Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01202 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды.
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
  • Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды.
  • Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді.
  • Мектепке дейінгі педагогиканың даму тарихы мен педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми-психологиялық негіздерін меңгеріп, білімді басқарудың жаңа тұғырларын зерттейді.
  • Мектепке дейінгі маманның кәсіби этикалық нормаларын талдай отырып, отбасы тәрбиесі мен ЖОО-дағы тәрбие жұмыстарын жоспарлайды.
  • Қазіргі заманғы тұлғаға бағдарлы білім беруде педагогика ғылымының өзекті мәселесі ретінде ұлттық құндылықтарды дәріптейді.
  • Білім беру технологиясын өлшеу мен мектепке дейінгі білім саясатында жаңа технологияларды қолданады.
  • Болашақ маманның рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыруда мектепке дейінгі білімнің құзыреттілік тұғыр мәселелерін талдайды.
Top