Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01535 Химия в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
  • Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
  • Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді
  • Мәселені шешуде өз ойын командада нақты жеткізе отырып, қақтығыстарды шешуде мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінуге, жаңа шешімдерді қорытындылауда, өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастырады
  • Білім беру қызметінде педагогикалық инновацияларды меңгере отырып, өзінің мотивациясы мен еңбекқорлығы арқылы педагогикалық шеберлігін жетілдіре отырып, педагогикалық технологияларды іске асырады
  • Жоғары және орта кәсіби білім бағдарламалары шеңберінде педагогикалық қызметті және білім беру процесін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыруда химия саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректердің (процесті бақылау, зерттеудің ғылыми нәтижелері) дұрыстығы мен құндылығын негіздеу үшін оларға талдау және түсіндіру жүргізеді
  • Химияның негізгі теориялық заңдылықтары мен заманауи білім беру әдістемесін үйлесімді қолдана отырып, кәсіби қызметінде заманауи зерттеу әдістері арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асырады, статистикалық әдістер арқылы жүргізілген зерттеулердің тәжірибелік деректерін өңдейді
Top