Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01517 Биология в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Оқыту нәтижелері

  • Биология саласында дидактикалық білімі мен түсінігі қалыптасқан, кәсіби қызметте биологиялық білім берудің заманауи құралдары мен әдістерін қолдана алады.
  • Эмпирикалық және теориялық әдістерді қолдана отырып ғылыми зерттеуді жүзеге асырады; зерттеуде тұжырымдамалық идеяларды жүзеге асырады; зерттеу деректерін өңдеудің заманауи әдістерін қолданады; ғылыми зерттеу нәтижелерін ресімдейді, алынған нәтижелердің нақтылығы мен шынайылығын бағалайды
  • Қазіргі заманғы ғылымда қолданатын органикалық әлемнің даму заңдылықтары мен эволюциялық биохимияның зерттеу әдістерін, олардың мүмкіндіктерін, теория мен практиканың байланысын біледі.
  • Молекулалық биология теориясын, зерттеу әдістерін, заңдылықтарын біледі және түсінеді, теориялық білімдерін кәсіби қызметтің білім беру саласында, зерттеу жұмысын жүргізуде қолдана алады.
  • Биология ғылымының қазіргі проблемаларын біледі, себеп-салдарын өз бетінше талдай алады; биология ғылымының қазіргі проблемаларын шешу жолдарын тұрақты даму идеясы негізінде бағалай алады. Тұрақты дамудың жаратылыстану-ғылыми негіздерін оқытуда жасанды интеллекттің заманауи әдістерін қолдана алады.
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуда жазбаша коммуникация дағдылары қалыптасқан; нақты ғылыми бағыттарды дамытудың жаңа идеяларын тұжырымдай алады.
Top