Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04122 Есеп және аудит в Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М04122 "Есеп және аудит" БББ мақсаты- бухгалтерлік есеп, аудит және талдау саласында кәсіби құзыреттілігі бар, практикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ ерекше жалпы мәдени, кәсіби құзыреттерді қалыптастыру арқылы кез келген ұйымдық құрылымдар мен меншік нысандарының кәсіпорындарында есепке алу-талдау және бақылау процестерін ұйымдастыруға қабілетті магистрлерді даярлау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1,5 года
  • Кредиттер көлемі 93
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M073 Аудит және салық салу
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеулер мен ғылыми эксперименттерді ұйымдастыру және жоспарлау саласында білімі мен дағдыларына ие болу, пайымдау, идеяларды бағалау және қорытындыларды тұжырымдау қабілетіне, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті дағдыларға ие болу; шет тілін кәсіби деңгейде білу.
  • Менеджмент және басқару психологиясы саласында іргелі білім мен дағдыларды қолдану, алған білімдерін практикада барабар қолдана білу; тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерделеуді жүргізу, қаржылық және басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпарат қажеттіліктерін қоса алғанда, ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін бухгалтерлік және қаржылық есептіліктің мазмұнын, тұжырымдамасын және маңыздылығын білу және түсіну.
  • Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының ережелеріне сәйкес есеп саясатын әзірлей білу және кәсіби пікір білдіре білу, салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін білу; сауда ұйымдарында, мұнай-газ секторында бухгалтерлік есептілікті жасаудың практикалық дағдыларына ие болу.
  • Бухгалтерлік есеп саласында терең теориялық білімге ие болу, бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыра білу, бастапқы есепке алу құжаттарын ресімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының қозғалысына, шетел валютасымен операцияларға, ұйымдармен, бюджетпен, жеке тұлғалармен есеп айырысуларға байланысты операцияларды көрсету.
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін қажетті бастапқы деректерді жинауға және талдауға қабілетті болу; бақылау, коммерциялық қызметті ұйымдастыру мәселелерінде теориялық және практикалық дағдыларға ие болу; дағдарысты басқарудың заманауи әдістерін меңгеру, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік, статистикалық, салықтық есептілігін белгіленген мерзімде жасай білу.
  • Сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру және есепке алу саласында теориялық және практикалық дағдыларға ие болу, тәуекелдер, валюталық бақылау және салық салу тұрғысынан сыртқы экономикалық мәмілелерді талдай білу.
  • Салық салу, салықтық есеп, басқарушылық консалтинг және аутсорсинг саласында терең білім мен дағдыларды қолдану; салықтық менеджмент және аудит саласындағы басқарудың іргелі білімдері мен қазіргі заманғы әдістерін көрсету; Қазақстанның салық жүйесін бағалай және талдай білу, аудитті жоспарлау және жүргізу кезінде фирмаішілік стандарттарды қолдана білу
  • Басқарушылық есепті бухгалтерлік және салықтық есептен, сондай-ақ оны шағын бизнесте қолдану ерекшеліктерінен ажырата білу, әртүрлі әдістерді (тапсырыс бойынша, процесстік, нормативтік) ескере отырып, өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын есептеудің практикалық дағдыларына ие болу; қаржылық есептілік стандарттарын, ҚЕХС және ХАА-ны үйлестіруді білу
  • ҚЕХС сәйкес қаржылық есепті құрудың тұжырымдамалық негіздері мен принциптерін білу, қаржылық жағдай, қызмет нәтижелері, ақша қаражаттарының қозғалысы және капиталдың өзгеруі туралы есеп беру дағдыларын меңгеру
  • Аудит саласындағы терең білімді қолдану: шоғырландырылған есептілік аудитінің, ҚЕХС бойынша есептіліктің, сондай-ақ нақты салалардағы аудиттің (қаржы мекемелері, мемлекеттік сектор және т.б.) ерекшеліктерін білу; тексеру нәтижелері бойынша клиентке аудиторлық қорытынды, жұмыс құжаттары мен ұсынымдар дайындай білу.
Top