Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04117 Бухгалтерлік есеп және аудит в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысымен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауыз шақарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.
  • Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын; ЖОО-да бейіндік пәндерді оқытудың заманауи тәсілдерін, әдістері мен технологияларын біледі; оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді; студенттерді оқытуға және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға ынталандырады; білім беру қызметінде цифрлық құралдар мен платформаларды пайдаланады.
  • Деректерді өңдеу үшін қажетті ақпаратты жинау кезінде бухгалтерлік есеп әдіснамасын қолдану; қаржылық есеп саласындағы нормативтік актілерді, есеп саясаты және ХҚЕС пайдалану; құжат айналымының кестесін жасау; бухгалтерлік есеп әдістері мен әдістемесін, деректерді өңдеу тәсілдерін меңгеру.
  • ҚР-да аудитті ұйымдастыру үшін аудиттің негізгі нормативтік- құқықтық актілерін, тұжырымдамаларын, теориялық негіздерін пайдалану, халықаралық стандарттарды практикада қолдану қағидаларын басшылыққа алу, аудит жүргізу үшін ақпаратты жинау, тіркеу жолымен аудиторлық есеп жасай білу.
  • ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін сақтау, халықаралық стандарттардың маңызды, теориялық нұсқаулары мен принциптерін практикада қолдану ережелерін еркін басшылыққа алу, алынған ақпараттың дұрыстығын және қаражат пен материалдық ресурстарды жұмсаудың заңдылығын бақылау әдістемесін қолдану.
  • Негізгі экономикалық категорияларды, экономикалық талдау әдіснамаларын ажырату, олардың негізінде кез-келген субъект, фирма, мемлекет экономиканың дамуының экономикалық заңдылықтары негізінде шешім қабылдайды, экономикалық құбылыстарды зерттеуде, калькуляциялау шығындарын есептеу кезінде экономикалық талдау модельдерін қолданып, алынған нәтижені талдай білу.
Top