Жаңа білім беру бағдарламасы

6B10197 Медициналық-профилактикалық іс в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Адам морфологиясы - І модулі

    Модуль адам ағзасының құрылымын, қызметін және жасушалық деңгейдегі ерекшеліктерін кешенді зерттеуге бағытталған. Білім алушы анатомия, физиология және гистология ғылымдарының негізінде ағзаның қалыпты морфологиясы мен қызметінің өзара байланысын меңгереді. Оқытылатын білім халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығына әсер ететін қауіп-қатер факторларын анықтауға, алынған мәліметтерді эпидемиологиялық әдістермен өңдеуге, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі денсаулықты сақтау шараларын жоспарлауға және ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Медициналық химия

    Пән тірі ағзадағы биохимиялық үрдістер мен химиялық заттардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеуге бағытталған. Студенттер химиялық элементтердің адам ағзасына әсерін, зат алмасу, қышқыл-сілтілік тепе-теңдік пен уытты заттардың әсерін талдауды меңгереді. Медициналық химия қоршаған орта объектілеріндегі зиянды факторларды анықтауға, алынған деректерді эпидемиологиялық тұрғыдан өңдеуге, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық шараларды ғылыми негізде жоспарлап, шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек

    Пән төтенше жағдайларда жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Олар алғашқы медициналық көмек көрсету, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу, қан кетуді тоқтату әдістерін меңгереді. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық қауіптерді анықтау, қоршаған орта жағдайын бағалау және төтенше жағдайларға ден қоюдың маңыздылығын түсінеді. Пән тиімді коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, кәсіби этиканы сақтау, қоғаммен және әріптестермен өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Адам морфологиясы – ІІ модулі

    Модуль анатомиялық құрылымдар мен физиологиялық үдерістерді жүйелік деңгейде тереңдетіп зерттеуге арналған. Білім алушылар ағзаның негізгі жүйелерінің морфофункционалдық байланыстарын, жасуша мен тін деңгейіндегі өзгерістерді талдайды. Пән барысында алынған білім эпидемиологиялық зерттеулерде қоршаған орта әсерінен туындайтын бұзылыстарды бағалауға, статистикалық - эпидемиологиялық әдістерді қолдануға, төтенше жағдайларда санитарлық - эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Түрік тілі ( А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Медициналық биология және генетика негіздері

    Пән тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын зерттеп, генетикалық ақпараттың берілу механизмдерін, тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын талдайды. Сондай-ақ, заманауи ғылыми зерттеу әдістерін меңгеріп, академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып, қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсерін бағалайды. Денсаулық сақтау саласында тиімді коммуникациялық технологияларды пайдаланып, кәсіби қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Биостатистика

    Пән медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістерін игеруге бағытталған. Білім алушылар статистикалық және эпидемиологиялық әдістерді қолдана отырып, медициналық зерттеулер жүргізуді үйренеді. Заманауи технологияларды қолдана отырып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл - ауқатына әсер ететін факторларды талдайды. Ол сондай-ақ ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып, дәлелденген шешімдер қабылдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Медицина тарихы және биоэтика

    Пән медицинаның тарихи даму кезеңдерін және биоэтиканың негізгі қағидаларын зерттеуге бағытталған. Білім алушылар медициналық білім мен тәжірибенің қалыптасуын, оның қоғамдағы рөлін талдайды. Ғылыми зерттеу әдістерін меңгеріп, академиялық адалдық қағидаларын сақтауды үйренеді. Сондай-ақ, биоэтикалық мәселелерді қарастырып, медицинада құқықтық және моральдық нормаларды сақтау, кәсіби этиканы ұстану және тиімді коммуникация орнату дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сапаны қамтамасыз ету негіздері

    Пән денсаулық сақтау жүйесінде сапаны басқару және қамтамасыз ету қағидаларын зерттеуге бағытталған. Білім алушылар сапаны бағалау әдістерін, стандарттау мен сертификаттау негіздерін меңгереді. Пән барысында денсаулық сақтау қызметтерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттар қарастырылады. Оқу барысында білім алушылар сапаны басқару жүйелерін ұйымдастыру, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану және денсаулық сақтау саласында стратегиялық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Микробиология, вирусология және иммунология -І

    Пән бактериялар, вирустар, паразиттер және саңырауқұлақтардың құрылымы мен патогенділік механизмдерін зерттеуге бағытталған. Адам иммунитеті мен патогендердің өзара әрекеттесу негіздері, жұқпалы ауруларды диагностикалау және микробқа қарсы препараттарды қолдану мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ, санитарлық микробиология мен микробқа қарсы тұрақтылықтың жаһандық проблемалары қамтылады. Білім алушылар зертханалық әдістерді меңгеріп, инфекциялық агенттерді анықтау және эпидемиологиялық қадағалау дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Біртұтас денсаулық

    Пән адамдардың, жануарлардың және қоршаған ортаның өзара байланысын ескере отырып, денсаулықты кешенді қорғау ұстанымдарын зерттеуге бағытталған. Білім алушылар жұқпалы және зооноздық аурулардың алдын алу, санитарлық-эпидемиологиялық қауіптерді бағалау және биологиялық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруды меңгереді. Сонымен қатар, экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсерін, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу әдістерін және қоғаммен жұмыс істеу тәсілдерін қарастырады. Пән қоғамдық денсаулық сақтау саясатын жетілдіруге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аурухана менеджментіне кіріспе

    Пән аурухана қызметін тиімді басқару қағидалары мен денсаулық сақтау ұйымдарындағы менеджменттің негіздерін үйретуге бағытталған. Білім алушылар стратегиялық жоспарлау, қаржылық басқару, медициналық ұйымдардың құрылымы мен қызметін ұйымдастыру қағидаларын меңгереді. Пән аясында медициналық мекемелердегі басқарушылық шешімдер, ресурстарды оңтайлы пайдалану және қызмет сапасын арттыру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы заманауи коммуникациялық технологиялар мен командалық басқару дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Медициналық биохимия

    Пән жасуша мен ағзаның молекулалық құрамын, зат алмасу процестерін және олардың реттелу механизмдерін зерттеуге бағытталған. Білім алушылар ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары сияқты негізгі биомолекулалардың құрылымы мен қызметін талдап, олардың метаболизмдегі рөлін зерттейді. Сонымен қатар, заманауи биохимиялық әдістерді қолдана отырып, патологиялық процестердің биохимиялық негіздерін анықтап, аурулардың диагностикасы мен алдын алу шараларын ұйымдастыруға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Денсаулық сақтаудағы жүйелік ойлау

    Пән денсаулық сақтау жүйесінде жүйелік ойлауды қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылар медициналық ұйымдардың қызметін басқару, күрделі мәселелерді жүйелі талдау және ресурстарды тиімді бөлу әдістерін меңгереді. Денсаулық сақтау саласындағы шешімдерді қабылдау барысында жүйелік тәсілді қолдану, түрлі факторлардың өзара байланысын зерттеу және оларды практикалық қызметте пайдалану қарастырылады. Пән денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін стратегиялық ойлауды дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект

    Жасанды интеллект денсаулық сақтау саласында диагностиканы жетілдіру, емдеу әдістерін оңтайландыру және медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін қолданылады. Курста ЖИ-дің медициналық деректерді өңдеу, ауруларды анықтау және болжам жасау мүмкіндіктерін меңгеріп, деректерді талдау әдістері қарастырылады. Медициналық ақпаратпен жұмыс істеу барысында этикалық нормаларды сақтау мен инновациялық технологияларды енгізу қағидалары да зерттеліп, денсаулық сақтау жүйесінде тиімді шешімдер қабылдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақстандағы денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелері

    Пән Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың рөлін зерттеуге бағытталған. Білім алушылар электрондық денсаулық паспорттары, медициналық деректер базалары, телемедицина және цифрлық шешімдермен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді қолданудың құқықтық, этикалық және ұйымдастырушылық аспектілері қарастырылады. Пән аясында медициналық деректерді талдау және оларды басқару әдістерін үйреніп, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологияларды тиімді пайдалануды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Микробиология, вирусология және иммунология -ІІ

