Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04141 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Мемлекеттік басқару теориясы

    Пән нарықтық экономика жағдайында заманауи мемлекеттік басқарудың негіздері мен мәнін, оның субъектілері мен объектілерін, кәсіби қызмет түрі ретіндегі мемлекеттік басқарудың мазмұнын, мемлекеттік басқару мен бизнесті басқару арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды түсіндіреді. Курс барысында білімгер мемлекеттік басқару жүйесі, оны құраушылардың мемлекеттік басқару жүйесі туралы кешенді түсінікке ие болады, оны құраушылардың: үрдістің, мақсаттардың, функциялардың, қағидалардың, әдістердің, органдардың, мемлекеттік басқару кадрларының мәнін түсінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекет және құқық теориясы

    Пән қоғамдағы саяси экономикалық, əлеуметтiк құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару əдiс-тəсiлдерiн, объективтiк заңдылықтарын анықтауды үйретеді. Пәнді оқу барысында білім алушылар құқықтың мемлекеттiк органдардың құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тəртiбiн жəне оның бағыт-бағдарын орнықтыратындығын, ал мемлекеттің құқықтық нормаларды қабылдайтындығын, бекiтетіндігін жəне қорғайтындығын түсінеді. Студенттер қоғамның қалыптасуын, мемлекет пен құқықтың өмірге келу заңдылықтарын және қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы мен құрылымын үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес білімгерлердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс білімгерлердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экономикалық теория

    Пән экономикалық субъектілердің мінез-құлық заңдылықтары, микро және макро деңгейлердегі экономикалық қызмет ету механизмі, қазіргі заманғы экономикалық ұғымдар мен модельдердің теориялық дамуы туралы жалпы түсінік береді. Білім алушы тауарлар мен ресурстардың нақты нарықтарындағы жағдайды, баға деңгейінің және ақша ұсынысының қозғалысын талдаудың практикалық дағдыларын меңгереді, микро және макроэкономикалық деңгейде проблемалық жағдайларды анықтап, қазіргі экономикалық ойдың қалыптасуы мен эволюциясын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Менеджмент.

    Пән кәсіпорынды ұйымдастырудың және басқарудың негізгі қағидалары мен әдістерін, қазіргі заманғы жағдайдағы кәсіпорынды басқару теориясы мен практикасының негіздерін, басқару саласындағы шешім қабылдау процестерін, қалыптасқан кезден бастап салалық бәсекелестік жағдайында жұмыстың заманауи әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Курс барысында білімгер теориялық негіздермен және әдістермен танысады, әлеуметтік зерттеулер жүргізе білу қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экономиканы мемлекеттік реттеу

    Пән қазіргі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлін, функцияларын, Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға әсер ету әдістерін анықтау, жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың салдарын және оны жетілдіру жолдарын зерттеуге бағыталған. Пәнді оқу барысында білім алушы мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыру, бағалау және талдау дағдыларын меңгереді; Казахстанда әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуына ықпал ететін сындарлы бағыттардың кешенді, жүйелі көзқарасын қалыптастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жаңа мемлекеттік менеджмент және демократиялық мемлекеттік басқару

    Пән мемлекеттік басқарудағы бизнесті басқару құндылықтарының үстемдігі бағытындағы реформалардың жаңа мемлекеттік басқару тәсілі аясында тұжырымдалғанын үйретеді. Курс барысында білімгер мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілдерін талқылайды, оған негізделген негізгі құндылықтарды қарастырады. Курстың соңында тұжырымдамалық ойлау, әлеуметтік және саяси мәселелерді анықтау, мәліметтер жинау, талдау және түсіндіру қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасыл экономика саясаты және Индустрия 4.0 кіріспе

    Пән негізгі жасыл экономика саясаты және индустрияға кіріспе білім дәрежесін көтере отырып, жасыл экономикалық ұғымдар мен тұжырымдардың мағыналарын негіздеп, Қазақстан экономикасының инновациялық дамыту мүмкіндігін анықтауға талдау жасау қабілетін қалыптастырады. Кірс барысында білімгер тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, жаһандық проблемаларды шешу және «Индустрия 4.0» қарсаңында инновациялар арқылы өнімділікті арттыру жолдарын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің негіздері

    Пән ақпаратты өңдеу жолдарын зерттеу, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі туралы ақпаратты ұсыну және түсіндіру, әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді бақылау және зерттеу әдістемесі мен әдістері жүйесіндегі теориялық материалды қамтиды; сондай-ақ экономикада ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың мүмкін құралдары мен технологиялары туралы түсініктері мен өз бетінше ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Статистика.

    "Статистика" пәнінің оқу барысында білім алушылар статистиканың теориялық және практикалық негіздерін: статистикалық әдіснаманы және қоғамның қазіргі экономикалық және әлеуметтік дамуын сипаттайтын статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдаудың практикалық дағдыларын үйренеді. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы статистикалық есептілік нысандары бойынша келесі статистикалық бақылауды ұйымдастыру дағдыларын меңгереді: статистикалық көрсеткіштерді есептеу және алынған нәтижелерді түсіндіру: статистикалық көрсеткіштерін кешенді талдауды жүзеге асыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жергілікті өзін-өзі басқару

    Пән аясында білімгер жергілікті өзін-өзі басқарудың принциптерін, әдістері мен механизмдерін игереді, Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару теориясы мен практикасын зерттейді. Сонымен қатар ұйымдастырушылық құрылымы мен функционалдық бағыттарын; демократия теориясының, тікелей демократия институтының, муниципалдық меншікті, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық ресурстарын басқаруды зерттейды; өзін-өзі басқарудың негізгі түйінді ұғымдарын біледі; Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың нормативтік-құқықтық базасын түсінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік басқарудағы болжау

    Пән студенттерде мемлекеттiк деңгейде болжамдық есептеулер жүргiзу дағдысын қалыптастырады. Курс барысында білімгер елдiң және белгілі бір аймақтың, облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының неғұрлым оңтайлы нұсқаларын анықтауды үйренеді; мемлекеттің құрылымдық, инновациялық, фискалдық, монетарлық, бағалық, әлеуметтiк және сыртқы экономикалық саясаттарын тиімді қалыптастыру жөнiнде мәселелерді шешу және оларды жетілдіру жолдарын әзiрлеуді дағдыланады; мемлекеттік басқару бойынша мемлекеттік қызметтің бастапқы кезеңі ретінде болжау және жоспарлау біліктілігін игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын тілі)

    Пән шет тілінде кәсіби сөз жасамының негізгі жолдарын және сөз тіркестері мен түрлі қарым-қатынас жағдаяттарын үйретеді. Курс барысында білімгер алған білімдерін бизнес шет тілінде ауызша және жазбаша пайдалануды үйренеді. Өз саласы бойынша практикада алған шет тіліндегі білімдерін болашақ мамандықтарында қолдана алады, яғни бизнеске арналған пәндерді шет тілінде оқып түсінеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркітілдес мемлекеттерде мемлекеттік басқару

    Курс барысында түркітілдес мемлекеттердің мемлекеттік билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн және де негізгі басқару формаларымен бірге, түркітілдес мемлекеттердің заңнамаларды зерттеу қарастырылады. Саясат, басқару және экономикалық тұрғыдан түркітілдес мемлекеттерде мемлекеттік басқарудың кезеңдік дамуын бағалайды. Студенттер курс барысында зерттеу негізінде шешім қабылдау мен өз мүмкіндіктерін сыни талдау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Цифрлық үкімет

    Пән білімгерге қазіргі заманауи цифрлық технологиялар мен электрондық үкімет жұмысын ұйымдастырудың құралдары мен әдістерін,тәсілдерін үйретеді. Курсты оқу барысында ақпараттық технологиялардың көмегімен мемлекет пен азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бір-бірімен өзара іс-қимылының бірыңғай тетігін, олардың жүйелілігін қамтамасыз етуді игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік сектордағы маркетинг

    Пән студенттерді мемлекеттік сектор маркетингінің тұжырымдамаларымен, принциптеримен және негізгі қағидаларымен таныстырады және мемлекеттік басқаруда қолдануға болатын маркетингтік стратегияларды үйретеді. Курс барысында студенттер ұйымның беделін көтеру және стратегиялық мақсатқа жетуге көмектесу үшін маркетингтік принциптер мен тәсілдерді қолдану, стратегия мен жоспар құра отырып тұтынушыға бағытталу және байланыстарды жақсарту дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік қызмет

