Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07310 Сәулет в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Сәулет-құрылыс өндірісі мен қоғам саласында қазақ, орыс және шет тілдерінде еркін сөйлесу және академиялық адалдық қағидасын түсіну.
  • Кәсіби қызметте қоғамдық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық білімдерін көрсету.
  • Ғимараттарды мен құрылыстарды жобалау барысында, жаратылыстану, математика, экономика және инженерлік білімдерді пайдалана отырып жасанды интеллекті қолдану.
  • Дизайн графикасында сурет салу, кескіндеме және мүсіннің практикалық дағдыларын қолдану, сәулеттік дизайндағы шығармашылық тәсілді көрсете отырып, сәулеттік композиция заңдылықтарын және көркем композициялық графика құралдарын қолдану, түсті шешімдерді шешу.
  • Сәулеттік дизайн саласындағы ғимараттардың көлемдік-кеңістіктік және функционалдық-жоспарлау схемаларын әзірлеу, соның ішінде сәулет саласындағы ең озық үлгілер мен технологиялардың элементтерін жасау.
  • Сәулеттік жобалау құрылымы нобайлық дизайнды, клаузураны әзірлеуде, заманауи құрылым, материалдар мен технологияларды пайдалану.
  • Әлемдегі сәулет, мәдениет, өнер және сәулет өнерінің тарихи даму кезеңдерін түсіну, қазіргі сәулет өнерінің негізгі даму тенденциялары мен кезеңдерін пайдалану, сәулет өнерінің ең тән белгілері мен жетістіктерін пайдалану.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығын меңгеру, кәсіби қызметте кәсіби бағдарламаларды қолдану: 3Ds Max, AutoCAD, CorelDRAW, Potoshop, ArchiCAD.
  • Сәулеттік климатология негіздерін, инженерлік жүйелер мен желілерді есептеуді ескере отырып, сәулет типологиясын анықтау. Аумақты инженерлік дайындау және жоспарлау әдістері.
  • Жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, инженерлік абаттандыру және сәулеттік-ландшафтық дизайн құралдарын игеру.
  • Сәулеттік ортада сәулеттік ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру және қалпына келтіру әдістерін қолдану.
  • Пайдалану және реконструкциялау процесінде ғимараттар мен құрылыстардың жағдайын бақылау және бағалау үшін талдау жүргізу.
  • Нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, сәулет және құрылыс саласындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын әзірлеу.
  • Анықталмаған жағдайында жағдайында жұмыс істеу үшін зерттеушілік, кәсіпкерлік дағдыларды пайдалану, сәулет-құрылыс жобалауында зерттеу жүргізу.
  • Жеке тұлға ретінде және топ мүшесі ретінде өз көзқарасын дұрыс қорғай отырып, өз іс-әрекетін түзетіп, әртүрлі әдістерді қолдана отырып нәтижелі жұмыс жасау, авторлық эскиздік сәулет жобасының нұсқаларын әзірлеу бойынша тапсырмалардың орындалуын жоспарлау және бақылау.
Top