    Пән патогендік микроорганизмдердің адам ағзасымен өзара әрекеттесу механизмдерін, иммундық жүйенің қорғаныс реакцияларын және инфекциялық процестердің даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Білім алушылар микробиологиялық және иммунологиялық зертханалық әдістерді меңгереді, жұқпалы аурулардың алдын алу және эпидемиологиялық қадағалау негіздерін зерделейді. Пән барысында қоршаған ортаның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау және жұқпалы аурулардың таралуын болжау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Дерттану негіздері модулі

    Модуль патологиялық процестердің механизмдерін, олардың ағзадағы морфологиялық және функционалдық өзгерістерін зерттеуге бағытталған. Білім алушылар ғылыми зерттеу әдістерін меңгеріп, клиникалық-патологиялық талдау жүргізу арқылы аурулардың патогенезін, диагностикасы мен алдын алу шараларын талдайды. Сондай-ақ заманауи әдістерді қолдана отырып, қоршаған орта факторларының халық денсаулығына әсерін бағалайды және санитарлық-эпидемиологиялық қауіптердің алдын алу бойынша шараларды ұйымдастыруға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ішкі аурулар

    Пән ішкі органдар жүйесінің патологияларын зерттеуге бағытталған. Білім алушылар жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, ас қорыту және эндокриндік жүйелер ауруларының патогенезін, диагностикасын және алдын алу әдістерін меңгереді. Заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, эпидемиологиялық қауіптерді бағалауды және алдын алу шараларын ұйымдастыруды үйренеді. Пән клиникалық жағдайларды талдап, диагностикалық шешім қабылдау дағдыларын жетілдіреді. Этикалық нормаларды сақтай отырып, көпсалалы медициналық топта қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп, жұмыс істеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жалпы гигиена

    Пән адам денсаулығына қоршаған орта факторларының әсерін зерттеуге және алдын алу шараларын ұйымдастыруға бағытталған. Білім алушылар су, ауа, тағам сапасын гигиеналық бағалау, кәсіби және экологиялық қауіптерді талдау әдістерін меңгереді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды бағалау арқылы жұқпалы және созылмалы аурулардың алдын алу жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, инновациялық технологияларды пайдаланып, қоғамдық денсаулық сақтау шараларын жоспарлау мен іске асыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фармакология

    Пән дәрілік заттардың әсер ету механизмдерін, фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын, сондай-ақ олардың емдік және жанама әсерлерін зерттеуге бағытталған. Білім алушылар әртүрлі дәрілік топтардың қасиеттерін, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін меңгереді. Пән халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттарды қауіпсіз және тиімді пайдалануды үйретеді. Сонымен қатар, фармакоэпидемиологиялық зерттеулер мен дәрілік профилактиканың маңыздылығын талдап, кәсіби қызметте инновациялық әдістерді қолдану дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жалпы хирургия

    Пән хирургиялық патологияларды диагностикалау, алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін оқытады. Білім алушылар хирургиялық науқастарды тексеру, жараларды өңдеу, қан кетуді тоқтату, иммобилизация және шұғыл хирургиялық жағдайларда алғашқы көмек көрсету әдістерін меңгереді. Пән халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін қолдануды қамтиды. Білім алушылар кәсіби қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп, көпсалалы медициналық топта жұмыс істеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Эпидемиология

    Пән жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың таралу заңдылықтарын зерттеуге, олардың алдын алу мен эпидемиялық қадағалау шараларын ұйымдастыруға бағытталған. Білім алушылар эпидемиологиялық зерттеу әдістерін меңгеріп, халық денсаулығына әсер ететін факторларды жүйелі түрде талдайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау және аурулардың алдын алу стратегияларын әзірлеу дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесінде тиімді жоспарлау мен басқару принциптерін қолдана отырып, эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Кәсіптік аурулар

    Пән жұмысшылар арасында кәсіби аурулардың дамуына ықпал ететін факторларды, олардың алдын алу, диагностикалау және бақылау әдістерін зерттейді. Пән кәсіби аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру, қауіпті өндірістік факторларды бағалау және жұмыс орындарында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жолдарын қарастырады. Білім алушылар кәсіби патологиялардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық көріністерін меңгеріп, санитарлық-гигиеналық бақылау мен эпидемиологиялық талдау жүргізу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жұқпалы (паразиттік) аурулардың эпидемиологиясы

    Пән жұқпалы және паразиттік аурулардың таралу заңдылықтарын, эпидемиологиялық зерттеу әдістерін және алдын алу шараларын игеруге бағытталған. Білім алушылар аурулардың берілу жолдарын, қауіп факторларын, эпидемиологиялық қадағалау әдістерін, заманауи зертханалық диагностиканы және жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын зерделейді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау және эпидемиологиялық деректерді талдау арқылы халықтың денсаулығын сақтау бойынша тиімді шешімдер қабылдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Өндірістік токсикология

    Пән өндірістік ортада кездесетін химиялық, физикалық және биологиялық факторлардың адам ағзасына әсерін зерттейді. Білім алушылар өндірістік уытты заттардың таралуын, олардың денсаулыққа қауіптілігін бағалауды және алдын алу шараларын ұйымдастыруды үйренеді. Заманауи зерттеу әдістерін қолдану арқылы өндірістік ортадағы қауіпті факторларды талдау және эпидемиологиялық қауіптердің алдын алу қабілеттерін дамытады. Бұл пән кәсіби қызметте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Салауатты өмір салты негіздері

    Пәні адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған. Білім алушылар аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, зиянды әдеттерден бас тарту және стресс-менеджмент принциптерін меңгереді. Пән барысында қоғамдық денсаулықты жақсарту шаралары қарастырылып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығына әсер ететін факторлар жүйелі түрде талданады. Сондай-ақ олар салауатты өмір салтын қалыптастырудағы заманауи әдістерді зерттеп, тиімді коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қоғаммен өзара іс-қимыл жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Денсаулық сақтау жүйесіндегі отбасылық және әлеуметтік қауіпсіздік

    Пән отбасылық және әлеуметтік ортаның денсаулыққа әсерін, халықтың әл-ауқатын қолдау мен қорғаудағы мейіргерлік қызметтің маңызын түсіндіруге бағытталған. Білім алушылар әлеуметтік қауіпсіздік ұғымын, осал топтармен жұмыс істеу қағидаларын меңгереді. Пән барысында тиімді коммуникация мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, төтенше жағдайлар мен әлеуметтік қатерлер кезінде халықты қолдауға бағытталған профилактикалық және мейіргерлік шараларды ұйымдастыруға үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жұқпалы аурулар және фтизиатрия

    Пән эпидемиологияны, патогенезді, клиникалық көріністерді, жұқпалы аурулардың диагностикалық және алдын алу шараларын зерттеуге бағытталған. Білім алушылар туберкулездің қоғамдық денсаулыққа әсерін, оның алдын алу, эпидемиологиялық бақылау және микробиологиялық диагностика әдістерін зерттейді. Пән жұқпалы ауруларды бақылаудың статистикалық және эпидемиологиялық әдістерін қолдана отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға үйретеді. Сондай-ақ тиімді коммуникация арқылы әріптестермен және Халықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Санитарлық микробиология

    Пән қоршаған ортадағы микроорганизмдердің таралуын, олардың адам денсаулығына әсерін және эпидемиологиялық маңызын зерттеуге бағытталған. Білім алушылар ауыз су, ауа, тағам өнімдері және тұрмыстық заттардың микробиологиялық қауіпсіздігін бағалау әдістерін меңгереді. Пән санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау, инфекциялық аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру және микробиологиялық зерттеу нәтижелерін талдау дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, халықтың санитарлық жағдайын бағалау және инфекциялардың таралу қаупін болжау үшін заманауи зерттеу әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиясы

    Пән халық денсаулығына әсер ететін негізгі факторларды зерттеуге бағытталған. Пәнде жүрек-қантамыр, онкологиялық, эндокриндік және басқа да жұқпалы емес аурулардың таралу заңдылықтары, қауіп факторлары және алдын алу шаралары қарастырылады. Білім алушылар эпидемиологиялық деректерді талдауды, қауіпті бағалауды және алдын алу стратегияларын әзірлеуді меңгереді. Сонымен қатар, инновациялық технологияларды қолдану арқылы эпидемиологиялық мониторинг жүргізу және денсаулық сақтау бағдарламаларын жоспарлау дағдылары дамытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін басқару

    Пән медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін басқару, кәсіби тәуекелдерді бағалау және алдын алу шараларын ұйымдастыруға бағытталған. Білім алушылар еңбек гигиенасы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін меңгереді. Заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, кәсіби тәуекелдерге жүйелі талдау жүргізіп, денсаулық сақтау саласындағы басқару шараларын тиімді ұйымдастырады. Сонымен қатар, заңнамалық нормаларды сақтай отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу әдістемесі

    Пән медициналық-профилактикалық салада ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылар зерттеу әдістерін, деректерді жинау мен талдаудың статистикалық құралдарын меңгереді. Пән аясында академиялық адалдық, ғылыми жазба мәдениеті және дәлелді медицина қағидаттары қарастырылады. Зерттеу нәтижелерін интерпретациялау арқылы қоғамдық денсаулық сақтау саласында маңызды шешімдер қабылдау және алдын алу шараларын ұйымдастыру қабілеттері дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қоғамдық денсаулық сақтау-І

    Пән халықтың денсаулығына әсер ететін факторларды зерттеуге, аурулардың алдын алу мен денсаулықты нығайтуға бағытталған. Білім алушылар эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, санитарлық жағдайды бағалау және денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру әдістерін меңгереді. Пән барысында ғылыми зерттеу әдістері, статистикалық талдау, профилактикалық шараларды жоспарлау және басқару дағдылары қалыптастырылады. Сондай-ақ, Білім алушылар кәсіби қарым-қатынас пен халықаралық тәжірибелерді талдау арқылы денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Коммуналдық гигиена

    Пән қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайту мақсатында қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсерін зерттеуге бағытталған. Пән аясында білім алушылар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау әдістерін меңгеріп, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін экологиялық және әлеуметтік факторларды анықтауды үйренеді. Сонымен қатар, эпидемиологиялық қадағалау мен алдын алу шараларын ұйымдастыру үшін заманауи әдістер мен инновациялық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Қоғамдық денсаулық сақтау-ІІ

    Пән халықтың денсаулығын қорғау және нығайту шараларын жүйелі талдауға бағытталған. Білім алушылар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру және басқару негіздерін меңгереді. Пән аясында заманауи эпидемиологиялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қауіпті факторларды анықтау және алдын алу шараларын жоспарлау дағдылары қалыптастырылады. Сонымен қатар, ұлттық және аймақтық деңгейде денсаулық сақтау бағдарламаларын әзірлеуге, іске асыруға және бағалауға қатысу қабілеттері дамиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби менеджер модулі (Шет тілі (кәсіби), Менеджмент, Басқару психологиясы)

    Модуль медициналық-профилактикалық саладағы басқарушылық және коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған. Бұл модуль шет тілінде кәсіби қарым-қатынас жасау, менеджмент негіздерін меңгеру, басқару психологиясын қолдану арқылы денсаулық сақтау ұйымдарында тиімді шешімдер қабылдау қабілетін қалыптастырады. Білім алушылар көшбасшылық қасиеттерін дамытып, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас орнату дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар, басқару әдістерін игеріп, ресурстарды тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дәлелді медицина және клиникалық эпидемиология

    Пән ғылыми негізделген шешімдерді қабылдауға бағытталған. Білім алушылар медициналық зерттеулерді талдау, дәлелді медицина қағидаттарын қолдану және эпидемиологиялық тәуекелдерді бағалау дағдыларын меңгеріп, қоғамдық денсаулық сақтау саласында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау және алдын алу шараларын ұйымдастыруда статистикалық және инновациялық технологияларды тиімді пайдалануды үйренеді. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді интерпретациялау және оларды тәжірибеде қолдану қабілеті қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Еңбек гигиенасы

    Пән еңбек жағдайлары мен қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсерін зерттеуге бағытталған. Білім алушылар өндірістік және тұрмыстық ортадағы зиянды факторларды анықтау, олардың әсерін бағалау және алдын алу шараларын ұйымдастыру әдістерін меңгереді. Пән аясында эпидемиологиялық қадағалау, еңбек қауіпсіздігі мен кәсіби аурулардың алдын алу, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды талдау дағдылары қалыптасады. Заманауи технологияларды қолдана отырып, халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған тиімді шешімдер қабылдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы

    Пән балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына әсер ететін факторларды зерделеуге, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған. Білім алушылар денсаулық сақтаудағы қоғамдық іс - шараларды ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық талаптарды талдау, сондай - ақ мектеп пен тұрмыстық ортаның әсерін, алиментарлық және дене жүктемелерінің маңыздылығын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Балалар жұқпалы аурулары

    Пән балалардағы жұқпалы аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық көріністерін, диагностикалық және профилактикалық шараларын зерттеуге бағытталған. Білім алушылар жұқпалы аурулардың таралу заңдылықтарын, эпидемиологиялық бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау әдістерін меңгереді. Пән барысында эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, статистикалық талдау жүргізу және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру дағдылары қалыптастырылады. Балалар арасында жұқпалы аурулардың алдын алуда және эпидемиологиялық қауіптердің алдын алуда кәсіби құзыреттілікті дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тамақтану гигиенасы

    Пән дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларын, азық-түлік қауіпсіздігін, тамақтану тәртібінің адам денсаулығына әсерін зерттейді. Білім алушылар әртүрлі жас топтары мен кәсіби санаттар үшін теңгерімді тамақтану принциптерін меңгеріп, тағамдық өнімдердің сапасын бағалау, олардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін анықтау дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, эпидемиологиялық зерттеулер негізінде тағам арқылы таралатын аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Төтенше жағдай кезіндегі эпидемиология

    Пән табиғи және техногендік апаттар, биологиялық қауіптер мен пандемиялар жағдайында қоғамдық денсаулықты қорғауға бағытталған. Білім алушылар инфекциялық аурулардың таралу заңдылықтарын, алдын алу шараларын және санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу әдістерін меңгереді. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, эпидемиологиялық тәуекелдерді бағалау және шұғыл әрекет ету шараларын жоспарлау дағдыларын қалыптастырады. Төтенше жағдайларда тиімді шешім қабылдап, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Академиялық ғылыми жазба

    Пән білім алушыларға ғылыми зерттеулерді жүргізу, мәліметтерді құрылымдау және оларды академиялық тұрғыда жеткізу дағдыларын қалыптастырады. Пән барысында ғылыми мақалалар, эссе, зерттеу жұмыстары мен есептер жазу принциптері, дәйексөз келтіру мен плагиаттың алдын алу әдістері меңгеріледі. Сонымен қатар, білім алушылар кәсіби салада мемлекеттік және шетел тілдерінде академиялық қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыта отырып, ғылыми қауымдастықта этикалық нормаларды сақтауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Төтенше жағдай кезіндегі гигиена

    Пән табиғи және техногендік апаттар кезінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Білім алушылар төтенше жағдайлардағы қоршаған орта факторларының әсерін бағалау, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау және алдын алу шараларын ұйымдастыру әдістерін меңгереді. Қазіргі заманғы эпидемиологиялық мониторинг жүйелерін қолдана отырып, қауіпті жағдайларды болжау және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын сақтау қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау (Гигиена)

    Пән халықтың санитарлық-гигиеналық әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін зерделеуге бағытталған. Білім алушылар денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды анықтау, санитарлық-гигиеналық жағдайды бағалау және заңнамалық нормаларға сәйкес профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру әдістерін меңгереді. Бұдан басқа, санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізу, эпидемиологиялық зерттеулерді талдау және мемлекеттік реттеу жүйесін қолдану дағдыларын қалыптастыру, болашақ мамандардың сыни ойлауын дамыту, деректерді талдау қабілетін жетілдіреді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Ауруханалар мен емханалардың санитарлық нормалары

    Пән ұлттық және өңірлік деңгейде денсаулық сақтау саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Білім алушылар медициналық мекемелерде санитарлық-гигиеналық талаптарды меңгереді, инфекциялық бақылау іс-шараларын ұйымдастыру кезінде нормативтік-құқықтық құжаттарды қолданады. Сонымен қатар, ол кәсіби қызметте басқару шараларын жүзеге асыра алады, қаржылық ресурстарды тиімді жоспарлап, ұлттық және аймақтық деңгейде денсаулық сақтауды жоспарлау процесіне қатыса алады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау (санитарлық-эпидемиологиялық сараптама)

    Пән халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудегі мемлекеттік бақылау және қадағалау негіздеріне сараптама жүргізуге бағытталған. Заманауи әдістермен қоршаған орта объектілерінің санитарлық жағдайын бағалап, денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды анықтауды, нормативтік құжаттармен жұмыс жасауды меңгереді. Сонымен қатар, инновациялық технологияларды пайдалана отырып эпидемиологиялық қадағалау мен алдын алу шараларын ұйымдастыру дағдыларын меңгеріп, ұлттық және аймақтық деңгейде денсаулық сақтау бағдарламаларын жоспарлайды.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Денсаулық сақтау мекемесінің гигиенасы

    Пән медициналық ұйымдарда санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету негіздерін қарастырады. Білім алушылар ауруханалар мен басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің қоршаған орта факторларын бағалауды, эпидемиологиялық қауіптерді болжауды, алдын алу шараларын ұйымдастыруды үйренеді. Сонымен қатар, ғылыми және инновациялық әдістерді қолдану арқылы мекемелердің санитарлық жағдайын жақсарту жолдарын меңгеріп, денсаулық сақтау саласында тиімді басқару шешімдерін қабылдауға және медициналық мекемелердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау (Эпидемиология)

    Пән халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесінің маңызын зерттейді. Білім алушылар заманауи әдістерді қолдана отырып, денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды жүйелі түрде талдауды және қоршаған орта объектілерінің санитарлық жағдайын бағалауды үйренеді. Сонымен қатар, эпидемиологиялық қадағалау мен алдын алу шараларын ұйымдастыру үшін статистикалық және эпидемиологиялық әдістерді меңгеріп, денсаулық сақтау бағдарламаларына қатысып, денсаулық сақтау саясатын жоспарлау, эпидемиологиялық тәуекелдерді болжау және тиімді шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Модуль-Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын реттейтін-НҚА

    Модуль халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді зерттеуге бағытталған. Білім алушылар еңбек, тамақтану, балалар мен жасөспірімдер, коммуналдық гигиена және эпидемиология саласындағы заңнамалық талаптарды меңгеріп, қоршаған орта объектілерінің санитарлық жағдайын бағалау мен талдау дағдыларын игереді. Сонымен қатар, эпидемиологиялық қадағалау мен алдын алу шараларын ұйымдастыруда инновациялық технологиялар мен статистикалық әдістерді қолданып, денсаулық сақтау саласында кәсіби қарым-қатынас орнатуды үйренеді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 10

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
  • Өзінің кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын, тұрақты даму мақсаттарын ұстанады, сондай-ақ экономикалық, инклюзивті, экологиялық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды сақтайды.
  • Заманауи әдістерді қолдана отырып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін мәселелерді анықтау үшін әртүрлі факторларға жүйелі талдау жүргізіп, қоршаған орта объектілерінің санитарлық жағдайын бағалайды.
  • Инновациялық технологияларды пайдаланып, деректердің статистикалық және эпидемиологиялық әдістерін меңгеріп, эпидемиологиялық қадағалау мен алдын алу шараларын ұйымдастырады.
  • Денсаулық сақтау саласындағы тиімді коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қажетті ақпаратпен алмасып, әріптестерімен, кәсіби мамандармен этиканы қолдай отырып, қоғаммен жұмыс жүргізеді.
  • Эпидемиологиялық зерттеулерді қолдау мақсатында қоғамдастықпен әріптестік қатынастарды дамыта отырып, денсаулық сақтауды жоспарлау процестеріне, ұлттық, өңірлік, популяциялық деңгейлердегі қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларына қатысады.
  • Кәсіби қызметтегі шараларды басқаруда қызметтер мен жұмыс көлемін жоспарлап, қаржы ресурстарын жауапкершілікпен тиімді пайдаланады.
  • Денсаулық сақтау саласында еңбек ресурстарының дамуына ықпал ете отырып, төтенше жағдайға жауап беру кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының маңыздылығын қолдап, насихаттайды.
  • Санитарлық-эпидемиологиялық саясатты әзірлеп, болжамдар мен деректер негізінде тиімді шешімдер қабылдап, халықаралық тәжірибелерді енгізуде эпидемиологиялық тәуекелдерді болжау әдістерін қолданады.
Top