    Пән мемлекеттік қызметтің функциялары мен мазмұнын, мемлекеттік органдар мен басқаруды ұйымдастырудың интеграцияланған, функционалдық және салалық тәсілдерін, мемлекеттік қызмет лауазымдарының жүйесін, оларды санаттар бойынша бөлу, мемлекеттік қызметтің принциптері мен механизмін, кезеңдері, шарттарын түсіндіреді. Курс барасында білімгер мемлекеттік қызметке адамдарды іріктеу, мемлекеттік қызметке өту және тоқтату, мемлекеттік қызметшінің мансабы және оны жоспарлау принциптері игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР Конституциялық құқығы және Әкімшілік құқық

    Бұл пән студенттердің ұғымдарды және құқықтық терминдерді ұғынуын мақсат етеді. Студенттерде конституциялық және әкімшілік құқықтың ұлттық құқық жүйесіндегі рөлі, демократиялық қоғам, құқықтық мемлекет, оның органдары мен институттары, адам және азаматтың құқықтық мәртебесі туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастырады. Сондай ақ, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, конституциялық құрылысты сақтау мен қорғаудағы мемлекеттік қызметкерлердің рөлі туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еңбек құқығы

    Пән білім алушыларға қызметкерлердің жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты, олардан туындайтын басқа да жанасатын қатынастарды реттейтін және еңбек құқығы субъектілерінің өндірісінде еңбек жөніндегі құқықтар мен міндеттерді және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін құқық нормаларының жүйесін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Электронды үкімет және мемлекеттік қызметтер көрсету саясаты

    Пән білімгерлерге мемлекет пен азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының бірыңғай механизмі, олардың ақпараттық технологияларды пайдалана отырып бір бірімен келісімділігін қамтамасыз ететін жолдарын үйретеді. Курсты оқу барысында білімгер электрондық үкіметтің барлық мүмкіндіктерін қалай пайдалануға болатындығын үйренеді, мемлекеттік қызмет көрсетудің мәнін, ондағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылауларды игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шет тілі (түрік тілі)

    Пән түрік тілді материалды меңгерудің негізін қалыптастыруға, базалық ақпараттың түрік тілдік мағынасын, кәсіби шет тілі терминологиясының негізін қалыптастыруға көмектеседі. Курс барысында білімген халықаралық байланыстың арнайы мамандандырылған терминологиясы шеңберінде түрік тілін байланыс құралы ретінде меңгереді. Сонымен қатар, білімгерлер түрік тілі деңгейін көтереді, түрік тілінде кәсіби міндеттерді шешуде қажетті дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаланы басқару (Smart cities)

    Пән студенттерге болашақ кәсіби тәжірибесінде қала тұрғындарын жайлы өмірмен қамтамасыз етуді, қоғам өмірінің барлық саласын барынша автоматтандырып, өмір сапасын арттыру жолдарын үйретеді. Курс барысында студенттер өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың жолдарын үйренеді. Нәтижесінде болашақ мамандар дамуға даңғыл жол ашып, уақыт пен тиімділікті арттырып, тұрғындарға жайлылық пен комфорт сыйлайтын дағдыларға ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стратегиялық форсайт, заманауи технологиялар және үлкен деректер теориясы

    Пән білімгерлерде ғылым, технология, экономика, болжау, даму стратегиялары, мемлекет пен қоғам салаларында сапалы жаңа нәтижелерге қол жеткізу үшін басымдықтарды айқындауға үйретеді. Курс барысында форсайт-жобалардың қорытындылары бойынша жол карталары әзірленеді. Заманауи технологияларды күнделікті жұмыста қолдану және үлкен деректер теориясына түсінікті қалыптастыра отырып кәсіби қызметтегі жобалық мүмкіндіктерді анықтау және жобалық мақсаттарды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұйымдастыру мәдениеті

    Курс ұйымдық мәдениет тұжырымдамасын, оның құрамдас элементтерін, функцияларын, құндылықтарын және ұйымның имиджін қарастырады. Кәсіпорынның ұйымдық мәдениеті мен оның кадрлық саясатының сипаттамаларын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтайды. Ұйымда дау дамай жағдайында дұрыс шешім қабылдау мен дағдысын білімгерлерге түсіндіруді басты негізге алады. Қызмет барысында адамдардың мәдениетін тиімді басқару дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретін әртүрлі деңгейде қолданылатын құралдар жиынтығымен таныстырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Іскерлік этика және мемлекеттік қызметтегі этика

    Пән білімгерлерде мемлекеттік қызмет этикасы туралы теориялық білім кешенін қалыптастырады, мемлекеттік қызметкерлердің келіссөз жүргізуінің этикалық нормасын үйретеді, мемлекеттік қызмет этикасын жетілдіру бойынша шаралар жүйесін негіздейді, қазақстандық мемлекеттік қызмет этикасын талдау жолдарын үйретеді. Курс барысында білімгер экономикалық ойлау мен сананы өңдеу дағдыларына және қазақстандық мемлекеттік қызмет этикасын жетілдіру бойынша шаралар кешенін дайындау қабілеттеріне ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Гендерлік саясат

    Пән гендерлік теңсіздік себептері мен салдарларына негізделген гендерлік теңдік саясатын талқылайды. Бұл курс студенттерде теңдік және кемсітушілікке тыйым салу қағидатының осінде жынысқа қатысты негізгі мәселелер мен қазіргі мәселелерді теориялық тұрғыдан зерделеуге, олардың Қазақстанда және бүкіл әлемде гендерлік теңдік жөніндегі жұмысты ұстануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың әлеуметтік өмірді эгалитарлық тұрғыдан бағалау және мінез-құлықты дамыту қабілетін жақсартуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Басқарудағы инновациялық шешімдер

    Курста инновациялық менеджменттің мәні, инновация көздері, инновациялық идеяларды қалыптастыру әдістері, инновацияның жалпы шарттары, сонымен қатар белгілі бір объектінің сыртқы ортасын инновациялық басқару, т.с.с. оны дамытудың жалпы шарттары, шешім қабылдау технологиясы, басқарушылық шешім қабылдау теориясының негізгі аспектілері мен инновацияларды енгізудегі мүмкін кедергілерді қарастырады. Басқарудағы жаңа идеяларды ұсыну, шешімдері мен оларды жүзеге асыру жолдарын табу қабілеттері дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өнеркәсіптік саясат

    Пән білімгерге экономикалық дамудың заңдылығын үйретеді. Курс барысында білімгер заманауи экономикалық өмірдегі микро және макро деңгейдегі ұйымдардың негізгі ұстанымдарын меңгереді. Курс нәтижесінде ұйымның қаржы-несие жүйесінің құрылымын, әр буынның мінездемелерін, салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін біледі, инвестицияны қаржыландыру және несиелендіруді қаржылық жоспар құрылымында негіздей алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі кездегі жаһандану және қауіпсіздік қағидалары

    Пән жаһанданудың қай кезде басталғаны, оның табиғатының қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясатшылардың әрқилы пікірлерін сараптап, қазіргі заманғы тарихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай қалай пайдалануға болатындығын үйретеді. Курс барысында білімгер әлеуметтік зерттеулер жүргізу негізінде мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде болып жатқан мемлекеттік және әлеуметтік саясатты салыстырмалы талдай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Адам ресурстарын стратегиялық басқару және өзгерістерді басқару

    Курс барысында адам ресурстарын басқарудың негізгі концепциялары, тәсілдері және заңдылықтары, ұйымда дарындыларды басқару мен оларды ынталандыру шаралары, ұйымның кадрлық құрамын жинақтау, есепке алу және бағалау кезінде психологиялық білімді қолдану спецификалары қарастырылады, сонымен қатар персоналды басқару технологиясын жүзеге асыру кезіндегі алған білімдерін тиімді қолдануға мүмкіндік беретін тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. Нарықтағы өзгерістерге қызметкерлерлі икемдей алу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық территорияларды дамыту

    Пән ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту, еңбек өнімділігін жоғарлату және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру жолдарын үйретеді. Курс барысында білімгер ауыл шаруашылықты дамыту, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдай жасау жолдарын меңгереді. Курс нәтижесінде білімгер ауыл шаруашылық территорияларды дамуына ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану мүмкіндіктерін талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік медиа, даму және демократиялық мемлекеттік басқару

    Пән әлеуметтік медианы түсіндіреді, әлеуметтік медианың қоғамға қалай әсер ететіндігін, тұрақты даму мақсаттарына жету үшін әлеуметтік медианы пайдаланудың озық тәжірибелерімен бөліседі, әлеуметтік медианың басқарудағы рөлі туралы түсінікті дамытады, оның ұлттық саясат пен бағдарламаны құруға әсерін талқылайды. Курс барысында білімгер әлеуметтік медианың қоғамға жағымды және жағымсыз әсерін талдау дағдыларын игереді, қоғамдық қатынастардың негізгі ұғымдарын анықтай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жаһандық қоршаған орта саясаты

    Пән студенттерге экологиялық мәселелерді шешу және қоршаған ортаны басқару туралы мағлүмат береді, Халықаралық экологиялық мәселелерді шешу үшін құрылған саясат саласына қатысты теориялық және практикалық аспектілерге үйретеді. Курс барысында білімгер Жаһандық экологиялық саясаттың жалпы дамуына, оның қазіргі жағдайы мен болашағына қажетті талдау жасай алады және халықаралық аренада саналы түрде келіссөздер жүргізе алатын дағдыларды игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Салыстырмалы саяси талдау

    Пән әртүрлі саяси жүйелерді түсіндіреді және осы жүйелерді салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру. Курс барысында білімгер салыстырмалы саясат саласында жұмыс жасайтын саясаттанушылар қолданатын әдістер мен тұжырымдамалармен танысады және саяси жүйелердің институционалды құрылымын, қоғамдар мен мемлекеттік билік арасындағы қатынастарды зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік басқаруда қолданбалы зертеу әдістері және блокчейн

    Пән мемлекеттік басқаруда қолданбалы зерттеудің әдіснамалық негіздерін, ғылыми таным әдістері және логикасы туралы білімдерін тереңдетеді, қолданбалы зерттеу барысында әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу және іздеу, деректерді жинау мен ғылыми ақпаратты өңдеу, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу дағдыларын жетілдіреді. Курс барысында білімгер мемлекеттік басқаруда блокчейн технологиясын салаларда қолдану, мемлекет пен бизнес үшін блокчейн технологиясын қажеттілігін түсінеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік

    Пән мемлекеттік-жеке әріптестіктің жіктемелерін, әлеуметтік саланың мемлекеттік-жеке әріптестігін дамытудың кезеңдерін, әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды бағалау, талдау, салыстыру және қорытынды жасауды оқытады. Пәнді оқу барысында әлеуметтік саланың мемлекеттік-жеке әріптестігінің жоспарлау және болжау, үйлестіру және іске асыру, жүйелі түсіну және сапаны көрсету және мемлекеттік-жеке әріптестіктің қазіргі заманғы түрлерін зерделеу дағдыларын үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жобалық менеджмент, мемлекет және бизнес

    Пән экономиканың мемлекеттік секторын басқарудың қызметтері мен әдістері туралы теориялық, тәжірибелік және ғылыми білімдерді жалпылау, сонымен қатар, студенттерге үкімет пен бизнес арасындағы ара-қатынас бір жағынан, жеке кәсіпкерлердің стратегиясы мен тактикасына, ал екінші жағынан, мемлекеттік экономикалық саясат процесіне қалайша ықпал ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Курс барысында білімгер мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және олардың құрылғыларының функцияларын жан-жақты зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Деректерге негізделген басқаруды жүзеге асыру

    Пән студенттерге саясат және технология тұрғысынан даму үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қатысты негізгі ұғымдарды, ережелерді және теорияларды таныстырады. Студенттерге қазіргі цифрлық технологияның мүмкіндіктерін мен дамуын түсіндіріп, саясатты қалыптастыруда бұны қалай пайдалуға болатындығын үйретеді. Курс барысында студенттер деректерге негізделген басқаруды пайдалану, мағлұматтарға талдау жасау дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аймақтық экономика және жергілікті басқару

    Пән мемлекеттің ерекше мемлекеттік құрылымын, аймақтардың табиғи-климаттық, географиялық, демографиялық жағдайларының әр алуандығын, олардың әлеуметтік-экономикалық даму теңсіздігінің күшеюін ҚР әр аймағының ерекшелігін зерттейді, олардың дамуы мен қызмет етуінде рациональды тәсілді анықтайды. Курс барысында білімгер мемлекеттің экономикалық саясатында аймақтардың дамуын басқарудың тиімді механизмдерін жасау мен жүзеге асыру жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік қызметтегі және басқа ұйымдардағы іс-құжаттар жүргізу негіздері

    Пән аясында студенттер мемлекеттік басқаруда құжаттамалық қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік мәселелерін қарастырады, мемлекеттік қызметтегі құжаттама жүйесін ұйымдастыру, жүзеге асыру және оны әрі қарай жетілдіру жолдарымен танысады, негізгі іскерлік құжаттарды дайындауды, оларды рәсімдеу принциптерін игереді, болашақ кәсіби қызметтерінде іс-құжаттарды жүргізудің тәжірибелік дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стратегиялық консалтинг, халықаралық институттар және БҰҰ тұрақты даму мақсаттары

    Пән басқарушылық консалтинг, консалтингтік қызмет түрлері жайлы түсінік қалыптастырады, жаһандық және аймақтық нарықтарда басқару консалтингінің түрлерін зерттейді және БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары аясында негізгі бағыттары мен санаттарын талдайды, елдегі трансформация, білім беру мәселелерін дамыту және аз қамтылған халықтың әлеуметтік жағдайын талдайды. Курс барысында білімгер консалтинг қызметін ұйымдастыруды басшылыққа алып, жобаны басқарудың заманауи әдістерін қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Мемлекеттік саясатты қалыптастыру

    Пән білім алушыларға мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, мемлекеттік саясатты қалыптастыруда мемлекеттің міндеті ғана емес сонымен қатар, әлеуметтік-саяси және басқа да мүдделі күштердің әсер ететін күрделі интерактивті процестерін түсіндіреді. Курс барысында білімгер мемлекеттік саясатты қалыптастыру процесін зерттеу дағдыларын игереді және негізгі тұжырымдар мен моделдерді түсінеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Энерджи менеджмент саясаты

    Курс энергетикалық тиімділікке әсер ететін энергия ресурстарын пайдалануды, жоспарлауды қамтитын энергетикалық саясатты дамытуды оқытады. Сондай-ақ, энергияны тұтынудың негізгі деңгейін анықтауды, энергияны басқарудың мақсаттары мен міндеттерін анықтауды, оның ішінде ұйымның энергия тиімділігін өлшеу мен бақылау үшін қолайлы негізгі көрсеткіштерді қамтуы тиіс. Білімгерлерге энергия менеджменті жүйесін енгізу мен пайдалану процесінің құжатталуын, энергия менеджменті энергияны басқару өнері ретінде білуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Халықаралық көші-қон саясаты

    Пән халықаралық көші-қон мен халық қозғалысының мемлекеттердің сыртқы саясатына және осы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдардың саясатына әсерін түсіндіреді. Курс барысында білімгер, әр түрлі көші-қон теориялары шеңберінде көші-қон, эмиграция, иммигрант, босқын, баспана іздеуші, шыққан ел, баратын ел, транзиттік ел және т.б. тақырып бойынша, кейбір мемлекеттердің (АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония және т.б.), әсіресе Қазақстанның көші-қон саясатын аналитикалық талдау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерін негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады.
  • Экономика, экология, құқық, гендерлік саясат, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық ұғымдарын меңгеріп, кәсіби қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды және мемлекеттік қызмет этикасын сақтайды
  • Тиісті цифрлық технологияларды, құралдар мен теорияларды пайдаланып, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында болжау мен басқару процесін біріктіруге қабілетті
  • Мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, нұсқаулардың, талдамалық есептердің жобаларын әзірлейді
  • Мемлекеттік басқару, кәсіпорынды басқару, жобаларды басқару, персональды басқару тиімділіктерін бағалайды
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тұрақты тұрақты мониторингі нәтижелерін талдап, жақсарту ұсыныстарын әзірлейді
  • Мемлекеттік саясат пен реттеудің әдістері мен құралдарын пайдаланып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қалалар мен басқа да аумақтық бірліктердің ресурстарын басқаруға қатыса алады
  • Ұлттық стратегиялық даму бағдарламаларын, өнеркәсіптік саясат және нормативтік құқықтық актілерді қолданып, аймақтық экономиканы мемлекеттік реттейді, жер ресурстары мен энергия көздерін тиімді пайдаланып, мемлекеттік органдардың, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жоспарлайды
  • Әртүрлі инновациялық әдістерді қолданып, қазіргі заманғы мемлекеттік реттеу мен қоғамның тұрақты дамуын қатамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізеді
Top