Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04127 Қаржы в Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Пәндер

  • Ғылыми зерттеу әдіснамасы

    Пән теориялық зерттеу әдістерін зерделеуді, ғылыми зерттеулердегі мәселелерді модельдеуді көздейді және ғылыми зерттеудің дұрыс бағытын таңдауға көмектеседі, сонымен қатар білім алушылардың ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау және өңдеу, жүргізу және эксперименттік зерттеу нәтижелерін ресімдеу секілді тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (Кәсіби)

    Пән білім алушылардың негізгі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық құбылыстар мен зерттелетін шет тілінің қызмет ету заңдылықтары, оның функционалдық сорттары туралы білімді қамтитын тілдік білімдер жүйесіне ие болуын болжайды; қазіргі коммуникативті контексттің ерекшеліктеріне (уақыты, орны, мақсаттары және өзара әрекеттесу шарттары) қатысты мәлімдеменің коммуникативтік мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі дискурсивті тәсілдерін меңгеру; сөйлем бөліктері арасындағы мағыналық, коммуникативті және құрылымдық сабақтастықты мәтіннің композициялық элементтері (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), суперфразалық бірліктер, сөйлемдер арқылы білдірудің негізгі тәсілдерін меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Банк қызметіндегі инновациялық технологиялар

    Пән банк секторындағы инновациялық технологиялардың қолданыстағы сыныптамалары мен түрлерін зерделеуді; білім алушыларда практикалық дағдыларды қалыптастыруды, қазақстандық банктер мысалында банк қызметіне инновациялық технологияларды енгізудің қолданыстағы практикасын талдауды, несиелік ұйымдардағы инновациялық технологияларды жетілдіру жолдарын айқындауды, ҚР банк секторында инновациялық технологияларды дамыту перспективаларын айқындауды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стратегиялық маркетинг

    Пән білім алушыларда стратегиялық пәнді қалыптастыруды көздейді, сондай-ақ қазіргі заманғы маркетингтік басқару мәселелерін шешуге арналған ойлар және стратегиялық маркетингтің құралы ретіндегі рөлін түсіну, өндірістің болжау, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің (кәсіпорындар, салалар, аймақ) бәсекеге қабілеттілік параметрлерін зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Маркетингтік коммуникация

    Бұл пән фирмалар мен компаниялардың коммуникациялық қызметінің практикасынан, маркетингтік коммуникация құралдарынан, стратегиялар мен технологиялардан өзекті мәселелерді зерделеуді, білім алушылардың жарнамалық және PR - акциялар мен науқандарды ұйымдастырудың, тауарлар мен қызметтерді ілгерілетуге бағытталған өткізуді, жеке сатуды ынталандырудың практикалық дағдыларын меңгеруін көздейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Менеджмент және басқару психологиясы

    ілім алушыларда басқару қызметінің психологиялық аспектілеріне, ұйымдардағы тұлғааралық өзара іс-қимылға, мотивацияға, көшбасшылыққа және басқару шешімдерін қабылдауға баса назар аудара отырып, басқару теориясы мен практикасы саласында кешенді білім мен дағдыларды қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қаржы секторындағы киберқауіпсіздік

    Пән қаржы секторында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету ерекшеліктерін зерделеуге, сондай-ақ киберқауіптерді анықтау, алдын алу және талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ банктердің, сақтандыру және өзге де қаржы ұйымдарының қызметінде ақпаратты қорғауға және цифрлық қатерлерге қарсы іс-қимылға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Коммерциялық банктегі жобалық қызмет

    Бұл пән білім алушыларда банк ісіндегі жобалаудың теориялық негіздері туралы нақты түсінік қалыптастыруды көздейді, сондай-ақ коммерциялық банктегі жобалық қызметтің экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін зерделеуге, банк саласында жұмыс істеу үшін практикалық дағдыларды игеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салықтық менеджмент

    Бұл пән білім алушыларға салықтық жоспарлау саласында теориялық білім алуға мүмкіндік береді, мекемелер мен қаржы институттарында салықтық жоспарлау әдістерін қолдану, салықтық үнемдеуді есептеу, сонымен қатар жүйелік және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту шеберліктері мен дағдыларын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

    Пән білім алушылар мен болашақ мамандардың ғылыми деректерді өз бетінше жинау, зерттеулерді жоспарлау, ғылыми-техникалық ақпаратты зерделеу, талдау және жалпылау, сондай-ақ кәсіптік қызметте техникалық құжаттамаларды әзірлеу және пайдалану үшін базалық білімі мен дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қаржылық менеджмент (ілгерінді курс)

    Бұл курс білім алушылардың қаржылық менеджмент саласындағы іргелі білімдерін игеруді, қазіргі заманғы қаржылық менеджменттің негізгі категориялары мен принциптерін, ұзақ мерзімді инвестициялау және қаржыландыру әдістерін, қаржылық жоспарлау әдістерін, қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдерді, банкроттық мәселелерін зерделеуді, басқарушылық қаржылық шешімдерді негіздеуге және оларды компания деңгейінде іске асыруға мүмкіндік беретін заманауи экономикалық ойлауды қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми тәжірибе негіздері

    Пән ғылыми эксперименттер саласында теориялық және практикалық білім алуға және бекітуге; кәсіби салада эксперименттік зерттеулердің алынған нәтижелерін жоспарлау, өңдеу және ұсыну дағдыларын игеруге бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қаржылық тұрақтылық және жүйелік тәуекелдер

    Пән қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің теориялық және қолданбалы аспектілерін зерделеуге, банк және қаржы жүйесіндегі жүйелік тәуекелдерді талдауға, сондай-ақ білім алушыларда қаржы секторының тұрақтылығына төнетін қатерлерді бағалау дағдыларын қалыптастыруға және олардың алдын алу және жеңілдету жөніндегі шараларды әзірлеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Тайм-менеджмент

    Бұл курс білім алушылардың тайм-менеджменттің табиғаты мен түрлері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыруды, неғұрлым табысты кәсіби қызмет үшін тайм-менеджменттің принциптері мен әдістерін, өз уақытын басқара білуді, өз уақытын басқару қабілетіне, өмір бойы білім беру принциптеріне негізделген өзін-өзі дамыту траекториясын құруды және жүзеге асыруды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стратегиялық инвестициялық менеджмент

    Пән білім алушылардың стратегиялық инвестициялық менеджменттің экономикалық мазмұнының негізгі ережелерін игеруіне және олардың кәсіпорындардағы стратегиялық, инновациялық-инвестициялық процестердің проблемаларын қозғайтын мәселелерді шешуде практикалық дағдыларды игеруіне бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • ғылыми зерттеулер мен ғылыми эксперименттерді ұйымдастыру және жоспарлау үшін шет тілі саласында білімі мен дағдыларына ие болу, пайымдау, идеяларды бағалау және қорытындыларды тұжырымдау қабілетіне ие болу, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті дағдыларға ие болу, қажетті материалды дұрыс ұсына білу, ақпаратты талдай және жүйелей білу
  • менеджмент және басқару психологиясы саласында іргелі білім мен дағдыларды қолдану, алған білімдерін практикада барабар қолдана білу; жеке тесттермен және әдістемелермен жұмыс істеу; тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерделеу, теориялық білімді өз бетінше шығармашылық пайдалану және практикалық қызметте өндіріс пен қызметтерді басқару дағдыларына ие болу
  • үнемі өзгеріп отыратын экономикалық конъюнктура жағдайында банк-салық саласында практикалық жұмыс істеу дағдыларына ие болу, ҚР заңнамасы саласында құзыретті болу
  • қаржылық менеджмент, зерттеудің қаржылық әдістері саласында жаңа білім алу; ақпаратты алудың, сақтаудың және өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын меңгеру; зерттеу нәтижелерін талдау үшін нормативтік құжаттарды пайдаланудың негізгі принциптерін меңгеру
  • банктік қызметтер нарығын кешенді зерделеу негізінде банктік инновациялар, стратегиялық банктік маркетинг саласында ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу, клиенттерге электрондық есеп айырысу жүйелерін қолдануға байланысты жетілдірілген банктік қызметтерді ұсынудың практикалық дағдыларын меңгеру
  • банк секторының ерекшелігін ескере отырып, жобалық шешімдерді әзірлеу, әртүрлі күрделі банктік жобаларды басқару дағдыларына ие болу қабілеттерін көрсету
  • қаржылық тұрақтылықты басқару, қаржы институттары мен корпорациясының қызметін қадағалау, сондай-ақ қаржы институттарындағы стратегиялық инвестициялық менеджмент саласындағы құзыреттілікті көрсету, мониторингтің заманауи әдістерін қолдана білу
  • қаржы секторында киберқауіпсіздік саласындағы құзыреттілікті көрсету, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері мен тәуекелдерін білу, қаржы сервистерін киберқауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу дағдыларына ие болу
  • әртүрлі мақсатты аудиториялар үшін коммуникациялық стратегияларды әзірлей және іске асыра білу, компанияның нарықтағы оң имиджін қалыптастыруға және ілгерілетуге қабілетті болу
  • әлеуметтік-экономикалық процесте компьютерлік техниканы, бағдарламалық өнімдерді, технологияларды, коммуникация құралдарын еркін меңгеру, әртүрлі ақпараттық ресурстар мен мультимедиялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын жұмыс істей және пайдалана білу
  • қаржы институттарының, корпорациялар мен банктердің қаржылық қызметін бағалау және талдау, цифрландыру жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметіне қаржылық талдау жүргізу қабілетіне ие болу
  • ұйымдарда салықтық реттеу, декларациялау, салықтық менеджмент, салықтық есеп саласында кәсіби білім дағдыларына ие болу
Top