Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01705 Қазақ тілі мен әдебиеті в Астана халықаралық университеті

Пәндер

  • Социолингвистика

    Аталған пән тіл мен қоғамның өзара байланысын, тіл қызметінің зерттелуін, тілдің қоғамдық табиғаты мен әлеуметтік қызметін, тіл болмысының қатынастық және әлеуметтік сипаттағы түрлерін, билингвизм, диглоссия, пидженделу, креолдену, мультилингвизм процестерін, тілдің әлеуметтік табиғаты және мәдениетпен байланысын, тіл саясатының әлеуметтік маңыздылығын, өзектілігін меңгертуге арналған. Тілдің қоғамдық табиғаты мен әлеуметтік процестердегі рөлі жан-жақты зерделенеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектепте оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен технологиялары

    Пән жоғары білім берудегі оқыту процесінің психологиялық және педагогикалық негіздерін терең зерттейді. Студенттердің жас ерекшеліктері мен тұлғалық сипаттары, оқу мотивациясы, қабылдау және ойлау ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, заманауи педагогикалық технологиялар, инновациялық әдістер, интерактив оқыту формалары, сын тұрғысынан ойлау, кері байланыс, рефлексия және оқытушының кәсіби дамуы кеңінен талданады. Пән болашақ мұғалімдердің әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ерекше көңіл бөледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты-ғылыми зерттеудің негізгі стратегияларын және ғылыми білімді қалыптастырудың тарихи негіздерін түсіндіру. Пән магистрантқа ғылым мен ғылыми білімнің пайда болуы және дамуы туралы тұтас түсінікті тарихи-мәдени контекст негізінде береді. Қарастырылатын тақырыптар: ғылым философиясы және ғылым тарихы, ғылымның дүниетанымдық контексттері, ғылымның эпистемологиялық проблемалары, ғылыми танымның аксиологиясы және праксиологиясы, жеке ғылымдардың философиясы және тарихы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Tіл білімінің жаңа бағыттары

    Аталған пән қазіргі лингвистиканың даму үдерістерін, жаңа ғылыми бағыттарын, зерттеу әдістері мен парадигмаларын қамтитын теориялық-танымдық пән. Бұл курс аясында дүниежүзі тіл білімінің қазіргі негізгі ғылыми теориялары, зерттеу бағыттары мен олардың өзектілігі, тілді зерттеудің әлемдік тәжірибесі мен жетістіктері; когнитивті лингвистика, прагмалингвистика, антропоөзектік лингвистика, лингвомәдениеттану, дискурс теориясы, нейролингвистика, корпус лингвистикасы, медиалингвистика, эколингвистика сынды қазіргі тіл білімінің өзекті бағыттары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектепте қазіргі қазақ тілін оқытудың әдістемесі

    Аталған пән жоғары мектепте қазақ тілін тиімді оқыту жолдарымен, заманауи әдіс-тәсілдермен, инновациялық технологиялармен, оқытудың ғылыми-теориялық және практикалық негіздерімен таныстыратын кәсіби пән. Пән аясында оқыту формалары, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары, тілдік білім мазмұнын іріктеу, оқу құралдарын тиімді қолдану, бағалау мен бақылау әдістері, қазіргі қазақ тілінің салаларын оқытуда қолданылатын әдістемелік ұстанымдар, цифрлық білім ресурстарын пайдалану мәселелері зерделенеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Курстың мақсаты - магистранттың шет тілін меңгеруінің алдыңғы білім беру сатысында (бакалавриат) қол жеткізген бастапқы деңгейін арттыру және кәсіби қарым-қатынас жасауға қажетті тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін одан әрі дамыту. Курс тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби салаларда қарым-қатынас жасау үшін жеткілікті тілдік және коммуникативтік құзыреттерді қалыптастырады, ақпараттық мәдениетті дамытады, ой-өрісін кеңейтеді және жалпы мәдениетті арттырады, әртүрлі елдер мен халықтардың рухани құндылықтарына төзімділік пен құрметке тәрбиелейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ тіл білімі мәселелері

    Аталған пән қазақ тіл білімінің теориялық негіздері мен өзекті мәселелерін терең ғылыми тұрғыдан қарастыратын арнайы курс. Пән аясында қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, лексикологиясы, морфологиясы, синтаксисі, стилистикасы салаларындағы ғылыми-зерттеу бағыттары мен негіздемелері, зерттеулердің тілдің даму процесіне әсері, жаңа әдіснамалық ұстанымдар мен лингвистикалық талдау тәсілдері қарастырылады. Сондай-ақ тілдік бірліктердің қызметі, олардың коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік сипаттары, ұлттық дүниетаныммен байланысы талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жаһандану уақытындағы әлемдік әдебиет

