7M08110 Агрономия в Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми негізде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдерін өндірудің цифрлық технологияларын меңгерген мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1,5 года
-
Кредиттер көлемі 90
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M131 Өсімдік шаруашылығы
-
Білім беру саласы 7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 7M081 Агрономия
Пәндер
-
Арнайы пәндер негізі
Арнайы пәндердің шолуын қамтиды, мамандық бойынша пәндердің ғылыми, теориялық және практикалық жетістіктері мәселелерін қарастырады. Магистрантты пәндердің негізгі бағыттарымен және әдістерімен таныстырады. Магистрантта арнайы пәндер бойынша білімнің және кәсіби құзыреттіліктің теориялық негіздерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Ғылым теориясы мен олардың елдің индустриялық дамуы жағдайында дамуы туралы түсінік береді. Ғылым мәселесін философиялық талдаудың бір бөлігі ретінде зерттейді. Курс магистрантта ғылымның тарихы мен дамуы бойынша білімді қалыптастыруға, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемелерін меңгеру құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пән магистранттардың білім берудің алдыңғы сатысында қол жеткізілген шет тілін меңгерудің бастапқы деңгейін арттыруына және шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті және жеткілікті деңгейін меңгеруіне бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар кәсіби қызметтің, ғылыми және практикалық жұмыстың әртүрлі салаларында, шетелдік серіктестермен қарым-қатынаста, сондай-ақ одан әрі өздігінен оқуда шет тілін қолдануға мүмкіндік беретін құзыреттерге ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Агрономиядағы ғылыми зерттеулер әдістемесі
Тәжірибелік зерттеулердің қазіргі заманғы әдіснамасы, агрономиялық тәжірибелер мен зертханалық эксперименттерді салу және жүргізу, нәтижелерді экономикалық және биоэнергетикалық бағалау әдістері, зерттеу деректерінің статистикалық шынайылығын талдау, ғылыми этика және плагиат түсінігі, мақалаларды дайындау және жариялау тәсілдері, заманауи сандық әдістер негізінде зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу әдістері кіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи оқыту әдістері
Пән заманауи даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы магистранттың жаңаша ойлау әрекетін қамтиды. Заманауи оқыту әдістеріне үйрету арқылы магистрантта ақпараттық, цифрлы жəне мамандық бойынша біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын және жаңа білімді сапалы қолдану біліктілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Агрономиядағы зерттеулер мен практикадағы жаңа бағыттар
Пән мамандық бағытында зерттеулер мен практикадағы соңғы өзгерістерді оқытады. Магистрантты мамандық бойынша соңғы жүргізілетін зерттеулер мен қолданыстағы практикадағы жаңа бағыттар бойынша жаңа біліммен қамтамасыз етіп, алған теориялық білімді кәсіби қызметте пайдалану дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стратегиялық басқару және көшбасшылық
Пән магистранттарда, басқарушылық шешімдердің себептері мен салдарын талдауды, стратегиялық тәсілдерді зерделеуді және жағдайларды модельдеуді қоса алғанда, жаңа және белгісіз жағдайларда басқарушылық міндеттерді тиімді шешу үшін қажетті стратегиялық ойлауды және көшбасшылық құзыреттерді дамытуға бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар теорияны практикалық қызметте қолдануға және кәсіби табыстылықты арттыруға көмектесетін қажетті басқару құзыреттері мен көшбасшылық дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Егістік шаруашылығындағы агроландшафтық егіншілік жүйесі
Сандық технологияларды пайдалана отырып ауыл шаруашылығы агроландшафттарын пайдалану тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында ғылыми негізделген іс-шаралар кешенін оқытады. Магистрантта қазіргі заманғы әдістер мен аспаптарды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ жамылғысына мониторинг жүргізу және талдау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, құрғақшылық әсерін азайту мен егіншілік жүйесінің тиімділігін арттыру тәсілдерін құрастыру дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал азығын өндіру мен сапасын бағалаудың жаңа технологиялары
Бәсекеге қабілетті, органикалық мал азықтық өнімдерді өндіру және жаңа сандық техника мен технологияны қолдану негізінде азық сапасының сәйкестігін зертханалық бағалау мәселелерін қарастырады. Магистрантта аймақтың топырақ-климаттық жағдайларын, а.ш. жануарларының азыққа сұраныстарын ескере отырып, мал азығын дайындау және сақтау, рациондарды, мал азығы балансын құрастыру және игеру, мал азығы сапасын зертханалық бағалау әдістерін меңгеру дағдылары мен білімін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Егістік дақылдарды өсірудің инновациялық технологиялары
Егістік дақылдарды өсірудің инновациялық сандық технологияларының ғылыми әдістерін және олардың әр түрлі топырақ-климаттық жағдайлардағы тиімділігін зерттейді. Магистрантта әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын, соның ішінде бұршақтыларды өсірудің сандық технологияларын практикалық қолдану дағдыларын қалыптастырады. Пән сондай-ақ нөлдік технологияларды, органикалық таза өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуде нақты әдістерді қолдануға және зерттеуге мән береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көшеттік жұмысын ұйымдастыру және көкөніс дақылдарын өндірудің прогрессивті технологиялары
Көшеттіктің жұмысын сапалы ұйымдастыру мәселелерін, соның ішінде ұзақ мерзімді жоспарлау, жаңа сорттарды пайдалана отырып көкөніс дақылдарын, картопты өсірудің прогрессивті, цифрлық технологияларын оқытады. Магистрантта ашық және жабық топырақта көкөніс дақылдары өнімдерін өндіру жоспарын, көкөніс дақылдары мен картопты өсірудің технологиялық карталарын әзірлеу, өнімнің сапасын арттыру және ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ету тәсілдерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Егістік дақылдарды зиянкестер мен аурулардан ықпалдастыра қорғау
Сандық технологияларды қолдану негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдерін диагностикалаудың заманауи ықпалдастырылған әдістерін оқытады. Магистрантта өсіру аймағының топырақ-климат жағдайлары мен экологиялық талаптарды ескере отырып өсімдіктерді қорғаудың агротехникалық, химиялық және биологиялық тәсілдері кешенін дұрыс және тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қорғау егіншілігі
Нақты егіншілік элементтерін пайдалана отырып егістіктік және басқа да ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды және тиімді пайдалану сұрақтарын қарастырады. Далалық дақылдардың өзіндік құны төмен және жоғары сапалы экологиялық таза және тұрақты өнімін алу мақсатында топырақ құнарлылығын молайтудың инновациялық амалдарын оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығын әртараптандырудағы агродақылдар өндірісі
Өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру жағдайында агроөнеркәсіптік кешен өндірісінің негіздерін оқытады. Магистрантта ауыл шаруашылығы субъектілер жағдайында әртараптандыруды ұйымдастыру үшін агродақылдар жиынтығын дербес айқындау, егу, егістікті күту, жинау, сапалы сақтау және өнімді тиімді өткізуді қоса алғанда, агранарықтың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін өнімділігі мен сапасы жоғары агродақылдар өндірісінің технологиялық операцияларын ұйымдастыра білу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шалғын-жайылым шаруашылығы
Табиғи мал азықтық алқаптардың өнімділігін, экологиялық қауіпсіздігін және ұтымды пайдалануды арттырудың ғылыми негіздерін зерттейді. Курс магистрантта шабындықтар мен жайылымдарды беткі және түбегейлі жақсарту, ғылыми негізделген және экономикалық тиімді шабындықтар-жайылымдар айналымын жүзеге асыру, сандық технологиясын қолдану арқылы мал азықтық алқаптардың менеджменттің жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Цифрлы технологиялар негізінде ауыспалы егістерді басқару, топырақты өңдеу, құнарлылығын арттыру, барлау және бағалау
- Ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау және өндіріске енгізу, ғылыми этика қағидаттарын сақтау
- Көшеттіктің сапалы жұмысын қатамасыз ету, өнімді жоспарлау, көкөніс пен картоп өнімдерін өндірудің прогрессивті технологияларын енгізу
- Кәсіби іс әрекетте психологиялық, арнайы ғылымдар және менеджмент саласының жаңа білімдерін қолдану
- Цифрлы технологиялар негізінде мал азығы өндірісін жоспарлау, даярлау, сақтау және сапасын анықтау, мал азықтық танаптарды тиімді пайдалану
- Өндіріс жағдайында әртараптандыруда органикалық таза өнім өндіру мақсатында егістік дақылдардың инновациялық цифрлы технологиялаларын пайдалану
- Цифрлы технологияларды қолдана отырып арам ағзаларға қарсы кешенді ықпалдастырылған қорғау шараларын тиімді анықтау
- Шет тілінің бірінде кәсіби жазбаша және ауызша қатынас орнатуды демонстрациялву