Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02333 Шетел филологиясы (түрік тілі) в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Бұл курс әдебиетті ғылыми тұрғыда зерттеудің негізгі принциптерін, ұғымдары мен әдістерін таныстырады. Әдебиеттің анықтамасы, көлемі, негізгі тақырыптары, зерттеу әдістері, әдеби жанрлар, ағымдар, тарих және басқа пәндермен байланысы қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер әдебиеттанудың терминологиясын меңгереді, мәтінді талдау, жанрларды тану, мәдени-тарихи контекстін түсіну және оқу-түсіну дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік тілінің грамматикасы I

    Бұл курс қазіргі түрік тілінің негізгі грамматикалық құрылымын (фонетика, морфология, синтаксис және семантика) жүйелі түрде үйретуге бағытталған. Студенттер тілдің дыбыстық жүйесін, сөздердің құрылымын, сөйлем құрылымын және грамматикалық терминологияны терең меңгереді. Курсты оқу нәтижесінде тілдік құрылымды ғылыми тұрғыда талдау және қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілінің тарихы

    Пән түркі тілінің шығу тегі, тіл туысқандығы және осы мәселелерге қатысты айтылған пікірлер, Орал-алтай тілдерінің теориясы, түркі тілінің кезеңдері, тарихи түркі тілінің жазба және ауызекі әдеби тілдері және олардың шығармалары туралы мәлімет беріледі. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер түркі тілінің ежелгі тарихы мен грамматикалық ерекшеліктерін меңгереді, түрік тілінің даму тарихы туралы білімін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түрік тілінің грамматикасы IІ

    Бұл курс қазіргі түрік тілінің тереңдетілген грамматикалық құрылымын (морфологияның күрделі аспектілері, синтаксистің кеңейтілген модельдері, мәтін талдауындағы семантикалық нюанстар) оқытуға арналған. Студенттер етістіктің шақтары мен райларының жіктелуін, септік жалғауларының қолданылу ерекшеліктерін, күрделі сөйлем түрлерін және мәтіннің құрылымдық-мағыналық байланыстарын жан-жақты меңгереді. Курсты оқу нәтижесінде түрік тіліндегі әртүрлі жанрдағы мәтіндерді лингвистикалық тұрғыда сауатты талдау және тілдік нормаларға сай еркін қолдану қабілеттерін жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Осман тілі І

    Пән осман тілінің тарихи қалыптасу кезеңдері туралы мәлімет береді, араб әліпбиімен таныстырады, түрік, араб және парсы тілдеріндегі жазу түрлері мен қолжазбалар туралы білімдерін қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы, араб графикасына негізделген осман әліпбиіндегі әріптердің ерекшеліктерін таниды, осман-түрік тілінде қолданылатын араб және парсы элементтерін меңгереді, сонымен қатар баспа және қолжазба мәтіндері бойынша практикалық жұмыс жасай алады және оқыған мәтіндерін түсіне алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінде жазбаша және ауызша сөйлеу

    Бұл курс студенттерге түрік тілін жазбаша және ауызша түрде дұрыс, әрі мақсатқа сай қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курста жазу мен сөйлеудің грамматикалық ережелері, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді құрастыру, тиімді презентация жасау, сондай-ақ мәнерлеп сөйлеу мен аудитория алдында өз ойын жеткізе білу техникалары қарастырылады. Курсты оқу нәтижесінде студенттер жазбаша және ауызша коммуникациялық құзыреттіліктерін арттырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік халық әдебиеті І

    Пән фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары, фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары, фольклор және ұлт тарихы сияқты теориялық және практикалық мәселелерді қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түрік халық ауыз әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады және халық әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік тілде іс жүргізу

    Пән мемлекеттік тілде іс жүргізудің нормативтік базасы, құжаттың түсінігі мен функциялары, мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Оқыту нәтижесінде білім алушылар мемлекеттік тілде іс жүргізу саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қолдана отырып, тиімді коммуникацияны жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Осман тілі ІI

    Пән араб жазу түрлері мен қолжазбалары және осман-түрік тілінде қолданылатын араб және парсы тілінің грамматикалық ережелері туралы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы осман-түрік тілінің негізгі ережелерін біледі, араб графикасының осман-түрік тілінде жаза алады және мәтіндерін оқи алады, дереккөздермен жұмыс істеу дағдысына ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түрік халық әдебиеті ІІ

    Пән түрік халық әдебиетіндегі авторы белгісіз поэзиялық ескерткіштер (дастан, эпос, өлең түрлері, жоқтау, бесік жырлары) және текке өлеңі туралы мәлімет береді. ХV-ХХ ғасырлардағы түрік саз өлеңдері (Көроғлу, Каражаоғлан, Ержисли Эмрах, Гевхери, Кайыкчы Кул, т.б.) туралы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, ауыз әдебиетіндегі таңдалған шығармаларды мазмұны, тілі, құрылымы жағынан талдай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Осман тіліндегі мәтіндер

    Пән Кіші Азия Осман түріктерінің жазуы, араб-парсы жазуы және оның көне осман тіліндегі түрлендіруі туралы, XIII-XV және XVI-XIX ғасырлардағы жазудың айырмашылығы туралы, араб негізіндегі осман және көне осман жазуының графикалық ерекшеліктері туралы мәліметтер береді. Пәнді оқу нәтижесінде студент оқытылатын тілдің даму тарихы мен қазіргі кезеңдегі жүйелі білім негізінде мәтінді/дискурсты лингвистикалық талдау әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ортағасырлық түркі тілі I (қарахан-харезм-қыпшақ тілдері)

    Пән білімгерлерде Қараханид дәуіріндегі түркі жазба мәдениетінің ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырады. Қараханид мемлекетінің тілі, қарлұқ-хорезм тілі және қыпшақ тілі туралы мәлімет береді, Қараханид дәуірінде жазылған жазбаларды оқып, талдау жасауды үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер Қараханид кезеңіндегі түркі жазба мәдениетінің жетістіктерін және жазбалардың ерекшеліктерін меңгереді. Сондай-ақ, сол дәуірде жазылған мәтіндерді оқып, түсіну дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көне Ұйғыр түрікшесі

    Пән білімгерлерде көне ұйғыр тілінің даму тарихы туралы түсінік қалыптастырады, көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің табылуы мен олардың орналасқан жері, бүгінгі күнге дейін сақталу деңгейі туралы мəліметтерді тарих, география пəндерімен өзара байланыстыра отырып түсіндіреді, көне ұйғыр тіліндегі жазбаларды оқу дағдысын қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер көне ұйғыр тілінің ежелгі тарихы мен грамматикалық ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір түрік әдебиеті І

    Пән исламға дейінгі және ислам дәуіріндегі түрік әдебиеті және сол кезеңнің шығармалары, тарихы мен әдісі туралы мәлімет береді. Пән XІІ-XV ғғ. түрік әдебиетіндегі өлең түрлеріне, өлең шумақтары мен қатарларының орналасу тәртібіне, өлеңдердің аруз қалыптарымен жазылу ерекшеліктерін үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер Анадолы аймағындағы ақындардың шығармаларын талдап, әдеби дәстүрдің қалыптасу үдерісіне әсер ететін факторларды түсіндіре алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік халық әдебиеті ІІІ

    Пән түрік халқының аңыз әңгімелері мен әзіл оспақ әңгімелерінің ерекшеліктерін, халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған ертегілер мен халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмірлік тәжірибесі, оның мәдениетімен салты, әдеті мен ғұрыпын бейнелейтін әңгімелердің ерекшеліктерін түсіндіреді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түрік халық ауыз әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аударма теориясы

    Пән аударма процесінің заңдылықтарымен таныстырады, студенттердің ой өрісін кеңейтіп, аудармашылық дағдыларын қалыптастыру арқылы аударма барысында пайда болатын лексикалық, грамматикалық және стилистикалық қиыншылықтарды жеңу тәсілдерін үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде студент аударма барысындағы тіл бірліктерінің қайта құрылу тәсілдерін меңгереді, теориялық білімді практикада қолдана алады, өз мамандығы бойынша өздік кәсіби және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңа дәуір түрік әдебиеті І

    Пән Анадолы Танзимат дәуіріндегі поэзия, проза және драма жанрларының дамуы, танзимат кезеңі мен диван әдебиетінің айырмашылығы және осы кезеңдегі әдеби жанрлардың жаңаша жазылуы туралы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер Танзимат дәуіріндегі түркі әдебиетінің ақын-жазушыларының өмірі және шығармашылығымен танысады, әдеби шығармалардың жазу стильдері мен ерекшеліктерін талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі түркі тілдері (Қазақ-Қырғыз-Башқұрт-Татар)

    Пән түркі тілдерінің бірі болып табылатын қазақ, қырғыз, башқұрт және татар тілдерінің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын үйретеді, сол елдердің ақын және жазушылары туралы мәлімет береді және мәтіндер көмегімен қазіргі түркі тілдерінің тілдік ерекшеліктерін үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер қазақ, қырғыз, башқұрт және татар тілдерінде жазылған мәтіндерді салыстырмалы түрде талдай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көне түркі тілі (Көктүрік- көне ұйғыр)

    Пән көне түркі тілінің даму тарихы туралы түсінік береді, түркі жазба ескерткіштерінің табылуы, оқылуы мен жариялануы және олардың орналасқан жері, бүгінгі күнге дейін сақталу деңгейі туралы мəліметтерді тарих, география пəндерімен өзара байланыстыра отырып қарастыру әдістерімен таныстырады. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер көне түркі тілінің грамматикалық құрылысы, фонетикалық жүйесі және оның негізгі сөздік қоры туралы білімін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлық түркі тілі ІІ (шағатай тілі)

    Пән білімгерлерге шағатай тілінің әліпбиі және олардың дыбыстық артикуляциялық ерекшеліктері туралы мәлімет береді. Шағатай ұлысының тарихы мен мәдениетін, шағатай жазба тілінің грамматикасын, ерекшеліктерімен ескерткіштерді транскрипциялау әдістерін үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер шағатай әліпбиін, транскрипция жасау әдісін, қолжазбалармен жұмыс істеу арқылы ішкі мазмұнын талдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ескі Анадолы Түрікшесі

    Пән ХІІІ-ХV ғасырлар арасында шығарма жазған ақын жазушылардың еңбегінен алынған мәтіндердің көмегімен ескі Анатолья кезеңі тілінің ерекшеліктерін көрсетеді. Ескі Анатолья кезеңінің тілі мен қазіргі түрік тілінің арасындағы тілдік ерекшеліктер жағынан салыстырмалы әдістер арқылы жұмыс жүргізу арқылы ерекшеліктерін айқындайды. Осы пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер ескі Анатолья дәуірінің атақты жазушыларының шығармаларын оқып талдау жасай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Түрік халық әдебиеті ІV

    Пән фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары сияқты теориялық және практикалық мәселелерді қарастырады. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түрік жыр әдебиеті саласында берілген мәліметтерді құрастыру, талдау, сынау және түсіндіру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жаңа дәуір түрік әдебиеті ІІ

    Пән Сервет-и Фунун және Фежри ати кезеңдерінде пайда болған әдеби жаңалықтардың, оның ішінде, өлеңдер мен романдардың зерттелуін, осы кезеңдегі әдеби қауымдастықтар арасындағы пікірталастардың түрік әдебиетіне көрсеткен әсерін саралауды үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер батыстық ағымдардың әсерінде дамыған түрік әдебиетіндегі жаңа жанрлардың ерекшеліктерін ұғынып, әдебиет пен қоғамның ара-қатынасын сипаттауды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір түрік әдебиеті ІІI

    Пән XVII ғасырда пайда болған стильдік айырмашылықтарды паналатқан ағымдар (классикалық, себк-и хинди, махаллий, хикеми) негізінде қалыптасқан жалпы эстетикалық құндылықтармен таныстырады. Анадолы аясындағы түрік әдебиетінің әдеби шығармаларын түрлеріне қарай бағалап, жіктейді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер Диуан әдебиеті және оның жалпы ерекшеліктері, ХҮІІ ғасыр ақындары мен олардың шығармалары және поэзия үлгілерін талдай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі түркі тілдері (Өзбек-Ұйғыр)

    Пән түркі тілдерінің ішіндегі қарлұқ тобына жататын өзбек және ұйғыр тілдерін негізге алып, сол тілдердің грамматикалық және құрылымдық ерекшеліктерін үйретеді, мәтіндер көмегімен қазіргі түркі тілдерінің тілдік ерекшеліктерін көрсетеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, өзбек және ұйғыр тілдерін салыстырмалы түрде талдайды, бұл тілдердің барлығын бүгінгі түрік тілімен салыстыра отырып қарастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір түрік әдебиеті ІІ

    Пән XV-XVI ғасыр Түрік әдебиетінің өркендеуі және сол кезеңде жазылған шығармалар туралы жан-жақты мәлімет береді. Сонымен қатар жалпы эстетикалық құндылықтар тұрғысынан әдебиеттің классикалық әдебиетке айналуын түсіндіреді. Түрік әдебиетінің ежелгі дәуірдегі көрнекті өкілдерінің шығармаларымен таныстырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы XVI ғасырдағы ежелгі дәуір әдебиетінің прозалық көркем мәтіндерін оқи алады, түсіндіреді және поэзия үлгілерін талдай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінің стилистикасы

    Пән түрік тілінің стилистикалық ресурстары туралы мәлімет береді, функционалдық стильдерді және олардың жиынтығында және жүйесінде сөйлеудің коммуникативтік қасиеттерін зерттейді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер стилистикалық ерекшеліктер мен семантико-прагматикалық бағыттағы тілдік мінез-құлық тактикасын қалыптастыра алады және түрік тілінің стилистикалық нормаларымен ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау процесінде қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінің лексикологиясы

    Пән қазіргі түрік тілінің сөздік қоры мен құрылысы, лексикологиясы, сөздің салыстырмалы лексикалық мағынасы және олардың семантикалық құрылымының түрлері жайында мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер түрік тіліндегі кірме сөздерді және қазіргі түрік тілінің семантикасы мен оның түрлерін, мақал-мәтелдері мен тұрақты сөз тіркестерін және түрік тілінің сөздік қорын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем әдебиеті

    Пән әлемдік әдебиеттің тарихи-әдеби дәуірлері, шешендік өнер тарихи және философиялық проза талаптарына сай келетін құндылықтары, әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығына байланысты мәліметтер береді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер оқылған шығармалардағы негізгі түйінді тауып, олардың көркемдік мәнін біледі, оқиға, кейіпкерлер жөнінде ауызша ой қорыта алады, өз ойын жеткізе алады, пікірін қорғай алады, көркем, мәдениетті сөйлеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңа түркі жазба тілдерінің кезеңі

    Бұл курс түркі тілі тарихындағы Орта дәуір түркі тілі кезеңінен кейінгі, шамамен ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Қазіргі түркі диалектілерінің қалыптасуы, түркі тайпалары арасында пайда болған әртүрлі жазба тілдері, тілдің кең аумақта дамуы және әдеби-мәдени орталықтарда дербес тілдерге айналуы қарастырылады. Курста диалектілердің жазба тіліне айналу процесі, әдеби қызметі, ерекшеліктері және қолданылған әліпбилері зерттеледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвистикалық аударматану

    Пән тіл біліміндегі лексикология, лексикография, семасиология салалары арқылы мәтін талдауды, мәтіннің грамматикалық-синтаксистік құрылымын анықтауды, сөз біріктіру амалдарын, қосымшалардың қызметін, көркем мәтін авторының және аудармашының сөз қолданасын айқындауды басты нысанаға алады. Пәнді оқу нәтижесінде студент лингвистикалық тұрғыдан мәтін талдайды, көркем мәтін авторының сөз қолданысын айқындап практикада қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық түрік тілі

    Бұл курс түрік тілі мен әдебиеті саласындағы зерттеу жұмысын жүргізудің әдістері мен қажетті дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер теориялық білімдерін практикалық зерттеулерде қолдануды, деректерді жинау, талдау және ғылыми тұрғыда интерпретациялауды үйренеді. Курсты оқу нәтижесінде, студенттер зерттеу тақырыбын анықтау, әдебиетке шолу жасау, зерттеу әдіснамасын меңгеру, деректерді талдау және ғылыми этиканы сақтау сияқты маңызды академиялық құзыреттіліктерге ие болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңа дәуір түрік әдебиеті ІІІ

    Пән ХХ ғасырдың басы түрік әдебиетінің өлеңдері мен романдарының зерттелуін түсіндіреді, саяси ұстанымдар мен қоғамдық ағымдардың түрік әдебиетіне көрсеткен әсерін анықтайды, 2-Мештутиет кезеңіндегі түрік әдебиетінде қозғалған басты тақырыптар жайлы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер саяси кезеңнің түрік әдебиетіне әсерін ұғынып, түрікшілік ағымының негізінде жазылған әдеби шығармаларды тақырыптық ерекшеліктеріне қарай саралауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі мен әдебиеті саласындағы зерттеулер

    Бұл курс түрік тілі мен әдебиеті саласындағы зерттеу жұмысын жүргізудің әдістері мен қажетті дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер дерек жинау, талдау және интерпретациялау үшін далалық, мұрағаттық және кітапханалық зерттеулерді жүргізу арқылы теориялық білімдерін практикада қолдануды үйренеді. Курсты оқу нәтижесінде студенттер зерттеу тақырыбын анықтау, дереккөздерді табу, зерттеу әдіснамасын меңгеру, деректерді талдау және ғылыми этиканы сақтау сияқты маңызды дағдыларға ие болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медиа сауаттылық

    Пән медиа даму тарихы мен жаңа медиа типологиясы, сандық байланыс құралдарының жалпы және өзіндік ерекшеліктері, бұқаралық коммуникацияны зерттеудің әртүрлі тәсілдері туралы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер өз бетінше ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін медиа - мәдениеттің формалары мен процестерін талдау теориялары мен әдістерін сыни қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі түркі жазба тілдері: мәтіндерді оқу және зерттеу

    Бұл курс қазіргі түркі жазба тілдеріндегі әдеби мәтіндерді зерттеу арқылы олардың құрылымдық ерекшеліктерін (дыбыс, форма, сөз тіркесі, мағына) жан-жақты қарастырады. Студенттердің бұл мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну және терең талдау қабілеттерін дамытуды мақсат етеді. Курсты оқу нәтижесінде студенттер татар, башқұрт, қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, әзербайжан, түрікмен тілдері сияқты жаңа түрік жазба тілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Зерттеу әдістері мен техникаларының көмегімен жасанды интеллект құралдарын қолдану

    Бұл пән ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер мен техникаларды, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалануды үйретеді. Курста дәстүрлі зерттеу әдіснамасы мен заманауи жасанды интеллект технологияларын біріктіру арқылы студенттердің қазіргі зерттеу тәжірибесін меңгеруі мақсат етіледі. Курсты оқу нәтижесінде студенттер зерттеудің әртүрлі кезеңдерінде жасанды интеллект құралдарын қолдануды, деректерді талдауды, ғылыми жұмыстарды жазуды және жасанды интеллектің этикалық мәселелерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілін оқытудың әдістері

    Пән түрік тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық-теориялық негіздері туралы мағлұмат береді. Түрік тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары, әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік береді, тілді оқыту барысында қолданылатын амал-тәсілдерді үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялар мен технологияларды пайдалануда дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Бұл курс тілді ғылыми әдістермен зерттейтін лингвистиканың негізгі ұғымдары мен принциптерін таныстырады. Онда тілдің не екені, қалай жұмыс істейтіні, құрылымы мен қызметі, адам санасындағы орны сияқты сұрақтар қарастырылады. Курсты оқу нәтижесінде студенттер фонетика, фонология, морфология, синтаксис, семантика, прагматика және басқа да тіл білімінің салалары бойынша білімін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Әдеби түрік тілін жетік біледі, тілдің диалектілік алуан түрлілігін түсінеді, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және мәтіндік үлгілері мен нормаларын біледі және заманауи лингвистикалық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, тіл білімі саласындағы заманауи бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді
  • Тілдің тарихи дамуы тұрғысынан тілдік фактілерді түсіндіреді, көне түркі тілі, көне ұйғыр, қарахан, хорезм, шағатай және осман тілдеріндегі мәтіндерді оқиды, қолжазбалардың транскрипциясын жасайды, сондай-ақ қазіргі түркі тілдерін (өзбек, ұйғыр, татар, башқұрт, қазақ, қырғыз) салыстыра отырып зерттейді
  • Түрік әдебиетінің мазмұны мен даму заңдылықтарын, халықтық, ежелгі, классикалық және жаңа дәуірдегі әдеби процестің негізгі кезеңдерін сипаттайды, түрік әдебиеті шығармаларында көрініс тапқан көркемдік сананың эстетикалық үлгілері мен формаларын түсіндіреді, әдебиеттану ғылымының негізгі концепциялары бойынша білім берудің қазіргі заманғы зерттеу құралдары мен әртүрлі тәсілдерін қолданады
  • Аударма конвенцияларын ескере отырып, аударманың негізгі тілінің грамматикалық, лексикалық, идиоматикалық құрылымдарын қолдана алады, аударма процесін жеңілдететін бағдарламаларды, соның ішінде интернетті қолдана отырып қажетті мәліметтерді іздеу және бағалау жұмыстарын жүргізе алады
  • Қазақ және түрік тілдеріндегі мәтіндерді өңдеу, түзету және стильдік, грамматикалық, техникалық қателерін түзету үшін мәтіндік редакторлардың түрлі типтерімен, SMART технологияларымен және жасанды интеллект (ЖИ) платформаларымен жұмыс істейді
  • түрік және әлемдік әдебиеттің даму заңдылықтары мен мазмұнын сипаттайды, түрік және әлемдік әдебиет шығармаларында көрсетілген идеялық мазмұн, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, немесе, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдайды. Көркем шығарма кейіпкерлерінің характерін бейнелеуде сөздік, тілдік кұралдарды пайдаланады
  • SMART білім берудің негізгі идеяларын кәсіптік мақсатта қолдана отырып, жасанды интеллект құралдарының көмегімен сәйкес оқу-әдістемелік кешендер мен оқыту әдістерін таңдайды, оқу процесін ұйымдастырады. Білімгерлердің оқу іс-әрекетінің модераторы ретінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдаланып шет тілінің коммуникативтік құзыреттілігін дамытады.
  • ұжымның кәсіби мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтайды, әріптестермен және басшылықпен кәсіби қарым-қатынас жасайды, ұжымда стандартты емес жағдайларды шешу қабілетін дамытады және қолданады, алған теориялық білімін кәсіби қызметінде пайдаланады
Top