6B08112 Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы в Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ауыл шаруашылығында ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары сапалы өнім алудың жолдарын толық меңгерген теориялық және тәжірибелік білімі бар мемлекеттік білім беру стандартына және тұтынушылардың потенциалды тапсырысына лайықты жоғары білікті және бәсекеге қабілетті бакалаврларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B077 Өсімдік шаруашылығы
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 6B081 Агрономия
Пәндер
-
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Пәннің мақсаты – студенттерде «Адам-тіршілік ортасы» жүйесіндегі қауіпті анықтау (тану немесе айқындау) дағдыларын қалыптастыру. Мыналар зерделенетін болады: - адам қызметіне қарамастан және/немесе антропогендік факторлардың тікелей әсер етуі нәтижесінде техносферада туындайтын қауіпті және зиянды факторлар; азаматтық қорғау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының рөлі мен маңыздылығы; сондай-ақ тіршілік ету ортасында (техносферада) адамның қолайлы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында халықты әртүрлі төтенше жағдайлардан қорғаудың жүргізілетін негізгі ұйымдастырушылық қағидаттары.
Несиелер - 3
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық, экономика және кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, экология және тұрақты даму, инклюзия негіздері
Пәннің мақсаты – студенттердің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы негіздер бойынша кешенді түсінігін қалыптастыру, нарықтық экономика мен кәсіпкерліктің негіздерін меңгеру, қаржылық сауаттылықты, экологиялық жауапкершілікті және тұрақты даму қағидаттарын дамыту, сондай-ақ қоғамдағы инклюзивті өзара іс-қимылдың негізгі тәсілдерін игеру.
Несиелер - 5
-
Агрономия және мал шаруашылығы негіздері
Пәннің мақсаты – студенттерге агрономияның, мал шаруашылығының дамуы, негізін қалаушылар, ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің негіздері және ауылшаруашылық малдардың анатомиясы мен физиологиясы жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: агрономия мен мал шаруашылығының тарихы мен дамуы; агрономияны қалаған және мал шаруашылығының дамуына үлес қосқан ғалымдар; топырақ туралы түсінік; топырақ құнарлығын арттыру; ауыспалы егістіктер; органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану жүйесі; егіншіліктің аймақтық жүйесі; суғармалы және тәлімі егіншіліктер; топырақты эрозиядан қорғау; халық шаруашылығындағы жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе, қоян, құс, ара шаруашылықтарының маңыздылығы; мал шаруашылықтық фермалар мен кешендер; мал шаруашылығы өнімін өндіру технологиясының отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибелері; малдарды азықтандыру. Курсты игеру нәтижесінде студенттер суғармалы және тәлімі егіншіліктерде ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің негіздерін және мал шаруашылығының түрлерін және оларды азықтандыруды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Агрометеорология
Пәннің мақсаты – студенттерге климаттық факторлардың түрлері мен маңыздылығы және оларды ашық танапта есепке алудың жолдары жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: маңызды агрометеоролигиялық факторлар; климаттық факторлар; агрометеорологияның негізгі мақсаттары; негізгі метеорологиялық бақылаулардың түрлері; желдің және буланғыштықты, жауын-шашынды есепке алудың әдістері; радиациялық баланс және күн радиациясы; ауаның және топырақтың температурасын өлшеу мерзімі мен әдістері; ауаның және топырақтың ылғалдылығын өлшеу мерзімі мен әдістері; желдің бағытын және жылдамдығын өлшеу әдістері; агрометеорологиялық құрал-жабдықтар және олардың сипаттамасы. Курсты игеру нәтижесінде студенттер климаттық факторларды ашық танапта есепке алудың жолдары, әдістерін және қажетті құрал-жабдықтарды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік биологиясы
Пәннің мақсаты – студенттерге ботаника бөлімдері, өсімдіктердің жіктелуі және құрылымдық ботаниканың мәселелері жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар оқытылады: құрылымдық ботаниканың өзекті мәселелері; төменгі және жоғары өсімдіктердің жүйелілік негіздері; жалаңаштұқымды және гүлді өсімдіктер; бір және екібөлшекті өсімдіктер; өсімдік жасушаларының құрылымын зерттеу; ауыл шаруашылығы дақылдарының өсімдік жасушаларының құрылымы; өсімдіктердің тіршілік формалары; таксондардың классификациясы және морфологиялық ерекшеліктері; ауылшаруашылық дақылдарының генеративті және вегетативті мүшелері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ботаниканың негізін және ауылшаруашылық дақылдарының құрылымын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Топырақтану геология негіздерімен
Пәннің мақсаты - студенттерге топырақ түзілуінің факторлары мен негізгі процестері, топырақтың құрамы мен қасиеттері, құнарлылықты реттеу және топырақты қорғау туралы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: топырақ түзілудің негізгі факторлары мен жағдайлары; топырақ классификациясы; минералдардың классификациясы; тау жыныстары; топырақтың генетикалық қабаты; Қазақстанның геологиялық картасы; топырақ режимінің негізгі түрлері; топырақ үлгілерін алу және талдау жасаудың әдістері; топырақпен жұмыс жасауда қолданылатын құрал-саймандар мен жабдықтар; топырақ құнарлығын және онық құрамын анықтау; топырақтың физикалық қасиеттері; топырақтың химиялық құрамы; топырақтың қышқылдылығын және тұздылығын анықтау әдістері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер топырақтың физикалық, механикалық және химиялық жағдайларын сақтауды және оларды арттырудың жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейорганикалық және аналитикалық химия
Пәннің мақсаты - бейорганикалық және аналитикалық химияның негіздерін, топырақ пен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің химиялық құрамын және оларды анықтауды үйрету. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: бейорганикалық және аналитикалық химияның теориялық негіздері; химияның негізгі заңдары мен ұғымдары; бейорганикалық қосылыстардың класы және олардың жалпы қасиеттері; химиялық кинетика; органикалық қосылыстардың қасиеті мен құрылымының негізі; негізгі химиялық үдерістер; көмірсулар мен сутектер; бейорганикалық қосылыстар; тұздар мен гидролиздер; аналитикалық химияның теориялық негізі. Курсты игеру нәтижесінде студенттер өсімдік шаруашылығы өнімдерінің және топырақтың химиялық құрамдарын анықтауды, заттарға химиялық талдау жасауды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өсімдік шаруашылығын механикаландыру
Пәннің мақсаты - өсімдік шаруашылығын механикаландырудың негізі және машиналардың жұмыс процестері туралы теориялық және практикалық жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: өсімдік шаруашылығын механикаландырудың негізі; шынжыр табанды және дөңгелекті тракторлар; топырақ өңдеуге арналған тракторлар; культиваторлар мен соқалардың түрлері; себу және көшет отырғызу агрегаттары; ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жинауға арналған комбайндардың түрлері; органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізуге арналған агрегаттар; жаңбырлатқыш машиналардың түрлері; әртүрлі дала жұмыстарын орындау үшін агрегаттарды тексеру және дайындау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер өсімдік шаруашылығын механикаландыруды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Агрономиялық микробиология
Пәннің мақсаты – студенттерге микроорганизмдер туралы және жалпы ауылшаруашылық микробиологиясы бойынша практикалық дағдылармен білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар оқытылады: агрономиялық микробиологияның тарихы мен дамуы; микроорганизмдердің физиологиясы мен микробиологиясының жалпы негіздері; микроорганизмдердің түрлері мен олардың көбеюуі; топырақ микроорганизмдері және оларды анықтау әдістері; микроорганизмдердің белсенділігі және бактерияларды көбейту; микробиологиялық үдерістер; өсімдік ауруын қоздырғыштар. Курсты игеру нәтижесінде студенттер топырақтың микрофлорасы және оған тыңайтқыштардың әсері мен ауылшаруашылық өнімдеріне микробиологиялық талдау жасауды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығының агробиологиялық негіздері
Пәннің мақсаты - студенттерге ауылшаруашылық дақылдарының классификациясы және олардың биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: өсімдік шаруашылығының даму тарихы; өсімдік шаруашылығының заңдары; ауылшаруашылығы дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы; ауылшаруашылығы дақылдарының өмір тіршілік факторлары; ауылшаруашылығы дақылдарының жіктелуі; ауылшаруашылығы дақылдарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері; ауылшаруашылығы дақылдарының аудандастырылған және перспективалы сорттары және олардың сипаттамалары; ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы; ауылшаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығының негіздері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарының классификациясын, өсіп-дамуын және олардың морфологиялық белгілерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі
Пәннің мақсаты – студенттерге тәжірибелік жұмыстардың әдістемесінің негіздері, агрономиялық зерттеулердің негізгі әдістері (зертханалық, вегетациялық, лизиметрлік және танаптық) жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: тәжірибелердің нұсқалары мен қайталануы; тәжірибелердің қателіктері; мөлдектердің ауданы, бағыты мен пішіні; экспериментті жоспарлау теориясы; далалық тәжірибеде бақылау жұмысын жоспарлау және жүргізу; ауылшаруашылық дақылдарының өнімін есепке алу әдістемесі; эксперименттердің негізгі түрлерін жүргізу әдістемесі; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; зерттеулердің нәтижелерін статистикалық өңдеудің негіздері; ғылыми есептерді дайындау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ашық танапта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жайылымдық шаруашылықты ұйымдастыру
Пәннің мақсаты – студенттерге жайылымдық шаруашылықтың маңызы және оны ұйымдастыру жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: жайылымдық шаруашылықтың тарихы мен дамуы; жайылымдық шаруашылықты ұйымдастыру туралы жалпы мағлұматтар; жайылымдық шаруашылықтың мақсаттары; жайылымдар мен шабындықтардың өсімдік жамылғысы; жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалану мен жақсарту;табиғи жайылымдар мен шабындықтардың типтері; себінді шабындықтарды жасау және жақсарту; жайылымдар мен шабындықтарды аурулар мен зиянкестерден қорғау; шабындықтардың өнімділігі. Курсты игеру нәтижесінде студенттер жайылымдық шаруашылықты ұйымдастыруды және оны тиімді пайдаланудың жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдіктерді қорғау әдістері
Пәннің мақсаты – студенттерге өсімдіктерді қорғау әдістерінің түрлері және оларды қолдану ерекшеліктері жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: өсімдіктерді қорғаудың даму тарихы; өсімдік шаруашылығында қолданылатын өсімдіктерді қорғаудың негізгі әдістері; өсімдіктерді биологиялық әдіспен қорғаудың дамуы мен ерекшеліктері; өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдісінде қолданылатын тірі организмдердің түрлері; өсімдіктерді қорғаудың химиялық әдісі және химиялық препараттар; өсімдіктерді қорғаудың дәстүрлі емес және қазіргі заманауи әдістері; пестицидтерді сақтау технологиясы және олармен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігін сақтау; далалық жұмыстарды ұйымдастыру және сапасын бағалау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғаудың әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Агрогербология
Пәннің мақсаты - арамшөптердің пайда болу заңдылықтары және олардың зияндылығы туралы, арамшөпке гербологиялық жұмысты жүргізу, жасау және сақтау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: агрогербологияның дамуы мен тарихы; өсімдік шаруашылығындағы агрогербологияның маңызы мен орны; арамшөптердің түрлері; әртүрлі арамшөптерді зерттеудің әдістері; арамшөптерді морфологиялық белгілері бойынша анықтау; арамшөптердің тұқымдары; арамшөптердің гербарийін жасауға арналған материалдар; гербарилерді сақтаудың технологиясы; гербарии жасау кезіндегі зертханалық және танаптық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу; өсімдік қорғау әдістерін жасау және бағалау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер арамшөптерге гербологиялық жұмысты жүргізе алады және дақылдарды арамшөптерден қорғаудың заманауи тәсілдерін таңдай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бақша дақылдарын өсіру технологиясы
Пәннің мақсаты - студенттерге бақша дақылдарын өсірудің заманауи технологияларын үйрету. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: халық шаруашылығындағы бақша дақылдарының маңызы және дамуы; бақша дақылдарының аудандастырылған және жаңа сорттары; бақша дақылдарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері; топырақты өңдеу жүйесі және бақша дақылдарының ауыспалы егістері; ашық танапта бақша дақылдарының өсуі мен даму шарттары; тұқымдарды себуге және оны себуге дайындаудың әдістері; бақша дақылдарын себудің негізгі схемалары; бақша дақылдарын арамшөптерден қорғау; бақша дақылдарын аурулардан және зиянкестерден қорғау; бақша дақылдарына қажетті органикалық және минералды тыңайтқыштарды есептеу; бақша дақылдарын суғару технологиясы; өнімді жинауды ұйымдастыру, жинау, сорттау, тазалау және тасымалдау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер бақша дақылдарын өсірудің заманауи технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық және химиялық әдістері
Пәннің мақсаты – студенттерге өсімдіктерді қорғаудың биологиялық және химиялық әдістері және оларды қолдану ерекшеліктері жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: өсімдіктерді қорғау әдістерінің дамуы тарихы; ауылшаруашылық дақылдарын қорғаудың химиялық және биологиялық әдістерінің ерекшеліктері; зиянкестерді жоятын энтомофагтар мен акарифагтар (кенелермен қоректенетін жануарлар); арамшөптермен қоректенетін фитофагтар; пестицидтердің түрлері мен сипаттамасы; өсімдіктерді пестицидтермен өңдеу әдістері, мерзімдері мен тәсілдері; пестицидтермен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау және оларды сақтау технологиясы. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғаудың биологиялық және химиялық әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тұқымтану
Пәннің мақсаты – ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының құрылымы мен дамуын, сондай-ақ тұқым материалын бағалау және бақылау әдістерін үйрету. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: тұқымтану негіздері; тұқымдардың морфологиялық сипаттамалары; тұқымдардың құрылымы мен қалыптасуы; тұқымдардың тыныштығы; жабық және жалаңаш тұқымды өсімдіктер; бірбөлшекті және екібөлшекті өсімдіктер; тұқымдардың химиялық құрамы; тұқымдардың биохимиялық және физиологиялық ерекшеліктері; тұқымның өнуі және өну факторлары; тұқымның ісінуі; тұқымның себу сапасы және оларды анықтау әдістері; тұқымның стратификациясы және скарификациясы. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының құрылымын, дамуын және олардың сапасын бағалауды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан қорғау
Пәннің мақсаты – студенттерге ауылшаруашылық дақылдары ауруларының классификациясы, зияндылығы және оларды аурулардан қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: фитопатология негіздері; саңырауқұлақтардың құрылымы мен морфологиясы; өсімдік аурулары қоздырғыштарының қоректену ерекшеліктері; өсімдік ауруларының сипаттамасы және классификациясы; ауылшаруашылық дақылдары ауруларының қоздырғыштарының түрлері; өсімдіктің аса қауіпті инфекциялы және инфекциялы емес аурулары; инфекциялы ауруларды тудыратын экологиялық факторлар; ауруларды зерттеудің әдістері мен есепке алу жолдары; ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан қорғаудың технологиясы мен әдістері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдары ауруларының түрлерін, зияндылығын және оларды аурулардан қорғауды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау
Пәннің мақсаты – студенттерге ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің классификациясы, зияндылығы және оларды зиянкестерден қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: энтомологияның негізі мен дамуы; зиянкестердің классификациясы және сипаттамасы; өсімдіктерді зиянкестердің зақымдау типтерінің негіздері; жапырақ ширатқыш, кенелер, көбелектер және кеміргіштер; зиянкестердің өмір сүру ортасы мен көбеюуі; ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау шаралары; зиянкестерге қарсы химиялық препараттарды қолдану; өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың мерзімімен әдістері; қыстайтын зиянкестер; себінді мен топырақтың фитосанитарлық жағдайын бағалау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлерін, зияндылығын және оларды зиянкестерден қорғауды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жалпы егіншілік
Пәннің мақсаты – студенттерге жалпы егіншіліктің буындары, заңдары мен топырақ өңдеу технологиясы жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: егіншіліктің пайда болуы мен заңдары; егіншілік түрлері: мелиоративтік, суғармалы және тәлімі; топырақ құнарлылығының факторлары: агрофизикалық, биологиялық және агрохимиялық; арамшөп өсімдіктерінің жіктелуі және олармен күресудің қазіргі заманауи шаралары; егіншілік жүйелері; өсімдіктердің өмір сүру факторлары мен жағдайлары; топырақ өңдеу тәсілдері, әдістері мен жүйелері; ауыспалы егістің түрлері мен маңызы; топырақ эрозиясының түрлері; топырақ жағдайын сақтау және жақсарту жолдары. Курсты игеру нәтижесінде студенттер егіншіліктің заңдарын, топырақ өңдеудің түрлерін және оларды орындаудың мерзімін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жидек дақылдарын өсіру технологиясы
Пәннің мақсаты – студенттерге жидек дақылдарының түрлері, пайдалану бағыттары және оны өсірудің заманауи технологиялары жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: жидек дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы; жидек дақылдарының негізгі түрлері; жидек дақылдарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері; аудандастырылған және перспективті сорттар және олардың сипаттамасы; жидек дақылдарының көшеттерін өсіру технологиясы; жидек дақылдарының бұталарын қалыптастыру және шырпу; жидек дақылдарын суғару, тыңайту, өнімді жинау; жидек дақылдарын аурулардан, зиянкестер мен арамшөптерден қорғау; жидек екпелерінің плантациясын қалпына келтіру; танаптық жұмыстарды ұйымдастыру және сапасын бағалау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер жидек дақылдарын пайдалану бағытына сәйкес оларды өсірудің заманауи технологияларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жерді мелиорациялау және қорғау
Пәннің мақсаты – студенттерге аймақтың топырақ-климат жағдайларын ескере отырып, ауылшаруашылық дақылдарын суғарудың технологиясы және топырақты қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: жерді мелиорациялау негіздері; суғару тәсілдері мен техникалары; тамшылатып және жаңбырлатып суғару; гидромелиорациялық іс-шаралар және суғару жүйелерінің түрлері; жүйектеп суғару; ауылшаруашылық дақылдарының суғару және суғармалау мөлшерлері; күрішті суғару тәртібі; ауылшаруашылық дақылдарын суғару тәртібін (режимін) есептеу; топырақ эрозиясының климаттық факторлары; топырақтың су эрозиясының антропогендік факторлары; жерді қорғау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарын суғарудың технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылығындағы қолданбалы бағдарламалар
Пәннің мақсаты – студенттерге ауыл шаруашылығында қолданылатын қәзіргі заманауи қолданбалы бағдарламалар жайлы білім беру және оларды өндірісте қолдануды үйрету. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: пәннің мақсаты мен міндеттері; қолданбалы бағдарламалардың негізгі түрлері; жерге орналастыруды және жер пайдалануды шаруашылықішілік ұйымдастыруды графикалық қамтамасыз ету; шаруашылық алқаптарының картасы; жылыжайлардың әр түрлі түрлерінің схемалары; дақылдардың ауыспалы егістерінің ауыл шаруашылығы карталарын жоспарлау; мелиоративтік каналдардың схемасы, оның ішінде тамшылатып және жаңбырлатып суғарулар; топырақ және агрохимиялық карталар; бағдарламаларға мәліметтерді жинау және енгізу тәсілдері; суғару режимінің графигі және егістік схемалары; ауыл шаруашылық дақылдарын себу/отырғызу сұлбалары. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауыл шаруашылығындағы қолданбалы бағдарламаларды таңдап алуды және оны өндірісте қолдана алуды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жүзім шаруашылығы
Пәннің мақсаты – студенттерге жүзімнің түрлері, пайдалану бағыттары және оны өсірудің заманауи технологиялары жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: жүзім шаруашылығының даму тарихы; жүзімнің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері; жүзімді пайдалану бағыттары; жүзімнің көбеюі және отырғызылатын материалды өсіру; жүзімді көбейту тәсілдері; жүзімнің ампелографиясы; жүзімнің өндірістік плантациясын отырғызу технологиясы; жүзім түптерін қалыптастыру және шырпу; суғару, тыңайту, жүзім өнімін жинау; жүзімді жүзім ауруларынан, зиянкестерінен және арамшөптерінен қорғау; жүзім плантациясын қалпына келтіру. Курсты игеру нәтижесінде студенттер жүзімді пайдалану бағытына сәйкес оны өсірудің заманауи технологияларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық дақылдарының бактериялық және вирустық аурулары
Пәннің мақсаты – студенттерге ауылшаруашылық дақылдарының бактериялық және вирустық аурулары жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: бактериялық және вирустық аурулардың түрлері; ауру симптомдарының жіктелуі, инфекциялық және инфекциялық емес аурулар; ауру қоздырғыштары; өсімдіктердің аса қауіпті және карантиндік аурулары; өсімдік ауруларының таралуы және диагностикасы; ауылшаруашылығы дақылдарының бактериялық және вирустық ауруларының мониторингі; қауіп факторлары; ауыл шаруашылығы дақылдарының бактериялық және вирустық ауруларына қарсы күрес әдістері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарының бактериялық және вирустық ауруларының түрлерін және оларға қарсы күрес шараларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жеміс-көкөніс дақылдарын тамшылатып суғару
Пәннің мақсаты – студенттерге аймақтың топырақ-климат жағдайларын ескере отырып, жеміс-көкөніс дақылдарын тамшылатып суғарудың технологиясы және топырақты қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: тамшылатып суарудың даму тарихы; тамшылатып суарудың артықшылықтары мен кемшіліктері; инжекторлар, сүзгілер, қысым редукторлары, фитингтер, крандар мен құбырлар; тамшылатып таспалардың түрлері; тамшылатқыштардың түрлері; магистральдық құбырлардың түрлері; суару құбырлары; сорғылардың түрлері; жоғары қысымды, орташа қысымды, төмен қысымды және өздігінен ағатын тамшылату жүйелері; жеміс-көкөніс дақылдарын суару режимі; тамшылатып суару кезіндегі жеміс-көкөніс дақылдарының суару және суармалау нормалары; топырақтың есептік қабатын ылғалдандыру тереңдігі; суару ұзақтығы; ылғалдандыру контуры. Курсты игеру нәтижесінде студенттер жеміс-көкөніс дақылдарын суғарудың технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еңбекті қорғау
Пәннің мақсаты - құқықтық-еңбек, санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру, емдеу-алдын алу, техникалық және әлеуметтік-экономикалық қызмет мәселелері бойынша өткізілетін іс-шаралардың негізгі кешені туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: жұмысшылардың, тұтастай алғанда қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру үшін психофизиологияны ескере отырып, еңбек режимдерін оңтайландыру. Еңбекті қорғау жөніндегі қауіпсіздік стандарттарының негізгі жүйелерінің барлық талаптарын қолдана отырып, жұмысшының еңбек қызметін дұрыс ұйымдастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Агрохимия
Пәннің мақсаты - студенттерге ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында өсімдіктердің қоректену процестерін және тыңайтқыштарды қолдану жағдайлары жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: органикалық және минералды тыңайтқыштардың түрлері; өндірістік бағдарламаларды әзірлеу; агрохимиялық картограммаларды жасау; ауылшаруашылық дақылдарының қоректену ерекшеліктері; топырақтың агрохимиялық құрамы және оларды жақсарту әдістері; ауылшаруашылық дақылдарының бағдарламаланған өнімін алу үшін тыңайтқыштардың қажетті мөлшерін есептеу; тыңайтқыштардың химиялық құрамы мен қасиеттері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер топырақ пен өсімдіктерге әдістерді таңдап, химиялық талдаулар жүргізуді, тыңайтқыштардың енгізу мөлшері мен мерзімдерін анықтай алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аз таралған дақылдарды өсіру технологиясы
Пәннің мақсаты - студенттерге аз таралған дақылдардың негізгі түрлері және оларды өсіру технологиясы туралы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: аз таралған дақылдардың негізгі түрлері және оларды жіктеу; аз таралған дақылдардың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері; аз таралған дақылдарды өсірудің технологиялық ерекшеліктері; аз таралған дақылдардың перспективалық сорттары; ауыспалы егіс және топырақ өңдеу; аз таралған дақылдардың тұқым шаруашылығы; суару, жинау мерзімдері мен әдістері. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер аз таралған дақылдарды өсіру бойынша далалық жұмыстарды ұйымдастырып және жүргізе алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұқым шаруашылығы және тұқымдарды сертификаттау
Пәннің мақсаты – студенттерге ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы және тұқымдарды сертификаттау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: бастапқы тұқым шаруашылығы; тұқымдардың сорттық және егістік сапасы; тұқым шаруашылығының ауыспалы егістері; элиталық және суперэлиталық тұқымдар; ауылшаруашылық дақылдарын тұқымға өсірудің қазіргі заманауи технологиялары; тұқым сапасы және оны анықтау әдістері; танаптық апробация; тұқымдарды сақтау; тұқымдарды сертификаттау негіздері және сорттық бақылау; ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдарын сертификаттау жүйесінің қазіргі жағдайы; белгілердің тұқым қуалауының негізгі заңдары; ҚР тұқым шаруашылығы туралы Заңы; тұқымдық материалға қажеттілікті есептеу. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы және тұқымдарды сертификаттаудың әдістерімен құжаттамасын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы
Пәннің мақсаты – студенттерге ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығының заманауи технологиялары жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: бастапқы материал және селекцияның қазіргі заманғы әдістері; ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын шығару және аудандастыру әдістері; аналитикалық және синтетикалық селекция; мутация және гетерозис; будандастыру түрлері; мемлекеттік сортсынау; ауылшаруашылық дақылдарының элиталық тұқымдарын өндіру технологиясы; ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының морфологиялық сипаттамалары; сорттар мен тұқымдық материалды іріктеу; Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы туралы заңы; тұқым сапасы және оларды анықтау әдістері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын шығаруды және тұқым өндірісінің заманауи технологияларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жеміс шаруашылығы
Пәннің мақсаты – студенттерге жеміс дақылдарының түрлері, пайдалану бағыттары және оларды өсірудің заманауи технологиялары жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: жеміс шарашылығының халық шаруашылығындағы маңызы және даму тарихы; жеміс дақылдарының жіктелуі; жеміс дақылдарының өсу, даму және жеміс беру заңдылықтары; отырғызу материалын өсіру технологиясы; Қазақстанда жеміс дақылдарының аудандастырылған сорттары және олардың сипаттамасы; өндірістік бау құру; жеміс ағаштарының ағашбөркін қалыптастыру, суғару, тыңайту, өнім жинау; жеміс дақылдарын аурулардан, зиянкестерден, арамшөптерден қорғау; жеміс бақшасын қалпына келтіру. Курсты игеру нәтижесінде студенттер жеміс дақылдарын пайдалану бағытына сәйкес оларды өсірудің заманауи технологияларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдіктерді қорғау және карантин
Пәннің мақсаты - өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және карантиндік зиянды организмдерден қорғау бойынша студенттердің теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: ауылшаруашылық дақылдарын қорғаудың негіздері; өсімдік шаруашылығындағы мемлекеттік бақылау және фитосанитарлық мониторинг; аурулардың және зиянкестердің аса қауіпті түрлері; ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғаудың кешенді шаралары; карантинді нысандар. Курсты игеру нәтижесінде студенттер зиянды нысандар мен карантинді өсімдіктердің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктерін және кеден бекеттерінде карантиндік бақылауларды жүргізуді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ампелография
Пәннің мақсаты – студенттерге жүзім дақылының түрлері мен сорттарының шығу тарихы және оларға сипаттама беру жүйесі жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: жүзім ампелографиясының даму тарихы; ампелографияның мақсаттары мен міндеттері; жүзім түрлері мен сорттары; жүзімнің агробиологиялық сипаттамасы; жүзім сортының ботаникалық сипаттамасы; жүзім сорттарының өзгергіштік заңдылықтары; жүзім түрлері мен сорттарының шығу тегі, таралуы, өзгеруі; ампелографиялық зерттеу әдістері; жүзім сорттарының жіктелуі; биологиялық және шаруашылық сипаттамалары; жүзім сорттарының морфологиялық сипаттамалары; ампелографиялық сипаттаманың схемасы; сорттың бастапқы материалы, атауы және авторы; сорттардың синонимдері; жүзім түрлері мен сорттарын зерттеу; сорттардың вегетациялық кезеңі; аурулар мен зиянкестерге төзімді жүзім сорттары; жүзім сорттарының технологиялық сипаттамасы. Курсты игеру нәтижесінде студенттер жүзім дақылының түрлері мен сорттарының шығу тарихын және оларға сипаттама беру жүйесін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық дақылдарының апробациясы
Пәннің мақсаты – студенттерге ауылшаруашылық дақылдарының сорттарына ашық танапта және зертханаларда апробация жұмысын жүргізу жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: далалық және зертханалық сынамалар; егістердің сорттық қасиеттерін анықтау; аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден зардап шеккен дақылдарды анықтау; сынамалық жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен әдістемелері; дайындық жұмыстары мен құжаттама; іріктеулерді (үлгілерді) алу әдістері, бағыттары мен арақашықтықтары; алынған сынамалар мен сорттарды талдау; сорттық куәліктер; сынамалық баулар; ауылшаруашылық дақылдарының сынамаларын/үлгілерін іріктеу тәртібі мен уақыты; ауылшаруашылық дақылдарын сынау кезіндегі құжаттамалар. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарға және олардың сорттарына апробация жұмысын жүргізуді және оның құжатын рәсімдеуді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жасанды интеллект және цифрлық трансформация
Пәннің мақсаты – студенттерде жасанды интеллект және цифрлық трансформацияның негізгі технологиялары туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ олардың кәсіби қызмет тиімділігін арттыру және қазіргі цифрлық өзгерістерге бейімделу үшін қолданбалы дағдыларды дамыту, сонымен қатар болашақ мамандардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы
Пәннің мақсаты – студенттерге ашық танапта көкөніс дақылдарын өсірудің практикалық және теориялық білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: көкөніс шаруашылығының негіздері; көкөніс дақылдарының жіктелуі және сорттары; ашық танапта көкөніс дақылдарының өсу және даму жағдайлары; көкөніс ауыспалы егістері; көкөніс дақылдарын өсірудің қазіргі заманауи технологиялары; сирек кездесетін көкөніс дақылдарын өсіру; көшет шаруашылығы; тұқым себу (көшет отырғызу) мөлшерін анықтау әдістері; көкөніс дақылдарын себу/отырғызу схемалары мен мерзімдері; көкөніс дақылдарын күтіп-баптау және өнімді жинау; көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығы; көкөніс өнімдерінің сапасына қойылатын МЕМСТ талаптары. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ашық танапта көкөніс дақылдарын өсірудің технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Пәннің мақсаты – студенттердің бүкіл оқу курсының әртүрлі пәндерін оқуда алған білімдерін одан әрі пайдалануға мүмкіндік бере отырып, коммерцияландыру негіздері мен ерекшеліктері, академиялық мәтіндерді, ғылыми мақалаларды, даярлау бағыты бойынша есептерді құру мен олардың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың негізгі ережелері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қорғаулы жер құрылысындағы көкөніс шаруашылығы
Пәннің мақсаты – студенттерге қорғаулы жер құрылысында көкөніс дақылдарын өсірудің практикалық және теориялық білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: қорғаулы жер құрылыстарының негізгі түрлері; күзгі және қысқы жылыжайлар; жылыжайларда көшеттерді өсіру технологиясы; микроклимат және микроклиматты жылыжайда реттеу; топырақ пен ауаның ылғалдылығы мен температурасы; жылыжайларда және гидропоникада ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы; субстраттардың түрлері; сорттардың сипаттамасы; өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау; өнімді жинау және сорттау; қорғаулы жер құрылысының санитарлық тәртібі. Курсты игеру нәтижесінде студенттер қорғаулы жер құрылысында көкөніс дақылдарын өсірудің технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы
Пәннің мақсаты – студенттерге жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: жеміс-көкөніс дақылдары өнімінің сапасына қойылатын негізгі талаптар; жеміс-көкөніс өнімінің сапалық көрсеткіштері; жеміс-көкөніс дақылдарының өнімін қайта өңдеу технологиясы; шырын, тосап және джем жасау технологиясы; жеміс-көкөніс өнімдерін кептіру әдістері мен мерзімдері; өнім сапасын анықтау үшін үлгілерді алу; мемлекеттік стандарттар бойынша жеміс-көкөніс өнімдерінің сапасын анықтау; жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған қоймалар мен тоңазытқыштар; жеміс-көкөніс өнімдерін сақтаудың ұзақтығы. Курсты игеру нәтижесінде студенттер жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшет шаруашылығын ұйымдастыру
Пәннің мақсаты – көшетпен өсірілетін дақылдардың түрлерін және көшеттерді өсіру технологиясын таңдау қабілетін қалыптастыру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: көшет өсіруді ұйымдастырудың негізгі міндеттері, мақсаттары мен дамуы; көшет әдісімен өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері; ауыл шаруашылық дақылдарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері; көшет өсірудің түрлері мен әдістері; питомниктер; көшеттерге арналған ауыспалы егістер; құмырамен және құмырасыз көшеттерді өсірудің тәсілдері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер құмыраның түрлерін, дайындамаларды, құмыраларды тасымалдау және сақтау технологияларын таңдап, қолдана алады; көшеттердің оңтайлы жасын анықтау; көшеттердің жылу, жарық, ылғалдандыру және қоректік режимдері; көшеттерді күту, тазарту, тасымалдау және сақтау технологиясын жүзеге асыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мал азығын өндіру
Пәннің мақсаты – студенттерге малазықтық дақылдардың түрлері мен сипаттамасы, малазықтық дақылдарды өсіру технологиясы жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: мал азығын дайындау және сақтау технологиясы; табиғи азықтық алқаптарды тиімді пайдалану және жақсарту әдістері; сирек кездесетін малазықтық өсімдіктердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері; малазықтық ауыспалы егістіктер; малазықтық дақылдарды өсірудің қарқынды технологиялары; малазықтық дақылдардың зиянкестерінің, ауруларының негізгі түрлері және олармен күресу шаралары. Курсты игеру нәтижесінде студенттер мал азығын өндірудің технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы
Пәннің мақсаты – студенттерге өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: ауылшаруашылық дақылдары өнімінің сапасына қойылатын негізгі талаптар; ауыл шаруашылығы өнімінің сапалық көрсеткіштері; ұн алуға бағытталған астық сапасын анықтау; ұн түрлері; өсімдік шаруашылығы өнімін сақтау технологиясы; өнім сапасын анықтау үшін үлгілерді алу; өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу технологиясы; мемлекеттік стандарттар бойынша қант қызылшасының сапасын анықтау; жеміс-көкөніс өнімін сақтау және қайта өңдеу технологиясы; жеміс-көкөніс өнімінің сапасын анықтау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тәлімі егіншілік
Пәннің мақсаты – студенттерге еліміздегі тәлімі егіншіліктің қәзіргі жағдайы және оны дамытудың жолдары жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: тәлімі егіншіліктің жалпы мәселелері; тәлімі егіншілік аймақтары және олардың табиғи жағдайларының сипаттамасы; егіншілік заңдарының қолданылуы; тәлімі жерлердің топырақ үдерістері мен микроклиматы; топырақ өңдеу және тәлімі жерлерде ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің ерекшеліктері; ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі; тәлімі жерлердегі егіншілік жүйесі және ауыспалы егісті құрастырудың ерекшеліктері; тәлімі жерлерде ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден және аурулардан қорғау; егісті күтіп-баптау және өнім жинау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер тәлімі егіншіліктің маңыздылығын және онда ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін бағдарламалау
Пәннің мақсаты – аймақтың табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін бағдарламалауды үйрету. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуы үшін тіршілік факторлары мен табиғи-климаттық жағдайлар; ауылшаруашылық дақылдарына қажетті активті температуралар жиынтығы; радиациялық теңгерім; егістіктердің жылумен қамтамасыз етілуін бағалау әдістері және фотосинтетикалық белсенді радиация; сорттарды аудандастыру; ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық өнімділігі, әлеуетті (потенциалды) өнімділігі және су тұтыну коэффициенті. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін бағдарламалауды меңгереді
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көкөніс дақылдарының өнімділігін бағдарламалау
Пәннің мақсаты – аймақтың табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, көкөніс дақылдарының өнімділігін бағдарламалауды үйрету. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: көкөніс дақылдарының өсуі мен дамуы үшін тіршілік факторлары мен табиғи-климаттық жағдайлар; көкөніс дақылдарына қажетті активті температуралар жиынтығы; радиациялық теңгерім; егістіктердің жылумен қамтамасыз етілуін бағалау әдістері және фотосинтетикалық белсенді радиация; сорттарды аудандастыру; көкөніс дақылдарының биологиялық өнімділігі, әлеуетті (потенциалды) өнімділігі және су тұтыну коэффициенті. Курсты игеру нәтижесінде студенттер көкөніс дақылдарының өнімділігін бағдарламалауды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Суғармалы жердегі егіншілік
Пәннің мақсаты – студенттерге еліміздің суғармалы жерлеріндегі егіншілік жүйесі және оны дамыту жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: суғармалы егіншілік; ыза суының орналасу тереңдігін, топырақтың құнарлылығын ескере отырып, суғармалы жерлердің топырағын өңдеу тәсілдері мен мерзімдері; суғармалы жерлердегі ауыспалы егістің түрлері; арамшөп өсімдіктерінің түрлік құрамы және оларға қарсы күрес шаралары; ауыспалы егіс дақылдарына арналған топырақты өңдеу жүйесі; топырақты өңдеу тереңдігі мен техникасы; суғармалы жерлердегі топырақ эрозиясы; топырақты қалпына келтіру және жақсарту. Курсты игеру нәтижесінде студенттер суғармалы егіншілік жүйесінің маңыздылығын және онда қолданылатын топырақ өңдеу жүйелерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Танаптық дақылдарды өсіру технологиясы
Пәннің мақсаты- студенттерге аймақтың табиғи климаттық жағдайларын ескере отырып, танаптық дақылдарды өсірудің жаңа технологиясы мен әдістерін үйрету. Пәнді меңгеруде мыналар оқытылады: танаптық дақылдардың халық шаруашылығындағы маңызы және топтары; танаптық дақылдардың сорттары, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері; топырақ өңдеу жүйелері; танаптық дақылдардың ауыспалы егістері; танаптық дақылдарды суғару және тыңайту; өнімділікті бағдарлау әдістері; танаптық дақылдарды себу, күтіп-баптау және өнімді жинау. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер танаптық дақылдарды өсірудің технологиясын және өнімді сақтау технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Экономика, құқық, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, тұрақты даму және инклюзия негіздері саласындағы білімді нарықтық экономика және жаһандық сын-қатерлер жағдайында құқықтық және қаржылық дәлдікті, ресурстарды ұтымды пайдалануды, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуды, экологиялық тұрақтылық қағидаттарын сақтауды және әртүрлі әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін ескеруді қамтамасыз ететін негізделген шешімдер қабылдау үшін қолдану.
- Академиялық жазу әдістерін қолдана отырып ғылыми идеяларды тұжырымдау, ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру туралы білімді қолдану, ғылыми және қолданбалы нәтижелерді талдау, түсіндіру және ұсыну үшін жасанды интеллект және цифрлық трансформация технологияларын қолдану
- Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы базалық білімді, агрономия негіздерін және кәсіби пәндерді меңгеру нәтижесінде, топырақ пен жануарлардың негізгі түрлері мен түрлерін анықтау үшін қажетті агроклиматтық болжамдар әдістерін қолданады.
- Ауыл шаруашылығы дақылдарының микроорганизмдерінің, зиянкестерінің, ауруларының, арамшөптерінің түрлерін анықтау және гербологиялық жұмыстарды жүргізу арқылы дақылдарды қорғау схемасын жасай алады.
- Жайылым шаруашылығын дұрыс ұйымдастырады және малазықтық алқаптарын жақсарту мақсатында малазықтық және аз таралған дақылдарды өсіру үшін ауыл шаруашылығы машиналарын немесе құралдарын таңдай алады.
- Көкөніс және бақша дақылдарын ашық және қорғаулы жер құрылыстарында өсіру үшін олардың морфологиясын, биологиясын және сорттық құрамын анықтау; суғармалы егіншілікте далалық эксперименттерді таңдап және қолдана алады.
- Жүзім, жеміс-жидек дақылдарын өсіруде заманауи технологиялық процестерді қолдана отырып олардың отырғызу материалдарын өсіруді ұйымдастыра және қолдана алады.
- Селекциялық-тұқым өсіру процестерін жүргізу үшін суармалы егіншілікте ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары мен көшет материалдарын өндіруді, егістіктерді апробациялауды ұйымдастыру; тұқым және егіс материалының сапасын анықтау; селекция мен тұқым шаруашылықтарында құжаттарды қолдана алады.
- Өңірдің топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып, өсімдіктерді өсірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының бағдарланған өнімін алу, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу үшін егіншілік, өсімдік шаруашылығы және агрохимия саласындағы білімдерін көрсету.