7M04103 Есеп және аудит в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Есепке алу-талдау және аудиторлық қызмет саласында терең ғылыми-педагогикалық және кәсіби даярлығы бар, бастамашыл, еңбек нарығының талаптарына бейімделген, әлеуметтік-маңызды құбылыстарды, оқиғалар мен процестерді талдауға, бағалауға қабілетті, сандық талдау мен модельдеудің, теориялық және эксперименттік зерттеудің негізгі әдістерін меңгерген экономика ғылымдарының магистрлерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M073 Аудит және салық салу
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Шет тілі (кәсіби)
Шет тілі (кәсіби) пәні әртүрлі салалардағы кәсіби қызмет үшін қажетті тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған. Курс нақты лексиканы, кәсіби терминдерді, сондай-ақ тілді Кәсіби коммуникация контекстінде практикалық қолдануды қамтиды. Студенттер кәсіби ортада қарым-қатынас дағдыларын үйренеді, соның ішінде іскери хаттар жазу, келіссөздер жүргізу, есептер мен презентациялар жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
«Ғылымның тарихы мен философиясы» пәні ғылымның генезисімен таныстырады, оның даму кезеңдерін ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін көрсетеді. Пәнде ғылымның классикалық, классикалық емес, постклассикалық емес ғылым кезеңдері қарастырылады. Жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және техникалық ғылымдардың философиялық және әдіснамалдық мәселелері зерттеледі; позитивизм мен постпозитивизмнің негізгі идеялары мен тұжырымдары қарастырылады. Пән магистранттарда ғылыми-философиялық ойлау мәдениетін қалыптастыруға, әдіснамалдық дағдыларды жетілдіруге, тәуелсіз сыни және креативті ойлауды дамытуға бағытталған, соның арқасында жалпы әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ШОБ үшін ХҚЕС-ті практикалық қолдану
Бұл пән ХҚЕС бойынша Комитет әзірлеген қаржылық есептіліктің мынадай стандарттарын қарастырады және зерделейді: қаржылық есептілікті тағайындау және ұсыну (1 ХҚЕС), есепті күннен кейінгі оқиғалар (10 ХҚЕС), пайдаға салынатын салықтар (12 ХҚЕС), акцияға пайда (33 ХҚЕС), ақша қаражатын және олардың баламаларын тану (7 ХҚЕС), бағалау резервтері, кәсіпорынның қаржылық есептілігін жасау, есепті күннен кейін болған оқиғаларды қаржылық есептілікте көрсету, салық міндеттемелерін айқындау үшін пайдаланылатын шартты міндеттемелер мен шартты активтер (37 ХҚЕС). Сондай-ақ кәсіпорындарды біріктіру, шоғырландырылған қаржылық есептілікті құру мәселелері қарастырылады. Бұл пән әр түрлі елдердегі осы стандартқа деген көзқарасқа да, оны енгізу проблемаларына да қатысты, сондай-ақ ҚЕХС-тің шағын және орта кәсіпорындар үшін пайдалылығы және ол бойынша жасалған есептілікті қолданудың практикалық аспектілері туралы мәселені зерттеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
АХС қолдану мәселелері: проблемалар мен перспективалар
Халықаралық стандарттар негізінде аудитті жүргізуді заңды түрде бекіту қажеттілігі аудиторлық процедуралар ретінде қарастыру мен қатар олардың сапасын жүйелік бақылау жұмысты бірыңғай міндетті ережелерге сай жүргізуді қамтамасыз етеді және әлемдік аудиторлық қоғамға әрі қарай интеграциялауға ықпалын тигізеді. Қазақстанда АХС еңгізу аудит кәсібінің дамуы мен жетілдірілуіне оң әсер етті, қоғамның қызығушылығына сай жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында гармонизацияланған стандарттарға сүйінуге жағдай туғызды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы пән ретінде болашақ мамандарды даярлау мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. Ұсынылып отырған курс болашақ оқытушы ретінде магистрдің педагогикалық ұстанымын қалыптастыруға, педагогикалық қызметтің әртүрлі түрлеріне: кәсіптік-білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асыруға; заманауи білім беру технологияларын әзірлеуге және қолдануға, студенттердің дайындық деңгейіне және оқыту мақсаттарына байланысты оқытудың оңтайлы стратегиясын таңдауға бағытталған; Жоғары мектептегі ғылыми-зерттеу және оқу процестерінің өзара байланысын анықтау. Пән магистранттардың негізгі теориялық түсініктерін, психологиялық және педагогикалық заңдылықтар туралы білімдерін, адамның қызметінің механизмдерін және психикалық шындықтың мазмұнын игеруге бағытталған. Ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін, тұлғаның даму факторларын, оқытушы қызметінің психологиялық ерекшеліктерін, білім беру технологиялары мен педагогикалық коммуникациялардың негіздерінен білімді тереңдетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ХҚЕС-тің тәжірибелік аспектілері
Мақсаты: бухгалтерлік есепті ХҚЕС бойынша ұйымдастыру әдістемесінде стандарттар мен олардың практикалық қолданылуын ашып көрсету. Мазмұны: Оқу үрдісі барысында стандарттардың теориялық презентациясы мен оқу-практикалық мысалдарға сүйене отырып, стандарттарды қолдану мақсаты мен көлемі, есепке алу тәртібі, қаржылық есептіліктегі ақпаратты ХҚЕС-ке сәйкес ашу қарастырылды. Қалыптасқан құзыреттер: теориялық аспектілер мен ХҚЕС бағыттары саласында, сондай-ақ оларды түрлі компанияларда, фирмалар мен ұйымдарда практикалық қолдану саласында құзыретті болу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық аудит стандарттары
Халықаралық стандарттар негізінде аудитті жүргізуді заңды түрде бекіту қажеттілігі аудиторлық процедуралар ретінде қарастыру мен қатар олардың сапасын жүйелік бақылау жұмысты бірыңғай міндетті ережелерге сай жүргізуді қамтамасыз етеді және әлемдік аудиторлық қоғамға әрі қарай интеграциялауға ықпалын тигізеді. Қазақстанда АХС еңгізу аудит кәсібінің дамуы мен жетілдірілуіне оң әсер етті, қоғамның қызығушылығына сай жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында гармонизацияланған стандарттарға сүйінуге жағдай туғызды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шағын кәсіпкерлік ұйымдарында және жеке кәсіпкерлерде салықтық есеп және есеп беру
Шағын кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің салық есебін жүргізу және есеп беру пәні –магистранттарды кіші кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің есепке алу саласында теориялық білім алуы, бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің салықтық міндеттемелерін анықтау үшін салықтық есепке алу әдістерін практикалық қолдануды қамтамасыз етеді. Салық есебін жүргізу және есеп беру бойынша практикалық қызметте білімдерін қолдану, салық есебінің ережелері мен тәсілдерін пайдалану, барлық салық міндеттемелерін есептей білу, салық декларациясының нысандарын толтыра білуді уйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық есеп (Ілгермелі)
Қаржылық есеп (Ілгермелі) пәні – есеп беруші басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық қызметтерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Салалардағы есеп пен есеп берудің практикалық аспектілері
Салалардағы есеп пен есеп берудің практикалық аспектілері пәні- әр-түрлі саладағы ұйымдардағы қаржы-шаруашылық іс әрекеттерінің есебін жүргізу, талдауын және қаржылық есептердің құрастырылуын, сондай-ақ бастапқы құжаттардың өңделуі мен жинақталуын, арнайы құжаттаманың әзірлемелерін дайындау мен жүргізуді жүзеге асыру; жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды негізгі құралдары мен активтерінің амартизацияларын есептеп беру, дыин өнімнің калькуляциясын есептеу мен өнімнің жаңа түрлерін енгізу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономикалық талдау теориясы мен практикасы
Экономикалық талдаудың кең ауқымды теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды, ол әртүрлі экономика салаларында тиімді басқару шешімдерін қабылдаудың негізі болып табылады. Бұл курс студенттерге кәсіпорындардың, ұйымдардың және бүкіл экономика қызметін талдауды жүргізу үшін қажетті терең білім мен дағдыларды, сондай-ақ экономикалық процестердің тиімділігін бағалау және белгісіздік пен өзгерістер жағдайында оңтайлы шешімдер табу дағдыларын береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Микро-макроэкономикалық талдау
Экономика ғылымының негіздерін терең түсіну үшін маңызды курс болып табылады. Бұл пән экономикалық процестерді екі негізгі деңгейде, яғни микроэкономика мен макроэкономика тұрғысынан зерттейді. Микроэкономика деңгейінде пән тұтынушылардың және фирмалардың шешім қабылдау процестерін, олардың нарықтағы әрекеттерін, ұсыныс пен сұраныс арасындағы байланыс пен тепе-теңдікті, бәсекелестік жағдайын және нарықтағы бағаны қалыптастыруды талдайды. Макроэкономика деңгейінде экономикалық жүйе мен оның әртүрлі компоненттері (ұлттық табыс, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу) арасындағы байланыс қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ШОБ үшін салық есебі және есеп беруі
ШОБ-тын салық есебі мен есептілігі пәні - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салық салу жүйесін қолдану мәселелерін, сондай-ақ салық төлеушінің мәртебесіне қарай салық салу жүйесінің аудиті мен таңдау алгоритмін, экономикалық қызметтің жүзеге асырылатын түрлерін және басқа да шарттарды зерделеу. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу жүйесі карастыру, салық режимдерін қиыстыру кезінде қолданылатын салық салу жүйелері шеңберінде жекелеген салықтарды есептеуді қолдану, салық салудың тиімді жүйелерін таңдау, сондай-ақ олардың артықшылықтары мен шектеулерінің жиынтығы туралы талдамалық ақпаратқа ие болу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Контроллинг
Контроллинг пәні - экономикалық талдау, жоспарлау, басқарушылық есеп жəне менеджменттің ұштасуы кезінде пайда болған қазіргі заманғы басқарудың те- ориясы мен тəжірибесіндегі жаңа құбылыс. Контроллинг курсын меңгеру пəні ретінде кəсіпорынды басқару үдерісі бо- лып табылады, оған мақсаттар қою, стратегия құру, стратегиялық жəне опе- ративті жоспарлар мен бюджеттер құру, ағымдағы жағдайларға мониторинг жасау, алға қойған мақсаттардан нақты нəтижелердің ауытқуын бақылау жəне талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тереңдетілген басқару есебі
Тереңдетілген басқару есебі пәні зерттеу және талдау шешімдерге байланысты теориялық әрі практикалық дағдыларды қалыптастырады. Шаруашылық субъектілерде тереңдетілген қаржылық есептілікті ұйымдастыру-басқару қызметіндегі өз көзқарасын қорғай біледі. Шаруашылық субъектілерде тереңдетілген қаржылық есептілікті ұйымдастырады. Тереңдетілген басқару есебі саласында теориялық білімді қалыптастыру, оның әдіснамасы мен әдістемесін игеру, практикалық дағдыларды Басқару есебін ұйымдастыру және оның ақпаратын ішкі пайдаланушыларға басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдалану дағдылары. Позицияны негіздеу және дәлелдеу, қызметті болжау, ұсыну нәтижелері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
ДСҰ-дағы сыртқы қызметін есебке алу
Әлемдік сауда ұйымы жағдаиндағы сыртқы экономикалық қызметтің есебі пәні - кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің элементтерін зерттеу және белгілі шетелдік және отандық фирмалар қызметінің мысалында оларды қолданудың практикалық дағдыларын игеру. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен сыртқы экономикалық қызметтің ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу үшін халықаралық экономикалық қатынастардағы ұзақ мерзімді үрдістерді, әлемдік экономика мен өңірлердің даму перспективаларын анықтау болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Есеп, жоспарлай және бизнесті талдау
Есеп, жоспарлау және бизнесті талдау пәні- ұйымның құрылымын, ережелері мен функцияларын түсіну және ұйымға мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін шешімдерді ұсыну мақсатында бизнес қатысушылары арасындағы байланыс ретінде қолданылатын тапсырмалар мен әдістерді зерттеу,бизнесті талдау әдістерін, қабылдау және бағалау критерийлерін анықтау әдісін, бизнес ережелерін талдау мен мәліметтер ағындарының диаграммаларын қалыптастыру болып табылады. Іскерлік қажеттіліктерді анықтау және іскерлік мәселелердің шешімдерін табу болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Академиялық жазу
Пәнді оқу барысында докторанттар академиялық мәтіндер ұғымдарымен, жанрларымен, қызметтерімен және мәтіндерді безендіру түрлерімен, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен танысады. Академиялық мәтіндер құру, зерттеу нәтижелерін жазбаша баяндау, ғылыми мақалаларды, диссертацияларды жазу және эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну, ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді. Академиялық адалдық саясатын ұстану және плагиатқа төзбеушілік қасиеттері қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Салық аудиті
Салық аудит пәні қаржы есебін жүргізудің дұрыстығын тәуелсіз бақылау ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің салық аудитін жүргізу білімі мен практикалық дағдыларын игеру болып табылады, ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі, қаржылық есептіліктің дұрыстығын тексеру, шаруашылық жүргізуші субъектінің сақтауы сондай-ақ аудиторлық тексеру нәтижелерін ресімдеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Анықталған бұзушылықтар мен қателер бойынша түзетуші бухгалтерлік жазбаларды ресімдеу мен оның дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептілікті оқып үйренуболып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Сыртқы экономикалық қызмет: қызметтер мен валюталық операциялардың есебі
СЭҚ: қызметтер мен валюталық операциялардың есебі пәні - кәсіпорындарда көрсетілетін қызметтердің, валюталық және экспорттық-импорттық операциялардың есебін ұйымдастыру және жүргізу бойынша магистранттардың білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Сонамен қатар валюталық операцияларды реттеу мен валюталық бақылаудың мәнін және олардың есепті ұйымдастыруға әсерін білу, өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнын және оны өткізуден күтілетін пайданы айқындау мақсатында сыртқы экономикалық операциялар туралы бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларын меңгеру, болжау және жоспарлау әдістерін практикада қолдана білу, сондай-ақ білім беру, зерттеу және практикалық міндеттерді шешу үшін кәсіби және пәнаралық білімді синтездей білу; жоғары білімнің қазіргі жағдайына әсер ететін стратегиялық сыртқы және ішкі факторларды сыни тұрғыдан бағалау және жаңа идеяларды қалыптастыру қабілетіне ие болу.
- Орта және жоғары білім берудің әлемдік тенденциялары мен даму стратегияларын ескере отырып, ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарияланымдар арқылы ғылым мен білім берудегі білім шекараларын кеңейтуге өзіндік зерттеулерімен үлес қосу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды / шығармашылық жобаларды орындауға қатысу.
- Зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізу, білім алушылардың ғылыми-зерттеу/ғылыми-шығармашылық қызметі мен жариялау белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану; ақпаратты әр түрлі көздерден талдау, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тиісті тұжырымдарды дұрыс тұжырымдау және академиялық жазу дағдыларын қолдану.
- Салық есебін жүргізуді ұйымдастыру, практикада салық есебінің арнайы есепке алу тіркелімдерін көрсету, заңды тұлғаның жиынтық табысынан шегерімдер бойынша жұмыстарды бағалау және кәсіпорындардың негізгі емес қызметінен болған шығындар мен кірістерді есепке алуды тұжырымдайды;
- 1С Бухгалтерия бағдарламасында ұйымның жылдық қаржылық және салық есептілігін жасау әдістемесін меңгеру: 8 нұсқа: 2 қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтердің, меншікті және қарыздық мүлік көздерінің, сондай-ақ кірістер мен шығыстардың жай-күйін сипаттау үшін ақпаратты қалыптастыру процесінде туындайтын қаржылық, басқарушылық және салықтық есеп мәселелерін шешу тәсілдері мен әдістерін меңгереді;
- Өз қызметінде әлеуметтік – гуманитарлық және іргелі ғылым әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік маңызды мәселелер мен процестерді анықтай отырып, деректерді өңдеу үшін құралдарды қолданды;
- Қаржылық есептілікті жасау үшін қажетті ақпаратты дәлелдеу және негіздеу, басшылыққа қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін ұсынады;
- Шет тілін болып жатқан экономикалық процестерді түсіну, қарым-қатынас жасау және тыңдау, айту, жазуды кәсіби деңгейде оқу дағдыларын игеру үшін қолдануға мүмкіндік беретін деңгейде меңгереді;
- Өндірістік шығындар туралы деректерді жүйелеу, өндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалау және пайданы анықтау үшін басқарушылық есеп принциптері туралы білім жүйесін пайдалану, нақты жағдайлар мысалында жаңа өнімдердің пайдалылығы, өнім көлемі мен ассортиментінің өзгеруі және күрделі салымдар мәселелерін шешеді;
- Шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау үшін еншілес компаниялардың қажетті есептілігін ұсыну, қаржылық есептіліктің нысандарын толтыру және оларды салық органдарына, статистикалық басқармаға, министрліктер мен ведомстволарға ұсынады.
Ұқсас БББ
7M04103 Есеп және аудит
Шымкент университеті
7M04103 Есеп және аудит
«Тұран» университеті
7M04103 Есеп және аудит 2 жыл
Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті
7M04103 Есеп және аудит
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
7M04103 Есеп және аудит
«Тұран-Астана» университеті
7M04103 Есеп және аудит
«Мирас» университеті (Мирас)
7M04103 Есеп және аудит (Бейіндік)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M04103 Есеп және аудит
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M04103 Есеп және аудит
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті