Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02120 Кино және медиа в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

  • Кинодраматургия негіздері

    Пәннің мақсаты: Студенттерге кинотуындының драматургиялық құрылымын түсінуге, сценарий жазудың негізгі қағидаларын меңгеруге және көркем баяндаудың тәсілдерін қолдануға үйрету. Пән кинодраматургияның негізгі элементтерін: кейіпкер, қақтығыс, оқиға желісі, құрылым, көркемдік тіл мен жанрларды зерттейді. Студенттер сценарийдің кезең-кезеңімен құрылу жолдарын, көркемдік шешімдерді негіздеуді, драматургиялық ойды дамытуды үйренеді. Теориялық білім сценарийлік тапсырмалар арқылы бекітіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Операторлық шеберлікке кіріспе

    Пәннің мақсаты: Студенттерді операторлық өнердің негіздерімен таныстыру, кадр құрастыру, жарық пен камера қозғалысы арқылы бейнелеу құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән визуалды баяндаудың негізгі принциптерін қамтиды: кадр композициясы, түс және жарық, камера бұрышы мен қозғалысы, линзалар мен фокус тереңдігі. Студенттер камерамен жұмыс істеудің бастапқы машықтарын, шығармашылық шешімдерді қабылдауды және техникалық аспектілерді меңгереді. Тәжірибелік жұмыстар түсірілімге дайындық пен қарапайым көріністерді түсіру арқылы жүзеге асады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кино және медиапродакшнге кіріспе

    Пәннің мақсаты: Кино және медиа өндірісінің негізгі кезеңдерін, мамандықтарын және заманауи медиаортаның құрылымын зерделеу арқылы студенттердің кәсіби түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ алған білімдерін тәжірибеде қолдану қабілетін дамыту. Пән кино мен медиа өндірісінің негізгі процестерімен таныстырады: идеяны әзірлеу, сценарий жазу, режиссура, операторлық жұмыс, монтаж, дыбысты өңдеу және продюсерлік. Студенттер мамандықтар арасындағы өзара байланысты талдап, кәсіби топта жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Әлеуметтік және этикалық өлшемдерді ескере отырып, ақпаратты талдауға және шығармашылық шешімдер қабылдауға үйренеді. Курсты меңгеру болашақ кәсіби қызмет пен өздігінен білім алуға қажетті негіз қалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әлемдік және қазақстандық кино тарихы

    Пәннің мақсаты: Студенттердіңәлемдікжәнеқазақстандықкинематографияныңдамузаңдылықтарынтүсінуіне, негізгі кезеңдерін, стильдерін, бағыттары мен авторларын талдай білуіне, тарихи, мәдени және әлеуметтік контекстті ескере отырып сын тұрғысынан пайымдауға үйрету. Пән кино өнерінің дүние жүзілік және ұлттық тарихындағы негізгі кезеңдерге шолу жасайды. Кинотілініңқалыптасуы, бағыттардың, стильдермен мектептердің дамуы, тарихи және мәдени өзгерістермен байланысы қарастырылады. Қазақстандық киноның ерекшеліктерімен негізгі кезеңдері, авторлық кино және тәуелсіз қозғалыстар зертделенеді. Студенттер әлеуметтік және этикалық аспектілерді ескере отырып, дерек көздерді талдайды, дербес қорытынды жасап, тарихи оқиғалармен байланыстыра біледі. Академиялық шыншылдық пен зерттеушілік әдістер меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Цифрлық медиа негіздері

    Пәннің мақсаты: Цифрлық медиа құралдары мен платформалары туралы базалық білім беру, қазіргі медиамәдениетті түсініп, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік-этикалық және технологиялық аспектілерді талдай білуге үйрету. Пән цифрлық медиа саласындағы негізгі ұғымдар мен үрдістерді зерттейді: сандық коммуникацияның формалары, медиаплатформалар, әлеуметтік желілер, контент жасау және таратудың ерекшеліктері. Студенттер ақпаратты іздеу, бағалау, түсіндіру, визуализациялау және цифрлық ортада өзіндік медиапрактика жасау дағдыларын меңгереді. Әлеуметтік және этикалық нормалар, сонымен қатар академиялық адалдық мәселелері де қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект: принциптері мен қолданылуы

    Пәннің мақсаты - студенттерге жасанды интеллект жұмысының принциптері туралы түсінік беру және оны әртүрлі салаларда қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәннің міндеттері: АИ негізгі технологиялары мен әдістерін зерделеу, машиналық оқытудың негізгі алгоритмдерін меңгеру, пайдаланудың практикалық жағдайларын қарастыру, деректерді талдау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ АИ енгізудің этикалық және құқықтық аспектілерімен танысу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кино сценарий шеберлігі

    Пәннің мақсаты: Студенттерге сценарий жазудың негізгі принциптері мен құрылымын меңгерту, драматургиялық ойлау мен кейіпкер жасау қабілетін дамыту. Пән кино сценарий құрылымының негіздерін, драмалық қақтығыс пен кейіпкер динамикасын, диалог жазу техникасын қамтиды. Студенттер логлайн, синопсис, сюжет құру, сахналық жоспарлау және сценарий форматтау әдістерін үйренеді. Практикалық тапсырмалар арқылы шағын көркем немесе деректі сценарий жобасын әзірлейді. Пән идеяны құрылымдауға, көркем бейне мен конфликт құруға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Режиссура негіздері

    Пәннің мақсаты: Студенттерге режиссураның теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын меңгерту, сахна мен экранда бейнені құрылымдау қабілетін дамыту. Курс барысында режиссердің негізгі функциялары, драматургиялық материалмен жұмыс істеу тәсілдері, сахналық шешімдерді табу процесі, актермен және шығармашылық топпен өзара әрекеттесу әдістері қамтылады. Студенттер қысқа сахналарды қою арқылы режиссерлік ойлау мен көркемдік шешімдерді тәжірибе жүзінде игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркемдік тіл, құрылым және монтаж

    Пәннің мақсаты: Кино және медиа тілдің көркемдік құралдарын, бейне құрастыру мен монтаж әдістерін талдай білуге, шығармашылық ойлау мен визуалды баяндаудың негіздерін меңгеруге үйрету. Пән кино мен медиа тілдің көркемдік құрылымдарын зерттейді: кадр мен монтаждың рөлі, ритм, динамика, драматургиялық құрылым және көркемдік тәсілдер. Студенттер көркемдік шешімдерді бағалауды, бейнелік құрылымды талдауды, монтаждың драматургиядағы орнын түсінуді үйренеді. Теориялық білім практикалық тапсырмалар арқылы бекітіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аудиовизуалдық сауаттылық

    Пәннің мақсаты: Студенттерге қазіргі заманғы медиамәтіндерді талдау, түсіну және бағалау үшін қажетті теориялық және практикалық білімдерді қалыптастыру. Курс барысында визуалды және дыбыстық элементтердің мағынасын, олардың мәдени және әлеуметтік контексте қалай жұмыс істейтінін қарастырады. Студенттер медиаконтентті сын тұрғысынан қабылдауды, визуалдық кодтарды шешуді және экран тілі арқылы берілетін ақпаратты сараптауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ашық кеңістікте дыбысты жазу техникасы

    Пәннің мақсаты: Студенттерге ашық кеңістікте дыбыс жазу кезінде кәсіби әдістерді, техникаларды және жабдықтарды қолдануға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру. Дисциплина барысында студенттер түрлі табиғи және урбанистік ортада дыбысты тиімді жазуға бағытталған тәсілдерді зерттейді. Акустикалық жағдайларды бағалау, микрофондарды орналастыру, шуды азайту, жазылған материалды өңдеу мен синхрондау дағдылары қарастырылады. Пән практикалық жаттығулар мен нақты жобалар арқылы жүзеге асады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кинодағы жанрлық талдау

