Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11380 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру в Қызылорда ашық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру бойынша транспорттық қызмет көрсетуде қазіргі таңдағы техникалық тапсырмаларды және практикалық мәселелерді шеше алатын жоғары деңгейлі мамандарды дайындау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B095 Көлік қызметтері
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B113 Көлік қызметтері

Пәндер

  • Математика

    Пән білім алушыға қолданбалы есептерді бастапқы математикалық зерттеу дағдыларын қалыптастыру және математикалық білім беру процесінің мәні мен құрылымын, мамандыққа байланысты әдебиеттердегі математикалық аппараттарды өз бетінше түсінуді қамтамасыз етеді. Пән математикалық тұжырымдалған есептерді шешу тәсілдерін ғылымда, экономикада және көлікті пайдалануда қолдануға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физика

    Білім алушыларға эксперименталды дағдыларды қалыптастыру, аспаптар мен құралдарды пайдалану, өлшеу нәтижелерін өңдеу және эксперименталды деректер негізінде қорытынды жасау. Физикалық құбылыстарды бақылау және түсіндіру, анықтамалық және хрестоматиялық әдебиетті, есептеу техникасын пайдалану

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жүктану

    Студент көлікте тасымалданатын жүктер мен материалдар туралы ұғымдар, жүктерді өндіру және қолдану салалары бойынша жіктеу, жүктер мен материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерімен байланысты кәсіби бағдарланған біліктілікті, салалар бойынша жүктерді ажырату және кейбір жүктер мен материалдардың қауіптілік дәрежесі туралы дағдыларды алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы

    Пән студентердің жүктерді және жолаушыларды тасымалдау үшін автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы бойынша білім мен дағдылар жүйесін қалыптастырады. Жылжымалы құрамды пайдалануды қозғалтқыштың қуаты, жүріс бөлігінің өтімділігі, жүк көтергіштігі, жолаушылар сыйымдылығы, табиғи-климаттық пайдалану жағдайлары бойынша үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инженерлік графика және сызба геометриясы

    Пәнде кез келген объектілердің ақиқат не абстрактты, жер асты не жер үсті болсын проекциялау әдісімен салынған жазық кескіндері зерттеледі. Жүктерді және жолаушыларды тасымалдауға арналған жолдарды жобалау кезінде, сондай-ақ көлік-логистикалық кешендер мен басқа да объектілерді салу кезінде инженерлік графика және сызба геометрия әдістерін қолдану дағдылары сіңіріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Пәннің мақсаты қаржылық қатынастардың маңызды салаларының көрінісі болып табылатын базалық және қаржылық-экономикалық ұғымдарды, сондай-ақ қаржы институттарының кең ауқымымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруді көздейтін білім алушыларда қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

    Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қалаішілік, қала маңындағы, қалааралық және халықаралық маршруттарда жүктерді және жолаушыларды тасымалдау кезінде көлікті пайдалана отырып, жүктерді және жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару бойынша білім мен дағдыларды қолдана отырып, қозғалысты басқаруға қабілетті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру.Инклюзивті білім беру барлық балалар әртүрлі оқытуды қажет ететін тұлға болып табылады деген ұстанымға бағытталған әдіснаманы дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік

    Пәннің мақсаты кәсіпкерлік құрылымдардың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қатынастар жүйесі ретінде кәсіпкерліктің теориясы мен практикасын зерделеу негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың практикалық дағдыларын қалыптастыру, экономиканың қазіргі жағдайындағы шағын кәсіпорындардың рөлі мен орнын көрсету, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің бизнес-жоспарының негізгі принциптерін баяндау және мазмұнын ашу болып табылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • AutoCAD және автоматтандырылған жобалау жүйесі негіздері

    Пән компьютерлік дизайнның негізгі принциптерін, компьютерлік графиканың құралдары мен әдістерін, AutoCAD редакторының командаларын қарастырады. AutoCAD бағдарламасында жобалау командаларын салу, кескіндерді өңдеу, көлік-құрылыс сызбаларын құру, примитивтердің қасиеттері дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және құқық

    Пәнде экономикалық даму заңдары, экономикалық талдаудың заманауи әдістері, негізгі құқықтық категориялар, әлеуметтік нормалар жүйесі мен қоғамның саяси жүйесіндегі құқықтың орны мен рөлі қарастырылады. Әлеуметтік коммуникация жүйесінде игерілген экономикалық және құқықтық білімді қолдану дағдылары, барабар құқықтық сананы қалыптастыру қабілеті және жауапты азаматтық ұстаным қалыптасады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Пәннің мақсаты: студенттердің жүйелі базалық түсінігін, алғашқы білімін, білімді инженерия және нейроинформатика негіздері бойынша зияткерлік жүйелерді құрудың екі негізгі бағыты ретінде қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тұрақты даму

    Студенттерге тұрақты даму қағидаттарын ғылыми негізде меңгерту,адамзат пен табиғат арасындағы тепе-теңдікті сақтау,рессурстарды ұтымды пайдалану және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру.Сонымен қатар,студенттерге сыни ойлау,кешенді талдау,экологиялық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік дағдыларын дамыту көзделеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көлік түрлерінің өзара қарым қатынасы

    Пәннің мақсаты студенттің автомобиль жолдарында, теміржол желісінде, авиациялық, өзен, теңіз және құбыр желілерінде жүк пен жолаушыларды тасымалдау кезінде көлік түрлерінің өзара қарым қатынасының тұтас көрінісін қалыптастыру, ақпараттық жүйелерін қолдана отырып, көлік түрлерінің өзара іс-қимылының отандық және шетелдік тәжірибесін талдау және қолдану дағдыларын үйрету болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көлік техникасын техникалық пайдалану

    Көлік техникасын техникалық пайдаланудың негізгі міндеті жүк пен жолаушыларды тасымалдау кезінде шығындарды азайту үшін оны құрастыру кезінде салынған көлік техникасының әлеуетті қасиеттерін іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылатындығы жөніндегі дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Экожүйелердің белгілері мен қасиеттерін, қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін ашатын негізгі ұғымдар қарастырылады, әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда халықты және аумақтарды инженерлік қорғау негіздері. Төтенше жағдайларда экологиялық қауіпсіздік және халықтың қауіпсіздігі жөніндегі Негізгі заңнамалық құжаттарды қолдану дағдылары игеріледі

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пәнде негізгі теориялық ережелер, заңдар, принциптер, терминдер, ұғымдар, процестер, әдістер, технологиялар, құралдар, ғылыми қызметті жүзеге асыру операциялары, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру әдістері, ғылыми дизайнның, шығармашылықтың жалпы әдістемесі, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру схемасы қарастырылады. Зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және зерттеу тақырыбы бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды таңдау, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою және шешу процедуралары және кәсіпорындар мен ұйымдарды ақпараттандыру дағдылары игеріледі

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Машинатанудың теориялық негіздері

    Студенттерді заманауи машиналар мен механизмдер, жабдықтар, пневматикалық және гидравликалық машиналарды ғылыми теориялық негізде түсінуді үйретеді. Машинатанудың теориялық негіздерінің заңдылықтарын дамыту принциптері бойынша білімін, машиналар мен механизмдер жұмысының тиімділігін талдау және бағалау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жол қозғалысы ережелері

    Пәнде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын талдау, бағдаршам объектілерінің ақпараттық технологияларын пайдалану, қалааралық және халықаралық автомобиль жолдарының желісін реттеуді дамытудың негіздеріне оқытылады. Жол - көлік көрсеткіштерін талдау бойынша қолданыстағы жол қозғалысы ережелерінің нормативтік-құқықтық базаларын қолдану дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін меңгеру барысында студент өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу. Жалпы адамзаттық құндылықтарды кеңінен насихатау, баршаның заң алдындағы теңдігі, еңбексүйгіштігі және адалдығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға, оның ішінде заң талаптарын орындау, білім және мәдени деңгейін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көліктік логистикада кластерлік жүйені дамыту

    Пәннің мақсаты: көлік логистикасындағы кластерлік жүйелерді анықтау, көлік логистикасының кластерлік жүйесінде қолданылатын ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту, ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, маршруттарда жүктерді және жолаушыларды тасымалдау кезінде жеткізуді басқару принциптерін қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік

    Пән қауіпсіздіктің теориялық және практикалық негіздерін өнеркәсіпте, кәсіпкерлікте, экологияда, тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау салаларындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық база мәселелері бойынша қодануға қабілеттілік дағдыларын қалыптастырады. Заңнамалық актілерді, қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және көшбасшылық негіздерін қолдана алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жүк тасымалы

    Көліктің басты тапсырмасы – бұл өз уақытында, сапалы және халық шаруашылығын толық қанағаттандыруы және тасымалдау саны, жүк тасымалдаудың орындалу жоспары, әкелінетін жүктерді сақтау мүмкіндігі және олардың өз уақытында жіберілуі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті

    Қазіргі нарықтық талаптарға сәйкес өндірістік процестер, еңбекті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті зерттеледі. Өндіріс экономикасының көрсеткіштерімен жұмыс істеу, кәсіпорынды техникалық жарақтандыру, жүк және жолаушылар қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде көлік технологияларын тиімді қалыптастыру дағдылары алынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жолаушы тасымалдау технологиясы

    Пәнде жолаушыларды қалаішілік, қала маңындағы, ауылдық, қалааралық және халықаралық тасымалдау технологияларын пайдалану әдістері оқытылады. Жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары түрлерінің жұмысын ұйымдастыру негіздерін талдау, жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрлерінің әртүрлі жағдайларда жұмыс атқаруының ерекшеліктерін кәсіби қызметте қолдану дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Арнаулыландырылған жылжымалы құрам

    Пәнді оқытудың мақсаты габаритті емес көлемдегі жүктерді және арнайы көлікті қажет ететін жүктерді тасымалдауға арналған жылжымалы құрамның жіктелімдерін, арнаулыландырылған жылжымалы құрамның сипаттамаларын, жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнайы конструкциялар мен құрылғыларды оқып үйрену болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жолаушылар тасымалының пайдалану көрсеткіштері

    Пән жолаушылар тасымалының технологиялық және экономикалық сипаттағы факторлары бойынша тәулік сағаттарына, апта күндеріне, жыл айларына байланысты жолаушылар ағынының ұлғаюы немесе азаюы кезінде жолаушыларды тасымалдаудың қалаішілік, қала маңындағы, қалааралық және халықаралық пайдалану көрсеткіштерін есептеу дағдыларын үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тиеп-тасымалдау машиналарын техникалық пайдалану негіздері

    Пәнде жүктер мен материалдарды тиеу-тасымалдау кезінде қолданылатын машиналарды, жабдықтар мен жүйелерді жіктеу әдістері зерттеледі, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері, техникалық пайдаланудың рентабельділігін анықтау әдістері қарастырылады. Ағымдағы жұмыстарды бағалау дағдылары, сондай-ақ тиеу-тасымалдау машиналарын пайдалану тиімділігін арттыру дағдылары сіңіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жүк тасмалдау технологиясы

    Білім алушылар жүк тасымалдау ұйымдарының ерекшеліктерін, салалар бойынша жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруды, жүктерді тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарының технологиялық процестерін ұйымдастыру процесінде ұжымды басқара білуді және көлік кәсіпорнының тасымалдау процесін басқаруға байланысты шешімдерді негіздеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жол қозғалысын ұйымдастыру

    Жол қозғалысы ұйымдастырудың негізгі технологиялық түсініктері мен заңдарын, жол қозғалысы ұйымдарын дамытудың қазіргі тенденциялары мен проблемаларын талдау дағдыларын, қалалар мен автомобиль жолдарында жол қозғалысын реттеу бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін мониторингі және бағалау әдістерін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тиеу түсіру жұмыстарының технологиясы

    Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, өндірістің әртүрлі салаларында жүктерді тиеу және түсіру кезінде қолданылатын тиеу-түсіру машиналарының техникалық-пайдалану көрсеткіштерін және тиеу-түсіру жұмыстарының технологияларын жақсарту дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жолаушы тасымалдау және оны ұйымдастыру

    Пән жолаушыларды қалаішілік, қала маңындағы, қалааралық және халықаралық маршруттарда тасымалдауды жоспарлау, жолаушыларды тасымалдауды ұтымды ұйымдастыру қағидалары мен әдістерін оқытады. Маршруттарда жолаушыларды тасымалдаудың негізгі техникалық-пайдалану көрсеткіштерін, жолаушыларды тасымалдауды есептеудің теориялық және әдістемелік дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жүк тасымалының пайдалану көрсеткіштері

    Студенттерде өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы салалары бойынша жүктерді тасымалдаудың пайдалану көрсеткіштерін негіздеу дағдылары, көлік кәсіпорнының тасымалдау процесін басқару процесінде ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау, жүктерді тасымалдауды бағыттау кезінде тиімді тәсілдерді таңдау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көлік құралдарын лицензиялау және сертификаттау

    Білім алушылар жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға арналған көліктерді, көлік кәсіпорындарын лицензиялау және сертификаттау, қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде техникалық пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Пән көлік құралдарын өнеркәсіпте, құрлыста, ауылшаруашылығында және де басқа өндіріс салаларында қауіпсіз пайдалану шараларын оқып үйренуді қарастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қауіпті жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру

    Пәнде қауіпті жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру, ондағы қауіпсіздік шараларын сақтауды ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылады, көлік кәсіпорнының тасымалдау процесін басқаруға байланысты шешімдерді негіздеудің кәсіби дағдылары, қауіпті жүктерді тасымалдау мен тиеу-түсіру жұмыстарының технологиялық процестерін ұйымдастыру процесінде ұжымды басқару қабілеті алынады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көлікті пайдалануда және тасымалдауда инновациялық технологияларды қолдану

    Пән тасымалдау кезіндегі инновациялық технологияларды талдаудың негізгі бағыты, жүк пен жолаушыларды тасымалдау өндірісінің көлемін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер, көлікті пайдалану технологияларының техникалық-ұйымдастырушылық деңгейі, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып көлікті технологиялық пайдалануды жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу

    Автомобиль агрегаттары, тораптары, аспаптары мен жүйелерінің құрылысын диагностикалау, техникалық қызмет көрсету мен жөндеуде мамандарды даярлау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Көлік-логистикалық кешендер жұмысын ұйымдастыру

    Пәннің мақсаты көлік-логистикалық кешендердің жұмысын ұйымдастыру, қалаішілік, қала маңындағы, қалааралық және халықаралық маршруттарда жүктерді тасымалдау кезінде жеткізуді логистикалық басқару, өндірістік процестер мен материалдық ағындарды қалыптастыру кезінде қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді дамыту әдістерін оқытып үйретуден тұрады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Көліктік сервис нысандарының жұмысын ұйымдастыру

    Пән көлік сервисі нысандарының даму принциптері мен жұмыс істеу заңдылықтары, көлік сервисі объектілерінің жұмысын ұйымдастыруға әсер ететін факторлардың жіктелуі туралы білімді қалыптастырады. Жаңа инновациялық модельдердің көмегімен технологиялық процестерді талдау әдістерін меңгеру, көлік сервисі объектілерінің жұмысын жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару негіздері зерделенеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Көліктегі ақпараттық жүйелер

    Көліктегі ақпараттық жүйелердің негізгі ұғымдарын, категорияларын, әдістері мен модельдерін және бағдарламалық құралдары бойынша, басқару шешімдерінің негіздемесін әзірлеу үшін нәтижелерді модельдеу, көліктегі ақпараттық жүйелерден жұмыс істейтін ұйымдар мен оның бөлімшелерінің дамуы мен жұмыс істеу стратегияларын әзірлеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Көлік логистикасы

    Көлік логистикасының технологиялық және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау, көлік логистикасы саласындағы материалдық ағындарды басқару, логистикадағы ақпараттық жүйелерді ұйымдастыруды басқару, коммерциялық қызмет және басқа да көлік логистикасы жүйелерін негіздеу мәселелерін оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Техникалық міндеттерді шешу және ЖИ шешімдерін әзірлеу үшін негізгі принциптерді қолдану, инновациялық компьютерлік технологияларды және автоматтандырылған жүйелерін қолдана отырып көліктік логистика және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру технологияларын меңгереді.
  • Заманауи көлік құралдарын пайдалана отырып жүк және жолаушы тасымалдау, тиеу-түсіру технологияларын және көліктік-логистикалық кешендер жұмысын ұйымдастырудың озық әдістерін меңгереді.
  • Тәуекелдерді бағалай алады және көліктегі кластерлік жүйе, көліктік сервис нысандары және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары бойынша технологияларды меңгереді.
  • Инклюзивті білім берудің тиімділігі мен құндылықтарын түсіну қоршаған орта қауіпсіздігі, тұрақты даму және адам өмірі, экономика және құқық салалары бойынша терең білім мен ғылыми-зерттеу әдістерін меңгереді.
  • Жолаушы және жүк тасымалдау технологияларының, жол қозғалысын ұйымдастыру ережелерінің, техника-пайдалану көрсеткіштерінің негізгі параметрлерін меңгереді.
  • Көлікті пайдалану, жүк қозғаласы мен тасымалдауды ұйымдастыру барысында ғылыми зерттеу әдістері негізінде көліктегі ақпараттық жүйелерді пайдалану әдістерін меңгереді.
  • Жүк қозғалысы мен тасымалдау өндірісін ұйымдастыруда ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып кәсіпорын менеджменті негізінде жол қозғалысы технологиялары бағытындағы пәндер бойынша терең білімді меңгереді.
  • Көлікті пайдалану өндірісін технологиялық жүйе ретінде жобалау негіздерін түсіну үшін жалпы техникалық пәндердің іргелі бөлімдерінің білімін меңгереді.
  • Көлік саласында пайдалану көрсеткіштерінің экономикалық тиімділігін анықтайды, көліктік сервис нысандарында техникалық қызмет көрсету мен жөндеу және лицензиялау мен сертификаттаудың әдістерін меңгереді.
  • Бірыңғай көлік жүйесінің, коммерциялық жұмыстарды ұйымдастырудың және көліктік-логистикалық кешендердің озық технологияларын меңгереді.
  • Ғылыми-зерттеу қызметі барысында туындайтын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін міндеттерді шеше алады, нақты зерттеу міндеттеріне сүйене отырып қажетті зерттеу әдістері мен жаңа әдістерді игереді.
Top