6B02147 Өнертану в Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Әлемдік өнер тарихы мен теориясы және сын саласында, сондай-ақ отандық өнертануда жұмыс жасай алатын жоғары біліктілігі бар өнертанушы мамандарды дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B024 Өнертану
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B021 Өнер
Пәндер
-
Сурет
Суретпен айналысу студенттердің қоршаған ортаны көркем құралдарымен және шынайы бейнелеу шеберлігімен таныстырып, дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 3
-
Бейнелеу өнері туындыларын талдаудың әдіснамалық негіздері
Бұл курста студенттер бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен, көркемдік материалдарымен және әдіснамалық негіздерімен танысып, оларды сипаттап және өнертанушылық тұрғыда талдау жұмыстарын жазып үйренеді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 3
-
Археология негіздері
Археология аймақтың өткен даму тәжірибесін қайта құрудағы маңызды құрал ретінде қарастырылады, пән аясында ел археологиясының қазіргі деректерінен белгілі Қазақстан тарихы мен мәдениетінің артефактілері зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ежелгі дүние және Антика өнерінің тарихы
Курс аясында Ежелгі әлем өнеріндегі көркем шығармашылықтың қалыптасу кезеңдерінің алғашқы қауымдық кезеңнен бастап антикалық Римге дейінгі жалпы хронологиясы байқалып, дамудың стильдік белгілерін зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Кескіндеме
Кескіндемемен айналысу студенттердің қоршаған ортаны көркем құралдарымен және шынайы бейнелеу шеберлігімен таныстырып, дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Батыс Еуропаның орта ғасырлардағы және Қайта Өрлеу дәуіріндегі өнері
Өнер мен мәдениеттегі жалпы және жеке стильдік аймақтық белгілердің қалыптасуы контекстінде ұлттық көркем мектептердің қалыптасу мәселелері баяндалады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Өнер ескерткіштерін сипаттау және талдау
Оқылатын пән аясында көркем сипаттау және талдау әдіснамасы қарастырылып, өнер туындыларын сипаттау және талдау әдістерінің ерекшелігін жүйелеу жүргізіледі
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кәсіби бағытталған шетел тілі
«Кәсіби бағытталған шет тілі» пәні үздіксіз білім беру жүйесіндегі жетекші сала болып табылады және сол себепті де ол шет тілінің базалық курсын жалғастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Құқық негіздері
Курс мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы білімдерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Ислам өнерінің тарихы
«Ислам елдерінің өнері» курсы Ислам мәдениеті және көркем дәстүрлерінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін, оның пайда болу кезеңінен бастап, исламның алтын ғасырының өнеріндегі формалар мен бейнелердің әртүрлілігін зерделеуді қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекет тарихы және құқық теориясы
Заң ғылымының түсінігі, мәні және мазмұны. Құқық ғылымы жүйесіндегі заң және мемлекет теориясы. Мемлекет пен құқық қалыптасуы. Мемлекеттің түсінігі, мәні және белгілері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Әлем театрының тарихы
"Әлем театрының тарихы" курсы театрдың пайда болу, қалыптасу және даму үрдісінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
XVII-XVIII ғасырлардағы Батыс Еуропа өнері
Пән Жаңа заман өнерін, барокко мен классицизмнің стильдік белгілерін, Еуропаның жекелеген елдерінің көркем мәдениетіндегі көріністерінің ерекшеліктерін зерттеуге арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи Ислам өнері
Бұл курста заманауи ислам өнерінің ерекшеліктерімен, ислам бейнелеу өнерінің сипатымен, кезеңдерімен, танымал өнер ескеркіштерімен, қылқалам шеберлерінің шығармалармен танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сәндік-қолданбалы өнер тарихы
Бұл курста сәндік-қолданбалы өнердің көркем тілінің ерекшеліктерін қарастырады. Сәндік-қолданбалы өнердің негізгі түрлері. Ұлттық өнер. Сәндік-қолданбалы өнер туындылары және олардың өмірлік ортаны ұйымдастырудағы рөлі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Шығыс өнерінің тарихы
Шығыс өнерінің күрделі семантикалық құрамдас бөлігі, оның синтетизмі, символизмі мен синкретизмі, өнері мен мифологиялық байланысы – пәнде қаралатын сұрақтар шеңбері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мұражайтану және мұрағат ісі
Курстың міндеті: мұрағат құжаттамасымен жұмыс істеу әдістемесін оқып үйрену, мұрағат-мұражай жұмысының дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
ТМД театрының тарихы
"ТМД театрының тарихы" курсында студенттер славян халықтарының, Кавказ, Орталық Азия елдерінің фольклорлық театрының пайда болуы мен қалыптасу тарихын, ТМД республикаларының ұлттық театрларының даму эволюциясын зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кәсіпкершілік қызметі негіздері
Кәсіпкершілік болмысы және концепциясы. Кәсіпкершілік: түрі, формасы және қоғамдағы даму рөлі. Кәсіпкерлік орта. Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау тәсілі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кәсіби қазақ (орыс) тілi
Курс LSP (арнайы мақсатқа, кәсіби бағдарланған қатынасқа арналған тіл) деңгейінде кәсіби орыс тілін меңгеру үшін шығармашылық мамандықтар студенттеріне арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Заманауи театр үрдісі
"Заманауи театр үрдісі" сабағында студенттер қазіргі заманғы әлемдік театр өнерінің (драматургия, актерлік және режиссерлік өнер, сценография) мәселелерін талдап үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Өнер саласындағы менеджмент
Курс өнер саласындағы басқарудың теориялық негіздеріне және менеджмент жүйесінің жалпы принциптерін білуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
ХІХ -ХХ ғғ. Батыс Еуропа өнері
Курс Еуропаның ұлттық мектептерінің өнерін оқуға арналған, онда дәуірдің көркем мәдениетіндегі модерн мен модернизмнің стильдік белгілерінің қалыптасуы мен дамуы мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Көркем сын тарихы
Курс көркем сынның даму динамикасын зерттеуге, қазіргі сынның құрылымын түсінуге, оның негізгі агенттерінің өзара іс-қимылының басты аспектілерін зерттеуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан өнері
«Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан өнері» пәні аймақтың жалпы тарихи-мәдени даму контекстінде Қазақстан халқының бейнелеу өнерінің қалыптасу хронологиясын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақстан сәулет өнері
Бұл курста көне дәуірлердегі тарихи жәдігерлердің құрылысы, кеңестік Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы бой көтерген қоғамдық ғимараттар, тәуелсіз кезеңдегі архитектураның дамуы қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
ХХ ғ. Ресей бейнелеу өнері
Курс ХХ ғ. Ресей өнеріндегі архитектура, мүсін өнері, қолданбалы-сәндік және бейнелеу өнері дамуының негізгі кезеңдерімен таныстырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлем кино өнерінің тарихы
Курс Еуропа, Америка, Азия киносының тарихынан тұрады. Кино тарихындағы дыбыссыз кезең. ХІХ-ХХ ғасырлардағы Еуропа, АҚШ киносы. Дыбыстық кинематограф. Жанрлық бөлу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Оқыту әдістерінің тарихы
Курста оқыту әдістемесінің пайда болуы, даму тарихы мен инновациялық әдістері қарастырылады. Оқытудың әртүрлі әдістемелерінің даму тарихына қарай оларды сабақ беру тәжірибесінде пайдалануды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Сын шеберлігі
Курс маңызды теоретиктер мен көркем сын практиктерінің негізгі еңбектері мен мәтіндерін зерттеуге; сынның өзекті мәселелері мен көркем сын тарихының негізгі дәстүрлері арасындағы байланысты ашуға арналған
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейнелеу өнерінің тарихын оқытудың әдістемесі
Курс аясында студенттер жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және бағдарлау бойынша өзіндік жұмыс дағдыларын меңгереді; өнер тарихы бойынша пәндерді белсенді оқытудың формалары мен әдістерін зерттейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Орыс бейнелеу өнерінің тарихы
Негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтай отырып, қалыптасуына ықпал еткен танымал суретшілердің шығармашылығымен танысады. Сабақта бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының негізгі орыс өнеріне тән сипатын айқындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның көркем сын тарихы
Курс Қазақстандағы көркем сынының қалыптасуы мен дамуын қарастырады. Көрнекті отандық сыншылардың тәжірибесімен және еңбектерімен таныстырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогика негіздері
Курс әртүрлі ғылыми-пәндік және ағарту міндеттерін шешу аясында жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің теориялық-әдіснамалық және практикалық негіздерін меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Халық педагогикасы
Бұл ұрпақ тәрбиесі туралы әртүрлі тарихи, этнографиялық және әдеби көздердің дәстүрлерін оқытуға бағытталған пән.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақстан сәндік-қолданбалы өнерінің тарихы.
«Қазақстан сәндік-қолданбалы өнерінің тарихы» пәні студенттерді сәндік-қолданбалы өнерінің түрлерімен, ерекшеліктерімен және қалыптасу, даму жодарымен таныстырып, туындыларға талдаулар жасауға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Бейнелеу өнерінің көркемдік материалдары мен технологиялары
«Бейнелеу өнерінің көркемдік материалдары мен технологиялары» пәні аясында студенттер бейнелеу өнерінің әртүрлі түрлерінде қолданылатын материалдардың, техникалық құралдар мен әдістердің әртүрлілігін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сын бойынша семинар
Сын бойынша семинар дәрістік сабақтарда алынған білімді бекітуге және өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру процесіне арналған, оны оқу барысында өзекті мәселелер мен көркем өмір үрдістерін талқылау жүргізіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ХІХ-ХХ ғасырдағы Қазақстанның бейнелеу өнері
ХХ ғасырдың басынан қазіргі заманға дейінгі қазақ бейнелеу өнерінің ұлттық мектебінің даму кезеңдерінің хронологиясы мен ориенталист-суретшілердің шығармашылығы басты назарға алынады; жетекші шеберлердің көркем мұрасы зерттеледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Көрсетілім семинар
Бұл курста студенттер «өнертану» мамандығына қатысты түсірілген деректі, көркем фильмдерді және лекциялық материалдарды қарастырып, осының негізінде талдау жасайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түстану тарихы мен теориясы
Курста арнайы түс мәселесін, түстің семантикалық белгілерін, түс психологиясын синтаксистік талдау және оларды практикалық қолданумен айналасатын шетелдік, отандық лингвист-ғалымдардың еңбектерін талдауды ұсынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заманауи киноүрдіс
Пәннің мақсаты – адамзат мәдениеті саласындағы әлемдік кинематографияның заманауи ахуалын зерттеу. Заманауи кинопракаттағы заманауи киноның орны мен ролі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Орталық Азия бейнелеу өнері
Орталық Азияның сәулет өнері, мүсін өнері, қолданбалы-сәндік және бейнелеу өнері дамуының негізгі кезеңдерімен таныстырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Заманауи Азия киносы
Жаңа фильмдердің репертуарлық көрсетілімі. Тақырыптық талдаулар. Киноматериал құрылымының теориялық тұрғыдан талдануы. Азия елдері киносының заманауи кезеңдегі аймақтық-мәдени даму ерекшеліктері. Жаңа кезеңдегі Азия киносындағы ерекше жанрлар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Батыс Еуропаның заманауи өнері
«Батыс Еуропаның заманауи өнері» пәні студенттерді қазіргі заман өнері мен contemporary art-тың жалпы мәселелерімен таныстырады, постмодернизмнің қандай да бір ағымдарының пайда болу себептері баяндалады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ТМД елдерінің тарихы
Курсты оқу барысында студенттер салыстырмалы талдаудың, ТМД елдерінің өнері мен мәдениетінде жалпы және ерекше ізденістердің тәжірибесі мен дағдыларын талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Арт-журналистика және БАҚ стилі
Арт-журналистика саласындағы теориялық біліммен қамтамасыз етеді, сыни мақалалар, рецензиялар, шолулар жазуға, мәдени өмір оқиғаларын жариялауға, сұхбат алу дағдыларын бейімдейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Өнер туындыларын атрибуциялау және экспертиза
Мұражай заттарының әртүрлі топтарын ажырату ерекшеліктерімен, әртүрлі категориядағы мұражай заттарын ғылыми сипаттау және талдау әдістерімен таныстыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бейнелеу өнерінің теориясы
Курс бейнелеу өнерін теориялық тұрғыда танудың негізгі әдістері мен түсіну аппаратын игеруге; өнер теориясының басты бағыттарына; негізгі теориялық концепцияларға арналған
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Өнер саласындағы куратор
