Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04203 Мемлекеттік басқару құқығы в SDU University

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты - Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі меңгеру, құқықтық талдау, түсіндіру және қолдану дағдылары негізінде орталық және жергілікті атқарушы органдарда, сондай-ақ жария сектордың өзге де ұйымдарында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жария құқық саласында білікті мамандар даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • ЖОО атауы SDU University
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
  • Дайындық бағыты 6B042 Құқық

Пәндер

  • Жалпы құқық теориясы

    Бұл пәнді оқу барысында құқықтың түсінігі, мәні және әлеуметтік маңызы, құқықтың басқа әлеуметтік нормалармен өзара байланысы талданады. Оның ішінде құқық нормасының құрылымын талдауға; құқық түсінігі бойынша түсініктемелер, талдау және логикалық қорытындылар беруге; осы мәселелер бойынша ғылыми ізденіс жүргізуге және ғылыми қорытындылар шығаруға; нақты істер бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қолдана отырып шешімдер шығаруға назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқықтық ойлау және методология негіздері

    Бұл пән заңгер маманы ретінде ойлауға, құқықтық мәселелерді шешу үшін талдау және заңның неғұрлым тиімді нормаларын анықтауға үйретеді. Болашақ заңгерлерге қажетті құқықтық талдаумен және оны шешумен байланысты әдістерді жүйелі түрде қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі 1

    Бұл пәнді аяқтаған соң студенттер түрік тілінде жазу, сөйлеу, оқу, тыңдау дағдыларымен қатар түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін де меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мемлекеттік басқару теориясы

    Бұл пән мемлекеттік басқару теориясының негіздерін білуге бағытталады. Кең ауқымды құқықтық білімнің ажырамас элементі ретінде мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы мамандарды даярлауға арналған оқу пәндерінің құрылымында мемлекеттік басқару теориясы басты орын алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР Конституциялық құқығы

    Бұл пән Қазақстан Республикасының конституциялық даму кезеңдерін, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттілікті құру процесінде мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі Конституцияның рөлі мен функциялары, Адам мен азаматтың конституциялық – құқықтық мәртебесін, сондай-ақ мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының конституциялық жүйесі туралы іргелі түсініктерді меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі 2

    Бұл пәнің нәтижесінде студенттер жазу, сөйлеу, оқу, тыңдау дағдылары мен қабілеттерімен бірге түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін игереді, сөз білімі саласында білім алады, фразеологиялық, терминологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен тілдік лексикасын кеңейтеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері

    Пәннің мақсаты студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оны болдырмау бойынша профилактикалық дағдыларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру. Оқыту барысында «сыбайлас жемқорлық», «сыбайлас жемқорлық мінез-құлқы» ұғымдары, олардың себептері мен салдары ашылады, сыбайлас жемқорлықтың негізгі мысалдары қарастырылған: парақорлық, алаяқтық, олардың түсінігі, құрамы мен түрлері талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Құқықтану саласындағы ағылшын тілі

    Бұл пәнді оқытудың мақсаты кәсіби қарым-қатынас; көпшілік алдында сөйлеу; кәсіби ақпарат алу мақсатында заң әдебиеттерін оқу арқылы кәсіби заң қызметі процесінде шет тілді мәтіндермен жұмыс істеу үшін қажетті көлемде құқықтану бойынша лексика-грамматикалық минимумды; негізгі лексикасын (бейтарап, ғылыми стиль), сондай-ақ ағылшын тіліндегі заң терминологиясын; шет елдердегі құқықтарын; құқықтың негізгі бағыттарын көрсететін ағылшын тілінің лексикасы мен фразеологиясын; ағылшын тілінде хат алмасуды; ағылшын тіліндегі арнайы әдебиеттерді рефераттау, аннотациялау және аудару негіздерін меңгеру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)

    Бұд пәнді игеру кезінде студент қылмыстық заң, қылмыстық құқық бұзушылықтар түсінігі, қылмыс категориялары, жаза тағайындау тәртібі және басқа қылмыстық құқықтың негізгі категориялары мен институттарын зерттейді. Студент қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану дағдыларын дамытады, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың, қылмыстарға төзбеушіліктің жоғары деңгейін қалыптастырады. Жобалық және командалық жұмыс, тұрақты түрде оқу және кәсіби дамыту қондырғысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • ҚР азаматтық құқығы (жалпы бөлім)

    Бұл пәнді оқу барысында студенттер жеке құқықтың негізгі институттары ұғымдарын, оларды пайдалану ерекшеліктерін және азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасын қарастырады. –Студент жеке құқығындағы негізгі ұғымдарды білу және талдау жасай алу; -азаматтық құқықтық құатынастарын реттеуге байланысты нормативті актілер мен нормалардың арақатынасын білу және соған сәйкес шешім қабылдауды; -жеке құқықтық заңнамалардың нормаларына түсіндірме беруге, талдау жасауды; -берілген тақырып бойынша ғылыми ізденіс жасап, жеке құқық теориясындағы пікірлерге талдау жасап, ғылыми қорытынды шығаруды игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Халықаралық жария құқық

    Бұл пән халықаралық бағытта құрылған, яғни мемлекеттер арасындағы құқықтық мәселелер кешенімен таныстырылады, олардың ерекшеліктері, ынтымақтасытық орнату секілді тақырыптарды қамтиды. Және адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты регламенттеу сияқты мемлекетаралық қарым-қатынастар салаларында олардың нормаларын бірлесіп қолдануға бағдарланумен халықаралық және мемлекетішілік құқық арақатынасының, өзара әрекеттесуінің арнайы мәселелерін зерттеу; құқықтық мәселелерді дербес шешу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Құқықтық жазба және дизайн

    «Құқықтық жазу» — студенттердің құқықтық ұстанымды жазбаша түрде анық, қисынды және кәсіби жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу пәні. Пән аясында заңи құжаттарды дайындау, құқықтық ұстанымды дәлелдеу және кәсіби қызметте заңи стиль талаптарын қолдану дағдылары дамытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • ҚР азаматтық құқығы (ерекше бөлім)

    Бұл пәнді игеру нәтижесінде студенттер: келісімшарттардың негізгі түрлерінің мәнін; әр түрлі шарттық қатынастардың құқықтық реттелуінің ерекшеліктерімен олардың түсінігі, тараптардың негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері;шарттан тыс міндеттемелердің түсінігі, пайда болу негіздері және құқықтық реттеу тәртібі; интеллектуалдық қызмет саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен тәртібі; Мұрагерлік саласында туындайтын қатынастардың негізгі түсінігі және құқықтық реттеу тәртібін білуі тиіс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Құқықтық менеджмент

    Бұл пән студенттердің құқықтық және іскерлік контексте тиімді шешім қабылдау және стратегиялық ойлау дағдыларын қалыптастырады. Практикалық тәжірибеге баса назар аудара отырып, курс түлектерді заң фирмаларында, корпоративтік заң бөлімдерінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардға қызмет етуге дайындайды. Теория мен практиканы үйлестіре отырып, студенттер күрделі құқықтық мәселелерді шешу қабілетін меңгереді және өз мамандықтарына маңызды үлес қосады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • ҚР Қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)

    Бұл пәнді игеру нәтижесінде жазалану шектерін көрсете отырып, қылмыстың нақты түрлерінің құрамын анықтауға, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша қылмыстарды дұрыс саралау қабілетін игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • ҚР Әкімшілік құқығы

    Бұл пән әкімшілік құқықтың негізгі түсініктері мен институттарын, атқарушы билікті жүзеге асыру механизмін зерттеу; әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық мәртебесін, атқарушы билікті жүзеге асыру формалары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікті, әкімшілік процесті, мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету әдістерін қарастыру; мемлекеттік басқару секторлары мен сфераларындағы әкімшілік - құқықтық реттеуді талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • ҚР жер құқығы

    Бұл пәннің мақсаты - меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтардың, жер құқығының теориясы мен практикасы бойынша теориялық және практикалық дағдыларын игеру. Пән мазмұны қолданыстағы ұлттық азаматтық және жер заңнамаларына және шетелдік заң ғалымдарының ғылыми тұжырымдамаларына, сот және құқық қолдану практикасына негізделген. Білімгер, меншік құқығы мен азаматтық құқықтағы басқа да заттық құқықтарының теориялық және практикалық мәселелерін зерттеу; жер құқықтық қатынастарын реттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мазмұнын талдау; жерге құқықтың туындауы мен тоқтатылу негіздерін, жолдарын, жер санаттарының құқықтық режимін талдай алуы тиіс. Оқыту барысында кейістік оқыту әдісі, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу әдістері қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Пән кез келген қызмет саласы үшін қажетті негізгі білім болып саналады. Бұл курс сізге тиімді бизнесті нөлден қалай құруға болатындығын түсінуге және шағын кәсіпкерлікті басқару мен дамытудың практикалық дағдыларын дамытуға көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Құқық

    Бұл пән мемлекет пен құқық теориясын, сондай-ақ заңмен және оны жүзеге асырумен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуге арналған. Студенттер мемлекет, құқықтың әрекет ету механизмі, заң шығару және құқыққа қатысты басқа да мәселелер туралы түсінік алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Экономика

    Бұл пән экономикалық ғылымның негізгі принциптеріне кіріспе болып табылады. Бұл курс студенттерге экономикалық принциптердің іс жүзінде қалай қолданылатынын және олардың қоғам мен бизнеске қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Бұл пәнді тыңдаушылардың қаржылық өнімдер мен қызметтер туралы білімдерін, жеке тұлғаларға салық салуды, зейнетақымен қамсыздандыруды, сондай-ақ жеке қаржыны басқару, инвестициялық шешімдер қабылдау және жеке қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыруға арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Еңбек қатынастары және еңбек даулары

    Бұл пәнді оқытудың мақсаты студенттердің ҚР Еңбек құқығы саласында тұрақты білім алуы және ҚР қолданыстағы еңбек заңнамаларында сауатты бағдарлану қабілеті болып табылады. Пәнді оқу барысында келесі міндеттер шешіледі: еңбек қатынастарын реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің, - ең алдымен ҚР Еңбек Кодексі мен басқа да заңдардың мазмұнын түсіндіру; Еңбек құқығы бойынша әдебиеттерді талдау және қорыту дағдыларын үйрету; еңбек құқығы саласындағы құқық қолдану қызметінің дағдыларын тәрбиелеу; еңбек дауларын шешу, еңбек қатынастарына қатысушылардың – қызметкерлердің, қызметкерлердің (кәсіподақтардың), жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің, еңбек инспекциясының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Бұл пәнді оқу барысында, қазіргі іргелі және қолданбалы юриспруденцияның соңғы жетістіктерін ескере отырып, қазіргі заманғы зерттеу әдістері пайдалана отырып, заң ғылымдары саласында (бағдарламаның бағытына сәйкес) ғылыми зерттеулерді дербес жүргізуді үйренеді. Курсты аяқтау нәтижесінде студенттер алынған нәтижелерді ғылыми конференцияларда ұсыну және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін отандық және шетелдік жетекші профильді журналдарда жариялау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • ҚР Азаматтық процестік құқығы I

    Бұл пәнді игерудің мақсаты студенттердің жалпы юрисдикциялық соттарында азаматтық істерді қарау және шешу бойынша соттың және процеске өзге де қатысушылардың іс жүргізу қызметі туралы тұтас түсінігін қалыптастыру, құқықтық дерек көздермен, соның ішінде нормативтік құқықтық актілермен, құқық қолдану практикасы материалдарымен, арнайы әдебиеттермен дербес білікті жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; соттарда дауларды шешу практикасын талдау, жалпы юрисдикциядағы соттар қабылдаған шешімдердің құқықтық салдарларын бағалау және іс жүргізу құжаттарын құрастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Дауларды шешудің балама түрі (АХҚО)

    Бұл пәнді дауларды шешудің балама түрі дәстүрлі сот процесінен тыс дауларды шешудің әдістерін, соның ішінде медиация, арбитраж және келіссөздерді зерттейді. Бұл курс дауларды балама реттейтін принциптерді, процестерді және құқықтық негіздерді, сондай-ақ осы әдістермен байланысты артықшылықтар мен қиындықтарды қамтиды. Студенттер проблемаларды шешу бойынша практикалық дағдыларды дамытып, әртүрлі құқықтық контексттердегі балама шешудің рөлі туралы түсінік алады, заң, бизнес және халықаралық қатынастар салаларындағы тиімді дау шешу маңызды болып табылатын мансапқа дайындалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • ҚР Азаматтық процестік құқығы II

    Бұл пәнді оқытудың мақсаты азаматтық процестік құқық саласы бойынша кәсіби қызметке дайындау; студенттерде азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері мен сатылары туралы жүйелі, кешенді білімдер мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: - студенттерді азаматтық процестің жекелеген сатыларын, оның ішінде, атқарушылық іс жүргізуді, сондай-ақ шетелдік тұлғалардың қатысуымен іс жүргізуді реттейтін азаматтық-процестік нормалармен таныстыру; - азаматтық процестік құқықтың арнайы нормаларымен жұмыс істеуге дағдыландыру және оларды нақты өмірлік жағдайға қолдануға үйрету; - студенттерді азаматтық сот ісін жүргізу барысында туындайтын құқықтық жағдайларды талдауға және кәсіби міндеттерді дербес шешуге үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік

    Осы пәнді игеру барысында әкімшілік жауапкершілікті құқықтық реттеу, оның негіздері мен мазмұны; субъектілер туралы, әкімшілік жауапкершілік шаралары және оларды қолдану тәртібі қарастырылады. Сонымен қатар, студенттердің әкімшілік жауапкершілік туралы заңнамалық нормалармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту: оларды түсіндіру және қолдану дағдылары; әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамын саралау дағдылары; дәлелдеу дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Тұрақты даму және экологиялық құқық

    Осы пән арқылы студенттер Қазақстан Республикасының экология құқығы мен қоршаған ортаны қорғау кодексімен және бұл саладағы халықаралық нормалармен таныс болады. Бұл курста экология және қоршаған ортаны пайдалануды, басқаруды және қорғауды реттейтін құқықтық принциптер мен ережелер сонымен қатар тұрақты даму механизмдері терең зерттеледі. Осы пән арқылы студенттер тақырыпқа байланысты жобаларды жетілдіру және тұрақты дамудың құқықтық негіздерін түсінуге және халықаралық құқықтағы тиісті заңдар мен ережелерді және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған құқықтық нормаларды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Интеллектуалдық меншік құқығы

    Бұл пәннің нәтижесінде студенттер әр түрлі елдердің Интеллектуалды меншік құқығына салыстырмалы талдау жүргізеді, интеллектуалды және инновациялық қызмет туралы түсінік, Интеллектуалды меншік құқығы туралы түсінік қалыптастырады, «Интеллектуалды меншік құқығы» жүйесінің, оның институттарының, тұжырымдамаларының, субьектілерінің жұмысын зерттейді, тақырып, әдіс және дереккөздер, авторлық құқық негіздері, оның принциптері, объектілері, субъектілері, шығармалар авторларының жеке мүліктік және мүліктік емес, сабақтас құқықтары туралы түсініктерді анықтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Салық құқығы және салық даулары

    Бұл пәнді оқу нәтижесінде студенттер салық және төлемдер туралы заңнамаларда қолданылатын терминологияны және негізгі ұғымдарды; Қазақстанның қазіргі салық саясатын қалыптастырудың негізгі нормативтік көздері мен тарихын; салық құқығының дамуының негізгі кезеңдерін; салық құқығының принциптерін, категорияларын, ұғымдарын, институттарын білуі тиіс. Салық және алымдар туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша сот органдарының қолданыстағы құқықтық ұстанымдарын түсіндіре білу; салық құқығының негізгі мәселелерін талқылау, сот дауларын шешу тәжірибесін талдау, нақты даулар бойынша Соттар қабылдаған шешімдердің құқықтық салдарларын бағалау. Салық құқығы саласындағы нормативтік актілермен, сот-төрелік практикамен жұмыс істеу дағдысы болуы; нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, олардың техникалық-экономикалық негіздемесі; нақты міндеттер мысалында салықтар мен алымдар сомасын есептей алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Муткорт

