Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02111 Сән дизайны в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Сән дизайны - іргелі пәндік білімге қол жеткізуге және кәсіптік қызметтің жалпы интегралдық әдіснамасына, сондай-ақ болашақ мамандардың өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекетіне деген шығармашылық дағдылар мен қажеттіліктерге жетуге бағытталған болашақ мамандарды жобалау саласында дайындау; ол қазақстандық және халықаралық деңгейде талап етілетін сән индустриясы үшін кадрларды кәсіби даярлауға бағытталған, сондай-ақ брендтік компанияларда жұмыс істей алады немесе өздерінің киім желісін шығара алады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 5 года
  • Кредиттер көлемі 300
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B031 Сән, дизайн
  • Дайындық бағыты 6B021 Өнер

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару.
  • Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтай отырып, қызмет пен технологиялық қызмет өнімдерінің, ғылыми жаңалықтардың қоршаған ортаға әсерін ескереді.
  • Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді.
  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
  • Дизайндағы проекциялық сызбаның ерекшеліктерін білу; графикада қаріптерді, түстерді және стильді көрсету негіздерін білу; КҚБЖ стандарттарының талаптарын ескере отырып графикалық кескіндері мен қаріптерді құруды практикада жүзеге асыру, киімнің стильдік ерекшеліктерін ажырату.
  • Дизайнның теориялық аспектілерін, сән тенденцияларын, композиция негіздерін және костюмдегі композицияның заңдылықтарын білу; берілген композициялық мақсатты шешу үшін бейнелейтін нысанды талдау және синтездеу әдістерін қолдана білу; пішінқалыптастыру негізгі әдістерін меңгеру.
  • Перспектива,композиция заңдылықтары мен көркемдік құралдарды білу; әртүрлі сурет салу техникасында графикалық материалдармен жұмыс істеу дағдыларын көрсету; арнайы сурет пен сыршырай тұрғысынан үйлесімді түсті, адам анатомиясы туралы білімдер негізінде бейнелер жасау.
  • Костюмді трансформациялау мен стильдеудің негізгі принциптерін және шығармашылық іздеу әдістерін, костюмнің заманауи стильдік шешімдерін, имидж индустриясын дамытудың теориялық аспектілерін білу; дизайн қызметі саласында тиімді қарым-қатынас пен жеке қарым-қатынас қабілеттерін көрсету.
  • Материалдық мәдениеттің, өнер мен дизайнның дамуының тарихи аспектілерін, дизайн және әлемдік музей өнерінің пайда болуының алғы шарттарын білу; дизайн концепциясын жасау кезінде әртүрлі тарихи кезеңдердегі дизайн нысандарының, өнер заттарының және костюмының стильдік ерекшеліктерін авторлық тұжырымдамаларды жасау барысында шығармашылық синтезі үшін талдай білу.
  • Әр түрлі материалдардан көркем бұйымдар жасау үшін технологиялық циклды таңдай білу, оларды нарықта одан әрі ілгерілету, дизайн жобасына қойылатын талаптарды талдау және анықтау; дизайн жобасына қойылатын талаптардың егжей-тегжейлі сипаттамасын жасау; өнімді нарықта жарнамалау; жобалау идеясын әзірлеу.
  • Инклюзивті және әмбебап дизайн тұжырымдамасын, эргономиканың зерттеу пәні адам болып табылатын барлық ғылымдармен байланысын, эргономиканы қолдану салаларын, костюмді көркемдік жобалау саласындағы негізгі ұғымдарды, киім конструкциясының сызбаларын құрудың негізгі әдістерін; ЕСКД бойынша киімді жобалаудың негізгі кезеңдерін білу.
  • АЖЖ киіммен қамтамасыз етуде веб-дизайн және интернет-бағдарламалау негіздерін, құрылымдардың әртүрлі түрлерін білу; адам денесінің сыртқы пішіні мен өлшемдік сипаттамаларын зерттеу әдістерін қолдана білу; веб-сайттарды әзірлеу, графикалық модельдеуде объектілерді өңдеу; сәндік-қолданбалы өнер объектілерін жобалау және тігін бұйымдарын модельдеу тәсілдерін меңгеру.
  • Қазақ ұлттық костюмі, сырт киімдер ассортименті, коллекция және ансамбльдердің формақалыптастыру заңдылықтарын білу; авторлық дизайн-жобаларды әзірлеу және оларды визуалды түрде ұсыну принциптерін меңгеру; презентация үдерісін ұйымдастырудың арнайы әдістері мен түрлерін білу; көлемді пішіндерді құрастыру және оларды қолдану дағдыларына ие болу.
Top