Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04108 Экономика және менеджмент в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты "Экономика және менеджмент" білім беру бағдарламасының мақсаты экономиканы цифрлауда, экономика және бизнесті жүргізудің инновциялық технологияларына бейімделе алатын, өзінің негізгі кәсіби қабілетін жүзеге асыруда дайындығы жоғары, қызметінің кәсіби саласын дамытудың сипаты мен бағытына ықпал ете білетін, микро және макро деңгейде ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметінің дағдылары ба,р еңбек нарығында жоғары қажеттілікке ие экономист - менеджерлерді дайындау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Құжаттарды мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде сауатты түсіндіру және құрастыру.
  • Инклюзивті орта жағдайында жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласындағы базалық білімді кәсіби қызметте пайдалану.
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, экономикалық міндеттерді шешу үшін қажетті ақпараттарды жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру.
  • Микро және макро деңгейдегі мәселелерді анықтап және оларды шешу жолдары мен әдістерін ұсынып, күтілетін нәтижелерді талдай отырып экономикалық құбылыстар мен процестерді талдау
  • Кәсіпорынды және ұйымды басқарудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін заманауи менеджменттің негізгі тәсілдемелері мен әдістерін қолдану
  • Кәсіпорынның жұмысының тиімділігін, өнімділігін артттыруға және сапасын жақсартуға бағытталған әртүрлі басқарушылық шешімдерді қабылдау және оларды дәйектеу.
  • Ұйымдастырушылық-басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыруда, персонал қызметін бақылау және бағалау, ынталандыруда, олардың арасында жауапкершілікті бөлуде заманауи әдістерді қолдану
  • Жаңа ұйымды құрудың немесе қызмет бағытын дамытудың бизнес-жоспарын жасау, ғылыми зерттеу және академиялық хат әдістерін қолдана отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын бағалау.
  • Нарық жағдайында бизнестіің мінез-құлқының моделін құру және экономикалық қызметті жүзеге асыруда тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстар жасау.
  • Академиялық адалдықтың қағидаларын ұстана отырып, өзінің қызметтік міндеттерінің шеңберінде басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру барысында жоғары орындаушылық тәртіп пен жауапкершілік таныту, ұйымдастырушылық қабілетке ие болу
Top