7R01136 Жалпы хирургия в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты заманауи емдеу-диагностикалық және фармацевтикалық технологиялардың жетістіктеріне, сондай-ақ дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету бойынша дербес жұмыс істеуге арналған білікті хирург-дәрігерді тереңдетіп даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 210
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R036 Жалпы хирургия
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Урология
Пәнді оқу барысында резиденттер несеп-жыныс жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, негізгі патологиялары және медициналық көмектің әртүрлі кезеңдерінде урологиялық көмекті ұйымдастыру қағидаттары туралы білім алады. Олар клиникалық көріністер, заманауи диагностикалық әдістер (ультрадыбыстық зерттеу, цистоскопия, урофлоуметрия), дәрігерлік тактика, урологиялық ауруларды консервативті және хирургиялық жолмен емдеу әдістері, сондай-ақ асқынулардың алдын алу және пациенттерді оңалту туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушылар диагностикалық іс-шараларды, шұғыл урологиялық процедураларды және заманауи хирургиялық араласуларды жүргізу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Травматология
Пәнді оқу барысында резиденттер тірек-қимыл аппаратының жарақаттық зақымдануларының себептері, даму механизмдері мен клиникалық көріністері туралы білім алады. Сондай-ақ, заманауи диагностикалық әдістерді (рентгенография, КТ, МРТ, ультрадыбыстық зерттеу), консервативті және хирургиялық емдеу принциптерін, соның ішінде остеосинтез, эндопротездеу, артроскопия, репозициялау және иммобилизациялау технологияларын меңгереді. Оқытушылар жарақаттың ауырлығын бағалау, науқасты жүргізу тактикасын таңдау, жараларды бастапқы хирургиялық өңдеу, шиналар мен гипс таңғыштарын салу, сондай-ақ жоспарлы және шұғыл операцияларға қатысу дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Эндоскопиясы бар гастроэнтерология
Пәнді оқу барысында резиденттер асқазан-ішек жолы ауруларының себептері, даму механизмдері, клиникалық көріністері, диагностикасы мен емі туралы, оның ішінде гастроэнтерологиялық және эндоскопиялық кешенді тәсілді қажет ететін патологиялар туралы білім алады. Қазіргі диагностика әдістерін меңгереді: эзофагогастродуоденоскопия (ЭГДС), колоноскопия, ректороманоскопия, эндоскопиялық биопсия, капсула эндоскопиясы, сондай-ақ терапевтік эндоскопиялық араласулар (қан кетуді тоқтату, полиптерді алу, стенд қою және т.б.). Білім алушылар пациенттерді жүргізу, зертханалық және аспаптық мәліметтерді интерпретациялау, диагностикалық және емдік эндоскопиялық процедураларға қатысу, сондай-ақ қазіргі клиникалық ұсынымдарға сәйкес жеке емдеу жоспарын жасау дағдыларын меңгереді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Анестезиология және реаниматология
Пәнді оқу процесінде білім алушыларда анестезиологиялық-реанимациялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру және принциптері, анестезиология мен реаниматологияда қолданылатын дәрілік заттардың Фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы, анестезияның механизмдері мен түрлері, сондай-ақ хирургиялық бейіндегі пациенттердің мониторингі және операциялық-анестезиологиялық тәуекелі бойынша білім жетілдіріледі. Әр түрлі хирургиялық араласулар алдында науқастарды операцияға және анестезияға дайындау дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар, инфузиялық-трансфузиялық терапияны, парентералды және энтеральды тамақтандыруды жүргізу, сондай-ақ хирургиялық науқастарда жедел тыныс алу және жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, ауыр коагулопатия, интоксикациялық және гипертермиялық синдром кезінде шұғыл көмек көрсету дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Емханадағы хирургия
Пәнді оқу барысында резиденттер Қазақстан Республикасында халқына ауруханаға дейінгі кезеңде хирургиялық көмек ұйымдастырудың жалпы принциптері, амбулаториялық-поликлиникалық жағдайда хирург-дәрігердің жұмыс ерекшеліктері, хирургиялық науқастарды диспансерлеу, сондай-ақ МӘСҚ, ДКК және еңбекке жарамсыздық сараптамасы, қазіргі жағдайдағы стационарды алмастыратын технологиялар мен амбулаториялық хирургия орталығының (АХО) жұмысын ұйымдастыру туралы білімі қалыптасады. Білім алушылар амбулаториялық аурулар мен зақымданулар кезіндегі аурудың клиникалық көріністері, диагностика әдістері, дәрігерлік тактика, консервативті және операциялық емдеу әдістері, асқынулар, алдын алу және оңалту әдістері туралы түсінік алады. Сонымен қатар диагностика жүргізу, емдік тактиканы таңдау және шағын хирургиялық араласуларды орындау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 16
-
Балалар хирургиясы
Пәнді оқу барысында резиденттер әртүрлі жастағы балаларда кездесетін хирургиялық аурулардың пайда болу себептері, даму жағдайлары мен механизмдері, оның ішінде туа біткен ақаулар мен жедел хирургиялық жағдайлар, сондай-ақ балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты анатомо-физиологиялық айырмашылықтар, диагностика, балаларды жүргізу ерекшеліктері, шұғыл және жоспарлы операцияларға көрсеткіштер, анестезиологиялық қамтамасыз ету және операциядан кейінгі кезең туралы білім алады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы диагностика мен емдеу технологияларын, оның ішінде лапароскопиялық және минималды инвазивті араласу әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Шұғыл хирургия
Пәнді оқу барысында резиденттерде іш қуысы патологиялық үдерістерінің дамуына себеп болатын жағдайлар, шарттар және механизмдер туралы білім қалыптасады, бұл үдерістер шұғыл хирургиялық көмекті талап етеді. Білім алушылар қажетті диагностикалық шаралар, шұғыл процедуралар, операциялық араласулар, әдістер мен технологиялар туралы түсінікке ие болады. Оқу барысында тыңдаушылар операция блогы мен жансақтау бөлімінде командамен жұмыс істеу дағдыларын, антисептика қағидаларын сақтау, операцияларда ассистент болу және тәлімгердің бақылауымен шұғыл хирургиялық араласуларды өз бетінше орындау дағдыларын меңгереді. Сондай-ақ, қазіргі клиникалық хаттамаларға сәйкес операциядан кейінгі бақылау және асқынулардың алдын алу әдістерін игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 60
-
Торакальды хирургия
Пәнді оқу барысында резиденттерде кеуде қуысы ағзаларындағы патологиялық үдерістердің пайда болу себептері, жағдайлары және даму механизмдері туралы білім қалыптасады, бұл үдерістер жоспарлы немесе шұғыл торакалдық хирургиялық көмекті талап етеді. Білім алушылар заманауи диагностикалау әдістерімен, операцияға дейінгі дайындықпен, кеуде қуысы ағзаларына жасалатын хирургиялық араласулармен, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңдегі науқастарды жүргізумен танысады. Оқыту процесінде олар көмекші болу, аз инвазивті процедураларды орындау, операция блогы мен жансақтау бөлімінде науқастарды жүргізу бойынша практикалық дағдыларды меңгереді, сондай-ақ өзекті клиникалық ұсынымдар мен хаттамаларға сәйкес операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу және емдеу әдістерін игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Хирургиядағы детокси кациялық терапия
Пәнді оқу барысында резиденттер жедел хирургиялық аурулар мен жарақаттар кезінде эндогенді интоксикацияның патогенезі, детоксикациялық терапияны жүргізу принциптері мен әдістері туралы білім алады. Сонымен қатар, экстракорпоральды және консервативті детоксикацияның қазіргі заманғы тәсілдері, оларды қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, клиникалық жағдайға, науқастың жай-күйіне және патологиялық үдерістің сипатына байланысты терапияны таңдаудың алгоритмдері туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушылар инфузиялық терапия жүргізу, сорбенттерді пайдалану, плазмаферез, гемосорбция, ультрафильтрация және ағзаны тазартудың басқа да әдістерін меңгереді, сондай-ақ детоксикацияның тиімділігін бағалау тәсілдері мен хирургиялық стационар жағдайында пациенттерді кешенді жүргізу қағидаттарын қазіргі клиникалық хаттамалар негізінде зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Хирургиядағы азинвазивті технологиялар
Пәнді оқу барысында резиденттер заманауи хирургияда қолданылатын аз инвазивті әдістердің (лапароскопиялық, эндоскопиялық және пункциялық-дренаждық технологиялар) принциптері мен мүмкіндіктері туралы білім алады. Білім алушылар аз инвазивті араласуларды қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, пациенттерді дайындау кезеңдері және жарақаттауы аз операцияларды орындау ерекшеліктері туралы түсінік алады. Сонымен қатар, арнайы жабдықтарды пайдалана отырып шектеулі кеңістікте визуализация және манипуляция әдістерін зерттейді. Бұдан бөлек, базалық аз инвазивті процедураларды орындау, эндовидеохирургиялық технологияларды қолдану арқылы операцияларға қатысу, операциядан кейінгі кезеңді жүргізу және асқынулардың алдын алу дағдыларын қазіргі клиникалық хаттамаларға сәйкес меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Хирургиядағы ультрадыбыстық зерттеу
Пәнді оқу барысында резиденттер ультрадыбыстық диагностиканың негіздері, УДЗ зерттеулерінің физикалық принциптері және оның хирургиялық патологияны анықтаудағы рөлі туралы білім алады. Білім алушылар шұғыл және жоспарлы хирургияда УДЗ мүмкіндіктері, іш қуысы ағзаларының, беткі тіндердің, тамырлар мен басқа анатомиялық құрылымдардың визуализация ерекшеліктері туралы түсінік алады. Сонымен қатар, операция кезінде және шұғыл жағдайларда қолданылатын фокусланған ультрадыбыстық диагностика әдістерін (FAST, eFAST және т.б.) меңгереді. Резиденттер негізгі УДЗ зерттеулерін өз бетінше орындау, ультрадыбыстық кескіндерді интерпретациялау және олардың нәтижелерін емдеу тактикасын таңдауда қолдану бойынша практикалық дағдыларды игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоспарлы хиругия
Пәнді оқу барысында резиденттер жоспарлы хирургиялық көмек, операцияға көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер, заманауи диагностикалық әдістер және пациенттерді операцияға дайындау туралы білім алады. Білім алушылар жоспарлы хирургиялық араласулардың әртүрлі түрлері, операцияларды жүргізудің ерекшеліктері, анестезиологиялық қамтамасыз ету, операциядан кейінгі науқастарды жүргізу туралы түсінік алады, сондай-ақ стандартты жоспарлы операцияларды орындау, операциядан кейінгі кезеңді жоспарлау және бақылау дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар, қазіргі клиникалық хаттамаларға сәйкес операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу және оңалту әдістерін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 58
-
Іріңді хирургия
Пәнді оқу барысында резиденттер іріңді аурулардың себептері, патогенезі және клиникалық көріністері, жедел және созылмалы іріңді үдерістерді диагностикалау және емдеу әдістері туралы білім алады. Білім алушылар шұғыл және жоспарлы хирургиялық араласулар, консервативтік және хирургиялық емдеу тактикасын таңдау, іріңді ошақтарды дренаждау және санитациялау әдістері туралы түсінік алады. Сонымен қатар, олар іріңді асқынулар кезінде хирургиялық ем жүргізу, операциядан кейінгі бақылауды ұйымдастыру, асқынулардың алдын алу дағдыларын меңгереді және стационар мен амбулатория жағдайында іріңді патологиясы бар науқастарды басқарудың заманауи технологиялары мен хаттамаларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 32
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ересек адамдардағы хирургиялық ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптоматикасы, жіктелуі, ажырату диагностикасы жөніндегі замануи түсініктер мен базалық теориялық білімдерін көрсете алады.
- Хирургиялық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, шұғыл және жоспарлы хирургия кезінде амбулаториялық, стационарлық және ауруханадан тыс жағдайларда клиникалық шешімдер қабылдай алады.
- Дәлелді медицинаның принциптеріне негізделген хирургиялық араласуды қажет ететін әр түрлі жағдайлар мен аурулар кезінде тәлімгердің бақылауымен білікті дәрігерлік көмек көрсете алады
- Ересек адамдардағы хирургиялық патологияларын емдеу, алдын алу және диагностикасында замануи технологияларды, соның ішінде аз инвазивті технологияларды қолдана алады
- Жеке қауіп факторларын ескере отырып, хирургиялық инфекциялар мен асқынулардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін білім, білік және дағдыларды қолдана алады.
- Пациенттердің салауатты өмір салтын ұстануға бейілділігін қалыптастыра отырып, санитарлық-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыра алады
- Пациентер үшін үздік нәтижелерге жету мақсатында науқастармен, оның айналасымен, денсаулық сақтау саласының мамандарымен тығыз қарым қатынас жасай алады.
- Нормативтік талаптарға сәйкес медициналық құжаттаманы уақтылы ресімдеуге және дербес деректерді қорғауды сақтай отырып, электрондық медициналық жүйелерді пайдалана алады.
- Тәлімгердің басшылығымен кәсіби дамудың жеке траекториясын дербес жоспарлап, жүзеге асыра алады
- Хирургия саласы бойынша ғылыми әдебиетпен таныса отырып, алынған ақпараттарға анализ жасай алады және күнделікті тәжірибеде қолданады.
- Ересек адамдардағы хирургиялық патологияны емдеуде детоксикация терапиясының әдістерін қолдана алады.
- Ересек адамдардағы хирургиялық ауруларды емдеу және диагностикалау кезінде ультрадыбыстық зерттеу әдістерін қолдана алады
Ұқсас БББ
7R01136 Жалпы хирургия
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
7R01136 Жалпы хирургия
Қазақстан-Ресей медицина университеті
7R01136 Жалпы хирургия
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
7R01136 Жалпы хирургия
Семей медицина университеті
7R01136 Жалпы хирургия
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
7R01136 Жалпы хирургия
Астана медицина университеті
7R01136 Жалпы хирургия
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы