Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03112 Халықаралық қатынастар в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастардағы ойындар теориясы

    Пәннің мақсаты: ойындар теориясындағы арнайы ұғымдар мен түсініктер мазмұнын, халықаралық мәселелер мен жағдайлардың талдау үшін оны қолдану қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ойындар теориясының негізгі ұйғарымдар, құралдар, әдістерін зерделеу, ХҚ саласындағы ойын моделін талдауға қабілеттілігін қалыптастыру, кәсіби міндеттерді шешу үшін осы әдістер пайдалану

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)

    Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері, ғылым мен технологиядағы жасанды интеллект.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастар теориясы

    Пәннің мақсаты: ХҚ теориясында қолданылатын арнайы ұғымдар мен түсініктер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Курс бағамдайтын құзыреттіліктер: теориялық-әдіснамалық қағидалар негізінде хқ қазіргі және тарихи оқиғаларды талдау барысында зерттелудегі теорияларды қолдану, қазіргі және тарихи оқиғаларды талдау барысында зерттелудегі теорияларды зерттеудің сараптамалық-болжамалы бағытында бағалау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастар және жаһандану үдерісі

    Пәннің мақсаты: жаһандану рөлі жөніндегі әлемдік ғылымдағы қолданылатын тәжірибеге сай түсініктер, тәсілдер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ХҚ дамуындағы жаһандық түжырымдар, жаһанданудың әлемдік саясат саласына ықпалының негізгі бағыттары, ХҚ дамуына ықпал етуші жаһандық мәселелердің байланыс сараптамалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі ХҚ саяси және экономикалық тұжырымдарын зерттеу әдістері

    Пәннің мақсаты: қазіргі ХҚ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының және саяси зерттеу технологиялары мен әдістерінің инновациясын бағалау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: қазіргі хқ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының теориялық-әдіснамалық негізі, экономикалық ойлардың даму тарихындағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерін зерттеу әдіснамалары, шешім қабылдау үрдістерін талдау амалдары; әлеуметтік-экономикалық үдерістердің қазргі үлгілерін салыстыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мегатрендтер және әлемдік саясаттың жаһандық мәселелері

    Пәннің мақсаты: әлемдік шаруашылық байланыстар сипатында, мемлекетаралық қатынастар жаңа тұжырымдары мен дамуы мегатрендтерді түсіну. Пәнде оқытылады: халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерінің мәнін, экономикалық; әлеуметтік мәдени, идеологиялық қатынастар әрекетінің заңдылығың, әлемдік саясаттың қазіргі тұжырымдары дағдылары

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастардың жаһандық құрылымының трансформациясы

    Пәннің мақсаты: ХҚ жаһандық құрылымының трансформациясы мен даму үдерісінің заңдылығы, қисынын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру, Пәнде оқытылады: курс шеңберінде оқылатын теориялар және концепциялардың түсінік, сәйкес халықаралық-құқықтық база, жаңа әлемдік тәртіпті құқықтық рәсімдеу әдістері, бейбіт келісімдер мен бітімге келу аяқталып, «жаңа әлемдік тәртіптің құрылу» кезеңінің басталуына байланысты мәселелер, аймақтық қауіпсіздіктің жаһандық және жергілікті факторлары арақатынасын бағалау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықаралық оқиғаларды қойылымды-сараптамалы болжау

    Пәннің мақсаты: халықаралық саяси оқиғаларды болжау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: халықаралық оқиғалардың қазіргі сараптамасы ортақ теориялық-әдіснамалық негіздері, ХҚ мен сыртқы саясат меңгеру саласындағы жаңа үрдістермен байланысты негізгі мәселелерді шешу мүмкіндігі туралы аса маңызды ықтимал негізгі принциптерінің жалпы концептуалды пікірлер, экономикалық және әлеуметтік тәуекелдерді туралы саяси шешімдер қабылдау бағдары, сараптамалық бағалау өлшемдерін әзірлеу үдерісі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Халықаралық жағдайлардың қолданбалы талдау және үлгілеу

    Пәннің мақсаты: ХҚ саласында қолданбалы сараптама жүргізе алу, қазіргі жаһанданған әлемнің оқиғалар жөнінде білімді жүйелейді қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: халықаралық жағдайдың қазіргі талдауының жалпы теориялық-әдіснамалық негізі , халықаралық саяси жағдайларды талдау және болжамдау әдіснамасын анықтау және түсіндіру, кәсіби қызметте халықаралық жағдайлардың үлгілену нұсқалары жөніндегі мағлұматтарды қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастарды зерттеудің әдіснамасы

