Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07201 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Типтік міндеттерді шешудің негізгі әдістерін табады, фармацевтикалық өнеркәсіптің технологиялық міндеттерін шешуде математикалық функциялар мен модельдерді қолданады, конструкциялық есептерде инженерлік графика білімдерін, кәсіпорындарға арналған фармацевтикалық жабдықтардың қазіргі заманғы құрылымдарын талдайды және қолданады.
  • Фармацевтикалық өнеркәсіптің әртүрлі жабдықтарын білудегі жоғары білімдерін көрсетеді, дайын дәрілік үлгілер мен галенді препараттар технологияларын талдайды және баяндайды, бейорганикалық және органикалық заттар құрылыстары мен қасиеттері туралы іргелі түсініктер көзқарастарды сипаттайды, байланыстырады және талдайды.
  • Дәрілік заттарды жасау мен пайдаланудың практикалық міндеттерін шешуде химиялық кинетика мен термодинамика заңдарын қолданады, дәрілік заттардың сапалық және сандық құрамы мен құрылымдарын анықтау үшін талдаудың аспаптық әдістерінің заманауи кешенін қолданады.
  • Дәрілік препараттар ретінде қолданылатын әртүрлі дисперсті, полимерлі және нанооматериалдарды жіктейді және сипаттайды, дәрілік препараттарды синтездеуде субстанциялар ретінде қолданылатынорганикалық заттардың биологиялық белсенді қасиеттерін болжайды, дәрілік заттар сапасының GMP негізгі халықаралық стандарттарын талдайды және қолданады.
  • Фармацевтикалық кәсіпорындағы қажетті жағдайларды ұйымдастыру және жалпы санитарияның стандарттарын көрсетеді және сипаттайды. Дәріхана ісінің экономикасы мен бақылауын модернизациялауда шешімдер ұсынады, зерттелетін саладағы алдыңғы қатарлы білімге негізделген білім мен түсініктерді көрсетеді.
  • Дәрілік препараттардың маркетингті жағдайларын талдайды және өндірісті басқарады, медициналық бұйымдар мен фармацевтикалық тауарлар менеджментінің негізгі әдістерін қолданады, әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
  • Табиғи дәрілік заттарды бөліп алудың және тазартудың заманауи технологияларын қолданады ,синтетикалық дәрілік заттарды алу, бөліп алу және тазартудың негізгі технологиялық әдістерін құрады және сипаттайды, жаңа дәрілік үлгілерді өңдеуде фармацевтикалық технологияның әртүрлі әдістерін іске асырады, оқытылатын саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады.
  • Өнеркәсіптік жағдайларда дәрілік препараттарды құрудың тәжірибелік міндеттерін іске асырады, белгілі және жаңа дәрілік препараттарды синтездеудегі заманауи көзқарастарды талдайды және қолданады, фармацевтикалық өнімдерді реттемелеуші құжаттарды зерттейді.
  • Өнеркәсіптік жағдайларда дәрілік препараттарды құрудағы фармацевтикалық технологияның әртүрлі әдістерін қолданады, орысша және латынша атаулары қатар қолданылатын дәрілік құралдар үшін фармацевтикалық терминологияны пайдаланады.
  • Фармацевтикалық өндірістің технологиялық процестерінде қолданылатын компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, жаңа дәрілік препараттарды үлгілеуді ұсынады және жүзеге асырады, оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдылары бар.
  • Табиғи шикізаттар негізіндегі препараттарды құру және қолдану саласындағы міндеттерді шешеді, ағзадағы биохимиялық үрдістерді, дәрілік препараттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын талқылайды.
  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін қолданбалы экономикалық, заңгерлік, жаратылыстану-ғылыми пәндер туралы өзекті білімді көрсетеді; жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласында тараптардың құқықтық мүдделері туралы білімді пайдаланады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайларды талдайды. Инклюзияның қағидалары мен құндылықтарын зиянды және қауіпті факторлардың адамға және табиғи ортаға әсерін түсінеді. Бюджетті, кірістер мен шығыстарды жоспарлау үшін заманауи қаржылық технологияларды қолданады.
Top