Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01162 Гастроэнтерология (балалар) в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Пәндер

  • Амбулаториялық-емханалық балалар гастроэнтерологиясы

    Резидент амбулаториялық және емханалық жағдайда асқазан-ішек жүйесі аурулары бар балаларды диагностикалау, емдеу және диспансерлік бақылау бойынша білім алады, сондай-ақ асқазан-ішек жолдары тарапынан шағымдары бар баланы клиникалық тексеру, қажетті зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін тағайындау және нәтижелерін интерпретациялау, созылмалы гастроэнтерологиялық аурулары бар пациенттерді жүргізу, жеке емдеу тактикасын таңдау, динамикалық бақылау жүргізу, профилактикалық шараларды ұйымдастыру, медициналық құжаттарды рәсімдеу және ата-аналармен әрі бейінді мамандармен тиімді байланыс орнату дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 20
  • «Стационардағы балалар гастроэнтерологиясы» 1-модулі

    Резидент асқазан-ішек жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, педиатрияда ас қорыту ағзаларының зақымдану синдромдары, балалардағы функционалдық бұзылыстар, ас қорыту жүйесінің даму ақаулары және жедел гастроэнтерологиялық жағдайлардың патогенезі бойынша білім алады. сонымен қатар, резидент келесі практикалық дағдыларды меңгереді: зақымдану синдромдары және даму ақаулары бар пациенттерді жүргізу, клиникалық тексеру жүргізу, зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің (соның ішінде УДЗ, эндоскопия, pH-метрия) нәтижелерін интерпретациялау, дифференциалды диагноз жасау, науқастың жасы мен жағдайының ауырлығын ескере отырып ем тактикасын таңдау, диеталық терапия тағайындау, жедел жағдайларда шұғыл көмек көрсету, медициналық құжаттарды рәсімдеу және ата-аналарға кеңес беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 50
  • Гепатология

    Резидент бауыр мен өт шығару жүйесінің ауруларын диагностикалау, бастапқы ем жүргізу және алдын алу бойынша қажетті білім алады, сондай-ақ гепатологиялық патологиясы бар науқастарды клиникалық бағалау, арнайы биохимиялық және серологиялық көрсеткіштерді интерпретациялау, ультрадыбыстық және сәулелік диагностика жүргізу, әртүрлі генезді бауыр ауруларында дифференциалды диагноз қою, созылмалы гепатиттермен, холестазбен, аутоиммундық бауыр зақымдануларымен ауыратын науқастарды жүргізу, кешенді емдеу сызбаларын әзірлеуге қатысу, емнің жанама әсерлерін бақылау және диспансерлік бақылау жүргізу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • «Стационардағы балалар гастроэнтерологиясы» 2 -модулі

    Резидент гастриттер, асқазанның ойық жара ауруы, панкреатиттер, муковисцидоз, целиакия, ішек аурулары, паразиттік инвазиялар сияқты асқазан-ішек жүйесінің созылмалы ауруларын, олардың патогенезі мен дифференциалды диагностикасын, заманауи аспаптық зерттеу әдістері мен диетотерапия мәселелерін зерделеу бойынша білім алады және балалардағы гастроэнтерологиялық аурулардың ауыр және асқынған түрлерін бағалау, кешенді диагностикалық деректерді интерпретациялау, жеке емдеу сызбаларын әзірлеу, науқастарды тәулік бойы бақылау жағдайында жүргізу, аралас патология кезінде мультидисциплинарлық тәсілді қолдану және жоғары технологиялық медициналық көмекке негізделген жолдамалар дайындау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 54
  • Балалар гастроэнтерологиясындағы нутрициология

    Резидент білім алады: балалардағы асқазан-ішек ауруларының дамуы, алдын алуы және емі барысында тамақтанудың рөлі туралы. Оған әртүрлі жас кезеңдеріндегі ас қорыту физиологиясы мен патофизиологиясының негіздері, нутритивтік бағалау мен түзету қағидаттары, сондай-ақ энтеральді және парентеральді тамақтанудың заманауи тәсілдері кіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Балалар гастроэнтерологиясындағы эндоскопия және визуалды диагностика

    Резидент білім алады: балалардағы асқазан-ішек ауруларын анықтау және бағалау барысында визуалды диагностикалық әдістердің рөлі туралы Оған эзофагогастродуоденоскопия, колоноскопия, капсулалық эндоскопия, ректороманоскопия және эндоскопиялық ультрадыбыстық зерттеу сияқты балаларға арналған эндоскопиялық зерттеулерді жүргізуге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді түсіну кіреді. Сондай-ақ, резидент балаларды диагностикалық рәсімдерге дайындаудың жасқа байланысты ерекшеліктерін, седация мен анестезия әдістерін, түрлі аурулар кезіндегі эндоскопиялық көріністерді, биопсия жүргізу тәсілдерін, емдік эндоскопияны және балалар гастроэнтерологиясында қолданылатын қазіргі визуализация әдістерін (УДЗ, МРТ, КТ) меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Медициналық көмек көрсетудің стационарлық деңгейлерінде ас қорыту мүшелерінің патологиясы бар бала пациентерге диагноз қоюға, ажырату диагностиканы жүргізуге, ем және емдік диета тағайындауға, шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда медициналық көмек көрсетуге, динамикалық бақылауды жүзеге асыруға қабілетті.
  • Гастроэнтерологиялық патология кезінде клиникалық, зертханалық және аспаптық зерттеулер деректерін интерпретациялауға, эндоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулердің базалық дағдыларын қолдануға қабілетті.
  • Диагнозды дәл қоюға, диагностика ажырату диагностиканы жүргізуге, зертханалық және аспаптық әдістердің нәтижелерін түсіндіріп, бағалауға, емдеуге және амбулаториялық-емханалық жағдайда гастроэнтерологиялық аурулары бар балаларды диспансерлік бақылауға қабілетті.
  • Бауырдың жедел және созылмалы аурулары бар балаларды диагностикалауды және ажырату диагностиканы, емдеуді және диспансерлік бақылауды, сонымен қатар зертханалық және аспаптық деректерді барлық деңгейдегі медициналық көмектің аясында интерпретациялауды жүргізуге қабілетті.
  • Ем тиімділігін бағалауға, ауру болжамын жасауға, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды жүргізуге қабілетті.
  • Ас қорыту жүйесі ауруларының алдын алуға бағытталған жеке және популяциялық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға, қауіп факторларын бағалауға, пациенттерді ақпараттандыруға, профилактикалық ұсыныстарды қолдануға және денсаулық жағдайын мониторингілеуге қабілетті.
  • Медициналық есептік-құжаттаманы дұрыс рәсімдеуге және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық алаңында барлық деңгейдегі медициналық көмектің аясында әрекет етуге қабілетті.
  • Пациентпен, оның туыстарымен және денсаулық сақтау мамандарымен, оның ішінде мультидисциплинарлық және мульти кәсіптік топтар құрамында тиімді өзара әрекеттесуге қабілетті.
  • Ғылыми зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, алынған ғылыми деректерді талдауға, оларды қорытындылауға және өз клиникалық тәжірибесінде қолдануға қабілетті.
  • Күнделікті практикада халықаралық ғылыми-медициналық дерекқорларды тиімді пайдалануға, конференциялар мен үздіксіз кәсіби даму нысандарына қатысуға қабілетті.
Top