Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02301 Қазақ филологиясы в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тіл білімінің өзекті мәселелері мен ғылыми концепцияларын талдау, нақты түсінік пен білімді қалыптастыру: лингвистиканы зерттеудің жаңа бағыттары мен әдіснамалық аспектілерін, сондай-ақ лингвистикалық мәтінді өңдеуде жасанды интеллект үлгілерін пайдалану дағдыларын меңгеру
  • Ғылыми коммуникацияны қазақ, орыс және шет тілдерде жүзеге асыра булу
  • Фольклордың негізгі заңдылықтары мен әдебиеттің сипаттамалы және тарихи аспектілері бойынша өзіндік зерттеу дағдыларын меңгеру
  • Көркем мәтінді тілдік сараптаудың негізгі әдістері мен методологиясын, көркем мәтінді құрастырудың құрылымдық-семантикалық ерекшеліктерін қарастыру
  • Интернет және педагогикалық технологияларды кәсіби қызметінде сапалы деңгейде жүзеге асыру дағдыларын меңгеру, жоғары мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра білу
  • Ғылыми зерттеудің теориялық негіздерін, ғылыми әдістемесін және оның мазмұнын, ғылыми-зерттеу жұмысының түрлерін, жобалау техникасына қойылатын талаптарды меңгеру
  • Дағдылы қарым-қатынастың түрлі салаларында коммуникативтік стратегия мен тактика, шешендік, стилистикалық және тілдік норма мәселелерін меңгеру; коммуникация дағдыларын және риторикалық шеберлікті меңгеру
  • Қазіргі кезеңде ғылымда пайда болатын дүниетанымдық мәселелерді талдау; кешенді, пәнаралық ғылыми зерттеулерде жобалау үшін философияның әдіснамалық құралдарын пайдалану
  • Тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының қолданбалы аспектілері және олардың даму динамикасы аясында зерттеулер жүргізу
  • Басқару психологиясы мен менеджменттегі басқарудың өзіндік ерекшеліктері мен әдістерін білу, басқару ортасындағы тұлға аралық коммуникация мен көшбасшылық, басшылық дағдыларын меңгеру
Top