Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B03206 Спорт журналистикасы в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Мақсаты: білім алушыларда жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты, сондай-ақ қазіргі заманғы қаржылық қызметтер мен цифрлық технологияларды пайдалану процестерін сыни бағалау қабілетін қалыптастыру. Курс шеңберінде білім алушылар қаржы құралдарын тәжірибеде пайдалануды, меншікті жинақтарды сақтауды және көбейтуді, жеке бюджетті жоспарлауды, салықтарды есептеуді, қаржылық есептілікті талдауды және инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет

    Пәннің мақсаты студенттерде қоғамның инклюзивті мәдениетінің негіздерін, инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптерін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық аспектілерін білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттердің әлеуметтік және кәсіби салаларда инклюзия принциптерін қолдану қабілеті, көпмәдениетті қоғамда коммуникативтік стратегияларды таңдау қабілеті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік және бизнес

    Пәннің оқыту мақсаты: теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы студенттердің өз ісін құруға, кәсіпкерлік қызметке қатысуға дайындығын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

    Пәннің мақсаты – мемлекет және құқық сияқты категорияларды ашып көрсету, құқықтың ұлттық салалары туралы студенттерге қажетті жалпы ұсыныстар беру, Қазақстан Республикасының негізгі құқықтық нормаларымен, оның ішінде конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық салалардағы және Қазақстан құқығының басқа салаларындағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Журналистикаға кіріспе

    Пәннің мақсаты – журналистиканың негізгі функциялары мен принциптері, БАҚ типологиясы, журналистік кәсіптің ерекшеліктері, өзгешеліктері, журналистік шығармашылықтың спецификасы мен журналист жұмысының әдістерімен таныстыру. Сондай-ақ, журналистиканың қалыптасу үрдісі, журналистиканың басты элементтері мен қызметі, классикалық және күнделікті журналистиканың ерекшеліктерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі

    Мақсаты: тұрақты даму қағидаттары, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негіздері, ESG-принциптері, декарбонизация бойынша білім беру, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және ғаламдық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлермен олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, ауа бассейні, жер ресурстарының тозуы, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ антропогендік қызметке байланысты табиғи және техногендік апаттармен олардан қорғау тәсілдерінің тұрақты стратегияларын әзірлеуге үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу негіздері

    Пәннің мақсаты әлеуметтік зерттеу әдістерін, ғылыми мақала, ғылыми жоба, жұмыс жазудың талаптары мен негіздерін үйрету. Ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін, олардың ерекшеліктерін, зерттеу нысанына қарай пайдалануды үйрету. Эксперимент жасау, сауалнама құрастыру, сауаланаманың қорытындысын шығару, зерттеу жұмысында түрлі талдау әдістерін пайдалана отырып, интернет платоформалар көмегімен қорыту, ғылыми ақпараттық базалармен, халықаралық ғылыми басылымдар базаларымен жұмыс істеуге дағдылану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ баспасөзінің тарихы

    Пәннің мақсаты қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен даму жолдарын, газет, журналдардың шығу тарихы мен сол кезеңдегі қоғамдық-саяси оқиғалардың баспасөзде жазылуы, редакция мен авторлар, басылымның бағыт-бағдары мен мазмұны туралы білім беру. Қазақ баспасөзі тарихын біледі, әр жылдардағы баспасөздің көтерген мәселелері мен өзекті тақырыптарына талдау жасайды. Белгілі публицистер мен жетекші тұлғалардың шығармашылық шеберліктері туралы біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жазу және редакциялау технологиясы

    Пәннің мақсаты – білім алушыларды жазу өнері мен редакциялауға үйрету. Ақпаратты баяндау, деректер мен сандарды қолдану, тақырып қою, маңызды ақпаратты таңдау, тұжырым жасау, мақаланың композициясын құру секілді шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы мақала жазуға және дайын мәтіндерді редакциялауды оқыту. Автордың ойын ұтымды жеткізудің теориялық мәселелері мен қоса редакциялаудың түрлерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Спорттық ойын түрлері: теориясы

    Пәннің мақсаты: Дәстүрлі және жаңа БАҚ-та әлемде миллиондар ұнататын футбол, хоккей (көгалдағы, допты және шайбалы), баскетбол, волейбол, шахмат секілді т.б. спорттық ойын түрлерін зерделеу, студенттердің спорттың осы түрлері бойынша мазмұнды материал жазуы, бағдарлама түсіруі, хабар таратуы үшін осы саланы терең біліп шығуына ықпал ету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Спорт шолушысы

    Пәннің мақсаты: БАҚ пен жаңа медиада спорт шолушысының сөйлеу мәнері, жазу тәсілі, жұмыс стилі, спортты білу мен оны теориялық меңгеру деңгейі, спортшы мен спортқа қатысты адамдардың тұлғасын көрсете білуі, спорттық жетістікке жету құпиясын жан-жақты ашуын үйрену, спорт бойынша талдауда фактілерді нақтылау және оған оперативті көз жеткізе білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ радиожурналистика тарихы

    Пәннің мақсаты – радиожурналистиканың қалыптасуы мен даму жолдарын, радиодағы алғашқы хабарлар, олардың авторлары мен жанрлық ерекшеліктерін, радиожаңалық жүргізушілердің шеберлігін үйрету. Радиожурналистиканың қоғамдық санаға ықпалы мен әсерін, белсенді ақпараттық қызметіне қатысты мәліметтерді талдау, радиохабардың мазмұны мен пішінін, көркемдік сипатын анықтау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мерзімді баспасөз жанрлары

    Пәннің мақсаты – журналистиканың жанрлары мен пішіндері, түрлі жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін оқыту. Түрлі жанрларда материалдарды дайындау тәсілдері мен шынайылықты көрсету әдісін меңгеру. Жанрлар мен пішіндердің заман талабына сай транформациялануын үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Қазақ телевизиясының тарихы

    Пәннің мақсаты – қазақ телевизиясының қалыптасуы мен даму жолдарымен таныстыру, ұлттық телевизия тарихындағы алғашқы хабарлар мен тележүргізушілердің шығармашылық мектебінен хабардар ету. Телевизияның ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бағыттағы қызметін айқындайтын хабарлардың ерекшеліктерін, техникалық мүмкіндіктері мен шығармашылық ізденістерін білу. Білім алушылар пән барысында телевизия тарихыменғанаемес, оның тәжірибесін, шығармашылық шеберханасында меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Cпорт медиасына кіріспе

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға Қазақстанда және әлемде спорттық журналистиканың мен спорттық медианың қалыптасуы, даму жолдары. Спорт туралы бағдарламалардың пайда болу тарихы. Сол кезеңдегі қоғамдық-саяси оқиғаларға байланысты баспасөзде спорт туралы мақалалар мен; қазақ спорттық журналистикасы мен спорттық медианың тарихын кезеңдік тұрғыдан талдау. Спорт журналистикасының және спорт медиасының спорт түрлеріне қатысты көтерген мәселелері мен өзекті тақырыптарды білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ әдебиетінің тарихы

    Пәннің мақсаты қазақ әдебиетінің тарихы мен әр кезеңдегі ақын-жазушылардың көркем шығармаларын талдауды оқыту. Қазақ әдебиетінің даму бағыттары мен салалары, қоғамдық саяси ахуалға әдебиеттің әсері, резонанс тудырған шығармалардың жазылу тарихы мен қаламгердің шығармашылық шеберханасын оқып, үйрету. Қазақ әдебиетінің озық үлгілерін талдауды меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Телерадиожурналистика жанрлары

    Пәннің мақсаты – телевизия мен радио жанрларының құрылымы туралы білім беру. Телевизия мен радиожанраларына қойылатын талаптарды үйрету, сондай-ақ жанрлар трансформациясына қатысты ғылыми тұжырымдарды талдау, аталған жанрларда сюжет, хабар түсіру шеберлігін меңгеру. Жанрлардың түрленуі мен жаңа пішіндерін аңғара отырып, жанр құраушы элементтерді білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Спорт және кинематография

    Пәннің мақсаты: Спорт пен спортшы өмірі туралы деректі фильмдер, көркем фильмдер, сериалдар, анимаиялық фильмдер жасап экран арқылы спортшы тұлғасын ашудың, спортты насихаттаудың жолдарын, әдістерін білу және меңгеру. Сондықтан студенттер курс барысында спортшы мен олардың жетістіктері туралы деректі, көркем фильм түсіру үшін өнердің осы күрделі саласын терең зерттеуді үйрену. Спорт туралы фильмдердің жеке тұлғаны және қоғамды қалыптастырудағы маңызды рөлін жеткізуді үйрену керек. Фильмге сценарий жазудың, фильм түсірудің, монтаж жасаудың техникасын біліп шығуы тиіс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ұлттық спорт және журналистика

    Пәннің мақсаты: Ұлттық спорт түрлерінің БАҚта және жаңа медиада насихаттау, шығармашылық жұмыс барысында ұлттық спорттық ойындардағы терминдер мен сөздерге түсініктеме беру, осы кезеңдегі кеңінен танылған ұлттық ойын түрлері жайлы ауқымды жазуды меңгеру. Студенттер ұлттық спорттың әлемдік деңгейге шыққан түрлерімен танысып, оны насихаттаудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сондай-ақ көне заманнан келе жатқан ұлттық спортты бүгінгі жаңа медиа арқылы таратудың, танытудың жолдарын үйренеді. Ұлттық спорт түрлері бойынша тақырыптарды зерттеу, сауалнамалар жүргізу, мақалалар жазу, талдау секілді әдістерді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі

    Пәннің мақсаты - теледидар, радио, баспасөз бетінде жарияланатын журналистік материалдың мәтінімен жұмыс жасау кезіндегі редакторлық кәсіптің теориялық, практикалық әдіс-тәсілдерімен танысу. Мәтін өңдеуде жасанды интеллектіні пайдалану ережелерін меңгереді. Мәтінмен жұмыс жасаудың белгілі теориялық негіздемелері мен практикалық әдіс-тәсілдері жайлы, сонымен қатар редактордың қызметтік міндеттеріне арналған мәселелер жан-жақты қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әлемдік спорт журналистикасы: ізденіс, тәжірибе, нәтиже

    Пәннің мақсаты: Әлемдік спорт журналистикасының тарихын білу және оның даму жолдарын зерттеу, спортты насихаттаудағы әлемдік спорт журналистикасының тәжірибесін зерделеу, ізденістерін талдау, нәтижеге жетуде ақпарат алу мен ақпаратты беру әдістерін игеру, тікелей эфирде телерадио және жаңа медиа арқылы ақпарат таратудағы әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктерін зерттеп білуді міндеттейді. Әлемдік спорт журналистерінің жеке кәсіби өмір жолдарымен танысу. Әлемдік спорт журналистикасындағы баспасөз қызметінің спорттың дамуынадағы рөлі мен ізденістері туралы білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Спорт федерацияларындағы баспасөз қызметі

    Пәннің мақсаты: спорт федерацияларының баспасөз қызметтерінің негізгі принциптері мен әдістерін зерттеу болып табылады. Студенттер пресс-релиздерді құру, ақпаратты басқару, баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл негіздерімен танысады. Бұдан басқа, оқыту шеңберінде спорттық іс-шараларды ілгерілету және федерациялардың имиджін нығайту мақсатында әлеуметтік желілерді, интернет-ресурстарды және басқа да коммуникация құралдарын тиімді пайдалану зерделенетін болады. Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттер PR-іс-шараларды сәтті ұйымдастырып, мақсатты аудиториямен тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • С.Бердіқұловтың шығармашылық мектебі

    Пәннің мақсаты – Курс барысында студенттерге С.Бердіқұловтың спорт журналистикасындағы дара қолтаңбасы, редакторлық шеберлігі, оның мектебінен шыққан журналистер жайлы мәліметтер беріледі. С.Бердіқұловтың менеджерлік және шығармашылық ізденісі, сұхбат, репортаж, мақала жазудағы тапқырлығы, тілдік, стильдік ерекшеліктері талданып, жас журналистерге сауатты жазудың тәсілдері оқытылады. Жастар аудиториясына арналған басылым мазмұнын байытудағы бастамашыл идеялары үлгі ретінде ұсынылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Медиақұқық

    Пәннің мақсаты медиадағы құқықтық мәселелер туралы білім беру, медиатұтынушының құқығын сақтауға үйрету. Медиадағы өз құқығын сақтаудың жолдарын меңгерту. Медиаға қатысты заңнамалық құжаттармен таныстыра отырып, нақты кейстерді талдау арқылы болашақ мамандарға құқықтық тәрбие беру. Ақпарат тарату мен ақпаратты тұтыну, талдау, құқықтық проблемалардың туындауына әсер ететін жағдаяттарды түсіндіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Спорттық психология

    Пәнінің мақсаты: психологиялық факторлардың спорттық іс-әрекетке және спорттық жетістікке жетуіне әсерін зерттеу болып табылады. Студенттер психологиялық процестердің мотивацияға, өзін-өзі реттеуге, стресске төзімділікке, шоғырлануға және спорттық іс-әрекеттің басқа аспектілеріне қалай әсер ететінін түсінуге үйренеді. Олар сондай-ақ спорттық шеберлікті арттыру және мақсаттарына жету үшін психологиялық стратегиялар мен әдістерді әзірлеуді және қолдануды үйренеді. Жалпы, Пәннің мақсаты спортшыларға спортта максималды нәтижеге жету үшін оңтайлы психологиялық жағдайларға қол жеткізуге көмектесу болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Спорт комментаторы мен шолушысының сөйлеу мәдениеті

    Спорт журналистикасында сөйлеу мәдениеті шолушы мен комментаторға ерекше керек. Сөйлеудің түрлі тәсілдерін меңгеру, тыңдарманды, көрерменді тарту үшін дұрыс, тартымды, әдемі, әуезді, сұлу сөйлеу және білу керек

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Медиапсихология

    Пәннің мақсаты - әлемдік мәдениеттің қарқынды дамып келе жатқан саласы ретінде медиапсихология туралы білім беру. Сондай-ақ тұлға мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының психологиялық аспектілерін оқыту. Медиаөнімді қабылдау және оның әсері үйрету. Ақпараттың берілу, қабылдау, пайдалану түрін игереді. Медианы қолданудың әлеуметтік мәселелерін талқылайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Медиаменеджмент және маркетинг

    Пәннің мақсаты - медиаменеджменті мен маркетингі тарихымен, теориясы, әлемдік медиадағы озық тәжірибелері жайлы білім беру. Интерактивті тәсілді меңгерту, менеджмент аясында проблемаларды шешу және жобалау-сараптамалық дағдыларын үйрену. Ұжымды басқарудың негізгі принциптерін, басқару түрлерін, әріптестермен байланыс жасау, бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырудың тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Спорт журналистикасы және қоғам

    Пәннің мақсаты: бұқаралық ақпарат құралдарының объективі арқылы спорт пен қоғам арасындағы байланысты зерттеу. Студенттер қоғамдық пікірді қалыптастырудағы спорттық журналистиканың рөлін, спорттық оқиғалардың әлеуметтік-мәдени процестерге әсерін, сондай-ақ спорттық оқиғаларды журналистік бейнелеу техникасы мен әдістерінің ерекшеліктерін зерттейтін болады. Пән сонымен қатар ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын, студенттердің сыни ойлауы мен аналитикалық ойлауын дамытуға, сондай-ақ спорт саласындағы журналистиканың практикалық дағдыларын үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Спорт телекомментаторының авторлық курсы

    Пәннің мақсаты: студенттерге тікелей эфирдегі спорттық іс-шараларға кәсіби түсініктеме беру негіздерін үйрету. Студенттер спорттық телекомментатор жұмысының әртүрлі аспектілерін, соның ішінде оқиғаға дайындықты, түсініктемелерді жоспарлауды, алаңда болып жатқан оқиғаларды жылдам талдай білуді және көрермендерге ақпаратты ынта мен кәсібилікпен жеткізуді үйренеді. Курстан өту нәтижесінде студенттер спорттық телекомментатор ретінде сәтті жұмыс істеу және аудиторияға әсер ету үшін қажетті дағдылар мен білімдерге ие болады. Курс сонымен қатар шығармашылықты дамытуға, қысыммен жұмыс істей білуге және студенттердің ауызша сөйлеуін жақсартуға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Спорт саласындағы жарнама

