Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01705 Қазақ тілі мен әдебиеті в М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеріп, өзінің кәсіби саласында ғылыми коммуникация мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс ресімдей алады.
  • Жаһандану және интернационалдандыру жағдайында отандық ғылымды дамытудың заманауи тенденциялары, бағыттары мен заңдылықтарын талдауды жүзеге асыра отырып, алынған зерттеу нәтижелерін дұрыс ресімдей отырып, ғылыми зерттеу әдістерін пайдалана отырып, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жоспарлай және жүргізе алады, ғылыми зерттеу әдіснамасы саласындағы құзыреттерге ие.
  • Арнайы пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері, технологиялары мен әдістерін пайдалана отырып, жоғары мектепте педагогикалық процесті жүзеге асыра алады, педагогикалық қызметтің өзіндік рефлексиясын жүзеге асыра алады, ғылыми зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздеріне сәйкес білім беру ортасының зерттеу қызметін жүзеге асыра алады. Білім беру процесін басқару контекстінде білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық заңдылықтарын терең түсінуге негізделген тиімді командалық өзара әрекет жасау, негізделген шешімдер қабылдау және дау жағдайларды сындарлы шешу қабілетін қамтитын интеграцияланған басқарушылық құзыреттіліктерін көрсете алады.
  • Пәндік саланы оқытуда инновациялық әдістер мен оқытудың технологиясын қолданады, тіл және әдебиет пәндерінің ерекшеліктері мен мазмұнын ескере отырып, әдіс-тәсілдерді таңдайды, ғылыми-зерттеуді ұйымдастыруда тілдік және әдеби зерттеу әдістерін тиімді қолдануға қабілетті
  • Лингвистикалық зерттеулердің негізгі әдістерін меңгереді, ғылыми-зерттеу жұмысын тұжырымдайды, зерттеу тәжірибесінде тілдік деректерге сапалық және сандық талдайды
  • Пәндер бойынша ғылыми еңбектерді, пікірлерді, көзқарастарды талдайды, когнитивтік лингвистикаға қатысты ұғымдарды, терминдерді қолданады, тіл мен қоғам арасындағы әртүрлі әлеуметтік контекстегі өзара әрекетті зерттеуге, түрлі жанрдағы және стильдегі мәтіндерді түсіндіруге қабілетті
  • Әдебиет, миф, әдебиеттану салаларындағы өзекті мәселелерді, зерттеулердің теориялық-методологиялық ерекшеліктерін, әдебиеттің қалыптасуынан бастап кейінгі даму жолдарын саралауға қабілетті
  • Қазақ әдебиетіндегі Мағжан және басқа да ақын-жазушылардың шығармаларын саралап, оның әлемдік әдебиетіндегі орнын айқындай отыра, білім алушыларға жеткізуде заманауи озық тәжірибелерді қолдануға қабілетті
  • Әдебиеттану ғылымындағы бағыттар мен мектептердің өзіндік ерекшеліктері мен қалыптасу негіздерін анықтауға, қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша бағамдауға, жаңа қоғамдық дәуiр, жаңа тарихи кезеңде ұлттық әдебиеттің даму ерекшеліктерін жаңаша көзқараспен бағалауға қабілетті
  • Қазіргі кезеңдегі қазақ тілінің теориялары мен негізгі концептілерін меңгеріп, лингвистиканың түрлі саласындағы тілдік бірліктерді жинап, өңдеп, бағалап, соның негізінде зерттеу және аналитикалық дағдыларын жетілдіруге қабілетті
Top