Инновациялық білім беру бағдарламасы

8D07210 Мұнай-газ индустриясындағы инновациялық технологиялары в Satbayev University

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Мұнай-газ индустриясы саласында күрделі инженерлік және ғылыми міндеттерді шешуге қабілетті, мұнай-газ секторында инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізуде терең білімі мен практикалық дағдылары бар жоғары білікті бейінді мамандарды даярлауды қамтамасыз ету. Бағдарлама дербес зерттеулер жүргізу, жаңа технологияларды құру және оларды саланың қазіргі заманғы талаптарына бейімдеу қабілетін дамытуға бағытталған. Бағдарлама халықаралық орнықты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес саланың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық аспектілерін ескеретін инновациялық және орнықты технологияларды енгізуге бағытталған.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D115 Мұнай инженериясы

Оқыту нәтижелері

  • Жаңа техникалар мен технологияларды қолдану, өндірістік процестерді және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру
  • Өндірістің конструкторлық дайындығын, салада инновациялық өнімдер/қызметтерді құрудың әдістері мен технологияларын әзірлеу, бақылау
  • Мұнай-газ индустриясының кешенді мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы білімді біріктіру
  • Мұнай-газ саласындағы күрделі инженерлік мәселелерді шешу үшін Математикалық модельдеудің, үлкен деректерді талдаудың және модельдеудің заманауи әдістерін қолдану
  • Мұнай-газ ғылымы мен техникасы саласындағы жаңа трендтер мен жетістіктерді қадағалай білу, оларды нақты жағдайлар мен талаптарға бейімдеу
Top