7M08172 Өсімдік шаруашылығы в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік қабілеті бар, аймақтың және елдің экономикалық, ғылыми-техникалық дамуының заманауи жағдайында өсімдік шаруашылығының жоғары тиімді технологияларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша кәсіби қызмет жасай алатын, ауылшаруашылығы өндірісінде, өсімдік шаруашылығы аясында педагогикалық қызмет және ғылыми-зерттеулер жүргізетін, түрлі меншіктегі ауылшаруашылық мекемелерінде басқарушылық қызмет атқаратын ғылыми-педагогикалық білімі бар, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M131 Өсімдік шаруашылығы
-
Білім беру саласы 7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 7M081 Агрономия
Пәндер
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты – кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Басқару психологиясының негізгі қағидатын, басқарушылық өзара әрекеттесудегі жеке тұлғаны, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқаруды, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясын, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін, жеке басқару стилін, басқару іс-әрекетіндегі әсер ету психологиясын, жанжалды жағдайларды басқаруды үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Агроландшафттық егіншілік
Пәннің мақсаты – ауылшаруашылық ландшафт жағдайларының ауылшаруашылық дақылдарын жер пайдалану аумағында орналастыру кезінде олардың талаптарына сәйкестігін анықтаудың, топырақтың негізгі типтеріі мен түрлерін танудың, құнарлылықты арттыру тәсілдері, дақылдардың биологиялық ерекшеліктері, ауыспалы егіс және топырақты өңдеу жүйелері туралы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Пәннің мақсаты – магистранттардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, қазіргі заманғы технологиялар негізінде жоғарғы оқу орнында тұтас процесті жүзеге асыру, оқу орындары жағдайында оқу-тәрбие процесінде және инновациялық қызметте оқыту әдістері мен оқыту технологиясын жүзеге асыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пәннің мақсаты – философия туралы негізгі идеялардың теориялық білімін әлемді танудың ерекше формасы, оның негізгі бөлімдері, проблемалары және оларды болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері ретінде қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты – халықаралық ортадағы табысты кәсіби қызмет үшін қажетті магистранттардың кәсіби-бағдарланған шет тілді коммуникативтік құзыреттілігінің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Ғылыми, зерттеу, педагогикалық және басқа да кәсіби қызмет түрлерінде шет тілін қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өсімдік қоректенуінің және ауылшаруашылық дақылдарын тыңайтудың негіздері
Пәннің мақсаты – ауылшаруашылық дақылдарының қорек элементтеріне қажеттілігін анықтаудың физиологиялық негіздері, органикалық және минералды тыңайтқыштардың тиімділігіне әртүрлі факторлардың әсері, тыңайтқыштардың өсімдік өнімдерінің сапасына әсері туралы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Ауылшаруашылығы дақылдарына минералды тыңайтқыштарды қолданудың тәсілдерін, мерзімдерін, енгізу әдістері мен мөлшерін анықтауды, Қазақстанның әртүрлі топырақ-климат аймақтарының далалық, арнайы және малазықтық ауыспалы егістеріндегі ауылшаруашылық дақылдарына органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдануды үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Органикалық егіншілік
Пәннің мақсаты – биологиялық егіншілікте топырақ құнарлылығын жоғарлатудың, баламалы егіншілікте ауылшаруашылығы дақылдарын биологиялық бағалау, органикалық егіншіліктегі ауыспалы егіс және топырақ өңдеу жүйелерінің ерекшеліктері органикалық және минералды тыңайтқыштардың рөлі, баламалы егіншілік жүйелерін салыстырмалы бағалау, экологиялық қауіпсіз ауылшаруашылық өнімдерін алудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық дақылдарының минералды қоректенуі
Пәннің мақсаты – ауылшаруашылық дақылдарының қорек элементтеріне қажеттілігін, органикалық және минералды тыңайтқыштардың тиімділігіне әртүрлі факторлардың әсерін анықтаудың физиологиялық негіздері туралы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Ауыл шаруашылығы дақылдарына минералды тыңайтқыштарды енгізудің, мерзімдерін, тәсілдерін және нормасын анықтау әдістерін үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік қорғаудың біріктірілген әдістері
Пәннің мақсаты – біріктірілген өсімдік қорғаудың жүйе құраушы элементтері, агроэкологиялық қалыптасқан егіншілік жүйелерінің барлық буындарында фитосанитариялық бақылау әдістері мен тәсілдері, фитоценозға зиянды организмдердің көбеюі мен даму қаупін бейтараптандыру үшін агроэкожүйеге немесе оның жекелеген агроценоздарына профилактикалық әсер ету, биологиялық аппараттар мен өсімдіктерді қорғаудың белсенді құралдарын қолдану туралы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Пестицидтерді экологиялық қауіпсіз қолдану
Пәннің мақсаты – зиянкестермен күресудің химиялық әдісі және оның өсімдіктерді кешенді қорғаудағы орны, пестицидтердің жіктелуі туралы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру. Пестицидтердің экожүйедегі уыттылық әсері, өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын, өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау құралдарын енгізу әдістері, пестицидтердің қорғалатын өсімдіктерге және биоценоздарға әсері, пестицидтердің ауадағы, судағы, топырақтағы әрекеті, пестицидтерді қолдану бойынша тәжірибелер жүргізу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Егіншіліктегі ресурсүнемдегіш технологиялар
Пәннің мақсаты – ресурсүнемдегіш технологияларды енгізу кезінде агротехнологияларды жобалау және агроэкожүйелерді модельдеуге әртүрлі әдіснамалық тәсілдерді қолдану бойынша, топырақ жағдайларын оңтайландыру, ресурсүнемдегіш техникалар мен технологияларды қолдану, әртүрлі ауылшаруашылық дақылдары үшін тыңайтқыш жүйесі, биоэнергетикалық бағалау мен технологиялық шығындарды төмендету жолдары жайлы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақстанның перспективалы ауылшаруашылық дақылдары
Пәннің мақсаты – Қазақстандағы өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары және өсірілетін келешегі зор ауылшаруашылық дақылдарының морфологиялық белгілері және биологиялық ерекшеліктері, жаңа дақылдарды жерсіндіру және аудандастыру тәжірибесі, өсімдік шаруашылығында перспективалы ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің агрономиялық және экономикалық тиімділігін талдау жүргізу жайлы теориялық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның аймақтық егіншілік жүйелері
Пәннің мақсаты – елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі ауыл шаруашылығы мен егіншіліктің, биоклиматтық әлеуетті, жер, өсімдік, су, материалдық-техникалық, еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың, Қазақстанның топырақ-климат аймақтарында тәлімі және суармалы егіншілік жүйелері бойынша өсімдік шаруашылығының жоғары өнімділігін тұрақты дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасаудың рөлі туралы теориялық білімді қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бейімделген егіншілік
Пәннің мақсаты – бейімделген егіншілік негіздерінің, егіншілікті қарқындатудың әртүрлі деңгейлеріндегі топырақ өңдеудің міндеттерін, әртүрлі топырақ типтерінің жырту қабатын тереңдету және қайта қалпына келтіру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Суармалы егіншілік жағдайында күріш ауыспалы егісі дақылдары үшін топырақ өңдеу түрлерін, топырақ өңдеуді, тұқым себу және себуден кейінгі өңдеуді, эрозияға қарсы өңдеуді оқыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағдарламалауда жасанды интеллект технологиясын қолдану
Пәннің мақсаты – ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағдарламалаудың мақсаттылығы мен сенімділігін, өсімдіктердің фотосинтетикалық өнімділігін, тыңайтқыш жүйелерінің биологиялық ерекшеліктерін арттыруда жасанды интеллект технологиясын қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуін және ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын анықтауда жасанды интеллект технологиясын, болжау және бағдарламалау әдістерін, өнімнің жоспарланған өнімділігі мен сапасын алу технологиясын, бағдарламаланған өнімді алудың технологиялық схемасын жасау әдістемесін қолдануға үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығындағы инновациялық технологиялар
Пәннің мақсаты – өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің инновациялық технологияларын әзірлеу мен құрастырудың, өсімдік шаруашылығында жаңа технологияларды технологияларды әзірлеу бойынша міндеттерді шешудің әдістері мен тәсілдерін талдаудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Ғылым мен озық тәжірибенің заманауи жетістіктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің озық технологияларын әзірлеу әдістерін үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Өсімдіктер интродукциясының ғылыми негіздері
Пәннің мақсаты – интродукция теориясын, өсімдіктерді енгізу тарихын, интродукцияның негізгі кезеңдерін, өсімдіктерді ғылыми интродукциялаудың негізгі ұғымдарын, өсімдіктерді енгізу объектілері мен пункттерін, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын, өсімдіктерді енгізу әдістерін және табиғи және мәдени флораның генофондын сақтауды, коллекцияларды жинақтау, жұмылдыру және құжаттау принциптерін құру мен дамытудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Агрономиядағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
Пәннің мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және әдіснамасы, объектілерді таңдау, эксперименттерді жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін игеру, деректерді жинау және талдау және алынған нәтижелерді түсіндіру, ғылыми жұмысты ресімдеу үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру
Пәннің мақсаты – өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, өсімдік шаруашылығын әртараптандырудың негізгі және басым бағыттары, жаңа баламалы дақылдардың морфологиялық, биологиялық, экономикалық және экологиялық ерекшеліктері, минералды тыңайтқыштарды пайдалануды оңтайландыру, жанар-жағар май шығынын азайту, пестицидтермен өңдеу санын қысқарту, өсімдік шаруашылығының экологиялық көрсеткіштерін жақсарту туралы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Агрохимиялық зерттеулердің әдістемесі
Пәннің мақсаты – агрохимиялық зерттеулерде қолданылатын зерттеу әдістерінің, тыңайтқыштың ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен өнім сапасына әсерін және топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне әсерін зерттеу бойынша жүргізілетін далалық, вегетациялық, лизиметриялық тәжірибелер туралы түсінік, тәжірибелер жүргізу кезінде бақылаулар бағдарламасын әзірлеу, тәжірибелер жүргізуге әдіснамалық әдістерді зерттеуге танаптық эксперименттер үшін тәжірибе учаскесін таңдау туралы теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің инновациялық технологиялары
Пәннің мақсаты –шығындарды төмендетуге, сапаны жақсартуға және жаңа өнім түрлерін алуға бағытталған өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтаудың және өңдеудің ғылыми негіздері жайлы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу саласындағы инновацияны жинау, өңдеу және тарату үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, инновациялық технологиялар бойынша мәліметтер қорын жасау, инновациялық процесстер схемаларын құрастыру әдістерін, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеудің жаңа технологияларындағы операциялар мен тәсілдерді, өндірістегі инновацияларды тарату әдісін меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау
Пәннің мақсаты – өсімдік шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау негіздері, ауыл шаруашылығындағы өнім сапасын бақылау, өсімдік шаруашылығы өнімдерін стандарттау ерекшеліктері, дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдардың сапа көрсеткіштері, стандарттау және сертификаттау, картопты, көкөністер мен жемістерді стандарттау және сертификаттау, ауыл шаруашылығындағы өнім сапасын басқару, өсімдік шаруашылығына әсер ететін факторлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы туралы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру..
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығының теориясы және практикасы
Пәннің мақсаты – селекциялық процестің ұйымдастырылуы мен принциптері, классикалық селекция әдістері, бастапқы материал туралы ілімдер, аналитикалық, синтетикалық селекция және эксперименттік мутагенез, гетерозис және оны өсімдік селекциясында қолдану, маркерлік селекция негіздері, маркерлерді іздеу және құру, хросомалық және генетикалық инженерия, тұқым шаруашылығын ұйымдастыру, сортты өзгерту және сортты жаңарту, жоғары санатты тұқым өндіру, бастапқы және өнеркәсіптік тұқым шаруашылығы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Күріш ауыспалы егісі дақылдарының өсіру технологиялары
Пәннің мақсаты – күріш ауыспалы егісі жүйесі, күріш ауыспалы егісі дақылдары, тиімді топырақ өңдеу жүйелерін және күріш ауыспалы егісі дақылдарының жоспарлы өнімін қалыптастыру және топырақ құнарлығын сақтау, қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін топырақтың қасиеттері мен өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тыңайтқыштарды енгізудің экологиялық негізделген жүйесін дамыту туралы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Күріш шаруашылығындағы заманауи технологиялар
Пәннің мақсаты – күріш шаруашылығын тиімді жүргізу бойынша, күріш селекциясы мен тұқым шаруашылығының жетістіктерін, күріш өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға жағдай жасайтын ауыспалы егіс, топырақ өңдеу, тыңайтқыш қолдану жүйелерін, өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстарын,өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау және өнім жинауды біріктіретін күріш өсірудің заманауи инновациялық технологиялары жайлы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Дәстүрлі емес дақылдарды өсірудің инновациялық технологиялары
Пәннің мақсаты – дәстүрлі емес ауыл шаруашылық дақылдарының өсіру технологиясындағы инновация түсінігі, олардың өсіру технологиясы элементтері, дәстүрлі емес дақылдардың жалпы сипаттамасы, олардың халық шаруашылығындағы маңызы, өсу және даму кезеңдері, дақылдардың биологиялық ерекшеліктері, ауыспалы егістегі орны, топырақ өңдеу, тыңайту, өсімдік қорғау, машиналар мен құралдар, өнім жинау және оны сақтау жүйелері туралы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру үшін философиялық білімдер негіздерін пайдалана алады, құжаттармен жұмыс істеуге және көпшілік алдында шығып сөйлеу үшін қазақ, шетел тілдерінің ауызша және жазбаша қолдануын, оқытудың әдістері мен технологияларын оқу үдерісінде, ғылыми мақалалар дайындауда, ғылыми зерттеулер жүргізуде әлеуметтік және этикалық коммуникативтік тәсілдерді қолдана алады.
- Ауылшаруашылық дақылдарының өсіру технологиялары, өсімдіктердің минералды қоректенуі бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеулерді жоспарлайды және ұйымдастыра біледі. Өсімдік шаруашылығы саласында қолданылатын әдістер мен тәжірибелерге қойылатын негізгі талаптарды біледі. Егіншілік саласындағы жүргізілетін ашық және қорғалған топырақта жоғары өнім алудың тәсілдері бойынша ғылыми-зерттеулер нәтижелерін қолдана алады.
- Қазақстанның егіншілік аймақтары бойынша перспективалы дақылдардың өсіру технологияларын енгізуді жоспарлайды, бейімделген егіншілікті қолдану мүмкіншіліктерін талдай алады, өсімдік шаруашылығында ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алудың, өнімді өңдеу мен сақтаудың озық әдістерін енгізуді және сапасын бақылауды қолдана алады.
- Егіншіліктегі ғылыми таным әдіснамасын, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қағидалары мен құрылымын біледі, өсімдік шаруашылығында ашық және қорғалған топырақта ауылшаруашылық дақылдарының өнімдерін өндіру, өсімдіктерді қорғаудың біріктірілген әдістері, пестицидтерді экологиялық қауіпсіз қолдану бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдай алады.
- Күріш шаруашылығындағы заманауи инновациялық озық технологияларды, күріш ауыспалы егісі дақылдарының өсіру технологияларын, өсімдіктер интродукциясы, ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы бойынша ғылыми зерттеулер жетістіктерін тиімді пайдалану әдістері мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарды іс жүзінде қолдана алады.
- Ауылшаруашылық дақылдарын ашық және қорғалған топырақта өсіруде қолданылатын инновациялық технологияларды, сондай-ақ жасанды интеллект жүйелері бойынша білімін өндірісте және ғылыми-педагогикалық қызметте, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды және зерттеулерді жүргізуде қолдана алады. Ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын шығару мен өсімдіктерді ашық және қорғалған топырақта өсірудің біріктірілген заманауи әдістерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін жоспарлайды.
- Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде ауылшаруашылығы дақылдарының минералды қоректенуі, органикалық және агроландшафттық егіншілік, өсімдік қорғаудың біріктірілген әдістері бойынша инновациялық технологиялар мен ғылыми-зерттеулер нәтижелерін талдай алады.
- Өзінің жеке кәсіби қызметіне өзіндік бағалауды іске асыра, кәсіби қызметін талдай және жоспарлай алады. Күтілетін нәтижелер мен мақсатқа жетуді қамтамасыз ету жобаларын, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізуді жоспарлайды, жасайды және басқарады. Диссертация жазу үшін ауылшаруашылық дақылдарын ашық және қорғалған топырақта жоғары өнім өндіруде инновациялық технологиялары жайлы материалдарды және ғылыми зерттеу жұмысының тиімділігін бағалау әдістерін қолдана алады.