Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04143 Есеп және аудит в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес білімгерлердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс білімгерлердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономикалық теория

    Пән экономикалық субъектілердің мінез-құлық заңдылықтары, микро және макро деңгейлердегі экономикалық қызмет ету механизмі, қазіргі заманғы экономикалық ұғымдар мен модельдердің теориялық дамуы туралы жалпы түсінік береді. Білім алушы тауарлар мен ресурстардың нақты нарықтарындағы жағдайды, баға деңгейінің және ақша ұсынысының қозғалысын талдаудың практикалық дағдыларын меңгереді, микро және макроэкономикалық деңгейде проблемалық жағдайларды анықтап, қазіргі экономикалық ойдың қалыптасуы мен эволюциясын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бухгалтерлік есепке кіріспе

    Пәнді оқу барысында білім алушылар бухгалтерлік есептің даму заңдылықтары туралы білімді игереді, бухгалтерлік есептің қазіргі заманғы теориясы мен практикасын дамыту үшін тарихи тәжірибені пайдалануға, тұрақты дамып отыратын эволюциялық жүйе ретінде бухгалтерлік есепке шығармашылықпен жанасуға дағдыланады. Нәтижесінде әлемдік есеп жүйесінің даму кезеңдерін, қосарлы жазбаның даму тарихын, заңдылықтарын, бухгалтерлік есептің мектептерін, өкілдерін, қалыптасу тарихы мәселелерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Менеджмент

    Пән білімгерлерді менеджменттің ерекшеліктерін, технологиялық тәсілге негізделген ұйымдастырушылық жүйесін, ұйым қызметінің әртүрлі аспектілеріндегі басқаруға байланысты практикалық мәселелерін шешуге үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер ұйым туралы түсініктерін, оның түрлерін, ұйымның ішкі және сыртқы орталарын талдау дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ қазіргі заманғы ұйым қызметінің тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Маркетинг

    Пән аясында маркетингтің теориялық білімін қалыптастыра және тұтынушыға бағдарлана отырып, олардың әлеуетін тиімді пайдалану негізінде нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың қызметінде маркетинг құралдарын тәжірибеде қолдану тәсілдерін үйрету. Пәнді оқу барысында білімгерлер маркетингтік зерттеу құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ маркетингтік ақпаратты жинау, өңдеу және талдаудың қазіргі заманғы әдістерін, микро және макро деңгейдегі процестерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Статистика.

    "Статистика" пәнінің оқу барысында білім алушылар статистиканың теориялық және практикалық негіздерін: статистикалық әдіснаманы және қоғамның қазіргі экономикалық және әлеуметтік дамуын сипаттайтын статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдаудың практикалық дағдыларын үйренеді. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы статистикалық есептілік нысандары бойынша келесі статистикалық бақылауды ұйымдастыру дағдыларын меңгереді: статистикалық көрсеткіштерді есептеу және алынған нәтижелерді түсіндіру: статистикалық көрсеткіштерін кешенді талдауды жүзеге асыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бухгалтерлік есеп негіздері

    Пән білім алушылардың бухгалтерлік есеп негіздері білімін қалыптастырады. Бухгалтерлік есептің теориясы мен тәжірибесін, есеп пен есептіліктің базалық қағидалары, әдістері мен есептеу тәсілдерін меңгереді. Бухгалтерлік есептің сипаттамасы мен функцияларын, қазақстандағы нормативтік құқықтық реттеуін, қазіргі заманғы әлемнің экономикалық дамыған елдердегі есеп үлгілерін білу есептілікті құрастыру мен оны талдау, есеп саласына байланысты өз ойларын айтуға және ол бойынша мәселелерді шешу жолдарын ұсынуға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері.

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолданып мәліметтерді жинақтайды, бизнесті меңгеріп, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді. Еліміздегі жалпы экономикалық ахуалды көтеру, өңірлердің экономикасын әртараптандыруда кәсіпкерлерге қаржылық сауаттылықты игеруге ықпал етеді, қаржылық қауіпсіздіктің алдын алу жолдарын қарастырады. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысып, қаржылық тұрғыдан сауаттылығын арттырып, бизнесте басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Корпоративтік құқық

    «Корпоративтік құқық» пәні кәсіби заң пәндерінің қатарына жатады және заңды тұлғалардың, негізінен коммерциялық ұйымдардың, қызметін құқықтық реттеуді зерделеуге бағытталған. Курстың аясында корпорациялардың құрылуы, қызметі, қайта ұйымдастырылуы және таратылуы, сондай-ақ олардың қатысушыларының (құрылтайшылардың, акционерлердің) құқықтық мәртебесі мен ішкі корпоративтік қатынастар қарастырылады. Пәнді оқытудың мақсаты – білімгерлердің келесі дағдылары мен білімдерін қалыптастыру: корпоративтік қызметті құқықтық реттеу механизмдерін түсіну; компания ішіндегі құқықтық процестерді дұрыс ұйымдастыру; құқық бұзушылықтардың алдын алу және корпоративтік тәуекелдерді тиімді басқару. Пәнді меңгеру құқық және бизнес салаларында негізделген шешімдер қабылдай алатын білікті мамандарды даярлауға септігін тигізеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару есебі

    Басқару есебінің мәні, қажеттілігі, мақсаттары, міндеттері, функциялары, қызметтері, арнайы әдістері мен тәсілдері, кәсіпорында ұйымдастыру принциптері туралы жүйеленген теориялық білім алады. Сондай-ақ тиімді басқару шешімдер қабылдау үшін ақпараттық база болып табылатын басқару есебі саласы бойынша меңгереді. Басқарушылық шешімдерді қабылдау, жоспарлау және бақылау мақсатында кәсіпорынның шығындары бойынша есептік ақпаратты ұсыну дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік және жергілікті қаржы

    Пәнді оқыту барысында – экономикада нарықтық механизмнің де, мемлекеттік қаржы жүйесі түріндегі мемлекеттік басқарудың да болуының объективті қажеттілігі ретінде нарықтық қатынастар жағдайында білім алушыларға мемлекеттік қаржы саласында білім қалыптасады. Мемлекеттік қаржы теорияларының эволюциясын, мемлекеттік қаржының жоспарлау және бюджеттеумен айналысатын мамандарға әсерін зерттейді. Пән мемлекеттік қаржыны басқаруды меңгеру және материалдық салада қолданбалы экономикалық зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Коммерциялық банктердегі қаржылық талдау

    Пәнді оқу барысында білім алушылардың банктік қызметке қаржылық талдау жүргізу үшін базалық білім кешенін қалыптастыру, сондай-ақ банктік қызметті талдаудың практикалық дағдыларын игеру болып табылады. Пән келесі құзыреттерді қалыптастырады: коммерциялық банктердің қызметін талдаудың әдіснамалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерін түсіндіру; банк қызметінің негізгі бағыттарын талдау әдістерін қолдану; коммерциялық банктің көрсеткіштерін талдау; коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін анықтайтын факторларды анықтау және бағалау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық институттардың қызметін талдау

    Пәнді оқу нәтижесінде келесі білім беру нәтижелеріне қол жеткізу: капиталды тарту мен инвестициялауды біріктіретін корпоративті қаржылық стратегияларды құру және бейімдеу тәжірибесін зерделеу, корпоративтік қаржылық шешімдер кешенін, оның ішінде жобаларды басқаруға қатысты қазіргі заманғы талдаудың аналитикалық аппаратын жасау; студенттер теорияның негіздерін және уақтылы қаржылық менеджмент жүйесі саласында шешім қабылдау негіздерін алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржылық ресурстары

    Бұл пән шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілерінің қаржылық ресурстарын қалыптастыру, басқару және талдау әдістерін тиімді пайдалану мәселелерін зерттеуге арналған. Курста қаржыландыру көздері, инвестиция тарту жолдары, несиелеу тетіктері, мемлекеттік қолдау құралдары және кәсіпкерлік қызметтегі қаржылық тәуекелдерді басқару мен талдау мәселелері қарастырылады. Пәннің мақсаты - білімгерлерге ШОБ субъектілерінің қаржылық ресурстарын басқару мен талдаудың теориялық негіздерін меңгертіп, практикалық дағдыларды қалыптастыру. Пәнді оқыту нәтижесінде білімгерлер шағын және орта бизнестің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді шешімдер қабылдай алатын білікті мамандар ретінде қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салық салу негіздері

    Пәнде салықтардың, алымдардың, басқада төлемдердің мәні, салық жүйесін құрудың негізгі қағидаттары, ҚР қолданыстағы салық жүйесі, салық элементтері, салықтық бақылауды ұйымдастыру, оны жүзеге асыратын органдар жүйесі, мемлекеттің салық саясаты, салық саласындағы реформалар, ұйымдар, жеке тұлғалардан алынатын салықтардың жалпы сипаттамасы, мәні зерделенеді. Қазіргі заманғы салық жүйесінің дамуындағы негізгі үрдістерді түсіну үшін қажетті салық саласындағы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аудит негіздері

    Пәнді оқу барысында білім алушы аудиттің теориялық және әдістемелік негіздерін, аудиторлық тексерудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын дұрыс анықтау, аудиттің даму кезеңдері мен бағыттарына бағдар жасау; аудиттегі маңыздылық, тәуекелділікті, аудит жүргізудің бағдарламасын және жоспарын жасау туралы білімдерін игереді. Аудиторлық қызметтің теориялық қағидаларын біліп, сонымен қатар аудит тәжірибесін оқып, терең түсінуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық есеп І

    Қаржылық есеп І пәні бойынша білімдерін қалыптастырады. Пән халықаралық қаржы есептілігі стандарттарын үйренуді қарастыратын іргелі тақырыптарды меңгеруден тұрады, оның ішінде ақша қаражаттарының, дебиторлық берешектердің, қорлардың, негізгі қорлар мен материалдық емес активтердің, міндеттемелер мен меншікті капиталдың есебі, қаржылық есептілікті ұсынады. Ұйымның қаржылық есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастыруға қажетті ақпараттарды жинау, тіркеу және өңдеу дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қаржылық есеп стандарттары

    Пән білім алушыларға Қазақстан Республикасының Заңдылығының талаптарына және халықаралық стандарттарға сәйкес ХҚЕС-ке өту қажеттілігі, оның стандарттарының қолдану аясы, қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының әлемдік стандарттарға сәйкестігі туралы жан-жақты білім береді. Пәнді оқуда бухгалтерлік есеп практикасында қаржылық есептілік стандарттарын қолдану және халықаралық стандарттарға сәйкес басқару шешімдерін талдау, қабылдау қабілетіне байланысты кәсіби ойлауды қалыптастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық есеп ІІ

    Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдардың қаржылық есептілігін қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты жинау, тіркеу және өңдеу дағдыларын меңгереді; экономиканы басқару жүйесіндегі қаржылық есептің рөлі туралы, субъектінің өндірістік-шаруашылық қызметіндегі есепке алудың мақсаты мен орны туралы түсінікке ие болады; Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің, қаржылық есептіліктің, аудиттің ұйымдық-құқықтық базасын біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Практикалық аудит

    "Практикалық аудит" пәнін меңгеру нәтижесінде білім алушы ҚР-дағы аудиторлық қызметті құқықтық реттеу, аудиторлық дәлелдемелерді жинау әдістері, аудиторлық тексерулерді жүргізу қағидалары бойынша білімді меңгереді. Аудиторлық рәсімдерді жүргізу, бастапқы есеп құжаттамасымен және бухгалтерлік есеп тіркелімдерімен жұмыс істеу, аудитордың жұмыс құжаттамасын қалыптастыру, кәсіби пайымдауға сәйкес аудиторлық іріктеменің нәтижелерін бағалау; аудитордың жұмыс құжаттамасын ресімдеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықаралық аудит стандарттары

    Пәнді оқу барысында аудиторлық қызметті стандарттаудың халықаралық деңгейі туралы теориялық білімді және есептіліктің дұрыстығын бағалау үшін халықаралық аудит стандарттарының ережелерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Аудиттің халықаралық стандарттарының мазмұнын меңгеруді қамтамасыз етеді; аудиттің отандық және халықаралық тәжірибесінде халықаралық аудит стандарттарының ережелерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Пәнді аяқтағаннан кейін аудитті ұйымдастыру мен аудиторлық тексерулерді жүргізудің қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану дағдыларын көрсете алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Салық есебі

    Пән болашақ мамандарды кірістерді, шығыстарды, пайданы салықтық есепке алуды ұйымдастыру және әдіснамасы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады. Оқыту процесінде білім алушылар салық салу мақсатында кірістерді, шығыстарды, активтерді, шаруашылық операцияларды есепке алудың талдамалық тіркелімдері жүйесін қалыптастыруды дербес үйренеді және оларда жинақталған ақпаратты жинақтайды; салықтық есепке алуды құру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инвестициялық және сақтандыру мекемелеріндегі есеп

    Инвестициялық және сақтандыру мекемелеріндегі есебін және есептілігін ұйымдастыруды оқып үйренуде бағалы қағаздар нарығында жоғары білікті мамандарды қалыптастыруға дамыған нарықтық қатынас жағдайында жұмыс істеп, басқару және инвестициялық шешім қабылдай алуға мүмкіндік береді. Білім алушылар әрбір мемлекеттің заңына сәйкес, инвестициялық институттардың есебін жүргізу, сақтандыру есебін ерекшеліктеріне қарай ұйымдастыруды дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризмдегі бухгалтерлік есеп

    Пәнді игеруде білім алушыларды туристік индустриядағы бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен мәніне үйрету және ұйымдардың шаруашылық қызметінің тәжірибесінде үйренген әдістерді қолдану болып табылады. Білім алушы туризмді ұйымдастыруда бухгалтерлік есепті дербес, әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүргізу; туризмді ұйымдастыруда бухгалтерлік жазбаларды қалыптастыру, жасалған жиынтық бухгалтерлік жазбаларға талдау жүргізу дағдыларын меңгереді; бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептілік нысандарын толтыру кезінде қажетті білімді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сауда саласындағы бухгалтерлік есеп

    Пән коммерциялық ұйымда салалық есеп жүргізу бойынша теориялық білімді қалыптастыруға және көтерме, бөлшек саудада тауарлардың түсуі, шығуы, есеп беру процесін жүзеге асырудың практикалық дағдыларын алуға бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы шаруашылық қызметі туралы дұрыс және уақтылы ақпарат алу үшін сауда кәсіпорнында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Банктегі бухгалтерлік есеп

    Пәнді оқу барысында білім алушылардың банк қызметкерлері деңгейінде бухгалтерлік есеп техникасын меңгеру дағдыларын қалыптастыру және бекіту; несиелік ұйымдардың бухгалтерлік есеп шоттары тұрғысынан еркін бағдарлану; бухгалтерлік жазбаларда банк операцияларын көрсету болып табылады. Оқыту нәтижесінде білім алушы коммерциялық банктің әртүрлі операциялары бойынша бухгалтерлік құжаттарды ресімдеудің, банктің операциялары бойынша бухгалтерлік жазбаларды жасаудың, банктің бухгалтерлік есептілігін жасаудың практикалық дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Банктік емес ұйымдардағы қаржылық операциялар

    Пән болашақ мамандарда кредиттік салада бухгалтерлік есептің әдіснамасы мен ұйымдастырылуы, сондай-ақ кредиттік ұйымдарда экономикалық талдау мен аудит жүргізу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады. Пәнді оқу барысында білім алушы банктік емес саланың қаржылық операцияларын ажырата және жүргізе алады. Банктік шоттарын ашпай ақша аударымдарын, сондай-ақ депозиттік-кредиттік операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар банктік емес кредиттік ұйымдардың қызметіне талдау жасай алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салықтық әкімшілендіру

