7R01141 Ревматология (балалар) в Ясауи ат. ХҚТУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи стандарттар мен дәлелді медицинаның қағидаттарына сәйкес ревматологиялық аурулары бар балаларды диагностикалау, емдеу, алдын алу, медициналық оңалту және диспансерлік бақылау жүргізу үшін жүйелі ойлау қабілеті, терең теориялық білімі, тәжірибелік дағдылары мен кәсіби құзыреттілігі бар балалар ревматологын даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R002 Ревматология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Стационардағы балалар ревматологиясы модулі-1
Резиденттерде ревматологиялық анамнезді жинау және балалардағы тірек-қимыл жүйесін толық тексеру мүмкіндігі қалыптасады. Ревматологиялық ауруға күдікті пациентті алдын ала тексеру алгоритмін, қазіргі халықаралық критерийлерге сәйкес алдын ала диагноз қою дағдыларын меңгереді. Резиденттер негізгі зертханалық және аспаптық деректерді түсіндіруді үйренеді, бастапқы қабынуға қарсы терапияны тағайындаудың негізгі принциптерін меңгереді. Сондай-ақ, олар алғашқы медициналық құжаттаманы рәсімдеуге және аралас мамандармен (ортопед, офтальмолог, кардиолог) өзара әрекеттесуге машықтанады. Резиденттер дәрі-дәрмектерді қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 70
-
Балалар ревматологиясында биологиялық терапияны қолданудың заманауи тәсілдері
Пән резиденттерге балалардағы ревматологиялық ауруларда биологиялық терапияны тағайындаудың, оның тиімділігін бағалау мен мониторинг жасаудың қазіргі заманғы тәсілдерін үйретуге бағытталған. Курста биологиялық препараттардың әсер ету механизмдері, қолдану көрсетілімдері мен қарсы көрсеткіштері, ювенильді артрит, жүйелі қызыл жегi, васкулиттер және басқа да аурулар кезінде ем таңдаудың стратегиялары қарастырылады. Қауіпсіздік мәселелеріне, жанама әсерлерді басқаруға, науқастарды динамикалық бақылауға, сондай-ақ халықаралық клиникалық нұсқаулықтар мен стандарттарға ерекше көңіл бөлінеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Стационардағы балалар ревматологиясы модулі-2
Пәнді оқу барысында резиденттер иммуносупрессивті және биологиялық терапияның күрделі схемаларын дербес әзірлеуді, түзетуді, өмірге қауіп төндіретін ревматологиялық синдромдар кезінде диагностика жүргізіп, шұғыл көмек көрсетуді, реанимация бөлімшесі жағдайында пациенттерге жетекшілік етуді үйренеді. Резиденттерде ауыр ревматологиялық аурулардың белсенділік индекстерін, күрделі клиникалық жағдайларда дәрігерлік шешімдер қабылдау алгоритмдерін бағалау бойынша құзыреттер қалыптасады. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін ревматологиялық аурулары бар балаларға қажетті медициналық құжаттаманы дайындау дағдыларын меңгереді. Стационар мен емхана арасындағы сабақтастықты үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 34
-
Балалар ревматологиясындағы иммунология мәселелері
Пән резиденттерге балалардағы ревматологиялық аурулардың иммунопатогенезін терең түсініп, теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Курста туа біткен және жүре пайда болған иммунитеттің негізгі механизмдері, ювенильді артрит, жүйелі қызыл жегі, васкулиттер және басқа да аурулардың дамуындағы аутоиммундық процестердің рөлі қарастырылады. Иммунологиялық маркерлерді түсіндіру, зертханалық диагностика мен биомаркерлерді қолдану, сондай-ақ иммундық терапия мен пациенттердің иммундық статусын бақылау әдістеріне ерекше назар аударылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Балалар амбулаториялық-емханалық ревматологиясы
Осы пәнді оқу барысында резиденттер ревматологиялық бейіннің патологиялық жағдайларын амбулаториялық жүргізу, дәрілік терапияны таңдау, пациенттің жасын, жеке төзімділігін, ауырлығын, сондай-ақ диспансерлік бақылау нәтижелерін ескере отырып, дозаны таңдау дағдыларын меңгереді. Резиденттер абулаториялық кезеңде ұтымды және экономикалық негізделген зерттеу жоспарын тағайындай алады. Резиденттер ауруға байланысты мамандарды (ювенильді идиопатиялық артрит кезінде - офтальмологтарды, жүйелі қызыл жегінде- нефрологтарды) тарта отырып, пациентті пәнаралық басқаруды жоспарлай алады. Отбасымен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын меңгереді, медициналық құжаттаманы жүргізу қағидаттарын, дәрілік терапия мониторингін және амбулаториялық практикада көпсалалы тәсілді үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 30
Профессии
Оқыту нәтижелері
- диагнозды негіздеп, балалардағы ревматикалық аурулардың алдын алу, ерте оңалту және шұғыл түрде медициналық көмек көрсету шараларын әзірлеп, емдеуді тағайындайды
- пациент үшін үздік нәтижелерге қол жету мақсатында пациентпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай біледі
- ең тиімді әдістерді пайдаланып, медициналық сараптама нәтижелері бойынша қорытындыларды тұжырымдай отырып медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалайды
- медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге пациенттерге қажетті медициналық құжаттаманы дайындай отырып, клиникалық және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін медициналық құжаттаманы жүргізеді
- өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалана, зерттеу тобының жұмысына және ғылыми жобаларға қатысып, кәсіби әдебиеттерді сыни тұрғыдан бағалайды
- пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа түрлеріне белсенді қатысу арқылы өз бетінше оқиды және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытады