Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02184 Сәндік-қолданбалы өнері в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Кескіндеме негіздері

    Пәнде білім алушы кескіндеменің әртүрлі әдістерін, түстерді қолдану ерекшеліктерін терең зерттеп игереді. Кескіндемеде түстердің жылы және суық, колориттік байлыныстағы заңдылықтарын меңгереді. Кескіндеменің көрнекі және экспрессивті мүмкіндіктерін, жазу техникасының ерекшеліктерін қарастырады. Нәтижесінде композициядағы бейнелерді өз шығармаларында пайдаланып, жан дүниесі, ақыл-ойы, қиялы, іскерлігі, шеберлігі артады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сурет негіздері

    Пән сурет салудың негізгі заңдылықтарын қарастырады. Сурет өнерінде жарық пен көлеңкенің үйлесімін табуды, перспективалық сурет салуды, композициялық ойларды қағаз бетіне түсіруді үйретеді. Білімгер сурет салу барысында табиғат пен заттың көлемді тұтастықтарын көрсетіп, олардың көркем бейнесін салуды меңгереді. Сурет салу үшін пайдаланатын құрал-жабдықтармен дұрыс жұмыс жасау техникасын игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес білімгерлердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс білімгерлердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Композиция

    Пән білімгерлерді сәндік-қолданбалы өнер және дизайн объектілеріндегі композицияның негізігі заңдарымен, ұғымдарымен таныстырады. Білімгер сәндік-қолданбалы өнер нысандары мен бұйымдарын, сыртқы және ішкі жарнама, кәдесыйлық өнімдерін жобалауда, киім және интерьер заттарын жасауда компазицияның заңдылықтарын қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Өнер тарихы

    Пән өнер тарихын, көркем мәдениеттің ескерткіштерінің маңызы мен ерекшелігін, оның тарихи дамуының заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Батыс пен шығыс өнерінің стильдік ерекшеліктерін, ең танымал шеберлердің шығармашылығын зерттейді. Көркем шығармаларды талдау арқылы мәдениеттің құндылығын түсіне алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түс тану

    Пән түстердің үйлесімдігі туралы жалпылама түсініктерді білуге және түсті сезінуге бағытталған. Түстердің үйлесімділік кезеңдерін, шеңбер және тіктөртбұрыш диапозондардағы түстерді табуды үйретеді. Білімгерлер түстердің теориялық негіздерді игеріп, терминдер мен ұғымдарды біледі, түстердің атаулары мен реңктерін ажырату қабілеттері қалыптасады. Түс үйлесімін құруды және оларды көркемдік шығармаларда іс жүзінде қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жобалау

    Пән суреттеу арқылы бұйымдардың бейнесін табудың негізгі бағытарын үйретеді. Білімгерлер жобалау іс әрекеттерін дамытатын тапсырмаларды орындайды. Бұйымдардың барлық элементтер жиынтығы мен мазмұнын анықтап, шығармашылық ойлаудағы композицияда жұмыс жасаудың негізін қалыптастырады. Жобалау іс әрекеті арқылы дұрыс шешім табу,сыни тұрғыда ойлау, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану икемділігі артады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Пән жасанды интеллект саласындағы (ЖИ) негізгі ұғымдарды, ЖИ технологияларының архитектурасы мен жұмыс істеу принциптерін, қолдану әдістері мен мүмкіндіктерін оқытады. Курсты оқу барысында білім алушылар ЖИ технологияларының теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп, оларды құқықтық және этикалық нормалар аясында кәсіби салалардағы міндеттерді шешуде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Материалмен жұмыс

    Пән материалдармен жұмыс жасаудың дәстүрлі және заманауи әдістерімен таныстырады. Көркем бұйымдар (былғарыдан, ағаштан, металдан, жезден, саздан, пластилиннен, матадан, жіптерден және т.б.) жасау үшін материалдарды пайдалану технологияларын үйретеді. Нәтижесінде білімгер композициялық сызбалар мен әртүрлі материалдардан жасалған қолөнер бұйымдарының түрлерін жасай алады. Көркем бұйымдар дағдыларын жобаларының композициялық сызбаларын дайындауды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 9
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәдесый өнімдерін әзірлеу

    Пән кәде сый өнімдерінің заманауи әлемдік тәжірибесінің иллюстрациялық көздерін зерттейді, ұлттық кәдесыйлар жасаудың көркемдік-технологиялық әдістерін үйретеді. Білім алушылар композициялық жоспарға сәйкес шығармашылық жұмыстарды орындауды, оны материалдарда іске асыруды, бекітілген эскиздер бойынша жаңа үлгіні (макетті) әзірлеуді және дайындауды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сәндік сурет

    Пән шығармашылық және композициялық жұмыста тұтастықты қалыптастыруға, көркем-бейнелі ойлау мен білім алушылардың шығармашылық ізденістерін дамытуға бағытталған. Нәтижесінде білім алушы көркем-кескіндеме тілдерінің маңызды және негізгі аспектілерін игереді. Бейнелеу өнерінің заңдылықтарын біледі, композициялық ойлау қабілеттерін дамытады, эмоционалды-мазмұндық жүйе туралы білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сәндік кескіндеме

    Пән сулы бояумен сурет салу техникасын, көлеңке мен жарықты беру шеберлігін, бедері мен текстурасын, материалдық пен көлемділікті меңгеруге үйретеді. Нәтижесінде білімгерлер түстану, қарама-қарсылық, тонның бейнелік құрамы туралы біліп, форманы қалыптастыруды игереді, моно композициясын құрастыра алады. Түстің гармониялық қатынастарын меңгеріп, оларды шығармашылық кескіндемелік жұмыста қолдануға үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Коллаж технологиясы

    Пән коллаж өнеріндегі техникалық әдістері бойынша (түрлі мата, қағаз, газет қиындылары, әйнек, түйме, фольга, ағаш қалдықтары т.б.) арқылы жабыстыру технологиясын пайдаланып, шығармашылық іскерліктерді дамытуға бағытталған. Білімгерлер полиграфиялық, интерьерлік безендіру ісінде әртүрлі фотосуреттерді біріктіріп, қажетті мазмұндағы әсерлі коллаж жасау тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тоқыма сурет техникасы

    Пән тоқыма өнерінде тоқыма сурет техникасын игеруде цифрлық технологияларды қолдануды үйретеді. Білімгер тоқыма бұйымдарының композицияларын From Photo to Desgin бағдарламасымен құрастыру дағдыларын меңгереді. Цифрлық технология арқылы түстердің әсемдікт, эстетикалық талғамды қанағаттандыратын үйлесімділігін анықтап, бұйымдардың өлшемдерін есептеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Макеттеу және құрастыру

    Пән объектілердің элементтерін көлемді макеттеу техникасы арқылы жұмыс істеуге үйретеді. Білім алушылар макеттеу және конструкциялаудың ерекшеліктерін зерттейді. Нәтижесінде макеттеу құралдарын пайдалану процесінде көлемдік-кеңістіктік көріністерді жасау әдістері мен тәсілдерін меңгереді. Макеттеуде қолданылатын материалдармен жұмыс істеу ерекшеліктері мен әдістерін игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Этнодизайн

    Пән заманауи сәндік-қолданбалы өнердегі этнодизайнды зерттей отырып, өнер туындыларын өз бетінше дамыту қабілетін қалыптастыруға үйретеді. Этникалық дизайнның заңдары мен принциптерін, этнодизайн өнерінде қолданылатын арнайы технологияларды меңгереді. Мамандық бойынша әдістемелік, арнайы және ғылыми зерттеулермен жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сырмақ сыру технологиясы

    Пән сырмақ сырудың, яғни киізді сырып тігудің негізгі тәсілдерін үйретеді. Нәтижесінде білімгерлер сырмақ жасауда дайын киізді ойып, қиюластырып тігу, ою өрнек сырларын және бояу түсінің шешімдерін үйлестіріп, киіз бетіне ою жапсырып әсемдеу дағдыларын меңгереді. Сырмақтың пайда болу тарихын зерттеу арқылы, жаңа шығармашылық бұйымдар әзірлеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өндірістік оқыту І

    Пән көркем материалды өңдеу түрлерімен, дәстүрлі және заманауи технология көмегімен өндірілген өнімдермен таныстырады. Нәтижесінде материалдарды көркемдеп өңдеудің негізгі технологиялары туралы біледі, көркем қолөнер өндірісіндегі қосымша материалдармен жұмыс жасай алады. Арнайы технологиялардың көмегімен зерделеуді және құралдармен жұмыс істеуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы өнердегі технологиялар

    Пән қазақ қолөнерінің туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын игеруге бағытталған. Білім алушылар қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып, шеберлігін дамытады. Қазақ халқының төл өнерінің тарихымен танысып, олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау технологиясын орындай алады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Зергерлік бұйымдарды жобалау

    Пән зергелік өнерімен жобалау арқылы бұйымдардың жасалу жолдарын үйренеді. Білімгерлер зергерлік бұйымдарына қойылатын қазіргі көркемдік-эстетикалық талаптарды, ырғақты, пішінді, ою-өрнекті, нобайларды ескере отырып, бұйымдардың элементтерін біріктіру принциптерін, арақатынас (пропорция) және қарапайым геометриялық фигуралармен жұмыс жасауды меңгереді. Бұйымдарды жобалау кезінде ұлтық құндылықты зерттеу негіздерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ши тоқу техникасы

