Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02313 Қазақ филологиясы в ABU

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Гуманитарлық ғылымының теориялық мәселелері мен әдебиет теориясындағы ғылыми терминдерін білу, ежелгі дәуір әдебиеті, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, ақын-жыраулар шығармаларына әдеби теориялық талдау жасауды ұсыну.
  • Қазіргі филологияның өзекті мәселелері, оның тарихи даму және қалыптасу сатыларын меңгеру, әдеби бағыттар мен мектептер өкілдерін білу, олардың ғылыми көзқарастары мен зерттеулерін түсіндіру.
  • Ауызша және жазбаша түрде, өз ойларын дұрыс және логикалық безендіру дағдыларын игеру. Оқырманды өз тұжырымдарын жасауға шақыратын әртүрлі журналистік жанрлардың стилистикасын меңгеру.
  • Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, жаңартылған білім берудің жаңа әдістері мен тәсілдерін білу, оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыруда, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі формаларына анализ жасай алады. Цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интелектті пайдалана отырып білім алушыларымен кері байланыс орнату.
  • Ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолдану жағдайларын ажыратып, тілдік дағдыларды көркем мәтінге филологиялық талдау жасауда қолданады. Іс қағаздармен жұмыс істеу, баспа өнімін түзету, редакциялау дағдыларын, жарияланымға өзекті материалдар іздеу және дайындауды, ақпараттың қоғамның санасы мен мінез-құлқына әсер ету әдістерін игереді.
  • Қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдар саласындағы ережелер, орфография және орфоэпиялық, пунктуация заңдылықтарын білу, сауатты жазу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
  • Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, фонетикалық заңдылықтарын, қазіргі қазақ тілі грамматикасы, лексикология және сөзжасам салалары бойынша ғылыми теориялық білімді игеріп, сөздердің мағыналық және тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары мен сөйлем құрылысына тілдік талдау жасау үлгісін әзірлеу.
  • Тіл білімінің этнолингвистика, ономастика салаларына қатысты зерттеулерді жинақтау, қазақ жазуының қалыптасу кезеңдері, тілдердің тарихы, жазба ескерткіштерінің зерттелуі, рухани мұра мен этикалық құндылықтар жайлы түсіндіру.
  • Көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін, эссенің түрлерін, құрылымын, әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдану, көркем мәтінге талдау жасау, эссе, шығарма жазу үлгісін көрсету. Авторлық жоба материалдарын дайындау үшін ақпаратты жинақтау, таңдалған тақырып бойынша оқиғалар орнынан мақалалар, очерктер, аудио, бейне репортаждар дайындауға машықтанады.
  • Әлем халықтары әдебиетінің даму кезеңдерін, әдеби бағыттарын, тарихи ескеткіштерін, жанрлық ерекшеліктері мен жекелеген авторлар шығармаларын дүниежүзілік әдеби-мәдени даму аясында зерделеу.
  • Тұрақты даму мен тыныс-тіршілік қауіпсіздігінің, құқықтық және экономикалық сауаттылықтың негізгі тұжырымдамаларын саналы түрде қабылдауға және түсіндіруге, кәсіби және әлеуметтік қызметте нормативтік-құқықтық, экономикалық және экологиялық құралдарды қолдануға, қабылданатын шешімдердің салдарын талдауға және сыни бағалауға, сондай-ақ тәуекелдерді төмендетуге, тұрақтылықты арттыруға және этикалық және құқықтық стандарттарды сақтауға бағытталған мінез-құлықтың кешенді стратегияларын әзірлеуге қабілетті.
  • Қазақ әдебиетінің кезеңдерін, көрнекті ақын-жазушылар шығармаларын, көркем шығармалардың эстетикалық, тәрбиелік мәнін көрсету, қазақ зиялыларының ел мүддесін қорғаудағы іс-қимылдарын бағалау.
  • Тіл теориясының дамуы мен қалыптасу принциптерін, ғылыми парадигмаларының ауысуын ескере отырып, тіл білімінің теориясы ғылыми терминдерімен танысып, ғылыми тұжырым мен көзқарасты нақты дәлелмен талдауды, тілдердің жалпы заңдылықтарын, шығу тарихын, қолданыстағы қызметін айқындау.
  • Туған өлкенің дәстүрлі және мәдени мұрасын білу арқылы ғылыми және тарихи философиялық талдауға негізделген қазіргі заманғы проблемаларға ықтимал шешімдерді көрсету. Қажетті ақпаратты алу үшін мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен және медиа тұлғалармен байланыс орнату.

Ұқсас БББ

Top