    Пәннің мақсаты: cаяси оқиғалар мен үдерістерді болжау қабілеттілігін қалыптастыру, үлгілеудің негізгі амалдарын үйрену. Пәнде оқытылады: ХҚ үдерістер сараптамасы дағдылары, ғылымның алдыңғы қатардағы трендтері мен тәжірибе сұранымдарына сәйкес халықаралық зерттеу жүргізу тәсілі мен әдіснамасы, халықаралық зерттеу жүргізу мақсатында ғылыми теориялар мен заңдарға сараптама, сараптамалық-болжамалы нәтижесі дәйектілігі дәлелдемелер жүйесі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХХІ ғасырдағы аймақтық ішкі жүйелер

    Пәннің мақсаты: ХХІ ғасырдағы аймақтық, субаймақтық және басқада мемлекет аралық жүйелерге бірігу үдерісі дамуының негізгі кезеңдері жөніндегі түсінікті қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ХХІ ғасырдағы ХҚ аймақтық ішкі жүйелерінің әрекет ету механизмдері, ХҚ қазіргі жүйесіндегі аймақтану мәселелерін терең сараптауды қалыптастыру; аймақтық және ішкі жүйелер ұйымдарының құрылуының тетікті тұстары, қазіргі әлемде болып жатқан саяси үдерістер

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Жаһандық қауіпсіздік және заманауи халықаралық қақтығыстар

    Пәннің мақсаты: жаһандық қауіпсіздік мәселелерін және халықаралық жанжалдарды реттеу заманауи нысандарды болжау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: әлемдік қоғамдастықтың пен аймақтық ұйымдардың этносаяси жанжалдарға әскери, саяси, дипломатиялық және өзге де құралдарын қолдана отырып араласу әдістері; қақтығыстар және бітімгершілік операциялар туралы ақпаратпен жүйелі жұмыс істеу қабілеттілігі қалыптасуы

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қоршаған орта, қақтығыстар және тұрақтылық

    Пәннің мақстаы – тұрақты дамудың жаһандық трендті ұстанымдары мен қоршаған орта мәселелерін халықаралық заңдамаларда шешілуі, және ресурстық потенциалды игеруге қатысты талпыныс немесе иеленудегі қақтығыстық мәселелер жөніндегі білімдерді біріктіру. Осы курс экологиялық-экономикалық дамудың тұрақтылық, қоршаған ортаға әлемдік ықпалдылықтың бағалануы, және қазіргі «экологиялық лаңкестік» қақтығыстық іздестіру мен сараптаудың кәсіби біліктіліктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Геосаясат, жеткізу тізбегі және халықаралық қатынастар

    Курстың мақсаты: жаһандық халықаралық қатынастар байланысының сапалы жаңа дәрежесі нәтижесі ретінде, көліктің дәліз, жеткізу тізбегі дамуына геосаяси факторлардың ықпалын түсінудің көлемді ауқымына қажетті құралдарды ұсынуды қалыптастыру. Пәнде: көлік дәліздерінің дамуын, саяси ағымдардың құрылуы, мүмкіндіктері, басқаруы мен бақылауын және Қазақстанның логистикалық ақуалын негіздері оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Орталық Азияның транзиттік-көліктік әлеуеті және дипломатия

    Пәннің мақсаты – Орталық Азия аймағындағы дипломатия мен халықаралық логистика құралдары және әдістері, ұстанымдары, тәртібі, негіздері салаларындағы біліктілікті қалыптастыру. Курс логистикалық қызметті қамтамасыз етудің техникалық қабылдауын ұйымдастырудың, негізгі қабылдау құралдарына қатысты тасымал технологиясы бойынша іскерлік дағдылар мен кәсіби біліктілікті қолданудағы транзит-көлік әлеуетті бағалау ұсыныстары қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Халықаралық көліктік және экономикалық дәліздер

    Курстың мақсаты – халықаралық көліктік және экономикалық дәліздерді басқару, логистикалық белсенділікті бағалау мен сараптау саласындағы біліктілікті қалыптастыру. Курс АТ пайдалана халықаралық көліктік және экономикалық логистиканы ұйымдастыру мен басқару бойынша кәсіби белсенділіктің қазіргі әдістерін, халықаралық логистикалық үдерістерді реттеудің нормативті-құқықтық базаларын қолданудағы дағдырларды қалыпастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

    Пәннің мақсаты – энергересурстар дипломатиясы әдіснамасы мен тәжірибесінің, халықаралық энергетикалық қауіпсіздік мәселелері мен мәні жөніндегі түсінікті қалыптастырады. Пән энергетикалық дипломатияның арнайы құралдарын қолдану, энергетикалық саладағы саяси және дипломатиялық реттеулер, халықаралық энергетикалық нарықтағы сараптамалар мен болжам ақуалын, әртүрлі қауіптерден мемлекеттік мүдделерді қорғау дәрежесін бағалау әдістері мен критерийлері дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Орталық Азиядағы су дипломатиясы

    Пәннің мақсаты – Орталық Азиядағы мемлекеттер арасындағы су дипломатиясының дамуы, аймақтағы трансшекаралық мәселелердің құқықтық жүйелері, жағдай ерекшеліктерін қарастыру мен шешуге қабілеттілікті қалыптастырады. Курс магистранттарға су факторын тұрақты аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамудағы су факторының ілгерлеуі, гидросаясат және гидродипломатия, ОА аймағындағы сумен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық талаптары жөніндегі терең білім алуға мүмкіндік жасайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылымның тарихы мен философиясы, психология, педагогиканың және кәсіби шетел тілінің теориялық-әдіснамалық қағидаттарын білім беру және кәсіби мақсатта қолдану
  • Ғылымның озық трендтері мен тәжірибе сұраныстарына сәйкес халықаралық зерттеулер жүргізу әдістері мен әдістемесін пайдалана әлемдік саясаттағы жаһандық және жергілікті үдерістер мен қазіргі заманғы оқиғалардың жай-күйі мен даму үрдістері туралы жаңа теориялар мен тұжырымдамаларды бағамдау
  • ХҚ қазіргі жүйесіндегі инновациялық, интегративті үдерістерді қолданбалы талдауды, теориялық-әдіснамалық синтездеу, ойын теориясының әдістерін, кәсіби халықаралық оқиғаларды қойылымды-сараптамалы болжау, қолданбалы талдау және үлгілеу арқылы саралау
  • Негізгі әлемдік акторлардың белсенділігі, жаһанданудың рөлі, мегатрендтер, әлемдік саясаттың әртүрлі саласындағы ақуалдарды бағалау және жүйелі сараптауда, зерттеу және ғылыми-педагогикалық тәжірибелерде ғылыми теориялар мен мектептердің сала білімін қолдану
  • Кәсіби біліктілік ауқымында жаһандық құрылымдардың трансформациясы жағдайындағы әлемдік жетекші акторлар артықшылықтары мен келешегін, тұрақты дамудың негізгі тұжырымдарын қабылданған саяси шешімдердің экономикалық және саяси тәуекелдерінде бағалау
  • Қауіпсіздіктің жаңа өлшемдеріне сай жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзекті зерттеу міндеттерін енгізу
  • ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастардың аймақтық ішкі жүйелері қызметінің теориялық-әдіснамалық құралы төңірегіндегі білім негізінде аймақтық, субаймақтық және басқа мемлекетаралық жүйелерге бірігу үдерісінің мемлекеттік саясаттың тетікті мотивациялық факторларын сараптау
  • Интеграциялық құрылымдардың қызметіндегі сыни талдаудың ғылыми тәсілдеріне негізделген тұрақты дамудың жаһандық тұжырымдары мен экологиялық және қақтығыс мәселелерін шешудегі халықаралық заңдылықтарын дамытудың және салыстырудың негізгі бағыттарын талдау
  • Әр түрлі деңгейдегі қауіпсіздік қатерлерінің қауіптерін анықтау үшін қауіпсіздіктің жаңа өлшемдеріне стратегиялық талдау арқылы ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелерінің арақатынасын талдау
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардағы кәсіби белсенділіктің тәжірибелік міндеттерін шешудегі Орталық Азия мемлекеттері су дипломатиясының тетікті мәселелері жөніндегі білім негізінде интернационалды өзара әрекеттердің балама кеңістігін қалыптастыру
  • Мемлекеттік қызмет және ғылыми-зерттеу белсендігі ауқымындағы халықаралық көліктік және экономикалық дәліздерді басқару, энергетикалық қауіпсіздік, тұрақты даму мәселелерінің қолданбалы сараптаудың дағдыларын қазіргі әлемдік саясаттың негізгі оқиғаларын сараптауда меңгерген теориялар мен тұжырымдарды қолдана білу
  • Зерттеу және жобалау қызметін жүргізу үшін сараптамалық және талдамалық жұмыс шеңберінде Қазақстанның логистикалық әлеуеті мен көліктік дәліздерді құрудың, басқарудың және бақылаудың, аймақтық интеграциялық, әлеуметтік-мәдени және саяси шешімдерінің даму бағыттарын болжау
Top