    Аталған пән жаһандану жағдайында әлемдік әдебиеттің даму үдерістері мен бағыттарын, мәдениеттер арасындағы әдеби ықпалдастықты, заманауи әдеби ағымдар мен трендтерді зерттейтін теориялық курс. Пән аясында постмодернизм, метамодернизм, экзистенциализм, магиялық реализм, киберәдебиет сияқты қазіргі әдебиеттегі өзекті бағыттар қарастырылады. Әдебиеттегі трансұлттық тақырыптар, жаһандық проблемалардың көркемдік бейнесі, миграциялық, гендерлік, экологиялық дискурстар, мәдениетаралық коммуникация, аударма мен әдеби рецепция мәселелері талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Лингвистика ілімінің заманауи парадигмалары

    Аталған пән тіл біліміндегі қазіргі заманғы теориялық бағыттар мен зерттеу парадигмаларын талдауға арналған курс. Пән аясында парадигма және синтагма мәселесі, лексикалық жүйе және лексикалық парадигма, көпмағыналы сөздер есебінен жасалған омоним, синоним, антонимдер, олардың ыдырау, ұғымдық сипат негізінде жасалуы, лексика мен фразеологиядағы парадигматикалық және синтагматикалық түсінікті қалыптастыру, лексикалық бірліктің нормативті ақпарат қызмет етуінің өзара байланысы мен өзара ықпалдасуы оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясының ғылыми-философиялық негіздері

    Аталған пән әдебиеттанудың теориялық және методологиялық ұстанымдарын, оның философиялық негіздерін зерттейтін пән. Бұл курс әдебиет пен философия арасындағы өзара байланыс, көркемдік таным мен эстетикалық категориялардың мәнін ашуға бағытталған. Пән аясында әдебиет теориясының ғылыми және философиялық аспектілері, әдебиет теориясының тарихи даму кезеңдері мен көркемдік танымдағы орны, қазіргі әдебиеттанудағы ғылыми ағымдар мен бағыттар, әдебиеттанудағы заманауи зерттеу әдістері ғылыми-философиялық тұрғыда оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тіл білімі тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері

    Аталған пән тіл білімі тарихының қалыптасуы мен даму кезеңдерін, негізгі теориялық мектептер мен бағыттарды ғылыми тұрғыда жүйелеп, дәуірлеу ұстанымдарын саралайтын теориялық курс. Пән аясында тіл білімі тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері мен тұжырымдары, тіл тарихын дәуірлеу принциптері, оған қатысты көзқарастар мен ғылыми тұжырымдар, талдаулар, жалпы тіл білімі, түркітану, қазақ әдеби тілінің даму сатылары мен дәуірленуіне қатысты сын-пікірлер, ұстанымдар оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттанымдық зерттеудің әдіснамасы

    Аталған пән әдеби шығармаларды ғылыми тұрғыдан зерттеу әдістері мен тәсілдерін үйрететін теориялық және практикалық курс. Пән аясында әдебиеттану ғылымының негізгі әдіснамалық ұстанымдары мен зерттеу, талдау әдістері, қазіргі әдебиеттану парадигмалары, қазақ әдебиетіндегі әдіснамалық тұжырымдамалар, қазақ және әлемдік әдебиеттану ғылымдарының байланысы, әдеби үдерістер мен құбылыстардың әдіснамалық негіздері оқытылады. Мәтінді интерпретациялау және ғылыми жарияланым жасау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылымдағы деректерді зерттеу мен талдаудың заманауи әдістері

    Пән магистранттардың жасанды интеллект негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу және деректерді талдау бойынша терең білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Машиналық оқыту алгоритмдері, интеллектуалдық талдау әдістері, ғылыми модельдеу мен болжау қарастырылады. Пәннің негізгі мақсаты – ғылымның әртүрлі салаларында күрделі міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып зерттеу үдерістерін автоматтандыру мен тиімділігін арттыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілінің академиялық грамматикасы

    Аталған пән тілдің грамматикалық құрылымын, ережелері және қолдану принциптерін, академиялық контексте, яғни ғылыми, білім беру және кәсіби салаларда тілдің дұрыс әрі тиімді қолданылуын, тілдің жүйелілігін, құрылымын және нормаларын зерттей отырып, ғылыми және ресми жазу мен сөйлеу дағдыларын жетілдіру мәселелерін, грамматикалық ұғымдардың лингвистикалық интерпретациясын және олардың функционалдық ерекшеліктерін оқытады. Қазіргі қазақ тілі грамматикасына қатысты зерттеу еңбектеріне аналитикалық шолу, сараптау жұмыстарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Жаһандану кезеңіндегі заманауи қазақ әдебиеті

    Аталған пән жаһандану үдерісі жағдайындағы қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары мен көркемдік ерекшеліктерін зерттейтін теориялық-танымдық курс. Пән аясында тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттегі жаңашыл үрдістер, авторлық ұстаным, жанрлық және стильдік өзгерістер, ұлттық код, ұлттық бірегейлік, ұрпақтар сабақтастығы, ұлттың төл мәдени, әдеби, тарихи болмысы, мәдениеттер диалогына ұлттық әдебиеттің қатысы, қазақ әдебиетінің халықаралық беделі, аударма және аударма сапасы сияқты мәселелер оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттанымдық зерттеулердің теориялық методологиялық негіздері

    Аталған пән көркем әдебиетті ғылыми тұрғыда зерттеудің теориялық ұстанымдары мен методологиялық тәсілдерін меңгертетін пән. Пән аясында әдебиеттану ғылымының негізгі ғылыми-әдіснамалық, ұстанымдары мен зерттеу әдістері, қазіргі әдеби үрдістерді талдау мен интерпретациялау жолдары, қазіргі әдебиеттану парадигмалары, қазақ әдебиетіндегі әдіснамалық тұжырымдамалар, қазақ және әлемдік әдебиеттану ғылымдарының байланысы, әдеби үдерістер мен құбылыстардың әдіснамалық негіздері оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ филологиясындағы ғылыми зерттеулерде сандық технологияларды қолдану методологиясы

    Аталған пән заманауи ғылыми зерттеулерді жүргізуде сандық технологиялар мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын үйрететін теориялық және практикалық курс. Пән аясында ғылыми зерттеудің методологиясын, яғни әдіс-тәсілдерін теориялық және практикалық тұрғыда меңгерту, ғылыми зерттеу жүргізудің методологиясында сандық технологияны қолдануды меңгере отырып, зерттеу тақырыптары бойынша контент әзірлеу, ғылыми зерттеу методологиясының жалпы мәселелері, ғылыми методологияны жетілдіру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Түркі халықтарының әдебиеті

    Аталған пән түркі тілдес халықтардың әдеби мұрасын тарихи, мәдени және көркемдік тұрғыдан салыстыра отырып зерттеуге арналған теориялық курс. Пән аясында түркі халықтары әдебиеті тарихының кезеңдері, қалыптасуы, әлем әдебиетіндегі алатын орны, ақын-жазушылардың шығармалары туралы мәселелер, әдеби байланыстар, ортақ мифтер мен мотивтер, сюжет желісінің ұқсастығы, ұлттық және жалпы түркілік рухани құндылықтар, заманауи түркі әдебиеттерінің даму бағыттары оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Лингвомәдениттанымдық зерттеулер мен сөйлеу мәдениеті

    Аталған пән халық мәдениетінің тілге әсер етуін, олардың диалектикалық байланысын, дамуын, өзгеруін, тілтаным теориясы мен әдіснамалық негіздерді, лингвомәденитаным аясындағы негізгі ұғымдар мен түсініктерді, ұлттық дүниетаным мен тілдік әлемнің үйлесімін, сөйлеу мәдениеті ұғымы және оның мәнін, сөйлеу мәдениетінің құрылымын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және дамытуды, коммуникативтік функцияларды, тілдің мәдени бағдарларын, сапалық көрсеткіштерді, мұғалімнің сөйлеу техникасын меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәдениаралық коммуникациядағы интернет технологиялары

    Аталған пән заманауи интернет технологияларын мәдениаралық қатынас контекстінде тиімді қолдану жолдарын зерттейтін теориялық және практикалық курс. Пән аясында қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары, Интернет технологиялары, олардың қызметі, тілдер арасындағы мәдени байланыстардың сипаты, мәдениет, ұлт, тіл, ойлау тоғысындағы мәселелер, заманауи жағдайда қарым-қатынастың басты шарты болып табылатын өзара түсіністік, мәдениеттер диалогы, шыдамдылық, төзімділік және сыйластыққа негізделген жоғары құндылықтар мәселелері оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет ғылымының зерттелу тарихы

    Аталған пән әдебиеттану ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдерін, бағыттары мен зерттеу мектептерін қарастырады. Пән аясында көне дәуір әдеби мұраларын зерттеудегі қазіргі принциптер, қазақ әдебиетін зерттеу бағыттары, ғылыми топшылаулардағы жетекші ғалымдардың еңбегі және бүгінгі күн тұрғысынан зерттеудің өзекті мәселелері, қазақ әдебиетінің тарихы дәуірлеу принциптері, бұрынғы әдебиет пен қазақтың жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті, әдебиетті дәуірлерінің ғылыми тұжырымдамалары оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі

    Аталған пән жоғары оқу орындарында әдебиетті оқыту үдерісінің теориялық негіздері мен әдістемелік ұстанымдарын меңгертеді. Пән аясында қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесі педагогика ғылымының саласы екендігі, әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы, түрлері, қазақ әдебиетін оқыту жолдары мен заңдылықтары, білім беру платформалары мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары, жинақталған практикалық тәжірибе мен қалыптасқан теориялық қағидалары, тұжырымдар оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Батыс классикалық әдебиеті

    Аталған пән Батыс Еуропа әдебиетінің тарихи дамуы мен көркемдік бағыттарын зерделейтін теориялық пән. Пән аясында антикалық әдебиет, Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті, 15-17 ғасырлар әдебиеті, 19 ғасырдағы романтизм мен реализм, 20 ғасыр әдебиеті, орыс әдебиетінің «алтын ғасыры», Батыс әдебиетінің сюжеті, идеялық мазмұндылығы және көркемдік дәрежесі, Батыс әдебиеті кезеңдеріне тарихи-нақты талдау, Батыс классикалық әдебиеті мен шығыс әдебиетіндегі байланыс оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Материяны, кеңістікті және уақытты ұйымдастырудың түрлі деңгейлерін зерттеу кезінде ғылыми таным әдіснамасының негіздері және жаратылыстану философиялық концепциялары туралы білімдерді меңгеру.
  • Ғылыми зерттеулер мен практикалық қызмет жүргізуге мүмкіндік беретін шет тілін кәсіби деңгейде меңгеру, инновациялық технологиялар арқылы ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс түрлерін жүргізе білу.
  • Ғылыми зерттеудің мәселелерін, міндеттері мен әдістерін тұжырымдауға, бақылау, тәжірибе, эмпирикалық деректерді ғылыми талдау негізінде жаңа шынайы фактілерді алу, ғылыми еңбектерге реферат жасау, әлемдік ғылым мен өндірістік қызметте жинақталған мәліметтердің аналитикалық шолуларын жасау, алынған нәтижелерді қорыту, қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды тұжырымдау.
  • Стандартты емес жағдайларда әрекет ету, қабылданған шешімдер үшін әлеуметтік және этикалық жауапкершілікті көтеру, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуетті пайдалануға дайын болу, әртүрлі оқу орындарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың заманауи әдістері мен технологияларын, ғылым дамуының заманауи тенденцияларын қолдану, нақты ғылымның әдістемелік және философиялық (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) мәселелерін талдау.
  • Ғылыми-әдістемелік өнімді, оқу-әдістемелік кешендерді, авторлық курстар мен оқытылатын пәндерді оқыту әдістемесін әзірлеу әдіснамасын меңгеру.
  • Ауызша және жазбаша түрде академиялық мәтіндермен жұмыс істей білу, ғылыми және кәсіптік қызмет аясында коммуникативті сөйлеу жағдаяттарын тұжырымдау қабілетін көрсету, қолданбалы есептерді шешу үшін талдау және жүйелеу әдістерін, математикалық талдау және модельдеу, тіл білімі мен әдебиет саласындағы теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану.
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы тиімді инновациялық әдіс-тәсілдерді, соның ішінде мультимедиялық және АКТ технологияларын анықтау, оқу үрдісінде қолдану.
  • Грамматикалық ілімнің теориялық дамуындағы жаңарулар негізінде қазақ тіл білімінің қазіргі қалпы туралы ғылыми-теориялық білімді қалыптастыру, қазақ тілі академиялық грамматикасының, лингвистиканың қазіргі мәселелері, тіл тарихының ғылыми тенденцияларына қатысты көзқарастарды талдау, саралау.
  • Әдебиеттанудағы ғылыми-философиялық мәселелерді түсіну; әдебиеттегі күрделі мәселелерге аналитикалық және сыни талдау жүргізу; жүйелі түрде ғылыми мәтіндер жазу, ғылыми қорытынды жасау, ғылыми зерттеу жұмысында әдістемелік зерттеу әдістері мен тәсілдерін және әдеби зерттеулерде заманауи технологиялар мен дереккөздерді пайдалану.
  • Кеңес дәуіріндегі еуропалық тілдерге аударылған әдеби шығармаларды, посткеңестік кезеңдегі әлем тілдеріне аударылған әдеби шығармаларды, тәуелсіздік дәуірі тудырған дербес әдебиет үлгілерін талдау, жаһанданудың қоғамға, оның ішінде әдебиетке, мәдениеттер тоғысына, әдебиеттегі өзіндік ерекшелігіне ықпал ету мәселелерін талдау.
  • Этикалық, рухани және мәдени құндылықтарды, әлеуметтік белсенділікті реттеудің нысандары мен негізгі заңдылықтарын іздеу дағдыларын дамыту; қоғамның даму процестерін, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, жеке тұлғаларға әлеуметтік көзқарасын білу; күрделі жағдайларды, әлеуметтік-мәдени зерттеу әдістерін талдау.
Top