7R01108 Эндокринология (ересектер, балалар) в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Дәлелді медицина принциптеріне және емдеу - диагностикалық, фармацевтикалық технологиялардың қазіргі жетістіктеріне сәйкес мамандандырылған эндокринологиялық көмек көрсете алатын, білікті эндокринолог мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R008 Эндокринология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Стационардағы эндокринология (ересектер)
Пән эндокриндік жүйе патологияларын зерттеу саласындағы заманауи жетістіктер туралы білім алуға мүмкіндік береді. Пәнді оқу резиденттің клиникалық ойлауын дамытуға, клиникалық тексеру, зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу, дифференциалды диагностика жасау, алынған деректерді талдау және интерпретациялау, эндокриндік аурулардың жедел және созылмалы асқынуларын анықтау, қарқынды терапия палатасында жұмыс істеу, дұрыс диагноз қою, стационар жағдайында науқастарды жеке емдеу тактикасын таңдау және жүргізілген емнің тиімділігін ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларына сәйкес бағалау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 42
-
Амбулаториялық-емханалық эндокринология (ересектер)-1
Пән амбулаториялық-емханалық эндокринологиялық көмекті ұйымдастыру, эндокриндік жүйенің кең таралған ауруларын диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы тактикасы туралы білім алуға мүмкіндік береді. Пәнді оқу барысында білім алушыларда науқастарды клиникалық тексеру, диагностика, дифференциалды диагностика жүргізу және амбулаториялық кезеңде қант диабеті, қалқанша без патологиясы бар науқастарды жүргізу, диспансерлеу және ҚР заңнамалық-нормативтік құжаттарына сәйкес құжаттарды толтыру бойынша дағдылар жетілдіріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Балалар аурулары
Пәнді оқу барысында білім алушылар балаларға білікті медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіреді, балалық жас ерекшеліктерін ескере отырып клиникалық ойлау қалыптасады. Пән балалар ауруларын диагностикалау, дифференциалды диагностика, емдеу және алдын алу бойынша қазіргі заманғы білімдер мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ішкі аурулар
Пәнді оқу барысында білім алушылар ішкі ағзалардың аурулары бар науқастарға көмек көрсету бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіреді. Пән клиникалық ойлауды дамытуға, клиникалық тексеру, зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу, дифференциалды диагностика жасау, алынған деректерді талдау және интерпретациялау, дұрыс диагноз қою, ішкі ағзалардың аурулары бар науқастарды тиімді емдеу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 12
-
Стационардағы эндокринология (балалар)
Пән балалар жасындағы эндокриндік жүйе ауруларының этиологиясы мен патогенезі, диагностика мен дифференциалды диагностика, емдеу бойынша заманауи ақпаратты қамтиды. Пәнді оқу барысында білім алушылар балалар эндокриндік патологияларына стационарлық деңгейде білікті көмек көрсету, клиникалық тексеру, зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу, алынған нәтижелерді талдау және интерпретациялау және ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларына сәйкес ем тиімділігін бағалау бойынша дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 20
-
Репродуктивті эндокринология, бедеулік және жүктілік
Пән жүктілікті жоспарлау және эндокриндік жүйе аурулары бар жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Пәнді оқу барысында жүкті әйелдердегі эндокриндік патологиялардың ағымының ерекшеліктері, жүктілікті жүргізу, емдеу тактикасын таңдау, болжам және жүктілік пен босанудан кейінгі асқынулар мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Қалқанша безі ауруларын ультрадыбыстық диагностикасы
Пән клиникалық тәжірибеде қалқанша бездің патологиясын анықтау мақсатында ультрадыбыстық зерттеу жүргізу және нәтижелерді интерпретациялау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пән қалқанша бездің анатомиясы мен құрылымын УДЗ арқылы бағалау, түйіндік түзілістерді диагностикалау, васкуляризацияны бағалау, ультрадыбыстық қорытынды жасау және диффузды токсикалық жемсау, аутоиммундық тиреоидит, түйіндік зоб, кисталар, аденомалар, карциномалар, жедел және жеделдеу тиреоидит секілді ауруларды диагностикалау мен мониторингте УДЗ-нің рөлін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары мамандандырылған эндокринологиялық көмек