    Муткорт студенттерге шынайы сот процесін имитациялау арқылы заңгерлік қорғау тәжірибесін береді. Бұл курс жазбаша брифтерді дайындауды және судьялар алқасының алдында ауызша пікірсайыстарға қатысуды қамтиды. Студенттер заңгерлік зерттеу, жазу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытып, сот рәсімдері мен құқықтық ойлауды терең түсінуді меңгереді. Модельдік сот студенттерді талдау және қорғау қабілеттерін бәсекелестік, практикалық ортада жетілдіру арқылы заңгерлік мансапқа дайындайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Криминология

    Криминология - қылмыстылық, оның себептері мен жағдайлары, қылмыскердің жеке сипаты, қылмыстылықпен күрес шараларының жүйесі туралы ғылым.Криминология пәнін оқытуының, үйренуінің және зерттеуінің қажеттілігі – бұл тұлғаның дүниетану көзқарасының қалыптасуына, жеке басының үлкен жетістікке жетуіне және қоғамға қызмет етуіне, әлеуметтік ортаға бейімделуіне бағыт беріп қалыптасқанына мүмкіндік туғызады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Атқарушылық іс жүргізу

    Бұл пәнді атқарушылық іс жүргізу заңдарының нормаларына талдау жүргізу, атқарушылық іс жүргізу тәжірибесінде өз бетінше қолдануды, процестік құжаттарды құрастыруды, азаматтық істер бойынша шығарылатын сот актілерінің орындалуы тәртібін, мүліктен өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер бойынша шығарылатын үкімдердің орындалу ерекшеліктерін, аралық сот және халықаралық коммерциялық төреліктердің шешімдерінің орындалу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Халықаралық арбитраж (АХҚО)

    Бұл пәнді шетелдік элементпен күрделенген азаматтық-құқықтық дауларды, тараптардың өзара келісімімен мемлекеттік соттардан тыс шешу әдісі болып табылады. Қазіргі кездегі халықаралық сауда қатынастардың артуы және ұдайы жаһандану жағдайында арбитраж халықаралық деңгейдегі азаматтық-құқықтық дауларды шешудің негізгі механизмдарының бірі болып саналады. Сондықтан да болар, шетелдік элементпен күрделенген экономикалық даулардың басым көпшілігі халықаралық арбитражда қаралады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Халықаралық заң фирмаларының практикасынан таңдамалы кейстер

    Бұл пән аясында, халықаралық құқық фирмаларының тәжірибесінен кейстерді зерттеуді және оларды талдауды меңгереді. Нəтижесінде студенттерге теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде пайдалануға мүмкіндік беріледі. Процедуралық құжаттарды (талап арыздар, тапсырмалар, анықтамалар, шешімдер мен шағымдар) жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • ҚР Қылмыстық процестік құқығы 2

    «Қылмыстық процестік құқық 2» — қылмыстық сот ісін жүргізудің сот талқылауы, сот актілерін қайта қарау және процестік шешімдерді орындау сатыларын тереңдетіп зерделеуге арналған оқу пәні. Пән қылмыстық істерді сотта қараудың ерекшеліктерін, апелляциялық және кассациялық іс жүргізуді, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ететін процестік кепілдіктер мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Қаржы нарықтарын реттеу (АХҚО)

    «Қаржы нарықтарын реттеу» — қаржы нарықтарының қызмет етуінің және оларды мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін зерделеуге бағытталған оқу пәні. Пән аясында қаржы нарығына қатысушылардың құқықтық мәртебесі, қадағалау мен бақылау тетіктері, сондай-ақ банктік, сақтандыру, инвестициялық және өзге де қаржылық қызметті құқықтық реттеу мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Миграция және кеден құқығы

    Бұл пән адамдар мен тауарлардың шекара арқылы қозғалысын реттейтін құқықтық негіздер мен ережелерді зерттейді. Бұл курс иммиграциялық саясаттарды, босқындар және баспана заңдарын, шекара қауіпсіздігін, кедендік рәсімдерді және сауда талаптарын қамтиды. Студенттер халықаралық шарттарды, ұлттық заңдарды және жаһандық мобильділіктің экономика мен қоғамдарға әсерін талдайды. Курс студенттерді заң, үкімет, халықаралық ұйымдар және бизнес салаларындағы мансапқа дайындайды, шекарааралық қызметті реттеудің күрделілігі мен қиындықтарына назар аударады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • ҚР Қылмыстық процестік құқығы 1