    Пән геометриялық ою элементтері арқылы төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген ши жасау ерекшеліктерін үйретеді. Білімгер көркемдеп ши тоқу өнерін меңгеріп, иірілген жүндердің көмегімен үлгіге сәйкес өрнектер жасауды және ши өнері арқылы түрлі тоқу әдістерін игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік дизайн

    Пән графикалық редакторларда жұмыс істеуді, соның ішінде Adobe Photoshop, CorelDRAW және жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалар арқылы векторлық және растрлық сызбалар орындауды үйретеді. Нәтижесінде білім алушылар алған теориялық және практикалық дағдыларын сәндік-қолданбалы өнер негізінде полиграфия, сандық медиа және өнеркәсіптік дизайн салаларындағы жобаларды жасауға қолдана алады. Олар заманауи компьютерлік бағдарламалардың көмегімен сәндік бұйымдардың эскиздерін әзірлеуді, жобалау жұмыстарын жүргізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем қолөнер

    Пән бұйымдар топтамасын композициялық жобалауды, ұлттық стильдегі көркем қолөнердің шығармашылық жұмыстарын үйретеді. Білім алушылар әр кезеңнің қолөнерінің материалдық мәдениетінің бейнесін зерттейді және көркем қолөнерді үйренеді. Қолөнерге баулу арқылы, салт дәстүрін бағалай білуге үйренеді, іскерлік, икемділік қабілеттері артады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өндірістік оқыту ІІ

    Пән білімгерлерді өндірісте дәстүрлі тоқыма түрлерімен жұмыс жасауға үйретеді. Нәтижесінде өндіріс жағдайында көркем қолөнер бұйымдарын жасай алады. Білімгерлер шығармашылық жұмыстарын өндіріс технологияларының көмегімен жүзеге асырады. Мамандық бойынша әдістемелік, арнайы және ғылыми зерттеулермен жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Көркем кестелеу техникасы

    Пән кесте түрлерін, сонымен қатар кесте тігу, жасау процесі мен олардың жіктелуін үйретеді. Білімгерлер дәстүрлі қолөнер түрлері мен заманауи көркем кестелеу суретшілерінің шығармашылығымен танысады. Кестелеуге арналған құралдарды және материалдарды қолдана отырып, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы кестелеу әдістерін игереді. Кестелеу техникасы арқылы қолданбалы өнердің орындалуының негізгі талаптарын біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Былғарымен жұмыс жасау техникасы

    Пән терінің техникалық қасиеттерін зерделеу, теріні өңдеу, тері қиындыларының негізінде бұйымдарды жасауды үйретеді. Нәтижесінде білім алушылар былғары бұйымдарын ою-өрнектермен сәндеу жұмыстарын жасай алады. Былғарымен жұмыс жасау кезінде бұйымдарды орындау технологиясын, сонымен қатар тері бұйымдарын безендіру өнерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Қағаз пластикасы

    Пән қағазбен жұмыс істеу техникасын, геометриялық композицияларды модельдеуді, қағаз бен картоннан көлемді бұйымдар жасау технологиясын үйретеді. Білімгерлер макеттеудің негізгі техникалық әдістерін, объектінің композициялық құрылысын модельдеуді игереді. Түрлі материалдарды қолдана отырып, геометриялық фигураларды модельдеуді, әртүрлі макеттер жасауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Металлды өңдеу технологиясы

    Пән металлдың қасиеттерін зерттейді. Зергерлік бұйымдардың барлық түрлерін жасау үшін филигранттау, нақыштау және дәстүрлі зергерлік техникасы секілді әдістерді қолдануға үйретеді. Білімгер сурет салу, штамптау, біріктіру, басу және илектеу сияқты металды өңдеу әдістерін зерттеуді және олармен жұмыс жасауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Кілем тоқу технологиясы

    Пән дәстүрлі тоқыма өнеріндегі түкті кілем тоқу технологиясын меңгертеді. Білімгер тоқылу әдістерін біркелкі жүйеде жасауды игереді, Түкті кілем тоқудың түрлерін меңгеріп, халық мұраларына деген көзқарастарын қалыптастырып, көркем туынды жасай алады. Түрлі жіптер арқылы тоқыманың түрлерін жасап, жоғары көркем талғам деңгейі қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Киіз технологиясы

    Пән киізбен жұмыс жасау технологияларын үйретеді. Білімгерлер киіз өңдеудің заманауи жеңіл технологиясы –киізді сабын сумен пісіру әдісін меңгереді. Киіз бетіне күрделі ою өрнектерді салумен қатар қол сөмкелер, ойыншықтар мен паннолар жасау іскерліктерін дамытады. Киізден түрлі бұйымдарды жасаудың көптеген мүмкіндіктерін ашуға көмектесіп, шығармашылық ойларын, идеяларын шыңдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Көркем керамика