Қазіргі заманғы көркем процесс тәжірибесінің мәселелері туралы дәрістер курсы. Кураторлық қызметтің әдіснамасы, құралдары, мәселелер және оларды шешу тәсілдері туралы түсіндіріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Постмодернизмнің Арт-сыны
Курс Постмодернизм өнерінің табиғаты, оның шығу тегі, ерекшеліктері мен келешегі туралы сұрақтар кешенін қарастырады. Постмодернизмнің тұжырымдамалық ерекшеліктері және оны аналитикалық ұғыну әдістемесін зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Заманауи өнер сыны
Курс қазіргі заманғы көркем сынның өзекті мәселелеріне арналған, оны зерттеу барысында негізгі теориялық концепцияларды, сыни қызметтің қазіргі әдіснамалық принциптері мен дискурстарын игеру жүзеге асады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Галерея ісі
«Галерея ісі» курсы «өнертану» мамандығының оқу бағдарламасының кәсіби пәндерінің бірі болып табылады, дәріс материалдарынан, практикалық сабақтардан тұрады. Курстың мақсаты: галерея ісі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Өнер саласындағы сын және журналистика
Пән өнер саласындағы сын және журналистика туралы жалпы түсініктерді қалыптастырады. Арт-журналистиканың тілі мен құрылымын зерттейтін сын негіздерімен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Өнер шығармаларын реставрациялау және экспертизалау
Көркем құндылықтарды қалпына келтіру және сараптау бойынша студенттердің теориялық және практикалық білімдері мен дағдыларын жетілдіру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көркем сын бойынша практикум
Көркем сын бойынша практикум casestudy форматында талқылауды; әлеуметтік, мәдени, саяси контексттегі сыни хатты енгізуді; дәлелді жұмыс пен логикалық ойлау дағдыларын дамытуды қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Арт бизнесінің теория және практика негіздері
Студенттер әлемдік және отандық көркем нарықтың қазіргі жағдайы мен даму үрдістерін қарастырады. Көркем нарықты талдау әдістемесін ұсынады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Өнер тарихы методологиясы
Курс өнер тарихын зерделеудің әртүрлі әдіснамалық тәсілдерін зерттеуге; ескерткіштерді сипаттау, түсіндіру және талдау принциптерін өзгертуге; биографиялық әдістің жанрлық қызмет ету заңдарын зерттеуге арналған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шығармашылық психологиясы
Курс шығармашылық психологияның тарихын, өнер теориясындағы психологиялық тәсілдердің келешегін, қазіргі заманғы өнердің даму жолдарының көпнұсқалылығын зерттеудегі өнер психологиясының рөлін, шығармашылық шабыттану проблематикасын зерттеуге арналған
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
Оқыту нәтижелері
- Өнертану ғылымы мен өнер әдіснамасының негіздерін білу
- Бейнелеу өнерінің теориясы мен тарихының болмысын талдау
- Көркем сынның түрлері мен жанрларын ажырату, олардың қалыптасу тарихын білу
- Бейнелеу өнері туындыларын жасау техникалары мен технологияларын, көркемдік материалдарын зерттеу және кәсіби білімін жетілдіру
- Қазақстан өнерінің тарихындағы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі өзгеріп жатқан құбылыстарды талқылау
- Бейнелеу өнері тарихын оқыту әдістерін таңдау
- Шығыс және Ислам елдері өнерінің тарихындағы айырмашылықтарды анықтау
- Бейнелеу өнері мен сындағы әлемдік заманауи тенденциялардың дамуын бағалау
- Өнер саласындағы менеджменттің негізгі мемлекеттік-құқықтық ережелерін білу, шеберлердің шығармаларын сауатты бағалау, маркетингтік, қаржылық және басқарушылық қызмет салаларының негіздерін меңгеру
- Мәтіндерді кәсіби аудару мақсатында шетел тілдерінің қазіргі тәжірибесінде және қазақ-орыс тіл жүйесінде қабылданған өнертанудағы кәсіби терминологияның ерекшеліктерін меңгеру