі, маңыздылығы нақты пайдалану мүмкіндігінде оқу және құқық қолдану қызметінде алған білімдерін меңгеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік қызметшілердің заңды жауапкершілігінің өзекті мәселелері
Пән мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігін жалпы теориялық түсінуді қалыптастыру және осы заңды мекеменің жұмыс істеуінің ең кең тараған үлгілерін анықтау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың әкімшілік-құқықтық тәртібі
Пәннің мақсаты жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік билік органдарына өтініштерін беру және қарауға байланысты түрлі практикалық жағдайларды шешу үшін құқықтық нормаларды қолдану қабілетін қалыптастыру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға байланысты құқықтық қатынастарды реттеудің теориялық принциптерін қолдану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық құқық
Бұл пәнде халықаралық құқықтағы территория ұғымына, территориялық егемендік, жаңа мемлекеттер мен территорияға құқығы, қосымша территорияны қосып алу, шегара шарттары мен шегара жөніндегі шешімдерге шолу жасаймыз
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бәсекелестік құқық
Бәсекелестік құқығының сипаттамаларының маңызды құрамдас бөлігі оның мақсаттарын дұрыс анықтау, яғни бәсекелестікті қорғау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу жүйесі неге бағытталғанын анықтау болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Салықтық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік
Салықтық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік" пәні білім алушылардың салық жауапкершілігінің түсінігі, белгілері және функциялары туралы, салықтық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлері туралы білімді меңгеруіне бағыттау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Халықаралық құқық саласында білім мен дағдыларды қолданады, халықаралық және ұлттық құқықтың құқықтық актілерімен жұмыс істеуді меңгереді
- Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін және адам өмірінің өндірістегі санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешеді, экономика мен құқықтың негізгі ұғымдарын, тұжырымдамаларын, сондай-ақ өндірістік қызметтегі құқықтық доктриналар мен нормаларды экономикалық талдау әдістерін қолданады, әлеуметтік бағыттағы пәндер бойынша терең білімді меңгереді
- Мемлекеттік органдардың қызметі саласындағы заңды фактілер мен мән-жайларды талдауға және саралауға қабілетті, қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық жағдайлар мен құқық бұзушылықтар бойынша заңда көзделген шешу жолдарын табады, сондай-ақ заң практикасында теориялық білімдерін қолдана отырып, мемлекеттік қызметшілердің этикасын біледі, мемлекеттік-қызметтік қатынастарда пайда болатын заңи фактілерге талдау жасауды меңгереді
- Негізгі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен конституциялық, әкімшілік, еңбек, экологиялық құқықтың негізгі көздері туралы білімдерін талдайды
- Мемлекеттік басқару органдарының қызметін талдау және оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті. Билік пен басқарудың жоғары органдарының құрылуы мен жұмыс істеуінің ерекшеліктерін талдау, әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану проблемаларын талдау, құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін құжаттамалық қамтамасыз ету және іскерлік хат алмасу ережелері,орыс және ағылшын тілдерінде сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу, офистік бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгереді
- Әкімшілік сот ісін жүргізу, әкімшілік іс жүргізу құжаттарын құрастыру, риториканың теориялық ережелерінің негізгі категориялары саласындағы білімді меңгереді. Алынған білімдерін заң құжаттамасында көрсету, заң қызметіндегі нәтижелерді көрсету әдістерін талдайды
- Қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мен тергеуді ұйымдастыру, қылмыстық заңнама туралы ақпаратты және қылмыстық психология ережелерін қылмыстарды саралау және белгілі бір қылмыстарды тергеу процесінде пайдалану, білікті заңи пікірлер мен қылмыстарға қарсы тұру бойынша кеңестер беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектесу дағдыларын қалыптастыруды меңгереді
- Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде қазіргі және тарихи оқиғаларды талдайды, зерделенетін теорияларды қолданады, құқық нормаларын түсінеді, құқықтық түсініктер мен санаттарға ие болады және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тетігін қолданады
- Азаматтық-құқықтық қатынастардың мәнін, табиғатын және мазмұнын, олардың субъектілерінің құқықтық мәртебесін, азаматтық заңнаманың пайда болу, қызмет ету және даму заңдылықтарын меңгереді, азаматтық іс жүргізу құқығы институттарын реттейтін құқықтық актілерге сараптама жүргізуді талдайды
- Конституциялық құқықтық ұғымдар мен категорияларды, құқық қорғау органдарының, прокуратура органдарының және сот орындаушы, нотариус, адвокаттардың жұмысын және олардың өзара әрекеттесуін реттейтін құқықтық нормаларды талдайды және дұрыс қолданады