    Пән сәндік бұйымдар жиынтығын құрайтын әр түрлі саздан, механикалық тәсілмен және қолмен жасалған бұйымдарды қарастырады. Арнайы сурет салу, ою-өрнектерді ою және т. б. жеке сәндік бұйымдардың (мүсіндер, кәдесыйлар және т. б.) жасалу әдістерін игереді. Көркем керамика туындыларын белгілі бір оқиғалардың сюжетімен немесе сәндік өнері ретінде қолданылатын бұйымдарды, жанрлық суреттерді, әсем көріністерді бейнелеу жолдарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Батик өнері

    Пән батик өнерінің заңдылықтарын қарастырады. Жылы және суық батикке арналған композициясын құрудың ережелерін үйренеді. Батиктің интерьер арасындағы байланысын анықтап, нәтижесінде матамен безендіруге колорит және фактура шығару әдістерін меңгереді. Білімгерлер материалдардың процестері мен батик бейнесін үйлестіре біледі. Дұрыс шешім қабылдау арқылы, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Заманауи қолданбалы өнер

    Пән қазіргі заманауи көркемдік процестің жалпы даму негіздеріне, мәдени және ұлттық көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың заманауи технологиясын үйренуге бағытталған. Білімгерде авторлық жұмыстарды жасау, соның ішінде берілген тақырып бойынша ақпараттық және визуалды материалдарды жинау дағдылары қалыптасады. Жабық және ашық композицияларды құрудың негізгі принциптерін сақтай отырып, эскиздерді салуға бағытталған заманауи бұйымдарды жасауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Ағашты өңдеу технологиясы

    Пән ағашпен жұмыс істеудегі технологиялық процестерді, ағаш бұйымдардың жасалу жолдарын үйренеді. Білімгерлер ағашты көркем өңдеудің әртүрлі әдістерін, ағаш бұйымдарын дайындаудың дәстүрлі тәсілдері мен заманауи технологияларын зерттейді. Нәтижесінде ағаш бұйымдарды өңдеу дағдылары қалыптасады. Эстетикалық мақсатта жүргізілетін ағашты сәндік көркем өңдеу (кесу арқылы оюлау, қысым арқылы оюлау, күйдіру, мозайка, металдау және т,б) жұмыстарын жасауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Гобелен тоқыма өнері

    Пән гобелен дизайны мен техникасын меңгертеді. Білімгерлер гобелен тоқу үшін әртүрлі материалдарды қолдана отырып, дизайнерлік шығармашылық эскиздерді жасау дағдыларына ие болады. Білім алушылар тоқудың құрылу және даму тарихын зерттеп, қолмен көркемдеп тоқу, түкті түксіз тоқу техникасын меңгереді. Түрлі материалдар мен жабдықтарда орындалатын гобелен жасау өнері туралы білім қалыптасады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Интерьерге арналған бұйымдарын жобалау

    Пән интерьер дизайнына қойылатын талаптарды, тұрғын үй кеңістігінің интерьер дизайнындағы стильдер мен бағыттарын таңдауды үйретеді. Білімгерлер түс, өлшем мен масштабты ескере отырып, үйлесімділікті интерьер бұйымдарын жобалау жұмыстарын жасайды. Интерьерде қолданылатын сәнді бұйымдарды жасауды, сызбаларды әзірлеуді және тұрғын үйдің интерьерін безендіруді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын, тұрақты даму мақсаттарын ұстанып, экономикалық, инклюзиялық, экологиялық, қаржылық сауаттылық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
  • Өнер саласында мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өзбетінше шешімдер қабылдау дағдысын қалыптастырады.
  • Сәндік-қолданбалы өнеріндегі көркем шығармашылық еңбектерді жобалау жұмыстарында жоспарлау, ұйымдастыру іскерліктері мен дағдыларын пайдаланады.
  • Танымдық білімдерін, шығармашылық іскерліктерін, бұйымдарды өңдеу әдістерін сәндік-қолданбалы өнерде инновациялық жолдармен көрсете алады.
  • Көркем мәдениет пен эстетикалық нормаларды сақтай отырып, ғылыми-шығармашылық еңбегін ұйымдастырудың жаңа білімдерін меңгереді.
  • Сурет салу дағдылары мен әдістерін меңгере отырып, бұйымдарды өндірісте әшекейлеу, сәндеу, өңдеу жұмыстарын жоспарлайды.
  • Қолданылатын материалдардың (былғары, ағаш, сүйек, тері, металл, жүн, мата, шыны) өңделу қасиеттерін ескеріп, қолөнер бұйымдарын және шығармашылық жұмыстардың композициялық эскиздерін құрастырады.
  • Бұйымдарды жобалау, құрастыру техникасы, материалмен жұмыс істеу технологиясы мен әдістерін меңгере отырып, ұлттық қолөнер бұйымдарын әзірлейді.
Top