1 тамызда білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болады.
Құрметті талапкерлер!
Баршаңызға белгілі, ата-анаңыз, туыстарыңыз және мұғалімдеріңіз жыл сайын күтетін уақыт жақындап келеді.
1 тамызда білім гранттары иегерлерінің есімдері жарияланады.
Гранттар беру тәртібі толығымен автоматтандырылған және адами факторды толығымен жоққа шығаратын ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ректорлар кеңесі, БАҚ, «Жас Отан» жастар қанаты, Студенттер альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің өкілдері кірген комиссия барлық процестерді бақылады.
2019 жылдан бастап білім беру гранттары білім беру бағдарламалары топтарына сәйкес тағайындалады. Яғни, әр талапкер жоғары оқу орнына түсу кезінде белгілі бір білім беру бағдарламасын таңдайды.
Сонымен қатар, үшінші жыл қатарынан «Алтын белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңімпаздары ҰБТ баллдары тең болған жағдайда ғана басымдыққа ие болады. ... Басқа жағдайларда, олар гранттық конкурсқа тең шарттарда қатысады.
Құрметті болашақ студент! Сізге еліміздің дамуына үлес қосатын маман болуыңызға тілектеспіз!