    Пәнді оқу барысында барлық деңгейдегі бюджеттерге салықтар мен алымдарды төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету бойынша салық органдары қызметінің өзекті мәселелерін қарауды қамтитын салықтық әкімшілендірудің маңызды, негізгі мәселелерін білім алушылардың игеруін көздейтін мемлекеттің салық тетігін құруды зерделеуге терең көзқарас болып табылады. Сондай-ақ салықтар мен алымдарды әкімшілендіру бойынша базалық білімді қалыптастыру, оның ішінде салықтық әкімшілендірудің қазақстандық тәжірибесі мысалында және бакалаврға қажетті құзыреттерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрылыс саласындағы бухгалтерлік есеп

    Пән құрылыс саласындағы бухгалтерлік есеп бойынша білімдерін қалыптастырады. Құрылыс саласындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда қақтығыстарды шешуге қабілетті, жаңа шешімдер ұсына біледі. Құрылыс саласындағы есепті ұйымдастыруда заңдар жинағын, нормативті және басқа да құқықтық құжаттарды меңгереді, сондай-ақ бухгалтерлік есеп принциптері мен негізгі концепцияларын, қаржылық есеп беру нәтижесін анықтау және дайын өнімді сату есебін ұйымдастыруды игеруге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық бақылау

    Қаржылық бақылау пәнін оқу нәтижесінде білім алушы қаржылық бақылау саласындағы талдамалық жұмыс дағдыларын, оны жүргізудің негізгі тәсілдері мен әдістемесін; қаржылық бақылау барысында қолданылатын заманауи компьютерлік технологияларды; тексеру нәтижелерін жалпылау және пайдалану әдістерін; экономикалық субъектінің қаржылық бақылауының жай-күйін бағалаудың жекелеген көрсеткіштерін қалыптастыруды қаржылық бақылау саласындағы есептіліктің әртүрлі түрлерін құра білуді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық институттарындағы бухгалтерлік есеп

    Пәнді оқып білу нәтижесінде білім алушылар қаржы институттарында нормативтік-құқықтық реттеу және бухгалтерлік, салық есебін ұйымдастыру туралы білім алады. Есепке алуда операцияларды көрсету, есептілікті қалыптастыру дағдыларын қалыптастырады. Операцияларды есепке алу процесіне жататын ерекше терминдерді, қаржы институттарындағы бухгалтерлік және басқарушылық есепке алудың негізгі тәсілдерін, қаржылық есептіліктегі ақпаратты жүйелеу мен талдаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризм статистикасы

    Пәнді игеруде білім алушылар туризм саласындағы әртүрлі экономикалық процестер мен құбылыстарға статистикалық талдау жүргізу үшін қажетті біліктілікке ие болуы. Пәнді оқу нәтижесінде туризм туралы статистикалық ақпаратты іздеу, жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу; туризм индустриясында заманауи статистикалық әдістерді қолдану; алған жаңа білімдері мен дағдыларын практикалық іс-әрекетте қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсете біледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық шешімдер есебі

    Қаржылық шешімдер есебі білім алушыларда кәсіпкерлік қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру, экономиканы басқаруда қаржы саясаты саласында шешімдерді әзірлеу, негіздеу және қабылдау, сондай-ақ салық салу үшін әртүрлі пайдаланушылардың қаржылық ақпаратты дайындауы және ұсынуы бойынша нақты теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады. Пәнді оқу барысында білім алушылар әртүрлі пайдаланушылардың (ішкі және сыртқы) талаптарын қанағаттандыратын қаржылық ақпаратты дайындау және ұсыну дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп

    Пән білім алушыларға мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады. Пәнді оқу барысында білім алушылар мемлекеттік ұйымдарда синтетикалық және талдамалық есепке алуды жүргізу; есептілікте бюджеттік есепке алу деректерін қорыту тәртібін қарау; Қазақстандағы бюджеттік ұйымдардың қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құжаттарды зерделеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шаруашылық қызметін талдау

    Пәнді оқу барысында білім алушылардың аналитикалық ойлауын қалыптастыру, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін басқару, жақсарту жөніндегі міндеттерді шешу үшін экономикалық талдаудың арнайы әдістерін, өндірістік қызметтің нәтижелерін бағалау және өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін меңгереді. Пәнді оқу нәтижесінде ұйымның қызметін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу, аналитикалық жұмыстың нәтижелерін қорытындылау, тиісті ұсыныстар дайындау; ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау, талдау үшін ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын иеленеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық есептілікті талдау

    Пән қаржылық есептілікті талдаудың теориялық және практикалық негіздері туралы білімді қалыптастырады. Пәнді оқу барысында білім алушылар тереңдетілген талдау әдістемесін және бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің барлық нысандарын талдаудың неғұрлым кең таралған тәсілдерін меңгереді. Қаржылық есептілікке экспресс-талдау жүргізу, кәсіпорынның қаржылық есептілігіне кешенді экономикалық оқу жүргізу және жүргізілген есептеулер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өндірістік есепті ұйымдастыру

    «Өндірістік есепті ұйымдастыру» пәні кәсіпорындағы өндірістік есептің мәнін, қызметтері мен ұйымдастыру мәселелерін, негізгі категориялар, терминдар мен түсініктерді игеріп, өндіріс есебіндегі шығындар туралы білімін қалыптастырады. Негізгі және көмекші өндірістердің ұйымдастыру міндеттерін үйренеді, шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістерін меңгереді, кәсіпорындағы өндірістік есепті ұйымдастыру және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әртүрлі әдістері мәселелері бойынша тәжірибе алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • 1С бухгалтерия есебі

    «1С: Бухгалтерия» бағдарламасына сәйкес қаржылық есепті құрастырып, бухгалтерлік есеп саласындағы мамандарды даярлау, ақпараттарды компьютерлік өңдеу, ақпараттық технологиялардың, автоматтандырылған программалық құралдар позициялары жағынан тіркеу есептерінің маңыздылығын, тіркеу жұмысының сапасына әсер ететін ақпараттардың толықтығын, дәлдігін бағалауды игереді; оларды оптималды таңдау үшін бухгалтерлік есептің техникалық және программалық құралдарын бағалаудың негізгі критерийлерін біледі; автоматтандырылған бухгалтерлік есептің қазіргі программалық құралдарындағы жұмысының негізгі әдістерін үйренуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Бухгалтерия саласындағы қолданбалы зерттеу әдістері

    Бухгалтерлік есеп пен статистикадағы экономикалық ақпаратты өңдеу жолдарын зерттеу, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі туралы ақпаратты ұсыну және түсіндіру, әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді бақылау және зерттеу әдістемесі мен әдістері жүйесінде пән теориялық материалды қамтиды; сондай-ақ экономикада ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың мүмкін құралдары мен технологиялары туралы түсініктері мен өз бетінше ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Шағын және opтa кәсіпкерлік субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп

    Пәнді оқуда болашақ мамандарда есепті ұйымдастыру және әдістемесі бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, оны шағын және орта коммерциялық құрылымдарда ұйымдастыру, жүзеге асыру, шағын кәсіпорындарға салық салу механизмін игеру болып табылады. Пәнді оқу барысында жеңілдетілген нысан бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу; шағын және орта бизнес субъектісі үшін салық есептілігі, ұйымның қысқартылған бухгалтерлік есептілігі көрсеткіштерін оқу, түсіндіру дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Бухгалтерлік есептің негізгі ұғымдарын, қағидаларын, әдістерін меңгеріп, қаржылық есептілік жасау, бақылау және талдау қабілеттерін қалыптастырады
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары талаптарын сақтай отырып, кәсіпорындарда, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде, банктік салаларда бухгалтерлік есепті жүргізеді және бақылайды
  • Аудиттің халықаралық стандарттарының талаптарын сақтай отырып, кәсіпорындарда, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде, банктік салаларда аудит қызметін жүргізеді
  • Бухгалтерлік есеп және аудит бойынша әртүрлі салалардағы қаржылық есептіліктің құжаттарын рәсімдейді
  • Басқару шешімдерін қабылдау және кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін бағалау мақсатында шығындарды есептейді
  • Қаржылық, салықтық есептіліктің дәлдігін, сенімділігі мен мерзімділігін және экономикалық есептемелерді талдап, бағалайды
  • Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулерді жүргізеді
Top