Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02197 Хореография в Темірбек Жүрегенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Хореография саласында жүйелендірілген іргелі ғылыми-теориялық және әдіснамалық білімі бар, жалпы хореографиялық өнердегі үрдістерге пәнаралық көзқарас арқылы талдау жүргізу дағдыларына ие, заманауи ақпараттық технологияларды, сондай-ақ сандық технологияларды білім беру үдерісіне интеграциялау әдістеріне негізделген жүйелі талдау жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін меңгерген философия докторларын (PhD), хореография өнерінде ғылыми, білім беру және әлеуметтік-мәдени қоғамдастыққа өз үлесін қоса алатын мамандарды дайындау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 184
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D031 Хореография
  • Дайындық бағыты 8D021 Өнер

Пәндер

  • Мәдени антропология

    Курс мәдени антропологияның пәнімен, принциптерімен, категорияларымен; әлеуметтік және мәдени антропологияның негізгі даму кезеңдерімен, мәдени антропологияның генезисі мәселесімен; әлеуметтік және мәдени антропологияның тарихы мен әдіснамасымен таныстырады; адамның мәнін және оның трансценденттік, экзистенциализм үрдістерін; шығармашылық үдерістегі сабақтастық мәселесін; трансцендентализмді мәдени-философиялық талдау тәсілі ретінде; антропологиялық константаны – трансцендентализмнің негізі және философиялау дәстүрі ретінде ашады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өнер философиясы

    Курс жалпы адамзат өнерінің, оның ішінде қазақ халқының өнерінің классикалық дамуының ең ірі, түйінді, тағдырлы кезеңдері негізінде өнер философиясын; өнердің белгілі бір түрінің өркендеу себептерін, эстетикалық, этикалық және философиялық білімдердің даму дәрежесі мен деңгейін; шығармашылықтың негізгі философиялық және эстетикалық мәселелерін шешуді; өнерді мәдени-тарихи құбылыс ретінде философиялық түсіну және бағалау мәселелерін ашады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Академиялық хат

    Курс аясында академиялық хаттың жанрлық әралуандығын, академиялық мәтіннің және оның құрамдас бөліктерін, академиялық хаттың жалпы қағидаттарын, жазбаша ғылыми мәтінді құрылымдаудың негізгі қағидаттарын; академиялық хаттың стилистикалық ерекшеліктерін, ғылыми мәтіннің жанрлары мен олардың ерекшеліктерін: ғылыми-танымал (дәрістер, мақалалар, очерктер); оқу-ғылыми (оқулықтар, әдістемелік құралдар, бағдарламалар); ғылыми-іскерлік (келісімшарттар, шығармашылық зертханалар нұсқаулықтарын); ғылыми-ақпараттық (патент, ақпараттық рефераттар, аннотациялар); ғылыми – анықтамалық (сөздіктер, энциклопедиялар, каталогтар анықтамалығы) қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әлемдік хореография тарихындағы режиссерлік инновациялар

    Курс әлемдік хореография тарихындағы режиссерлік жаңалықтарды зерттеуді қамтиды. Хореография режиссурасының, жалпы режиссураның негізгі терминологиясын, хореография режиссурасының дамуының тарихи кезеңдері мен ерекшеліктерін білу. Әлемдік маңызы бар көрнекті хореографтардың шығармашылығы, олардың хореографиялық шығармада жұмыс істеу кезіндегі режиссерлік техникасы мен ұстанымдары. Хореография режиссурасы бойынша ғылыми еңбектерді түсіну. Хореография өнерінің негізгі стильдік бағыттарының режиссурасының дамуын, олардың даму заңдылықтарын талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Балеттік педагогиканың заманауи мәселелері мен әдістері

    Курс педагогикалық әдістерді, заман сабақтастығын, балет педагогикасындағы дәстүрлер мен жаңалықтарды зерттеуді көздейді. Батыс, орыс және отандық мектептердің балет педагогикасының әдістеріне салыстырмалы талдау жасау. Дәстүрлі және заманауи педагогикалық әдістер мен мәселелер: психологиялық сипаттадан техногендік сипатқа дейінгі сұрақтарды түсіну. Жаңа буын мамандарын даярлауда оқу үдерісіне кіріктірілген оқытудың заманауи әдістері мен технологияларға көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • XX - XXI ғасырлардағы хореографиялық өнер теориясының мәселелері

    Хореографиялық өнер теориясы бойынша еңбектерді зерттеу. Хореографиялық өнер ұғымдарын, терминологияларын сыни тұрғыдан түсіну. Балет мамандарының жұмысындағы би өнеріне өнертанулық талдау жасаудың теориясы, әдістемесі, әдіснамалық принциптері бойынша ғылыми мұраларды түсіну. Пәнаралық тәсілдер тоғысында би өнерін зерттеу әдістерімен танысу. Батыс, орыс және отандық балет мектептерінің ғылыми ойларын түсіну.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Өнер креативтілігінің инвариантты негіздері

    Курс эстетикалық категориялармен және негізгі проблемалармен, түрлі эстетикалық мектептердің өнер мен өнер туындыларын интерпретациялаудағы қолданатын амал-тәсілдер, құралдар және әдістерімен таныстырады. Көркем шығармашылық түрлерінің жүйесін, эстетикалық және көркемдік қызметтің арақатынасын ашады. Көркем шығармашылық процесін, эстетикалық және көркем құндылықтар жүйесін, олардың адам тіршілігіндегі рөлін қарастырады. Қоғам, өркениет, өнердегі эстетикалық проблемалардың көрінісі, адам мен өнер мәселелері, эстетиканың өзекті мәселелері туралы ақпарат береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әлемдік хореографиядағы заманауи көркемдік үрдерістер

    Курста көркем стильдердің, хореографиялық өнердің эстетикасы мен теориясының қалыптасуы мен дамуы қарастырылады. Модерн, постмодерн, метамодернизм дәуірлері аясында хореографиялық өнердің даму тенденциялары бойынша салыстырмалы талдауды көздейді. Пәнаралық зерттеу деңгейінде хореографиялық өнерінің көркемдік процестерін талдау. Шетелдік және отандық хореографиялық өнерінің ұлы хореографтарының шығармашылығы және олардың әлемдік және отандық би өнерінің дамуындағы рөлі. Шығыс және Батыс би мәдениетінің көркемдік процестеріндегі айырмашылықтары. Әлемдік хореографиядағы көркемдік процестерді зерттеудің әдіснамалық принциптерімен танысу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Курс отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктеріне негізделген ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелерін, технологияларын, операцияларын, практикалық әдістері ментәсілдерін; ғылыми зерттеу әдістері мен әдістемесін, ғылыми деректерді жинау және өңдеу әдістерін, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру принциптерін, қазіргі ғылымның әдіснамалық ерекшеліктерін, ғылым мен ғылыми зерттеулердің даму жолдарын, жалпы ғылыми, философиялық және арнайы әдістерді теория мен практикада қолдануды ашады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Өнер семиотикасы

    Курс классикалық семиотиканың теориялық және әдістемелік тәсілдерін тереңдетіп оқытуға негізделген; семиотиканың ғылым ретінде даму тарихының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын, семиотикалық талдаудың негізгі әдістерімен, принциптерімен және тәртібімен таныстырады; семиотикалық сараптама әдістері, принциптері мен процедураларын, қазіргі заманауи семиотиканың (сонымен қатар нарратологияның) өнерді зерттеудегі семиотикалық көзқарасын, позициясын, семантиканың өнердегі мәні мен рөлін ашады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Өнер, визуалды антропология және қазіргі әлемнің құрылуы (авторлық курс)

    Өнер мен визуалды антропологиядағы қазіргі әлемді құру теориясы мен әдіснамасы. Адамның қоршаған әлемдегі орны мен қатынасын анықтаудағы ғылыми бағыттардың тәжірибесі. Мәдени құбылыстарды ғылыми зерттеудің әдіснамалық принциптері мен тәсілдері. Батыстық емес контексте өнерді анықтауда ғылыми мұраны сыни тұрғыдан пайымдау. «Өнер» антропологиясының басқа түрлеріне айналу тенденциялары. Қазіргі әлемді құрудағы адамның «биологиялық өзгерістерін» айқындау. Шығармашылық таным үлгілері және қиялға қарай жасалған эволюциялық қадам.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әлемдік мәдениеттегі стильдер мен парадигмалар: өнердегі әлем мен адам мәселесі (авторлық курс)

    Курс докторанттардың пәнаралық диалог негізінде өнердегі үдерістерді талдауға жүйелі көзқарас дағдыларын белсендіреді: мәдениет антропологиясының қазіргі теориялары, эстетика, философия және өнер тарихы. Стилі, ағымы және басқа да замануи өнертанудың категориялық аппараты ұғымдарының өзекті түсіндірмелеріне ерекше назар аударылады. Курс адам мен әлем бейнесін диахрондық тұрғыда көрсету мәселесі толассыз тақырыпқа негізделген және көрнекі мысалдарға толы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Мәдениет ұйымдары мен бөлімдерін басқаруды ұйымдастыру және жүзеге асыру саясатын (тұжырымдамасын, стратегиясын, мақсатын, міндетін) анықтау үшін жалпы ғылыми бағыттар бойынша алған жан-жақты білімді пайдалана отырып, пәнаралық диалог деңгейінде бүкіл оқу курсына негізделген ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті жүйелеу
  • Ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметті жүзеге асыру, заманауи ақпараттық технологияларды байыту және инновациялық әдістерді қалыптастыру мақсатында шетелдік және отандық хореографиядағы балет педагогикасы мектептері мен балетмейстерлік мұрасын дамыту саласындағы білімді саралау
  • Әртүрлі ұйымдармен, оның ішінде мемлекеттік органдармен сауатты өндірістік байланыстарды жүзеге асыруға ықпал ететін хореография саласындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру және модельдеу мақсатында балет педагогикасы мен балетмейстерлік өнердің даму тенденцияларын зерттеу негізінде ғылыми көзқарасты жүйелеу
  • Докторантурада алған білімдеріне сүйене ғылыми-педагогикалық құзыреттіліктерді жүйелеу, шығармашылық жобаларды басқара білу, хореографиялық өнер салаларында шеберлік сабақтарын, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастырып, өткізе білу, хореографиялық өнер саласында теориялық және практикалық пәндерді оқытуды ұйымдастыру және өткізу қабілеті болуы және педагогикалық, ғылыми, өндірістік тәжірибеде алған дағдыларын қолдану
  • Балет педагогикасы мен хореография режиссурасы бағытының қазіргі заманғы тенденцияларын талдау, бастапқы әдістерді қалыптастыру және синтездеу, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін процестерді басқару және ұйымдастырудың тиімді әдістері мен құралдарын анықтау
  • Хореографиялық білім беруді дамытудағы инновациялық әдістерді анықтау, жүйелеу және біріктіру мақсатында әлемдік хореографиядағы заманауи көркемдік үдерістердің даму саласын талдау, қазіргі хореографиялық тілді зерттеу әдістемесін кеңейту
  • Заманауи ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді пайдалана отырып, хореография өнері саласында ғылыми зерттеулер мен кәсіби қызметті жүзеге асыру
  • XX-XXI ғасырлар тоғысындағы хореографиялық өенрдің режиссурасын дамыту саласында оның педагогикалық мұраның қалыптасуына әсері мен маңызын анықтау мақсатында жалпы ғылыми бағыттар аясында ғылыми зерттеу қызметін жүзеге асыру
Top