Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01430 Бейнелеу өнері және сызу в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары білім беру жүйесі мен мәдениет және өнердің ғылыми саласы үшін «Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарын даярлау» бағыты бойынша құзыретті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M007 Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Әлемдік және қазіргі заман бейнелеу өнерінің тұжырымдамалық негіздері
Ғылым тарихы мен философиясы
Бейнелеу өнеріндегі цифрлық технологиялар
Өнер теориясы мен практикасы
Басқару психологиясы
Шет тілі (кәсіби)
Сызуды оқытудың ғылыми-практикалық әдістерінің ерекшелігі
Жоғары мектеп педагогикасы және психологиясы
Сызу және компьютерлік графика
Көркем-педагогикалық білім тарихы
Сәндік сурет
Дизайндағы инновациялық материалдар мен технологиялар
Арнайы сурет және графика
Ғылыми зерттеу әдістемесін ұйымдастыру және жоспарлау
Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар
Ғылыми зерттеу әдістері және әдіснамасы
Көркем педагогика тарихы
-
2 Оқу жылы
Бейнелеу өнеріндегі композициялық құрылым заңдылықтары
Композициялық жұмыс техникасы мен технологиясы
Көркем білім берудегі жобалық қызмет және инновациялық үрдістер
Кескіндеме және кескіндеме композициясы
Оқыту үдерісіндегі инновациялық технологиялар
Кескіндеме және кескіндемені оқыту әдістемесі
Ғылым және білімнің заманауи мәселелері
Суретшінің жобалау, ғылыми және білім беру қызметіндегі компьютерлік технологиялар
Көркем білім берудегі компьютерлік технологиялар
Қазіргі заман мәдениеті мен өнер мәселелері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми жұмыстар жазуда шет тілін білуін көрсету.
- Негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау, соның ішінде, ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделген әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау;
- Ұйымдағы персоналдың дамуы мен тиімді басшылығын бағалау, бұқаралық мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру;
- Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, көркемдік білім беру саласында оқытудың тиімді әдістемелері, инновациялық білім беру саясатының міндеттерін іске асыру туралы білімдерін қолдану, жоғары мектеп педагогтың еңбегін ғылыми ұйымдастыруды сыни тұрғыдан бағалау;
- Кәсіби қызметте стандартты емес жағдайларда жедел басқару және техникалық шешімдер қабылдау кезінде команданы басқару, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін көрсету;
- Әр түрлі жанрдағы өнер туындыларын жасау, орындау, қою арқылы оқу және оқу-әдістемелік қызметті жоғары деңгейде жүзеге асыру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
- Түрлі кезеңдегі көркем шығармалар стильдерін, жанрларын меңгерудегі ұтқырлық, білім алушыларды құндылықтар жүйесімен таныстыру, көркемдік, шығармашылық және білім беру ортасын құру.
- Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдана отырып, ғылым және білім беру саласында талдамалық жұмыс жүргізу, оқыту дағдыларын меңгеру.
- Пәнаралық байланысты білім салаларындағы мәселелерді шешуді ұсыну; эксперименттік зерттеулерді өз бетінше орындау, мамандармен және кең аудиториямен талқылау кезінде зерттеу нәтижелерін негіздеу