    "Спорттағы жарнама" пәнінің мақсаты-спорттық ортада жарнаманы қолданудың негізгі принциптері мен стратегияларын зерттеу. Студенттер спорттық маркетингтің ерекшеліктерін зерттейді, сонымен қатар демеушілік, брендинг, жарнамалық серіктестік және т.б. сияқты спортта қолданылатын жарнаманың әртүрлі түрлерін қарастырады. Пәннің мақсаты-спорттағы жарнаманың көрермендерге, спортшыларға және компанияларға олардың нарықтағы позициясын жақсарту және олардың танылуы мен кірістілігін арттыру арқылы қалай әсер ететіні туралы түсінік қалыптастыру. Спортшы көрсеткен нәтиже, жеткен табыс, оның тұлғалық жағынан танымал болуы тек PRғана емес, түрлі жарнама жасау технологиясына да тікелей байланысты. Болашақ спорт журналисі дәстүрлі және жаңа БАҚ-та жарнама жасау технологиясын терең меңгеріп шығуы тиіс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Спорт және саясат

    Спорт және саясат пәнінде спорт журналистері спортшылардың спорттағы әрбір қадамы, елдің экономикалық дамуына, елдің имиджіне, қоғамдық ортаға әсері, жастарға ықпалы туралы айтылады. Спортшының халықаралық деңгейдегі әр жеңісі бұл елдің әлеуетін айқындайтын, болашақтағы экономикадық және ішкі, сыртқы саясатын реттеуші күштердің бірі. Халықаралық саяси аренада бір мемлекеттің әнұраны екі жағдайда орындалады, бірі – ел Президенті шетелге ресми саяси сапармен барғанда, екіншісі – спортшылар халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырында тұрғанда. Болашақ спорт журналистикасының мамандары спорт төңірегіндегі саясатты дұрыс түсініп және оны ақпарат көздері арқылы таратуда ел ұстанып отырған саясатын міндетті түрде ескеруі тиіс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Спортшы тұлғасы: өсу, қалыптасу, даму жолдары

    Пәннің мақсаты: спортшының жеке басының қалыптасуының психологиялық және педагогикалық аспектілерін, оның өсу және даму жолдарын зерттеу. Студенттер спорттық нәтижеге жету үшін психологиялық дайындықтың, мотивацияның, өзін-өзі реттеудің және психологиялық тұрақтылықтың маңыздылығы туралы білім алады. Сонымен қатар, олар әртүрлі спорт түрлеріндегі спортшылардың психологиялық ерекшеліктерін, ұжымда тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін және жарыс кезінде стресс пен қысымды басқаруды зерттейді. Бұл пән сонымен қатар спортшының өзін-өзі тануын, оның кәсіби бағдарын және жеке өсуін арттыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Спорт комментаторының шеберлігі

    Спорт комментаторының шеберлік қырлары, оның қалыптасу жолдары, ізденісі мен біліктілік деңгейі, шығармашылық табиғаты, танымалдылық тағылымдары, сөйлеу мәдениеті туралы студенттер қажет деңгейде біліп шығуы керек

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Балалар спортында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану

    Пәннің мақсаты: жарыстарды ұйымдастыруды және өткізуді жақсарту және жаттықтырушылардың, спортшылардың және ата-аналардың өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру үшін пайдалануға болатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) технологияларын, әдістері мен құралдарын зерттеу. Бұл пән сонымен қатар спорттық аналитикалық жүйелер, мобильді қосымшалар, бейне және аудио технологиялар сияқты әртүрлі бағдарламалық және аппараттық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, сондай - ақ балалар спортындағы нақты міндеттер мен жағдайлар үшін оңтайлы акт шешімдерін бағалауға және таңдауға бағытталған. Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттер спортта заманауи технологияларды қолдану бойынша практикалық дағдыларды игере алады, бұл оларға жаттығу сапасын арттыруға, жарақат алу ықтималдығын азайтуға және балалардың спорттық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мультимедиалық журналистика

    Пәннің мақсаты – болашақ журналистерге түрлі компьютерлік қосымшалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын меңгеру дағдыларын қалыптастыру. Мақалаларды өңдеу, сюжеттер жасау, жұртшылыққа ақпарат тарату тетіктерін анықтау, тың интерфейс пен дизайнды қолдану, сонымен қатар ЖИ құралдары арқылы мәтін, бейне және аудионы өңдеу, деректерді талдау, аудиторияның сұранысын болжау сияқты мүмкіндіктерді үйрету. ЖИ технологияларын қолдана отырып, медиаконтент өндірісінің тиімділігін арттыру және заманауи журналистиканың талаптарына сай жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Медиаэтика

    Пәннің мақсаты - медиа саласындағы этикалық мәселелер мен оларды шешудің жолдарын үйрену. Жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында кездесетін түрлі қиындықтар мен кедергілерді талқылау. Моральдық тұрғыдан кемелденген кәсіби медиа маманының құзыреттіліктері жайлы түсінік қалыптастыру. Сақтық және әлеуметтік желі, иммерсивті журналистикадағы этика, жеке бас құпиясын сақтау әдебі, қоғамдық құқық, сөз бостандығы, этикалық нормалардың қақтығысына қатысты мысалдардан тәжірибе жинақтау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Спорттағы агенттік қызмет

    Пәннің мақсаты: Спорт индустриясындағы агенттердің рөлін, олардың функцияларын, міндеттері мен жұмыс ерекшеліктерін зерттеу. Студенттер спорттық таланттарды іздеу, ұсыну және басқару, келісімшарттар жасау және спортшылардың трансферттерін ұйымдастыру процестерін зерттейді. Пән сонымен қатар спорттағы агенттік қызметтің этикалық және құқықтық аспектілерін зерттеуге, сондай-ақ қарым-қатынас, келіссөздер және клиенттермен қарым-қатынасты басқару дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Спорттағы атрибутика мен символдар

    Пәннің мақсаты: әртүрлі спорт түрлерімен және спорттық командалармен байланысты болуы мүмкін рөлді, мағынаны және символизмді зерттеу. Студенттер әртүрлі атрибуттар мен белгілерді, мысалы, команда формасы, логотиптер, эмблемалар, маскоттар, талисмандар және спорттық ұйымдардың танылатын белгілері болып табылатын басқа элементтерді зерттейді. Бұл атрибуттар мен белгілердің жанкүйердің, көрерменнің және спортшының психологиясына әсерін, олардың спорттық сәйкестікті қалыптастырудағы, командалық рухты қалыптастырудағы және спортшылар мен олардың жанкүйерлері арасындағы байланысты нығайтудағы рөлін талдау. Сондай-ақ атрибуттар мен белгілердің спорт ұйымдарының маркетингтік стратегиясына әсерін және олардың демеушілер мен серіктестер үшін танылатын және тартымды болу қабілетін қарастыру маңызды. Спорттағы атрибуттар мен рәміздерді зерттеу спорттың тарихи және мәдени аспектілерін, оның қазіргі маңызы мен қоғамдағы рөлін түсінуге көмектеседі. Пән студенттерге сыни ойлауды дамытуға, ақпаратты талдауға және түсіндіруге, сондай-ақ алған білімдерін спорт индустриясы мен маркетингке қатысты практикалық іс-шараларға қолдануға көмектеседі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Жеке тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндетін шешу үшін коммуникацияға ауызекі және жазбаша түрде қазақ, орыс және шетел тілдерінде кіру.
  • Ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
  • Қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың, алаяқтықтың әсерін бағалау негізінде меншікті ақша бюджетін басқару, жеке бюджетті жоспарлау, қаржы өнімдері мен инвестициялау құралдарын қолдану бойынша талдамалық қабілеттерін дамыту; қаржы заңдары мен ережелерін, цифрлық және қаржылық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлыққа кепілдік беретін қазіргі заманғы қаржы құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру; салықтарды есептей және оңтайландыра білу, міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді есептеу дағдыларын қолдану, сақтандыру өнімдерін пайдалану.
  • Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру үшін философиялық білімді қолдана білу, азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдай білу.
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, құқықтық сауаттылықтықтың қажетті деңгейін меңгеру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларының кәсіби міндеттері мен қағидаттарын орындау, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
  • Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
