6B04202 Халықаралық құқық в Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстан және халықаралық деңгейде осы саланы толық игерген маман ретінде саналатын және де қоғамның заманауи сұраныстарына жауап бере алатын, шет тілдерін меңгерген, халықаралық жария және жеке құқық саласындағы білікті мамандар даярлау. Осы бағдарламаның сапалық ерекшелігі – халықаралық құқық саласында жоғары дәрежедегі білімі бар мамандарды даярлау ғана емес, сонымен қатар, өзін-өзі дамытуға, өзіндік ізденіске, құқықтық проблемаларды анықтап оны шешуге, оның ішінде креативті және критикалық ойлау тәсілдерін пайдалана отырып, замануи мамандарды даярлау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзілік тарих және Құқық негіздері
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B042 Құқық
Пәндер
-
Құқықтық ойлау және методология негіздері
Заңгер-мамандарды дайындау кезінде "құқықтық ойлау негіздері және методология" курсы аясында, маман ретінде ойлауға, құқықтық мәселелерді шешу үшін талдау және заңның неғұрлым тиімді нормаларын анықтауға үйретеді. Осылайша, болашақ заңгерлер құқықтық талдаумен және оны шешумен байланысты әдістерді жүйелі түрде қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Халықарлық құқыққа кіріспе және халықаралық құқықтық тәртіп
«Халықаралық құқыққа кіріспе және халықаралық құқықтық тәртіп» пәні студенттерге халықаралық құқық саласын қалыптастыратын негізгі принциптер, ұғымдар және институттар туралы жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол халықаралық құқықтың табиғаты мен қайнар көздерін, оның жаһандық істерде қолданылуын, мемлекеттер мен басқа халықаралық субъектілер арасындағы қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтық тәртіптің рөлін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі 1
Курс аяқталған соң, студенттер курстық, сөйлеу, оқу, түрік тілін тыңдау дағдылары мен қабілеттерімен бірге, түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін үйренеді, сөздерді тәрбиелеу саласында білім алады, фразеологиялық, терминологиялық сөздердің және сөз тіркестерінің көмегімен тілдік лексиканы кеңейтеді. Курс оқытудың белсенді әдістерін (жағдайды талдау, есептер, миға шабуыл, рөлдік және іскерлік ойындар, бейне және аудио материалдарды пайдалану сияқты) қолдануды қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Рим құқығы
«Рим құқығы» оқу пәнінің мақсаты – студенттердің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, халықаралық жеке құқық сияқты пәндерді оқу кезінде қажетті болатын білімдерін қалыптастыру. Курстың соңында студенттер Рим құқығының дамуының негізгі кезеңдері туралы біледі, Рим құқығының қазіргі құқық жүйесіне әсерін түсіндіре алатын болады. Студенттер Рим құқығын оқу арқылы құқықтық ойлау дағдыларын дамытады, талдау және дәлелдеу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жалпы құқық теориясы
Бұл пәнді оқу барысында құқықтың түсінігі, мәні және әлеуметтік маңызы, құқықтың басқа әлеуметтік нормалармен өзара байланысы талданады. Оның ішінде құқық нормасының құрылымын талдауға; құқық түсінігі бойынша түсініктемелер, талдау және логикалық қорытындылар беруге; осы мәселелер бойынша ғылыми ізденіс жүргізуге және ғылыми қорытындылар шығаруға; нақты істер бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қолдана отырып шешімдер шығаруға назар аударылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азаматтық құқық негіздері
Пәнді оқу барысында студенттер жеке құқықтың негізгі институттары ұғымдарын, оларды пайдалану ерекшеліктерін және азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер: жеке құқық ұғымы мен мазмұнын меңгереді; азаматтық құқықтық қатынастар ұғымы және оның құрамын айқынтай алады; азаматтық құқық қағидаттарын меңгереді және нақты мәселелерді шешу кезінде олардың мазмұнын пайдаланалады; жеке құқық көздері және олардың арақатынасын түсінеді; азаматтық құқықтардың пайда болу негіздерін және оларды жүзеге асыру тәсілдерін біледі; азаматтық құқықтарды қорғаудың нысандары мен тәсілдерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заттық құқығы
«Заттық құқығы» пәнін оқу мақсаты студенттердің заттық құқығының түсінігі, белгілері және жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру. Оқыту барысында студенттер мүліктің құқықтық табиғатын, мүліктік құқықтарды алу және тоқтату негіздерімен танысады, шектелген заттық құқығының түрлерін ажыратады және оларды қорғау жолдарын біледі. Оқыту нәтижелері бойынша студенттер заттық құқығының туындау, жүзеге асыру және тоқтату тәртібін реттейтін құқықтық актілерді қолдану дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Салыстырмалы конституциялық құқық
Бұл пәнді оқыту барысында студенттер конституциялық құқықтың маңызды ғылыми – теориялық ережелерін, әр алуан мемлекеттермен Қазақстан Республикасының конституциясының даму кезеңдері зерттеу, сонымен қатар, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекетті құру процесінде мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі Конституцияның рөлі мен функцияларын меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілі 2
Курс аяқталған соң, студенттер курстық, сөйлеу, оқу, түрік тілін тыңдау дағдылары мен қабілеттерімен бірге, түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін үйренеді, сөздерді тәрбиелеу саласында білім алады, фразеологиялық, терминологиялық сөздердің және сөз тіркестерінің көмегімен тілдік лексиканы кеңейтеді. Курс оқытудың белсенді әдістерін (жағдайды талдау, есептер, миға шабуыл, рөлдік және іскерлік ойындар, бейне және аудио материалдарды пайдалану сияқты) қолдануды қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ҚР Қылмыстық құқығы
ҚР Қылмыстық құқығы пәнін игеру аясында студенттер қылмыстық құқық саласындағы білімді меңгереді. Пәнді игеру кезінде студент қылмыстық заң, қылмыстық құқық бұзушылықтар түсінігі, қылмыс категориялары, жаза тағайындау тәртібі және басқа қылмыстық құқықтың негізгі категориялары мен институттарын зерттейді. Студент қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану дағдыларын дамытады, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың, қылмыстарға төзбеушіліктің жоғары деңгейін қалыптастырады. Сонымен қатар жазалану шектерін көрсете отырып, қылмыстың нақты түрлерінің құрамын анықтауға, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша қылмыстарды дұрыс саралау қабілетін игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Халықаралық жария құқық I
Бұл пән студенттерге терең меңгеруге бағыттау арқылы Халықаралық, мемлекеттер ынтымақтастығының құқықтық мәселелер кешенін үйрету; студенттердің адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты регламенттеу сияқты мемлекетаралық қарым-қатынастар салаларында олардың нормаларын бірлесіп қолдануға бағытталған халықаралық құқық арақатынасы және оларды өзара әрекеттесуінен туындайтын арнайы мәселелерді зерттеу; құқықтық мәселелерді дербес шешу дағдыларын меңгеруге көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Міндеттемелік құқық I
"ҚР Міндеттемелік құқығы 1" курсын оқыту барысында, студенттердің негізгі білімдерін және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, міндеттемелерді тоқтату, азаматтық-құқықтық жауапкершілік ұғымдарын, түрлерін, негіздерін меңгеру және міндеттеменің бұзылуын қарастырады. Бұл курсты оқытудың негізі ретінде студенттердің міндеттемелер туралы жалпы ережелерін (азаматтық құқықтың жалпы бөлігі) меңгеруі болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Халықаралық коммерциялық құқық
'Халықаралық коммерциялық құқық' курсын оқып үйренудің мақсаты қазіргі заманғы халықаралық коммерциялық айналымға қатысушы коммерциялық ұйымдардың экспорттық-импорттық,сауда-саттық және басқа да коммерциялық транзакцияларды жүзеге асыру, оларды құқықтық реттеудің механизмдерін түсінуге бағытталады. Студенттердің халықаралық бизнесте жеке құқықтық қатынастардың реттелуі және де халықаралық құжаттар мен шетелдік құқықтық жүйелердің құқықтық нормаларын қолданылуын және соған сәйкес құқықтық дағдыларды қалыптастыру болып табылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Құқықтану саласындағы ағылшын тілі
Бұл пәнді оқытудың мақсаты кәсіби қарым-қатынас; көпшілік алдында сөйлеу; кәсіби ақпарат алу мақсатында заң әдебиеттерін оқу арқылы кәсіби заң қызметі процесінде шет тілді мәтіндермен жұмыс істеу үшін қажетті көлемде құқықтану бойынша лексика-грамматикалық минимумды; негізгі лексикасын (бейтарап, ғылыми стиль), сондай-ақ ағылшын тіліндегі заң терминологиясын; шет елдердегі құқықтарын; құқықтың негізгі бағыттарын көрсететін ағылшын тілінің лексикасы мен фразеологиясын; ағылшын тілінде хат алмасуды; ағылшын тіліндегі арнайы әдебиеттерді рефераттау, аннотациялау және аудару негіздерін меңгеру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Халықаралық жария құқық II
Бұл пәнді терең меңгеруге бағыттау арқылы студенттерді Халықаралық, мемлекеттер ынтымақтастығының құқықтық мәселелер кешенін үйрету; студенттердің адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты регламенттеу сияқты мемлекетаралық қарым-қатынастар салаларында олардың нормаларын бірлесіп қолдануға бағытталған халықаралық құқық арақатынасы және оларды өзара әрекеттесуінен туындайтын арнайы мәселелерді зерттеу; құқықтық мәселелерді дербес шешу дағдыларын меңгеруге көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Міндеттемелік құқық II
«Міндеттемелер құқығы II» (Келісімшарттардың кейбір түрлері) пәнді игеру барысында, студенттердің шарттық және шарттан тыс қатынастардың жекелеген түрлері туралы негізгі ережелерді біледі, азаматтық құқықтың ерекше бөлімінің институттарын талдап, салыстыра алады, алған теориялық білімдерін практикада қолданады, кәсіби қызметте пайдалану үшін азаматтық заңнаманы іздеу және талдау дағдыларын меңгереді, азаматтық құқық нормаларын қолдану арқылы құқықтық жағдайларға шешім қабылдай алады; әртүрлі азаматтық-құқықтық шарттарды жасау дағдыларын меңгереді
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Бұл курс инклюзивті білім берудің қағидаттары мен тәжірибелеріне арналған, барлық оқушылардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктерін ескеретін қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер теориялық негіздермен, заңнамалық база және білім беру процесінде теңдік пен қолжетімділікті қамтамасыз ету стратегияларымен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Пән студенттердің табиғи кешендердегі өзгерістерді, олардың себептері мен шешу жолдары туралы тұтас түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді менгеруде экологияның негізгі ұғымдарын, экологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуын, сондай-ақ биосфераның ғаламдық экожүйе ретіндегі тұжырымдамасы қарастырылады; қоршаған ортаның ластану түрлерінің жіктелуі берілген, қазіргі заманның жаһандық, аймақтық және жергілікті экологиялық проблемалары, олардың пайда болу себептері мен қоршаған ортаның ластану түрлері талданады; жаһандық экологиялық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық қағидаттары түсіндіріледі. Курс экологиялық ойлауды дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыруға және тұрақты даму жағдайында өзінің өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындықты жетілдіруге ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және корпоративтік құқық
Бұл пәнді оқыту барысында шаруашылық-құқықтық қатынастардың барлық кешенінің құқықтық режимі, корпоративтік құқықтың негізгі ережелері, корпоративтік дауларды шешу тәртібінің құқықтық негіздері, заңды тұлғалар қызметінің тәртібі, коммерциялық заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау тәсілдері ашылады. Курс аясында кәсіпкерлік және корпоративтік қатынастар субъектілері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің заттық құқықтары, кәсіпкерлік саладағы шарттық қатынастарды, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және бәсекелестік құқықты құқықтық реттеу ерекшеліктерімен танысу мәселелерін зерделеуді көздейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Бұл пәнді оқу барысында, қазіргі іргелі және қолданбалы юриспруденцияның соңғы жетістіктерін ескере отырып, қазіргі заманғы зерттеу әдістері пайдалана отырып, заң ғылымдары саласында (бағдарламаның бағытына сәйкес) ғылыми зерттеулерді дербес жүргізуді үйренеді. Курсты аяқтау нәтижесінде студенттер алынған нәтижелерді ғылыми конференцияларда ұсыну және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін отандық және шетелдік жетекші профильді журналдарда жариялау қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Құқық
Бұл курс мемлекет пен құқық теориясын, сондай-ақ заңмен және оны жүзеге асырумен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуге арналған. Студенттер мемлекет, құқықтың әрекет ету механизмі, заң шығару және құқыққа қатысты басқа да мәселелер туралы түсінік алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Бұл курс студенттерге кәсіпкерлік туралы терең түсінік беруге арналған. Курс АТ-мен байланысты кәсіпорындарды ашу және басқару кезінде туындайтын бірегей қиындықтар мен мүмкіндіктерге бағытталған және студенттерге саланың серпінді ландшафтын кәсіпкер ретінде сәтті шарлау үшін қажетті білім, дағдылар мен ойлауды қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Бұл курс негізгі құқық нормаларын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың негіздерін зерттеу болып табылады. Студенттер сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарымен, педагогтің этикасымен және кәсіби мінез-құлқымен танысады. Курс білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін зерделеуді, этикалық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруды және сыбайлас жемқорлық көріністерімен байланысты жағдайларда негізделген шешімдер қабылдауды қамтиды. Оқыту барысында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінде құқық пен қоғамға жауапты және заңға бағынатын көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Экономика
Курс студенттерді экономикалық талдаудың негізгі құралдарымен таныстыруға арналған, оның ішінде мүмкіндік шығындары, сұраныс пен ұсыныс, нарықтық тепе-теңдік және икемділік, нарық түрлері, мамандандыру, сауда, абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар туралы үйретіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Муткорт
Муткорт студенттерге шынайы сот процесін имитациялау арқылы заңгерлік қорғау тәжірибесін береді. Бұл курс жазбаша брифтерді дайындауды және судьялар алқасының алдында ауызша пікірсайыстарға қатысуды қамтиды. Студенттер заңгерлік зерттеу, жазу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытып, сот рәсімдері мен құқықтық ойлауды терең түсінуді меңгереді. Модельдік сот студенттерді талдау және қорғау қабілеттерін бәсекелестік, практикалық ортада жетілдіру арқылы заңгерлік мансапқа дайындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
ҚР Азаматтық процестік құқығы I
Бұл пәнді игерудің мақсаты студенттердің жалпы юрисдикциялық соттарында азаматтық істерді қарау және шешу бойынша соттың және процеске өзге де қатысушылардың іс жүргізу қызметі туралы тұтас түсінігін қалыптастыру, құқықтық дерек көздермен, соның ішінде нормативтік құқықтық актілермен, құқық қолдану практикасы материалдарымен, арнайы әдебиеттермен дербес білікті жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; соттарда дауларды шешу практикасын талдау, жалпы юрисдикциядағы соттар қабылдаған шешімдердің құқықтық салдарларын бағалау және іс жүргізу құжаттарын құрастыру болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
ҚР Қылмыстық процестік құқығы
«ҚР Қылмыстық процестік құқығы» пәнін оқу барысында, алдын ала тергеу органдарының, прокуратураның және соттың қылмыстық процедуралары туралы студенттерінің білімін қалыптастыру, қылмыстық процестің барлық мәселелері бойынша ғылымның қылмыстық процестік заңнамасының теориялық қағидаларын меңгеру, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің нормаларын практикалық қолдану үшін практикалық дағдыларды меңгеру және студенттердің тергеу амалдарын және жағдайларын оңтайлы шешуге қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Еңбек қатынастары және еңбек даулары
Бұл пәнді оқытудың мақсаты студенттердің ҚР Еңбек құқығы саласында тұрақты білім алуы және ҚР қолданыстағы еңбек заңнамаларында сауатты бағдарлану қабілеті болып табылады. Пәнді оқу барысында келесі міндеттер шешіледі: еңбек қатынастарын реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің, - ең алдымен ҚР Еңбек Кодексі мен басқа да заңдардың мазмұнын түсіндіру; Еңбек құқығы бойынша әдебиеттерді талдау және қорыту дағдыларын үйрету; еңбек құқығы саласындағы құқық қолдану қызметінің дағдыларын тәрбиелеу; еңбек дауларын шешу, еңбек қатынастарына қатысушылардың – қызметкерлердің, қызметкерлердің (кәсіподақтардың), жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің, еңбек инспекциясының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Халықаралық қылмыстық құқық
Халықаралық қылмыстық құқық курсы осы сала құқық негіздерін білуге және нақтылауға бағытталған және халықаралық құқықтың осы маңызды және өзекті саласын реттейтін принциптер мен нормаларды қамтиды. Студенттер халықаралық қылмыстық құқық негіздері туралы түсінікке ие болады және халықаралық мәселелер бойынша құқықтық дәлелдеу, зерттеу және талдау бойынша практикалық дағдыларға ие болады. Студенттер жалпыға қол жетімді құралдар мен мәліметтер базасын пайдалануы керек.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Бұл курс үшінші курс студенттеріне жеке қаржыны тиімді басқару үшін қажетті негізгі білім мен дағдыларды береді. Тақырыптар бюджеттеу, жинақтау, инвестициялау, несие басқару және қаржылық өнімдер мен қызметтерді түсінуді қамтиды. Курс студенттерге негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, болашақты жоспарлау және қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу құралдарын ұсынады. Қаржылық қағидаларды түсіну мен қолдануды жақсарту үшін практикалық жаттығулар мен нақты мысалдар қолданылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Cабақ әртүрлі орталарда адамдардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қажетті іргелі білім мен тәжірибені береді. Бұл курс қатысушыларды ықтимал қауіптерді, төтенше жағдайларды және өмірге қауіптерді анықтау және оларға әрекет ету үшін қажетті дағдылармен жабдықтауға бағытталған. Қатысушылар өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда эвакуациялау тәртібі, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері және қауіпсіздіктің жалпы хаттамаларымен танысады, бұл оларға қауіптерді азайтуға және күнделікті жағдайларда өзін және басқаларды қорғауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Банк құқығы
Бұл пәнді игерген студент, ҚР банк жүйесінің құрылымын білуі керек; негізгі банктік операцияларды құқықтық реттеу; соттардың, төрелік соттардың және банктердің қызметін реттейтін заңнаманы қолдану тәжірибесін, құқықтық қатынастарды заңнамаға дәл сәйкестікте дұрыс саралау; банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізе алу қабілеттіліктері болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Білім берудегі жасанды интеллект
Пән жасанды интеллект саласында білім жүйесін қалыптастыруды, жасанды интеллект жүйелерін қолдану дағдыларын және жасанды интеллект принциптерін жүзеге асыру құралдарымен жұмыс істеуді қамтиды. Пәннің міндеттері: жасанды интеллект саласында теориялық білімдерді қалыптастыру; жасанды интеллекттің түрлі салаларындағы қолданбалы міндеттерді шешу дағдыларын дамыту; тапсырмаларды шешу алгоритмдерін өз бетінше әзірлеу және оларды талдау қабілеттерін қалыптастыру, жасанды интеллект қолданудың этикалық, әлеуметтік және құқықтық аспектілері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Халықаралық ұйымдар құқығы
Бұл пәнді оқу барысында нормалар халықаралық ұйымдардың мәртебесін анықтайтын, олардың құрылуы мен қызметі мәселелерін реттейтін қазіргі заманғы халықаралық құқық саласы меңгеріледі. Бұл салада халықаралық нормалардың екі тобы қалыптасады: ұйымның «ішкіқұқығы» - ұйымның құрылымын, оның органдарының құзыреті мен жұмыс тәртібін, қызметкерлердің мәртебесін реттейтін ережелер; Ұйымның «сыртқықұқығы» - ұйымның мемлекеттер мен басқа халықаралық ұйымдармен келісім шарттарының нормалары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Интеллектуалдық меншік құқығы
Бұл пәннің нәтижесінде студенттер әр түрлі елдердің Интеллектуалды меншік құқығына салыстырмалы талдау жүргізеді, интеллектуалды және инновациялық қызмет туралы түсінік, Интеллектуалды меншік құқығы туралы түсінік қалыптастырады, «Интеллектуалды меншік құқығы» жүйесінің, оның институттарының, тұжырымдамаларының, субьектілерінің жұмысын зерттейді, тақырып, әдіс және дереккөздер, авторлық құқық негіздері, оның принциптері, объектілері, субъектілері, шығармалар авторларының жеке мүліктік және мүліктік емес, сабақтас құқықтары туралы түсініктерді анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Отбасы құқығы
Бұл пәні ретінде неке ұғымын, оның құрылымы мен мөлшерін, отбасы ішінде қалыптасқан қарым-қатынастардың сипаттамасын (мүліктік, сондай-ақ жеке мүліктік емес), ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың, қорғаншылардың және қамқоршылардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, неке қию мен бұзудың, оны жарамсыз деп танудың, ата-ана құқықтарын асырап алудың және айырудың құқықтық салдарларын зерттеуге мүмкіндік береді
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
ҚР Азаматтық процестік құқығы II
Бұл пәнді оқытудың мақсаты азаматтық процестік құқық саласы бойынша кәсіби қызметке дайындау; студенттерде азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері мен сатылары туралы жүйелі, кешенді білімдер мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: - студенттерді азаматтық процестің жекелеген сатыларын, оның ішінде, атқарушылық іс жүргізуді, сондай-ақ шетелдік тұлғалардың қатысуымен іс жүргізуді реттейтін азаматтық-процестік нормалармен таныстыру; - азаматтық процестік құқықтың арнайы нормаларымен жұмыс істеуге дағдыландыру және оларды нақты өмірлік жағдайға қолдануға үйрету; - студенттерді азаматтық сот ісін жүргізу барысында туындайтын құқықтық жағдайларды талдауға және кәсіби міндеттерді дербес шешуге үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Деректерді қорғау
Курс заңнама талаптарына сәйкес әр түрлі қызмет саласындағы ұйымдарда дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғауды ұйымдастыру үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырады. Дербес деректерді қорғау жүйесін құру кезеңдері, деректері өңделетін субъектілердің санына байланысты дербес деректердің ақпараттық жүйелерін жіктеу тәртібі және дербес деректердің санаттары келтірілген және дербес деректерді қорғау жүйесін құру кезеңдері және оларға сәйкес ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар қарастырылған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Дауларды шешудің балама түрі
Бұл пәнді дауларды шешудің балама түрі дәстүрлі сот процесінен тыс дауларды шешудің әдістерін, соның ішінде медиация, арбитраж және келіссөздерді зерттейді. Бұл курс дауларды балама реттейтін принциптерді, процестерді және құқықтық негіздерді, сондай-ақ осы әдістермен байланысты артықшылықтар мен қиындықтарды қамтиды. Студенттер проблемаларды шешу бойынша практикалық дағдыларды дамытып, әртүрлі құқықтық контексттердегі балама шешудің рөлі туралы түсінік алады, заң, бизнес және халықаралық қатынастар салаларындағы тиімді дау шешу маңызды болып табылатын мансапқа дайындалады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Cауда және қаржы құқығы
Бұл пән сауда және қаржы құқығы жаһандық құқықтық жүйенің маңызды бөлігі болып табылады. Осы пән халықаралық қаржы және сауда айналымын, ақшалай қаражаттардың, капиталдың, инвестициялардың қозғалысын құқықтық реттелуін меңгеру, Қазақстандағы азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау үшін заңнама мен тәжірбиелік кейстерді зерттеу. Халықаралық қаржылық-құқықтық қатынастарды білу және түсіну халықаралық нарықтардағы қызметтен қазақстандық бюджетке салықтар мен алымдар түсуін реттеу және бақылау саласындағы кәсіби құқықтық дағдыларды алу, қаржы секторындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қажет. Пәнді оқу аясында сауда және қаржы құқығы ғана емес, сонымен қатар халықаралық қаржы айналымындағы әлемнің дамыған елдерінің (АҚШ, Ұлыбритания, Германия және басқа ЕО елдерінің) қаржылық құқығы туралы түсінік қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Халықаралық жеке құқық
'Халықаралық жеке құқық' пәнін игеру барысында студенттер,- қолданбалы аспектіде халықаралық жеке құқық доктринасын зерттеу; - заңнаманы реформалау және құқық қолдану практикасын қалыптастыру жағдайында халықаралық жеке құқық институттары мен принциптерін тереңдетіп талдау;- коллизиялық мәселелерді қазіргі заманғы реттеудің тиімділігін бағалау;- халықаралық жеке құқық нормаларын қолданудың заманауи мәселелерін зерттей алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Салық құқығы және салық даулары
Бұл пәнді оқу нәтижесінде студенттер салық және төлемдер туралы заңнамаларда қолданылатын терминологияны және негізгі ұғымдарды; Қазақстанның қазіргі салық саясатын қалыптастырудың негізгі нормативтік көздері мен тарихын; салық құқығының дамуының негізгі кезеңдерін; салық құқығының принциптерін, категорияларын, ұғымдарын, институттарын білуі тиіс. Салық және алымдар туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша сот органдарының қолданыстағы құқықтық ұстанымдарын түсіндіре білу; салық құқығының негізгі мәселелерін талқылау, сот дауларын шешу тәжірибесін талдау, нақты даулар бойынша Соттар қабылдаған шешімдердің құқықтық салдарларын бағалау. Салық құқығы саласындағы нормативтік актілермен, сот-төрелік практикамен жұмыс істеу дағдысы болуы; нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, олардың техникалық-экономикалық негіздемесі; нақты міндеттер мысалында салықтар мен алымдар сомасын есептей алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Халықаралық заң фирмаларының практикасынан таңдамалы кейстер
Бұл пән аясында, халықаралық құқық фирмаларының тәжірибесінен кейстерді зерттеуді және оларды талдауды меңгереді. Нəтижесінде студенттерге теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде пайдалануға мүмкіндік беріледі. Процедуралық құжаттарды (талап арыздар, тапсырмалар, анықтамалар, шешімдер мен шағымдар) жасау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
ҚР Әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу
Бұл пәннің мақсаты әкімшілік рәсімдер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, оның ішінде мемлекеттік органдардың ведомствоаралық қызметін ұйымдастыруға және жария құқық саласындағы дауларды шешуге және де әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі туралы түсінікті қалыптастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Тұрақты даму және жер құқығы
Осы пән арқылы студенттер Қазақстан Республикасының жер құқығы мен қоршаған ортаны қорғау кодексімен және бұл саладағы халықаралық нормалармен таныс болады. Бұл курста жер және қоршаған ортаны пайдалануды, басқаруды және қорғауды реттейтін құқықтық принциптер мен ережелер терең зерттеледі. Сонымен қатар осы пәнде студенттер жер мәселесін зерттеу, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамудың құқықтық негіздерін түсінуге және халықаралық құқықтағы тиісті заңдар мен ережелерді және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған құқықтық нормаларды зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект (AI), киберқауіпсіздік және құқық
Бұл пән жасанды интеллект технологияларындағы жетістіктермен және сандық дәуірдегі киберқауіпсіздіктің маңыздылығымен байланысты құқықтық және реттеушілік проблемаларды үйренеді. Студенттер AI мен киберқауіпсіздікті реттейтін құқықтық негіздер мен нормаларды түсінуге назар аудара отырып, заң, технология және сандық дәуірдегі этиканы ұштастыра отырып меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Халықаралық конфликт және бейбітшілік
Бұл пән халықаралық қатынастар теориялары негізінде мемлекетаралық қақтығыстардың ықтимал себептерін қарастыру арқылы халықаралық қақтығыстарды зерттеу және бейбітшілікті сақтау негіздерін беруге бағытталған. Ол жанжалдарды реттеу, келіссөздер, медиация, интервенциядан бастап бітімгершілікке дейінгі жанжалды шешу мүмкіндіктерін талқылауды қамтиды. Сонымен қатар, бұл пән халықаралық қақтығыстардың асимметриялық қақтығыстар, лаңкестік және көтеріліс сияқты соңғы дәстүрлі емес нысандарын және ядролық тежеу рөлін бағалау әрекеттерін қамтиды. Содан кейін ол қазіргі халықаралық қақтығыстарға, олардың себептері мен ықтимал шешімдеріне назар аудару арқылы аяқталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Атқарушылық іс жүргізу
Бұл пәнді атқарушылық іс жүргізу заңдарының нормаларына талдау жүргізу, атқарушылық іс жүргізу тәжірибесінде өз бетінше қолдануды, процестік құжаттарды құрастыруды, азаматтық істер бойынша шығарылатын сот актілерінің орындалуы тәртібін, мүліктен өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер бойынша шығарылатын үкімдердің орындалу ерекшеліктерін, аралық сот және халықаралық коммерциялық төреліктердің шешімдерінің орындалу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Миграция және кеден құқығы
Бұл пән адамдар мен тауарлардың шекара арқылы қозғалысын реттейтін құқықтық негіздер мен ережелерді зерттейді. Бұл курс иммиграциялық саясаттарды, босқындар және баспана заңдарын, шекара қауіпсіздігін, кедендік рәсімдерді және сауда талаптарын қамтиды. Студенттер халықаралық шарттарды, ұлттық заңдарды және жаһандық мобильділіктің экономика мен қоғамдарға әсерін талдайды. Курс студенттерді заң, үкімет, халықаралық ұйымдар және бизнес салаларындағы мансапқа дайындайды, шекарааралық қызметті реттеудің күрделілігі мен қиындықтарына назар аударады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Халықаралық арбитраж
Бұл пәнді шетелдік элементпен күрделенген азаматтық-құқықтық дауларды, тараптардың өзара келісімімен мемлекеттік соттардан тыс шешу әдісі болып табылады. Қазіргі кездегі халықаралық сауда қатынастардың артуы және ұдайы жаһандану жағдайында арбитраж халықаралық деңгейдегі азаматтық-құқықтық дауларды шешудің негізгі механизмдарының бірі болып саналады. Сондықтан да болар, шетелдік элементпен күрделенген экономикалық даулардың басым көпшілігі халықаралық арбитражда қаралады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Адам құқықтарының халықаралық құқығы
Осы пәннің мақсаты студенттерде адам құқықтарының әлеуметтік және заңды табиғаты туралы, заңнама, халықаралық актілер және қазақстандық және шетелдік азаматтардың құқықтарын қорғау механизмдері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Халықаралық шарттар құқығы
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студент, халықаралық сипаттағы мәмілелер және халықаралық коммерциялық келісім-шарттар ұғымы, халықаралық келісімшарттық құқықтың коллизиялық мәселелері; халықаралық коммерциялық келісімшарттарды құқықтық реттеуді біріздендіру; тауарларды халықаралық сатып алу-сату шартының ерекшелігі; интернет-коммерцияны құқықтық реттеу тәртібін меңгереді
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Мамандықаралық құқықтық дағдылар
Бұл пән студенттерге замануи жұмсак дағдыларды үйретуге арналады. Олардың ішінде жұмысқа қабілеттілікті арттыру және кәсіби дамуға қатысы бар қоғам алдында сөйлеу, сыни ойлау секілді дағдыларды қамтиды. Пән ерекшелігі ол заңгер, судья және адвокат т.б сынды маман иелерінң жұмысында қолданатын тәжірбилер мен дағдыларды үйрену арқылы жұмысты жеңілдету және сапаны арттыру үшін студеннтерге түсінік қалыптастырады. Курсты аяқтау нәтижесінде студенттердің жағдайға және оның өзгерістеріне тез жауап беру қабілетті, көшбасшылық қабілеттерін дамытады, коммуникативті дағдыларын жетілдіріп, өз ойын көпшілікке сенімді және анық жеткізе алатын болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Келіссөздер жүргізу, халықаралық шарттар мен мәмілелер жобаларын талдау, оларды әзірлеп үйрену, сот процестеріне қатысу, сонымен қатар, құқықтық саланы халықаралық деңгейде ғана емес, отандық заңнамамен жұмыс жасай алатын дағдыларға ие болады.
- Бәсекеге қабілеттілігін арттырады, ұлттық және халықаралық құқықты саралау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ратификациялаған еуропалық құқықтық жазбаларды меңгеру, зерттеу және басқа да құқықтық заңнамалармен құқықтық актілерді зерттеу, орындау.
- Теориялық және қолданбалы сипаттағы зерттеулер жүргізуге қабілетті болады және халықаралық-құқықтық құбылыстар мен процестерді ғылыми талдаудың негіздерін меңгереді.
- Білікті құқықтық қорытындылар (баға) мен құқықтық сипаттағы құжаттарды жасауға қабілетті болады.
- Халықаралық жария және жеке құқық саласында кәсіби нәтижеге қол жеткізу үшін қойылған міндеттерді шешудің дұрыс тактикасын әзірлеуге қабілетті болады.
- Халықаралық құқықтың негізгі ұғымдары мен терминологиясын түсіндіруге, ажыратуға және қолдануға қабілетті болады.
- Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті болады.
- Практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін бастапқы және қайталама құқықтық ресурстарды пайдалана отырып, құқықтық зерттеулер жүргізуге қабілетті болады.
- Коммуникативтік байланыстарды құруға және қолдауға қабілетті болады.
- Әртүрлі мәселелерді талдау және шешу дағдыларын дамыту, сонымен қатар қазіргі қоғамда негізделген шешімдер қабылдау үшін сыни ойлау мен этикалық принциптерді дамыту.
Ұқсас БББ
6B04202 Халықаралық құқық
M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
6B04202 Халықаралық құқық
«Тұран» университеті
6B04202 Халықаралық құқық
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
6B04202 Халықаралық құқық
Астана халықаралық университеті
6B04202 Халықаралық құқық
«Тұран-Астана» университеті
6B04202 Халықаралық құқық
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B04202 Халықаралық құқық
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B04202 Халықаралық құқық
Нархоз Университеті
6B04202 Халықаралық құқық
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B04202 Халықаралық құқық
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
6B04202 Халықаралық құқық
«Тұран» университеті
6B04202 Халықаралық құқық
Астана халықаралық университеті