Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M03103 Психология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өмірдің түрлі салаларындағы кәсіби міндеттерді шешу дағдыларын меңгерген, психологтің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік іс-әрекеттерін атқаруда дербестік танытуға қабілетті магистрлерді дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M066 Психология
-
Білім беру саласы 7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 7M031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Психологияда және білім беруде жасанды интеллект
Психология теориясы мен әдіснамасы
Шет тілі (кәсіби)
Билік психологиясы
Ғылым тарихы мен философиясы
Саяси психология
Психологиядағы сандық және сапалық әдістер
Тобыр психологиясы
Жоғары мектеп педагогикасы
Денсаулық психологиясы: теориясы, әдіснамасы және технологиясы
Психологиядағы ғылыми және сараптамалық зерттеулерді жоспарлау
SPSS бағдарламасы бойынша психологиялық зерттеулерді статистикалық өңдеу
Басқару психологиясы
Этникалық және кросс-мәдени психология
Жоғары мектеп психологиясы
-
2 Оқу жылы
Өмірдің қиын жағдайындағы тұлғаның диагностикасы мен коррекциясы
Жоғары білім берудегі психологияны оқыту әдістемесі
Қызметкерлермен жұмыс істеудегі тренингтік технологиялар
Көп профильді кеңес беру: тәжірибе және супервизия
Басқару саласындағы кеңес беру мен коучинг бойынша практикум
Дағдарыстық және төтенше жағдайлардағы психологиялық көмек
HR-қызметкерлерді басқару
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді, жоғары мектептен кейінгі білім беру процесін жоспарлау және ұйымдастырудың негізгі талаптарын және студентке бағытталған оқыту мен бағалау принциптерін, оқытылатын пәндердің мазмұнын талдау.
- Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативтік дағдыларды меңгеру.
- Тұлғалық дамудағы психикалық, физикалық денсаулық нормалары мен этникалық және мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік іс-әрекеттің бар әдістерін және әдістемелерін өзгерту, бейімдеу, сондай-ақ жаңа әдістер мен әдістемелерді құрастыру.
- Халықтың әр түрлі санаттарына психологиялық кеңес беру қызметтерін көрсетудің түрлі салаларында психологиялық кеңес берудің нақты тұжырымдамаларын, модельдерін, әдістерін және психотехникаларын қолдану.
- Кадрларды дамыту және бағалау, адам ресурстарын басқарумен байланысты мәселелер бойынша кәсіби іс-әрекет саласында психологиялық кеңес беруді жүргізу.
- Тұлғаның психологиялық жағдайларына, мінез-құлық ерекшеліктеріне психологиялық сараптама жасау және дағдарыс психологиясы бойынша қызмет көрсетуді іске асыру.
- Инновациялық оқыту әдістерін ескере отырып, білім беру саласындағы кәсіби іс-әрекетті жобалау, енгізу және бағалау.
- Ғылыми ақпаратты іздестіру, сыни талдау мен жалпылау, зерттеудің оңтайлы әдістерін таңдау қабілетіне ие болу.
- Ғылыми-зерттеу міндеттері мен кәсіби тәжірибелік міндеттерді олардың қолданылу шегін ескере отырып шешу және алынған нәтижелерді интерпретациялауға арналған математикалық модельдерді құру.