    «Қылмыстық процестік құқық 1» — қылмыстық процестің негізгі ережелерін, қағидаттарын, сатыларын және оған қатысушыларды зерделеуге бағытталған оқу пәні. Пән қылмыстық істі қозғау, тараптардың процестік мәртебесі, дәлелдемелер мен дәлелдеу, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізудің жалпы қағидалары мәселелерін қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік қызмет және этика

    Бұл пәнді оқытудың мақсаты студенттерде мемлекеттік қызмет этикасы туралы теориялық білім кешенін қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлердің келіссөз жүргізуінің этикалық нормасын өңдеу, мемлекеттік қызмет этикасын жетілдіру бойынша шаралар жүйесін негіздеу және өңдеу, қазақстандық мемлекеттік қызмет этикасын талдау болып табылады. Мемлекеттік қызметті жетілдірудегі шетелдік тәжірибені қарау, қазақстандық мемлекеттік қызмет этикасын жетілдіру бойынша зертеулермен таныс болу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Криминалистика

    Алынған білімді іс жүзінде қолданудың маңызды алғышарты болып табылатын криминалистика (пән, объект, есеп, әдістер жүйесі), категориялық аппараттың теориялық жағдайын зерттеу. Криминалистикалық техниканы зерттеуде қылмыскердің іздері мен іс-әрекеттерінің сипатын анықтау үшін іздеу-танымдық іс-әрекетті білдіреді. Криминалистикалық әдістер мен құралдарды білу қылмыс құрамын анықтау үшін ақпаратты анықтауға, тіркеуге, зерттеуге, бағалауға және пайдалануға мүмкіндік береді.Тактикалық тәсілдерді меңгеру қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген тергеу әрекеттерін ұйымдастыруға және жүргізуге, тергеу нұсқаларын ұсынуға және тексеруге, тактикалық тәсілдерді, ұсынымдарды пайдалануға, іс жүргізу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін дұрыс белгілеуге мүмкіндік береді. Криминалистикалық техника мен тактиканы білу оларды тергеудің әр түрлі кезеңдеріндегі тергеу жағдайларын есепке ала отырып, әр түрлі қылмыс түрлерін тергеу әдістемесінің ерекшеліктеріне қолдануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • ҚР Әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу

    Бұл пәннің мақсаты әкімшілік рәсімдер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, оның ішінде мемлекеттік органдардың ведомствоаралық қызметін ұйымдастыруға және жария құқық саласындағы дауларды шешуге және де әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі туралы түсінікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Жария құқық және мемлекеттік басқару саласындағы кәсіби міндеттерді шешудің құқықтық тактикасын әзірлеу.
  • Келіссөздер жүргізу, құқықтық және басқарушылық құжаттардың жобаларын әзірлеу, сот және әкімшілік рәсімдерге қатысу, оларды талдау және ұлттық деңгейде заңдық консультация беру.
  • Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы проблемаларды айқындау, талдау және шешу үшін теориялық тәсілдерді синтездеуді, интеграциялауды және қолдануды қамтитын кешенді зерттеулер жүргізу.
  • Мемлекеттік және жергілікті басқарудың тиімділігін, бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және тиісті іс жүргізуді қамтамасыз етуге қажетті құжаттарды әзірлеу
  • Мемлекеттік органдардың, жария сектор ұйымдарының, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне құқықтық ортаның ықпалын бағалау және болжау.
  • Теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізу және құқықтық құбылыстар мен процестерді ғылыми талдау әдістерін қолдану.
  • Академиялық және нормативтік дереккөздерді талдау негізінде дәлелді ауызша және жазбаша кәсіби тілді қалыптастыру.
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық және өзге де қоғамдық қатынастар саласындағы проблемалық кейстер бойынша құқықтық шешімдер қабылдау.
  • Құқықтық ақпаратты іздеу, талдау, өңдеу және ұсыну үшін ақпараттық технологияларды пайдалану.
  • Идеяларды, құқықтық ұстанымдарды және кәсіби ақпаратты шет тілінде ауызша және жазбаша түрде нақты, дәйекті және тиімді жеткізу.
Top