26.07.2018 - өтініштерді қабылдаудың соңғы күні

Құрметті, оқуға түсушілер! Естеріңізге сала кетейік, ертең, 26 шілде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштерді қабылдаудың соңғы күні. Өтініштерді қабылдау мерзімі 18-26 шілде аралығында.

Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі комиссия өз жұмысын 27-ші күні бастайды және тамыздың 5-ін аяқтайды. Содан кейін нәтижелер жарияланады.

 


Жоғары оқу орнына түсу үшін сізге мынадай құжаттар қажет:

Белгіленген үлгідегі бланкідегі өтініш;
Білім туралы құжат (түпнұсқа);
Жеке куәліктің көшірмесі;
Фото 3х4 (2 дана);
№ 086-У нысан бойынша медициналық анықтама (егу паспортының көшірмесімен);
ҰБТ-ға қатысу туралы сертификат (түпнұсқа) немесе КТ;
Тіркеу куәлігінің көшірмесі (жасөспірімдер үшін).

Поделиться:
Top