Пән эндокриндік патологиясы бар науқастарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету: инсулиндік помпалық терапия, глюкозаны үздіксіз мониторингтеу, диабетологияда неогенезді бағдарламалау мен белсендіру, эндокриндік офтальмопатияны емдеу мәселелері бойынша білім мен дағдыларды жетілдіреді. Пән резиденттің клиникалық ойлауын дамытуға, зертханалық-аспаптық зерттеулер мен емдеу тактикасын таңдауға, жеке емдеу жүргізуге және ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларына сәйкес емнің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сәулелік және радиоизотоптық диагностика
Пәнді оқу барысында білім алушыларда ересектер мен балаларда эндокриндік жүйе ауруларын диагностикалауда қолданылатын визуализация әдістері: компьютерлік томография, магнитті-резонансты томография, УДЗ, аяқ-қол тамырларының УДЗГ, денситометрия, сүйек жасының және өсу аймақтарының рентгенологиялық бағасы бойынша білім мен дағдылар жетілдіріледі. Зерттеу әдістерінің негіздері, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жүргізу техникасы және нәтижелерді интерпретациялау қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Амбулаториялық-емханалық эндокринология (ересектер)-2
Пәнді оқу барысында білім алушыларда тағам қабылдауының бұзылуы, нейроэндокриндік жүйе аурулары, бүйрекүсті бездерінің патологиясы бар науқастарды амбулаториялық кезеңде диагностикалау мен емдеу, диспансерлеу және құжаттаманы ҚР заңнамасына сәйкес жүргізу бойынша дағдылар жетілдіріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Амбулаториялық-емханалық эндокринология (балалар)
Пән ПМСП деңгейінде балалар мен жасөспірімдерде эндокриндік ауруларды диагностикалау мен емдеу алгоритмін қолдану, алғашқы және екінші профилактика принциптері, маршрутизация, диспансерлеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады, сондай-ақ эндокринолог-дәрігердің кәсіби стандартына сәйкес балаларға медициналық көмек көрсету үшін қажетті білім мен дағдыларды жүйелеуге және тереңдетуге ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Эндокринологиядағы зертханалық диагностика
Пән гормондық реттелудің патофизиологиясын түсіну және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін клиникалық контекстте кешенді бағалау бойынша заманауи әдістемелер туралы білім алуға мүмкіндік береді. Пәнді оқу диагностикалық зерттеулерді негізді тағайындау, функционалдық сынамаларды интерпретациялау, циркадтық ырғақтарды, пульсациялық секрецияны, кері байланыс принциптерін және сыртқы факторлардың әсерін ескере отырып, эндокриндік жүйенің функционалдық бұзылыстарын бағалау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстан Республикасының емдеу - профилактикалық мекемелерінде эндокринологиялық қызметті ұйымдастыруға арналған заңнамалық актілерге сәйкес науқастарға медициналық көмек көрсете алады.
- эндокриндік аурулары бар пациенттерге клиникалық, зертханалық-аспаптық тексерулерді жоспарлау және жүргізу дағдыларын қолдана алады.
- нақты клиникалық жағдайларға байланысты клиникалық, зертханалық-аспаптық зерттеулердің деректерін интерпретациялай алады.
- қазіргі классификацияларға сәйкес дифференциалды диагностика жүргізіп, диагноз қоя алады.
- коморбидті ауруларды ескере отырып, дәлелді медицина қағидаттарына негізделген қауіпсіз және тиімді ем тағайындай алады, эндокриндік аурулардың және олардың асқынуларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізе алады.
- медициналық есеп-құжаттаманы толтыра алады, көрсетілген медициналық көмектің сапасына сараптама жүргізе алады.
- пациентпен, оның айналасындағы адамдармен, әріптестерімен өзара әрекеттесе алады және көпсалалы команда құрамында келісімді жұмыс істей алады.
- алынған ғылыми деректерді талдай, жинақтай алады, қорытынды жасап, оларды өз клиникалық тәжірибесінде қолдана алады.
- халықаралық дерекқорларды күнделікті қызметте тиімді пайдалана алады, конференциялар мен кәсіби даму іс-шараларына қатыса алады.
Ұқсас БББ
7R01108 Эндокринология ересектердің, балалардың
Қазақстан-Ресей медицина университеті
7R01108 Эндокринология (ересектер, балалар)
Астана медицина университеті
7R01108 Эндокринология (ересектер, балалар)
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
7R01108 Эндокринология (ересектер, балалар)
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы