6B03212 Конвергенттік журналистика в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында теориялық, практикалық дағдылары бар, кәсіби жоғары білікті, заманауи –инновациялық үдерістерді толыққанды меңгерген. Сандық журналистикадағы соңғы жетілдірілген өнімдермен еркін жұмыс істеу алатын, жаңа форматты журналистикада телерадио, баспа журналистикасының барлық жаңалықтарын толық игерген кәсіби маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B042 Журналистика және репортер ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызметтері
Бұқаралық ақпарат құралдарының типологиясы мен жанрлары туралы теориялық алған білімдерін практикада қолданып, негізгі ақпараттық, аналитикалық, көркем-публицистикалық жанрларды кеңіннен пайдалана отырып, журналистиканың әртүрлі саласы бойынша баспасөзге, теледидарға, интернетке сауатты, сапалы мәтін жазу қабілетін дамыту
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ журналистикасының тарихы
Қазақ баспасөзінің қалыптасу, даму тарихы жөнінен білімін қалыптастыру. Қазақ журналистикасының негізін қалаған зиялы қауым өкілдерінің өмірімен және ақпарат құралын даярлаудағы шығармашылық жолымен таныстыру. Қазақ даласында жарық көрген «Түркістан уалаяты газеті», «Дала уалаяты газеті», «Айқап» сынды басылымдардың шығу тарихы мен даму ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистика және инклюзивті орта
Студенттерді мамандық негіздерімен, қазақ журналистикасының тарихы мен даму ерекшеліктерімен, салалар мен жанрлық топтамалармен кең көлемде таныстыру. Журналистика мамандығының негізгі принциптері мен функциялары, нормативтік ережелері мен қызметі, журналистің құқығы мен ақпарат құралдары жүйесін қалыптастыру тәрізді мамандықтың сан-салалы қызмет түрінен, ақпараттың физикалық ерекшеліктері бар адамдарға, сонымен қатар әр түрлі әлеуметтік топтарға қолжетімдігі мен құқығы туралы мағлұмат беру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ақпараттық журналистика практикумы
Заметка жазу, сұхбат алу, репортаж дайындау, сауалнама жүргізу қабілетін дамыту. Журналистикадағы жанрлар мен оның ерекшеліктері,ақпараттық жанрлардың түрлері,заметка жазудың, сұхбат алудың талаптары,ақпаратқа шолу жасау жолдары туралы білімін қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистер үшін қазақ/орыс тілі
Қазақ және орыс тілдерінің тарихы мен дамуы бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру. Ақпарат алудың және жинаудың әдіс-тәсілдерін, тілдік, стильдік сауаттылық ережелерін, тілдік нормативтерді, аударма түрлері мен оған қойылатын талаптарды үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Емле және пунктуация
Аударма мәтіндерін редакциялау дағдыларын шыңдау. Мәтіндерді редакциялау теориясы мен практикасы туралы білімін қалыптастыру. Әлеуметтік коммуникация процесінде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени қызметтің нақты бағытын, журналистикада мәтінді түзету жұмыстарын, даярланған материалдарды стилистикалық, орфографиялық, пунктуациялық тұрғыдан түзетудің нормалары мен қағидаларын меңгерту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Журналистің медиа құқығы мен әдебі
Журналист қызметінің құқықтық негіздері, журналистің міндеттері, ақпаратты алу және тарату бостандығы, БАҚ қызметінің негізгі қағидаттары, мемлекеттік реттеу, мемлекеттік бақылау, БАҚ-ты құру құқығы, меншік иесі, есепке қою шарты, авторлық құқық, аккредиттеу туралы білімдерін қалыптастыру. Журналистикадағы адамгершілік ұғымы мен этиканың негізгі қағидаларының мәнін түсіндіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Интернет-журналистика және жаңа медиа
Интернет журналистикасына қатысты мәселелер бойынша практикалық дағдыларды дарыту. Веб журналистің шығармашылық қызметініңнегіздерін меңгеру. Студент-журналистердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.Студенттер арасында интернеттен ақпаратты өз бетінше іздеуді ұйымдастыру бойынша шешім қабылдауға қажетті білім жүйесін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Журналистикада контент құру
Веб-журналистиканың негізгі ұғымдары, оның әлеуметтік институт, қызмет тегі ретіндегі қалыптасуы, журналистиканың қоғамдық мәртебесі мен біліктілік дәрежесі, жариялылық және сөз бостандығы мәселелері, бұқаралық авқпарат құралдары жүйесі, веб-журналистиканың қызмет тәжірибесі мен тиімділігі, контент құру ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стилистика және редакциялау
БАҚ-тың стилистикалық аспектілері, тілдің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және фоностилистикалық ерекшеліктері; стильдік нормалар; жарнама тілі мен стилі, қазіргі баспасөз тіліндегі кемшіліктер, қателермен жұмыс, журналистік мәтінге редакторлық баға беру және талдау; медиамәтіндерді редакциялаудың принциптері, тәртібі мен тәсілдері; түрлі типтегі, жанрдағы және бағыттағы журналистік мәтіндерді редакциялау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистиканың ақпараттық қызметі
Веб сайттардың түрлері, жобалау кезеңдері мен бағдарламалық жабдықты таңдау ерекшеліктері, веб сайттың дизайнына қойылатын талаптар мен техникалық сипаттамалар туралы білімдерін қалыптастыру. Сайттың сұлбасы мен деректер базасын құру қабілетін дамыту. Журналистиканың ақпараттық функциясы туралы білімін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Батыс және Шығыс әдебиетінің тарихы
Әлем әдебиетіндегі атақты ақын-жазушылардың шығармаларын талдау қабілетін шыңдау. «Классикалық шығарма» түсінігінің мәнін ашу.Әлем әдебиетінің қалыптасу кезеңдері мен даму тенденциялары,негізгі ұғымдары мен терминологиясы, атақты шығармалары мен аудармалары туралы білімін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жаңа медианың тілі мен стилі
Журналистикадағы тілдік, стилдік шеберлік,тілдік қолданыстың лексикамен, грамматикамен, фонетикамен байланысы,тілдік құрылыстың қызметі, стилистикалық жан-жақтылығы, тілдік, стильдік құралдардың қолданылу жолдары, жаңа медианың тілі мен стилінің нормалары мен ерекшелігітуралы білімдерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстандық жаңалықтар сайттары
Газетке, телеарнаға және интернетке ақпараттар жазуды, Қазақстандық ақпараттық агенттіктердегі, ақпараттық порталдардағы, сайттардағы жаңалықтарды өңдеуді, әлеуметтік желілердегі ақпараттарды талдау туралы білімдерін қалыптастырады.Болашақ журналистерді жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз ісінің маманы ретінде қалыптастырады. Журналистиканың категориялары мен түрлерін үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстандық медиа сайттары
Медиа сайттардың ерекшеліктері туралы базалық білім беру. Студенттердің сайт жұмысын ұйымдастыру принциптері мен қазақстандық медиа сайт ерекшеліктері туралы жүйелі түсініктерін қалыптастыру.Студенттерді сайт жасақтауға арналған компьютерлік бағдарламалармен таныстыру.Сайтқа метериал дайындау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект: принциптері мен қолданылуы
ЖИ бойынша теориялық білім мен құралдарды қолданудағы құзыреттіліктерді дамыту, заманауи интеллектуалды жүйелерді тұтас түсінуді қалыптастыру; ЖИ-дағы білімді көрсетудің негізгі ұғымдарын, бағыттарын және модельдерін зерттеу, мамандандырылған құралдар арқылы профильдік жүйелерді жобалауға үйрету. ЖИ негіздерін, білімді көрсету модельдерін меңгеру. ЖИ әдістерін негізгі интеллектуалды жүйелерде қолдану дағдысы. ЖИ-технологияларды енгізудің әлеуметтік салдары қабілетін талдай білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Телевизиядағы интервью технологиясы
Телевизиялық сұхбаттың ерекшеліктері. Телевизиялық сұхбаттың мазмұны мен формасы. Теледидарлық сұхбатты дайындау кезеңдері. Теледидарда сұхбат құру технологиясы. Телевизиялық сұхбаттың негізгі түрлері. Сұхбат портреті. Талқылауға арналған сұхбат. Портреттік сұхбат. Теледидар сұхбатына сұрақтар дайындау. Теледидардағы сұхбаттағы қосымша және паралингвистикалық құралдар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тележурналистің шығармашылық шеберханасы
Телерадиожурналистика жанрлары, тележурналистің шығармашылығы, тележобалар мен сценарийлер, журналист шеберлігі, телеарна талаптары мен ережелері, тележурналистиканың салалары туралы білімдерін қалыптастыру.Заманауи телеарналардың жұмысы, тележурналист пен қоғамның байланысы, телеарнадағы көрсетілімдердің сапасына қойылатын талаптар, отандық телехабарлар мен олардың бағыты туралы білім беру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері, Қаржылық сауаттылық
Пәннің мақсаты – студенттерді экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптері мен заңдылықтарымен таныстыру, нарықтық экономикада тиімді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру; құқықтық жүйе мен заңнаманың негіздерін үйрету, сондай-ақ коррупцияға қарсы күрес шаралары мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы әділ қоғам құруға бағытталған сана мен дағдыларды дамыту; қаржылық білімін жетілдіру, жеке қаржыны тиімді басқаруға қажетті дағдыларды қалыптастыру, қаржы өнімдері мен инвестицияларды дұрыс таңдауға қабілеттілігін дамытуға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Блогтық журналистика
Блогосфераның мәнін, блог журналистикасының бағытын ашып, студенттерге блогер журналистінің қарапайым жазу дағдыларын үйрету. Блоггерліктің даму тенденциялары мен жазу ерекшеліктері, қолданылу аясы мен оқырман аудиториясы, блогосфера туралы білімдерін қалыптастыру. Блог жазу қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аймақтық журналистика
Өңірдегі мерзімді басылымдар мен телеарналар,облыстық телевидениеге, газеттерге еңбегі сіңген байырғы және қазіргі журналистердің, редакторлардың еңбектері,аймақтық журналистиканың тарихы, қалыптасу, даму жолдары туралы білімдерін қалыптастыру.Кеңес дәуіріндегі аймақтық журналистиканың негізгі даму бағыттары, типологиясы туралы түсінік қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиасауаттылық
Медиасауаттылық негіздері, медианың жұмыс істеу принциптері, ақпарат көздерін талдау әдістері, фейк жаңалықтарды анықтау жолдары және манипуляциядан қорғану тәсілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен ықпалы, ақпараттық гигиена, цифрлық медиадағы дербес қауіпсіздік, пропаганда және фактчекинг мәселелері, сыни ойлау дағдыларын дамыту, медиа контентті талдау және ақпаратты саналы қабылдау әдістері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ақпараттық ағынды сүзгіден өткізеді, объективті және сенімді ақпаратты ажыратады, медианың ықпалын түсініп, саналы медиақолданушы болу дағдыларын көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетінің тарихы
Қазақ әдебиетінің бағыттары мен жанрлары,прозаның ерекшеліктері, поэзияның талаптары және драматургияның даму тенденциялары туралы түсінік қалыптастыру.Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінде навигация мен өнер туындыларына әдеби талдау жасау қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телерадиожурналистика бойынша практикум
Трансмиссиялық акустика, аралық шумақ, музыка, рэп-дөңгелек, шулар, студия жазбасы, дыбыстық қабаттасу, кескін масштабы, композициясы, бейнені монтаждау, бейнеөнімнің драмасы, сценарий, дауыс беру, мәтін құрамы мен кадр,бейне үшін мәтінмен, дыбыспен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларды меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Телерадиожурналистика
Болашақ маманға кәсіби білім мен дағды беру, оның телерадиожурналистика саласында шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тележурналистика тарихы, телерадио журналистика жанрлары,бейнеөнімнің драмасы, интерактивті теледидар, радионың терминологиясы, ақпараттық және компьютерлік-сандық технологиялар, теледидар мен радиодағы конвергенция туралы білімдерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
"Толық адам" ілімі
Пәннің мақсаты - Абайдың «Толық адам» ілімі ауқымында түркі руханиятындағы ізгілік ілімдерінің алғышарттарымен, тарихи негізді жүйесімен, туындау, даму тенденцияларымен таныстыру; Ұлттық модельдегі құндылықтық нормалар мен олардың насихатталу жайын дәйектеп, саралау; «Толық адам» ілімінің тұлғалық, қоғамдық дамудағы рөлін түсіндіру; «Толық адам» ілімі жүйесін қамтитын ғылыми категориялардың барысымен таныстыру; Аталған ілімнің рухани-интеллектуалдық бағыттағы концептуалдық рөлін нақтылы талдаулар мен теориялық дереккөздер желісінде айқындау; Абайдың рухани-шығармашылық мұрасындағы «Толық адам» ілімінің поэтикалық желісін талдаудың әдістерін, технологияларын үйрету. «Толық адам» ілімінің - қоғамды ізгілендіру бағытындағы ренессанстық сипатын ұғындыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Газеттік және журналдық іс практикумы
Студенттерге мерзімді басылымның редакциясының құрылымы, оның газет (журнал) жұмысын ұйымдастырудағы және шығарудағы, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлі туралы түсінік беру, бөлім журналистерінің қандай міндеттер шешетінін көрсету. Бұл пәнді оқыған студент журналистиканың техникалық жағын, оқырмандармен жазылушыларға арналған редакциялық жұмысты жақсы білуі керек.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Журналистік шеберлік практикумы
Студенттердің шығармашылық қабілетін ұштау. Журналистік шеберліктіңқыр-сыры, ақпаратты жедел және толық алудың алғышарттары, ақпарат жинаудың әдіс-тәсілдері, тілдік, стильлік тұрғыдан сауаттылық ережелері, сұқбат дайындау туралы түсінік қалыптастыру. Студенттерді әртүрлі жанрдағы мақалаларды қатесіз, сауатты жазуға дайындау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Халықаралық журналистика және геосаясат
Халықаралық журналистиканың негізгі қағидалары мен геосаяси процестердің ақпараттық кеңістікке әсері, жаһандық медиа жүйесінің құрылымы, халықаралық жаңалықтарды тарату механизмдері, ақпараттық соғыстар мен медиа дипломатияның рөлі, әлемдік саясаттағы жетекші державалардың медиасаясаты, халықаралық конфликстерді жариялау ерекшеліктері, ақпараттық манипуляциялар және БАҚ-тың қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі, жаһандық журналистикадағы этика мәселелері, шетелдік корреспонденттердің қызметі және халықаралық медиа ұйымдарының жұмысы. Курсты игеру нәтижесінде студенттер халықаралық оқиғаларды сараптайды, медиадағы геосаяси трендтерді талдайды және жаһандық ақпараттық кеңістікте кәсіби қызмет атқару дағдыларын көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
Журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері.Журналистке тән ақпараттық қауіпсіздіктер. Журналистің қауіпсіздік ережелерін ұстану нормалары. Кәсіби этикалардың нормалары.Журналистік ережелердің қалыптасуы. Ақпараттық қауіпсіздіктің ерекшеліктері. Журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар. Ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және тұрақты даму
Пәннің мақсаты-тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен, қазіргі экологиялық проблемалармен және тұрақты дамуға қол жеткізу тұжырымдамаларымен таныстыру. Жалпы экология қағидаттары мен адамзаттың даму қағидаттары бар экожүйелердің даму заңдылықтары, ғылыми-техникалық прогресс, ҚР Экологиялық қауіпсіздігінің негізгі мәселелері зерделенетін болады. Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы негізгі ұғымдар мен ұғымдарды пайдалану бойынша білім мен дағдыларды меңгеретін болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Журналистік шеберлік
Журналистің шеберлігін шыңдауға қатысты практикалық дағдыларды шыңдау. Журналистік шеберлік қырларымен, ақпаратты жедел әрі толық алу меноны жинаудың әдістерімен және тәсілдерімен таныстыру. Тілдік, стильдік сауаттылық ережелерін, журналистік зерттеу жүргізудің алғышарттарын, шеберлік шыңдаудың теориялық аспектілерін оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мобилография және фотожурналистика негіздері
Заманауи мобилография мен фотожурналистиканың негізгі қағидалары, әдістері және технологиялары, мобильді құрылғылар мен кәсіби фототехника арқылы визуалды ақпарат жасаудың техникалық және шығармашылық аспектілері, жарық пен композицияның маңыздылығы, репортаждық және деректі фотосуреттердің ерекшеліктері, мобильді қосымшалар арқылы фотосуреттер мен видеоны өңдеу әдістері, фотожурналистикадағы этика, визуалды сторителлинг принциптері және жаңалықтар фотосын түсіру мен жариялау мәселелері қарастырылады. Оқыту нәтижесінде студенттер сапалы фото- және видеоконтент жасайды, мобильді құрылғылардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, ақпаратты визуалды түрде ұсынудың кәсіби тәсілдерін қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Пәннің мақсаты – ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, ғылыми жұмысқа қажетті дағдыларды дайындау және дамыту. Оқытылады: жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, зерттеу әдістемесі, деректермен және бастапқы дереккөздермен жұмыс, зерттеу жұмысын коммерцияландырудың мақсаттары мен міндеттері, материалды баяндаудың ғылыми стилін меңгеру. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда практикалық дағдыларды меңгереді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тіл және мәдениетаралық қарым-қатынас
Тілдік қатынастың ерекшеліктері, басқа ғылымдармен байланысы, мәдениетаралық қарым-қатынастың әлемдік тәжірибедегі зерттелуі, коммуникация термині, қазіргі мәдениетаралық коммуникация мәселелерінің өзектілігі, тілдік қатынастың сипаттамалары, сөйлесім, тілдесім, айтылым, тыңдалым туралы білімдерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сараптамалық журналистикасы
Студенттің аналитикалық мақала жазу, қазақстандық БАҚ-та жарияланған аналитикалық материалдарға талдау жасау шеберлігін ұштау. Сараптамалық журналистиканың ерекшеліктері, сараптамалық бағдарламаларды дайындауға қойылатын талаптар, зерттеу материалдарының дайындалу нормалары, әртүрлі әлеуметтік желілер үшін зерттеу жасау ерекшелігі туралы білім беру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
SMM - журналистика
ВКонтакте мен Фейсбукте топтарды басқару және насихаттауқабілетін дамыту. Әлеуметтік желілерде топтар құру және қолдау, мазмұнды, хабарламаларды, фотосуреттер мен бейнелерді дайындау, белсенді топтар құру, топтар мен пабликтерді насихаттау жұмыстарын жүргізудің праактикалық дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Этножурналистика және ұлттық идеология
Этножурналистиканың теориялық және практикалық негіздері, оның ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі, этникалық БАҚ-тың ерекшеліктері, ұлттық бірегейлікті насихаттаудағы журналистиканың ықпалы, мәдени әртүрлілік пен қоғамдық келісім тақырыптары, ұлттық және аймақтық БАҚ-тағы этножурналистика тәжірибесі, тілдік саясаттың ақпараттық кеңістікке әсері, сондай-ақ заманауи медиадағы ұлттық идеологияны қалыптастыру стратегиялары, этносаралық коммуникация, тарихи жадыны сақтау, ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселелері қамтылады. Нәтижесінде студенттер этножурналистиканың құралдары мен тәсілдерін тиімді қолданады, ұлттық идеологияны ақпараттық кеңістікте ілгерілету жолдарын және этникалық тақырыптарды кәсіби әрі объективті түрде жазу дағдыларын көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистикадағы шығармашылық қызмет
Қазақстандық ақпараттық агенттіктер, ақпараттық порталдар, сайттар, отандық және ресейлік жаңалықтар журналистикасы, қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті тілдерде сауатты ауызша сөйлеудің нормалары, теледидар, радио, интернет-эфирдегі шығармашылық жұмыс, әртүрлі жанрдағы хабарларды дайындау мен жүргізудің тәртібі туралы білім беру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік медиа
Сараптамалық журналистиканың ерекшеліктері, әлеуметтік желілер, олардың салалары, PR-технологиялардың негіздері мен принциптері, желідегі ақпараттардың түрлері туралы білімдерін қалыптастыру. Сайтты жасақтау, Ютуб арнасын ашу, желілерге ақпарат жүктеу, МойМир, Вконтакте, Фейсбукта парақша ашу қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мультимедиалық журналистика
Мультимедиялық журналистиканың даму бағыттары мен мәселелері, мультимедиялық сюжетті құрудың теориялық аспектілері туралы түсінік қалыптастыру. Мультимедиалық құралдар ұғымының мәнін ашу. Білім мен дағдыны тәжірибеде қолдану. Инфографика, интерфейс, графикалық тәсілдер және әлеуметтік желілер туралы практикалық білімін құру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоғамдық PR қызметі
БАҚ-тың стилистикалық қырлары, қазақ баспасөзіндегі PR, материалдар мен жарнаманың тілі мен стилі, қазіргі баспасөз тіліндегі ақаулар, қателермен жұмыс жасау, қазақ тілді басылымдар мен сайттардағы контент-талдау, масс-медианың, ақпарат құралдарының мүмкіндігі мен ролі туралы білімдерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми-танымдық журналистика
Журналистиканың ғылыми-танымдық әдістерін сараптаудың практикалық дағдыларын мегеру. Журналистикадағы жазу стилі мен оны үйретудің тәсілдері, ақпарат алудың әдіс-тәсілдері мен құралдары, әртүрлі баспа өнімдерін басып шығарудың жолдары мен әдістері, публицистикадағы материалдарды дайындаудың әртүрлі формалары мен нормалары туралы білімдерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қоғаммен байланыстар
Қоғамдық қатынастардың (PR) принциптері, түрлері мен функциялары, PR және жарнамалық коммуникацияның ерекшелігі, PR-өнімдерді құру принциптері, PR-науқанды ұйымдастыру ережелері, PR-мәтіндерді талдау, пресс-релиздер мен басқа PR өнімдерін құру, жарнамалық дискурсты ұйымдастыру принциптері, жарнама мен PR-дің заманауи тенденциялары туралы білімдерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның заманауи журналистикасының типологиясы
Кәсіби ақпаратты жылдам және тиімді іздеу қабілетін арттыру.Журналист мамандығының ерекшеліктері туралы жалпы түсінік беру, оның қазіргі қоғамдағы қызмет ету тетіктерін көрсету, БАҚ мәтіндерін жазуға дағдыландыру. Сайттағы, желілердегі ақпараттармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, заманауи БАҚ типологиясы туралы білімін жетілдіру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік медиадағы жарнама және PR
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама мен медиаменеджменттің негізгі қағидалары, стратегиялары және басқару әдістері, жарнама нарығының құрылымы, БАҚ-тағы жарнама түрлері, мақсатты аудиторияны анықтау әдістері, сондай-ақ жарнама кампанияларын жоспарлау және басқару тәсілдері, қазіргі медиа индустриясындағы трендтер, цифрлық трансформацияның рөлі және жарнама мен менеджменттің өзара байланысы. Курсты оқыту нәтижесінде студенттер жарнама стратегияларын әзірлейді, БАҚ бизнесін тиімді басқарып, медиа нарықта бәсекеге қабілетті болу дағдыларын көрсетеді. Медиаменеджментті меңгеру арқылы БАҚ саласындағы тиімді басқару процестерін, бизнес-модельдерді, медиа ұйымдардың құрылымын құрады. Табысты қаржыландыру көздерін және контентті монетизациялау жолдарын бағалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақ әдебиетінің тарихын, дамуын, сипатын, белгілі әдебиет классиктерінің шығармаларын білу. Әлем әдебиетінің даму тарихы, әдеби жанрлардың ерекшелігін түсіну. Тіл мен әдебиеттің ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту әлеуетін бағалап, мәдениетаралық қарым-қатынас процесінде ұлттық құндылықтардың орнын түсіну.
- Онлайн журналистиканың жаңа үрдістерін талдау. Қазақстандық жаңалықтар, медиа сайттары, таралу жолдары, аудиториясы, журналистиканың ақпараттық қызметі, жаңалық тарату элементтері, ақпараттық медиа сайттардың әлеуметтік желідегі орны, ақпараттық қауіпсіздік ережелері, ақпараттық журналистика практикумы негізін меңгеру.
- Тележурналистика теориясы, тарихы, дамуы, таралу аумағы туралы талдау. Тележурналистиканың практикумы, тәжірибелік жұмыстарын, телевизиядағы жанрлық ерекшелік, телесұхбаттың түрлері мен тәсілдерін, интернет-журналистикадағы жаңа медиа, түрі, сипаты, ерекшелігін салыстыру.
- Тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби салаларда негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін қоғам мен мемлекет дамуының тарихи, мәдени, философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық негіздерін, сондай-ақ экономика, құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық салаларындағы жан-жақты түсінігін көрсетеді
- Функционалды және стилистикалық нормаларды білу, бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилінің ерекшеліктері, бұқаралық ақпарат құралдарының әр түріне материалдар құра білу, редакторлық талдау, өздігінен редакциялау, тілдің стилистикалық ресурстарын пайдалану дағдыларын көрсету; тілдің экспрессивтік мүмкіндіктерін және риторикалық техниканы меңгеру.
- Қазақстан заманауи журналистикасының типологиясы мен тақырыптық ерекшелігі және ғылыми-танымдық журналистиканың қызметіне сәйкес әлеуметпен, қоғаммен байланыс орнату
- Мультимедиялық журналистикада ақпаратты талдап, материалдарды дайындау барысында фото, видео деректерді өңдеу арқылы медиа сауаттылығын көрсету.
- Аймақтық, халықаралық журналистика асында журналистке тән құқықтық, әдеп нормаларын сақтау, газет–журнал шығару ісінде ақпараттың растығы мен шынайылығын, сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Журналистика негіздері бойынша жанрлардың формаларын, қызметтерін, журналистикаға кіріспе, мен баспасөз тарихын, журналистің медиақұқығы мен әдебін, БАҚ туралы заң мен журналистік этикалық нормаларын, мемлекеттік саладағы пиар мен жарнаманы және олардың түрлері мен таралу аумағы туралы білу.
- Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтай отырып, қызмет пен технологиялық қызмет өнімдерінің, ғылыми жаңалықтардың қоршаған ортаға әсерін ескереді.
- Журналистің кәсіби шеберлігін, тәжірибедегі қызметін білу. Тележурналистің шығармашылық шеберханасын, құралдармен жұмыс жасау ерекшелігін меңгеру. Журналистің әдеби шығармашылығы, жазу стилі, публицистикалық шығармалардың жазылу тәртібі, журналистикадағы менеджмент туралы түсіну.