  • Дәстүрлі БАҚ пен заманауи бұқаралық коммуникацияларда спорт туралы материалдарды жобалау, редакциялау және жасау; Отандық және шетелдік баспасөз тарихын білу, журналистиканың функциясы мен қоғамдағы ролін анықтау, телерадиожурналистика негіздерін талдау, жанрлық ерекшеліктерін білу, сондай-ақ журналистиканың әртүрлі жанрларында жазуды үйрену.
  • Әлемдік және республикалық деңгейдегі спорттық үдерістер туралы ақпарат жинау, жүйелендіру және өздігінше талдау дағдыларын меңгеру, олардың ара-жігін ажырата отырып өз жұмысында пайдалана білу; бұқаралық коммуникация технологиясын, медиаға мәтін жазу мен редакциялауды үйрену, публицистика тарихы мен тәжірибесін білу, шетел журналистикасының тәжірибесін, тілдік, стильдік ерекшеліктерді меңгеру, сөйлеу техникасы мен мәдениетін дамыту, телерадиожурналистикада ақпарат тарату және шығармашылық шеберлікке үйрену.
  • Спортшыны сипаттау, бейнелеу, оның образын жасау технологиясын меңгеру; материалдарды дайын ақпараттық өнімге айналдырудың стратегиялық нұсқаларын білу, анықтау және талдау, жаңа технологиялар мен цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануды үйрену.
  • Медиа-контентті іздеу, әзірлеу, өңдеу және тарату; студиялық және студиядан тыс хабарлар мен репортаждар жүргізу; шығармашылық жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыру және сараптау; журналистік, редакторлық қызметті (тақырып таңдау, сценарий жазу, медиа өнімді ілгерілету) кәсіби деңгейде жүзеге асыру. Жасанды интеллект құралдарын спорттық контентті жинау, сараптау және өңдеуде тиімді пайдалану қабілетін меңгеру.
  • Жарыстарда үздік нәтижелерді ілгерілету және спорт командаларының қаржылық жағдайын нығайту үшін жасанды интеллект технологияларын, сондай-ақ қоғамдық пікірді пайдалана отырып, спорттық деректерді талдау негізінде журналистік материалдарды дайындау дағдыларын дамыту.
  • Спортшылардың жетістіктерін көрсету және спорттық жарыстар барысында жедел материал әзірлеу үшін заманауи технологияны пайдалану; шығармашылық шеберлікке үйренеді, редакция жұмысын ұйымдастыру мен басқаруды меңгереді, бұқаралық коммуникация және гоесаяси жағдайлар мен аймақтық қақтығыс мәселелерін талдайды, жарнама және жасанды интеллект технологиясын біледі, телерадио-журналистің шығармашылық шеберханасын үйреніп, мәтін жазу мен сыни тұрғыдан сараптауды дамытады.
  • Спорт жарыстары мен спорт саласындағы саясат негізінде арнайы талдама материалдар әзірлеу; Ақпараттың өзектілігін анықтай білуі, материалды өңдеу мен даярлауда шынайылықты ұстану, логикалық қисынын және цифрлық журналистиканың мәнін біледі, әр түрлі салалық мәселелерге қатысты деректерді талдау, журналистика социологиясын, сондай-ақ әлеуметтік зерттеу әдістерді пайдалану дағдысын қалыптастырады.
  • Cпортшының ұлттық сана-сезімін қалыптастыру үшін спорттың тарихы мен дәстүрі, сондай-ақ халықтың салт-санасы мен мәдениеті төңірегінде терең білім алу; Телевизия мен радиодағы режиссураны біледі, деректі фильм жасаудың маңызын түсінеді, сондай-ақ заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, телевизия мен радиохабарларының дыбыс, әуен, бейне, сюжет пен композиция үйлесімділігін сақтауға үйренеді, ақпараттық технология мүмкіндіктерін меңгеру арқылы сайт құрастыруға, онда медиаөнімдерді жариялауды, таратуды меңгереді.
  • Қазақстандық және әлемдік спорт медиасының тарихын білу, проблемаларын айқындау, зерттеу, спорт медиасының қызметі мен қоғамдағы рөлін анықтау, спорт журналистикасы мен спорт медиасының жанрлық ерекшеліктерін білу, тікелей эфирде репортаж жасауды, сөйлеуді үйрену, онлайн ақпарат таратуды білу; Көркем ойлау мен сыни талдауды меңгеру, әдебиеттің теориясы мен тарихын қарастыру, болашақ медиамаманның ойын еркін жеткізуі мен көпшілік алдында дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, кейіпкердің портретін жасау, характерін ашу ерекшеліктерін білу.
Top