    Пәннің мақсаты: Кино жанрларын жүйелі түрде зерттеу арқылы студенттердің экрандық өнердегі жанрлық ерекшеліктер мен олардың мәдени контекстерін түсіну қабілетін дамыту. Бұл пән көркем, деректі және гибридті жанрлардың тарихи қалыптасуын, құрылымын, семиотикасын және көрерменмен байланысын қарастырады. Голливудтық, еуропалық және азиялық жанрлар мысалында талдау жүргізіледі. Студенттер әртүрлі жанрлық үлгілердің стилистикалық ерекшеліктерін, көркемдік тілін, аудиовизуалдық шешімдерін және әлеуметтік мазмұнын зерттейді. Академиялық жазу мен киноанализ дағдылары дамытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Режиссерлік жұмыстағы коммуникация

    Пәннің мақсаты: Режиссёрдің кәсіби қызметіндегі тиімді коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру, шығармашылық топпен өзара әрекеттесу қабілетін дамыту. Курс режиссурадағы вербалды және вербалды емес коммуникацияның ерекшеліктерін, команда құрудың негіздерін, эмоционалды интеллектіні, көшбасшылық пен шешендік өнерін қамтиды. Студенттер нақты өндірістік жағдайларда режиссёрдің коммуникативтік стратегияларын тәжірибе жүзінде меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экран кеңістігінде дыбыспен жұмыс істеу

    Пәннің мақсаты: Студенттерге экрандық кеңістіктегі дыбысты ұйымдастырудың көркемдік және техникалық тәсілдерін меңгерту. Пән дыбыстың кино және медиа туындыларындағы эмоционалдық, драматургиялық және семиотикалық функцияларын зерттеуге бағытталған. Студенттер синхронды және асинхронды дыбыс, музыка, атмосфералық эффектілер және үнсіздіктің маңызы сияқты аспектілермен жұмыс істейді. Практикалық бөлімде дыбыстық композиция жасау мен оны экран бейнесімен үйлестіру дағдылары дамытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кросс-платформалық өндіріс

    Пәннің мақсаты: Әртүрлі медиа алаңдарға арналған мазмұнды жоспарлау, бейімдеу және жасау дағдыларын қалыптастыру арқылы студенттердің кросс-платформалық ойлауын дамыту. Пән бір контентті бірнеше медиа форматқа бейімдеу жолдарын, аудиториямен әртүрлі каналдар арқылы өзара әрекеттесу тәсілдерін қарастырады. Тақырыптар қатарында медиажоспарлау, форматтау, сторителлинг, медиатехнологиялар және цифрлық стратегиялар бар. Студенттер контент өндірісінде кәсіби білімдерін қолданып, әлеуметтік және этикалық жауапкершілікті ескере отырып, медиа өнімдер әзірлейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Режиссер мен актердің өзара әрекеті

    Пәннің мақсаты: Студенттердің режиссура және актерлік шеберлік салаларындағы өзара әрекетті түсінуін тереңдету, бірлескен шығармашылық үдерісті тиімді ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру. Курс барысында студенттер режиссёр мен актер арасындағы кәсіби қатынастың негіздерін, сахналық және экрандық бейнелерді бірлесіп құру тәсілдерін меңгереді. Қарым-қатынас психологиясы, рөлмен жұмыс, импровизация және эмоциялық серіктестік тәжірибе негізінде қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Деректі фильм режиссурасы

    Пәннің мақсаты: Студенттерге деректі кино режиссурасының ерекшеліктерін түсіндіру, деректі оқиғаны баяндау тәсілдерін, кейіпкерлермен жұмыс істеу мен сахналаусыз түсірілімнің әдістерін меңгерту. Курс барысында студенттер зерттеу жүргізу, сценарийлік құрылым құру, визуалды тіл мен монтаж арқылы шынайы оқиғаны көркем жеткізу дағдыларын дамытады. Практика деректі фильм өндірісінің барлық кезеңдерін қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Саунд-дизайн және атмосфераны көркемдеу

    Пәннің мақсаты: Студенттерге кино және медиа жобаларында дыбысты шығармашылық әрі техникалық тұрғыдан қолдану дағдыларын қалыптастыру. Курс барысында дыбыстық кеңістікті жобалау, фондық шу, атмосфера, дыбыстық эффектілер мен музыкалық фрагменттер арқылы көркемдік орта құру әдістері зерттеледі. Студенттер дыбыстың эмоционалды әсерін талдап, әртүрлі жанрдағы жобалар үшін саунд-дизайн элементтерін әзірлеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ойын-қойылымдық кино режиссурасы

    Пәннің мақсаты: Студенттерге ойын киносының режиссерлік негіздерін меңгерту, сахнаны қою, актерлермен жұмыс істеу, көркемдік шешім қабылдау дағдыларын дамыту. Курс аясында студенттер режиссерлік интерпретацияны, сценарий талдауын, кадрлық шешімдерді және көркемдік концепцияны қалыптастыруды үйренеді. Практикалық жұмыстар кинотуынды өндірісінің барлық кезеңдерін қамтиды: дайындық, түсіру және постпродакшн.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және тұрақты даму

    Пәннің мақсаты-тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен, қазіргі экологиялық проблемалармен және тұрақты дамуға қол жеткізу тұжырымдамаларымен таныстыру. Жалпы экология қағидаттары мен адамзаттың даму қағидаттары бар экожүйелердің даму заңдылықтары, ғылыми-техникалық прогресс, ҚР Экологиялық қауіпсіздігінің негізгі мәселелері зерделенетін болады. Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы негізгі ұғымдар мен ұғымдарды пайдалану бойынша білім мен дағдыларды меңгеретін болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Көркем және техникалық монтаж

    Пәннің мақсаты: Студенттерге бейнежазбаның құрылымын, ырғақтылығын және көркемдік тұтастығын қамтамасыз ететін көркем және техникалық монтаждың негіздерін меңгерту.Курс бейнематериалдарды ұйымдастырудың көркемдік тәсілдерін, ритм мен темп құруды, кадрлар арасындағы логикалық және эмоциялық байланысты қалыптастыруды қамтиды. Сонымен қатар, техникалық бағдарламалармен (мысалы, Adobe Premiere Pro, DaVinci Resolve) жұмыс істеу, дыбыс пен бейнені сәйкестендіру, эффектілер мен титрлерді қолдану үйретіледі. Студенттер кәсіби білімін қолданып, заманауи медиаөндірістегі монтаж талаптарына сай шығармашылық шешімдер қабылдай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экрандық сөйлеу және дауыс

    Пәннің мақсаты: Студенттің экран алдындағы сөйлеу және дауыс мүмкіндіктерін дамыту, кәсіби дикция, артикуляция, дауыс интонациясын меңгеруіне ықпал ету.Курс барысында экранда сөйлеу ерекшеліктері, тыныс алу техникасы, дикция мен дауыс жаттығулары, мәтінді көркем жеткізу тәсілдері қарастырылады. Студенттер әртүрлі жанрларда (интервью, дубляж, киномонолог) дауыс қолдануды үйреніп, көрерменмен сенімді байланыс орнатуға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері, Қаржылық сауаттылық

    Пәннің мақсаты – студенттерді экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптері мен заңдылықтарымен таныстыру, нарықтық экономикада тиімді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру; құқықтық жүйе мен заңнаманың негіздерін үйрету, сондай-ақ коррупцияға қарсы күрес шаралары мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы әділ қоғам құруға бағытталған сана мен дағдыларды дамыту; қаржылық білімін жетілдіру, жеке қаржыны тиімді басқаруға қажетті дағдыларды қалыптастыру, қаржы өнімдері мен инвестицияларды дұрыс таңдауға қабілеттілігін дамытуға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мультимедиалық құрылғылар және жабдықтар

    Пәннің мақсаты: Студенттерді мультимедиялық құрылғылар мен жабдықтардың жұмыс принциптерімен таныстыру, оларды кәсіби медиа жобаларда қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән мультимедиялық өндірісте қолданылатын құрылғылардың (бейнекамералар, дыбыс жазу құрылғылары, жарықтандыру құралдары, проекциялық жүйелер, монтаж және трансляция жабдықтары) түрлері мен ерекшеліктерін зерттейді. Студенттер практикалық тапсырмалар арқылы құрылғыларды қосу, калибрлеу және пайдалану тәсілдерін меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кино және медиа өндірісіндегі менеджмент

    Пәннің мақсаты: Кино және медиа өндірісін басқару саласындағы білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, студенттерді жобалық ойлау мен басқарушылық шешім қабылдауға үйрету. Курс шеңберінде студенттер өндірістік процестің құрылымымен, рөлдер мен міндеттермен, қаржылық жоспарлаумен, құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілерімен танысады. Практикалық тапсырмалар арқылы продюсерлік стратегияларды, командамен өзара әрекеттесу тәсілдерін және жобаларды іске асыру кезеңдерін меңгереді. Нарықтық жағдайларды ескере отырып, тәуекелдерді бағалау мен басқару дағдылары дамытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кадр, ракурс және қозғалыс негіздері

    Пәннің мақсаты: Студенттерге экран тілі элементтерімен – кадрмен, ракурспен және камера қозғалысымен – жұмыс істеудің негіздерін меңгерту. Курс визуалды баяндауды құрудың негізгі тәсілдерін қарастырады. Студенттер кадр композициясы, кеңістік пен қозғалысты ұйымдастыру, көркемдік шешімдер қабылдау және операторлық тілдің көркемдік маңызын үйренеді. Практикалық тапсырмалар арқылы бейнелеу құралдарын тиімді пайдалануға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қысқа метражды фильмнің режиссурасы бойынша практикум

    Пәннің мақсаты: Студенттің қысқаметражды фильмді режиссерлік тұрғыда жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. Курс барысында студенттер идеядан бастап экранға шығару кезеңіне дейінгі барлық процестермен танысады. Сценарий талдау, сториборд жасау, актерлермен жұмыс, түсірілім алаңын басқару және постпродакшн кезеңдерін қамтитын практикалық тапсырмалар арқылы режиссураның негізгі қағидалары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экспериментальды камера қозғалыстары

    Пәннің мақсаты: Студенттерге камера қозғалысының дәстүрлі емес, шығармашылық және эксперименталды тәсілдерін меңгерту. Курс барысында студенттер классикалық және заманауи операторлық тәсілдерді салыстырып, визуалды тілдің жаңа формаларын зерттейді. Камера қозғалысы арқылы драматургияны, эмоцияны жеткізудің балама әдістері қарастырылады. Практикалық тапсырмаларда студенттер өз жобаларында стандартты емес шешімдерді қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті кинематография негіздері

    Пәннің мақсаты: Кинематографиядағы инклюзивтік тәсілдермен таныстыру, әлеуметтік әділеттілік пен қолжетімділік қағидаттарына негізделген медиаөнімдерді жасаудың теориясы мен практикасын меңгерту. Пән әртүрлілік пен инклюзия ұғымдарын, киноөнерде мүгедектігі бар адамдардың, этникалық және гендерлік азшылықтардың бейнесін талдайды. Инклюзивтік сценарий жазу, кастинг жүргізу, субтитрлеу, аудиодескрипция және қолжетімділік технологияларымен таныстырады. Студенттер әлеуметтік маңызы бар контентті этикалық тұрғыдан жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шағын формадағы режиссура: клип, жарнама, тизер

    Пәннің мақсаты: Студенттерге шағын пішінді аудиовизуалды туындыларды (клип, жарнама, тизер) қоюға қажетті шығармашылық және өндірістік дағдыларды қалыптастыру. Пән бейне контенттің қысқа форматында идеяны тұжырымдау, сценарий әзірлеу, көркемдік шешім қабылдау, түсірілім мен монтажды ұйымдастыру сияқты режиссерлік үдерістерге бағытталады. Студенттер көрерменнің назарын аударуға және қысқа уақыт ішінде әсерлі ой айтуға бағытталған тәсілдерді меңгереді. Сондай-ақ, жарнамалық, музыкалық және промо-контенттің спецификасын ескере отырып, визуалды коммуникацияны тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аудиовизуалды жобалардағы актер

    Пәннің мақсаты: Актердің кино, теледидар, веб және басқа да аудиовизуалдық форматтардағы кәсіби ерекшеліктерін меңгеру. Курс аясында студенттер экранда шынайы бейне жасау, камерамен жұмыс істеу техникасы, монтаж және дубляж ерекшеліктері, сахналық қозғалыс пен пластика, сондай-ақ әртүрлі жанрлық стильдердегі актерлік ойын әдістерін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Цифрлық кеңістіктегі кино

    Пәннің мақсаты: Студенттердің цифрлық ортада кино өндірісі мен тұтыну үдерістері туралы түсінігін қалыптастыру, жаңа медиалық платформалармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Курс барысында студенттер цифрлық технологиялардың кино өндірісіне, дистрибуциясына және аудиториямен байланысына әсерін зерттейді. Цифрлық платформалар (стриминг қызметтері, онлайн кинотеатрлар, әлеуметтік желілер) мен олардың кино саласындағы рөлі қарастырылады. Сондай-ақ, цифрлық аудиторияның мінез-құлқы, контент монетизациясы, құқықтық және этикалық аспектілер талданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Актер және камера: ірі жоспар техникасы

    Пәннің мақсаты: Экранда студенттің ірі жоспардағы (крупный план) шынайы және әсерлі көрінуі үшін қажетті дағдыларды дамыту. Курс актердің ішкі күйін камера арқылы жеткізу, микромимика, көзқарас, тыныс пен пластикалық әрекеттерді басқару, сондай-ақ кадрда шоғырлану мен серіктеспен үндесу техникасын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Цифрлық контент және визуалды технологиялар

    Пәнніңмақсаты: Студенттерге цифрлық контент жасаудың негіздерін меңгерту, визуалды технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануды үйрету, қазіргі медиа жобаларда кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Пән цифрлық контент түрлерін (бейне, сурет, мәтін, графика) өндіру және өңдеу тәсілдерін зерттейді. Визуалды коммуникация, графикалық дизайн, фото- және бейнемонтаж, сондай-ақ визуалды трендтер қарастырылады. Студенттер кәсіби бағдарламалармен жұмыс істеуді, медиа жобаларға арналған контент жасауды, визуалды элементтерді үйлестіруді үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Цифрлық контент режиссурасы

    Пәннің мақсаты: Студенттерді цифрлық платформалар үшін бейне және медиаконтентті режиссуралау қағидаларымен таныстыру. Курс барысында цифрлық ортаға бейімделген storytelling тәсілдері, қысқа форматтағы видеолардың ерекшеліктері және әлеуметтік желілерге бейімделген визуалды шешімдер қарастырылады. Студенттер мақсатты аудиторияға бағытталған контент өндіру, шығармашылық жоспарлау және түсірілім процесін ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат

    Пәннің мақсаты – ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, ғылыми жұмысқа қажетті дағдыларды дайындау және дамыту. Оқытылады: жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, зерттеу әдістемесі, деректермен және бастапқы дереккөздермен жұмыс, зерттеу жұмысын коммерцияландырудың мақсаттары мен міндеттері, материалды баяндаудың ғылыми стилін меңгеру. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда практикалық дағдыларды меңгереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Цифрлық ортадағы сторителлинг теориясы мен практикасы

    Пәннің мақсаты: Студенттерге цифрлық платформаларға бейімделген баяндау құрылымдарын, мультимедиялық контент арқылы идеяны жеткізу тәсілдерін үйрету. Курс аясында цифрлық сторителлингтің негізгі формалары, құрылымдық модельдері, интерактивтік және визуалды баяндау құралдары қарастырылады. Студенттер әлеуметтік желілер, подкасттар, веб-документалистика сияқты ортада өз идеяларын креативті түрде бейнелеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • SMM және цифрлық маркетинг

    Пәннің мақсаты: Мәдениет саласында әлеуметтік медиа және цифрлық маркетинг құралдарын тиімді қолдану бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру. Курс барысында студенттер мәдени жобаларды ілгерілету үшін контент стратегияларын құруды, мақсатты аудиторияны анықтауды, платформалар арасындағы коммуникацияны басқаруды үйренеді. Сондай-ақ, аналитика құралдарын қолдана отырып, маркетингтік нәтижелерді бағалау және аудиториямен тұрақты байланыс орнату тәсілдері қарастырылады. Пән мәдени кеңістікте цифрлық құралдарды этикалық және креативті түрде пайдалануға бағытталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медиа стартаптар және инновациялар

    Пәннің мақсаты: Студенттерге медиасаласындағы стартап-жобаларды жоспарлау, іске асыру және басқару негіздерін меңгерту, сондай-ақ медиаинновациялар мен технологиялық трендтерді түсініп, оларды кәсіби қызметте қолдануға үйрету. Курс барысында медиастартаптардың құрылымы, бизнес-модельдер, инвестициялық стратегиялар және нарықтық позициялау тәсілдері қарастырылады. Студенттер практикалық жобалар арқылы өз медиаидеяларын дамытуға мүмкіндік алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Медиа зерттеу және аудиторияны талдау

    Пәннің мақсаты: Студенттерге медиа зерттеулердің әдіснамасы мен аудиторияны талдау құралдарын меңгерту. Курс аясында медиаконтентті қабылдау ерекшеліктері, аудиторияның мінез-құлқын зерттеу әдістері, медиатұтыну үрдістерін талдау, сапалық және сандық зерттеу тәсілдері, сауалнама мен фокус-топ ұйымдастыру жолдары, сондай-ақ алынған деректерді интерпретациялау мәселелері қарастырылады. Студенттер нақты жобалар негізінде аудиторияны анықтап, мақсатты медиастратегияларды әзірлеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі заманғы медиа-нарық және болжау әдістері

    Пәннің мақсаты: Студенттерге қазіргі медиа нарықтың құрылымы, динамикасымен даму үрдістері туралы білім беру, болжау әдістерін меңгерту. Курс аясында медиа индустрияның экономикалық ерекшеліктері, нарықтық сегментация, аудитория талдауы, контент тұтыну модельдері қарастырылады. Сонымен қатар, медиа өнімдерге сұранысты болжау, трендтерді талдау, статистикалық және аналитикалық құралдарды қолдану дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Киножобаларды қаржыландыру және дистрибуциялау

    Пәннің мақсаты: Студенттерге киножобаларды қаржыландыру көздері, бюджет құрастыру, инвестициялық стратегиялар және дистрибуция арналары туралы білім беру. Курс барысында студенттер киноөндірісті қаржыландыру модельдерімен, гранттар мен демеушілік механизмдерімен, нарықтық стратегиялармен және фильмнің аудиторияға жеткізілу жолдарымен танысады. Сонымен қатар, келісімшарт жасау, құқықтық және логистикалық аспектілер қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Медиа командасын басқару

    Пәннің мақсаты: Студенттерге медиа жобаларындағы командалық жұмысты тиімді ұйымдастыру, басқару әдістерін, көшбасшылық қасиеттерді және кәсіби этиканы меңгерту. Курс аясында команданы құру, рөлдерді бөлу, ішкі коммуникация, конфликттерді басқару және шығармашылық топтармен жұмыс істеу дағдылары дамытылады. Студенттер нақты өндірістік жағдайларда жұмыс істеу үшін қажетті басқару құзыреттіліктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кино және медиа индустриясы: нарық, трендтер, мүмкіндіктер

    Пәннің мақсаты: Студенттерге қазіргі заманғы кино және медиа индустриясының құрылымын, даму бағыттарын, нарықтық динамикасын және кәсіби мүмкіндіктерін талдай білу дағдыларын қалыптастыру. Курс барысында студенттер жаһандық және жергілікті трендтерді, продюсерлік және дистрибуциялық модельдерді, жаңа медиа платформалар мен контент тұтыну тәсілдерін зерттейді. Әлеуметтік, экономикалық және технологиялық факторлар талданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару
  • Зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін ғылыми білімді пайдалану, сондай-ақ ғылыми және кәсіби қызметке заманауи технологиялар мен инновацияларды тиімді енгізуге мүмкіндік беретін іргелі және практикалық дағдыларды меңгеру.
  • Кино және медиа өндірісінің негізгі ұғымдары, кезеңдері, құралдары мен технологияларын, мультимедиялық құрылғылар мен жабдықтарды жұмыста қолданады; көркем тілдің және экрандық құрылыстың негіздерін, кино драматургиясы мен монтаждың базалық әдістерін пайдаланады; цифрлық медиа және визуалды технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
  • Инклюзивті кинематография принциптерін айқындап, оларды шығармашылық жобаларда қолданады; киноның жанрлық ерекшеліктерін талдап, сценарий құрылымына біріктіреді; медиаконтент өндірісіндегі операторлық шешімдерді бағалап, негіздейді; цифрлық платформалардың ерекшеліктерін ескере отырып, кроссплатформалы медиажобаларды әзірлейді.
  • Кино мен медиажобаларда режиссура мен монтаждың көркем және техникалық тәсілдерін қолдану; шағын пішінді визуалды форматтарда жұмыс жүргізу; киноөндірістегі басқару мен маркетинг стратегияларын түсіну; цифрлық ортада медиаконтентті ілгерілету құралдарын меңгеру; режиссер мен актер арасындағы кәсіби коммуникацияны ұйымдастыру; экранда актердің жұмысын басқару.
  • Аудиовизуалды контентті талдау және жасау әдістерін салыстырады; режиссура негіздерін қолданады; кадр, ракурс және қозғалыс элементтерін пайдаланады; камерамен эксперименталды тәсілдермен жұмыс істейді; цифрлық платформаларға арналған видеоконтент жасайды; сторителлингтің қазіргі тәсілдерін шығармашылықпен қолданады.
  • Фильм жанрына сәйкес режиссерлік әдістерді табады; экран кеңістігінде дыбысты қолданудың шығармашылық тәсілдерін зерттейді; саунд-дизайн арқылы атмосфера қалыптастырады; ашық ортада дыбыс жазбаларын жасайды; қысқаметражды және толықметражды фильмдерде режиссерлік шешімдер қабылдайды; экрандық сөйлеу мен дауысты қолданады.
  • ОН8 Кино және медиа нарығының құрылымын талдайды; трендтерді талдау және болжау әдістерін қолданады; медиа стартап моделі әзірлейді; медиа командасын ұйымдастырады; қаржыландыруды тартады және кино жобаларының тарату стратегияларын жасайды; аудиторияны зерттеу құралдарын пайдаланады.
Top