Университеттің виртуалды қабылдау бөлімі арқылы өтініш беру
Электрондық үкімет порталында құжаттар тапсыру барысында қиындықтар кездескен жағдайда, Сізге ыңғайлы болу үшін жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдаулары іске қосылды.
Жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдаулары Сізге құжаттарды тапсыру барысында онлайн режимде көмек көрсетеді. Бұл үшін түсушілерге жоғары оқу орнының сайтына (өзіңіз таңдаған бір жоғары оқу орнына), одан әрі конференциялық жүйе арқылы онлайн кеңес беретін және Сізбен бірге конкурсқа құжаттарды тапсыратын жоғары оқу орны виртуалды қабылдауының сілтемесіне өту керек.
Сондай-ақ, кестені сілтеме арқылы ашуға болады: https://docs.google.com/spreadsheets/d/1pNitb-NahSw9v_Hg8ldN-w68q8ratErLCLq5Yt-8NXM/edit#gid=836431013
Немесе тест орталығының веб-сайтынан жүктеп алыңыз http://testcenter.kz/upload/iblock/cde/call-center-VUZ.xlsx
Өтініш берер алдында:
- Сіз білім беру бағдарламаларының қай тобына жүгінгіңіз келетінін шешуіңіз керек. Сіз оларды ҰБТ тапсырған пәндер бойынша таңдауыңыз керек https://univision.kz/kk/edu-program/group/subject/
- Содан кейін оқығыңыз келетін университетті таңдаңыз: https://univision.kz/kk/univ/area/
- Осы университетте және осы білім беру бағдарламаларында шекті балдан жоғары балл жинағаныңызға көз жеткізіңіз: https://univision.kz/kk/min-ball-2021.html
- Осы университетте қандай білім беру бағдарламалары бар екенін және осы білім беру бағдарламаларының тобын қараңыз: https://univision.kz/kk/edu-program/
- Оқылатын пәндер мен оқытудың нәтижелеріне қараңыз.
- Грант алу мүмкіндігін үміткерлердің өткен жылғы өту баллдары негізінде бағалай аласыз https://univision.kz/kk/prohodnye-bally-na-grant-2021.html
Қажетті құжаттар:
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алу кезінде кездесетін қиындықтарды ескере отырып, Білім және ғылым Министрі медициналық анықтамалық құжаттарсыз оқу орындарына құжаттарды қабылдауға уақытша рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды.
«Электрондық үкімет» порталына онлайн өтініш берген кезде - медициналық анықтамаларды бекіту өрісі міндетті емес болып табылады.
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы конкурсқа өтініш;
- білімі туралы құжаттың электрондық нұсқасы;
- 3х4 көлеміндегі сандық фото;
- дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электрондық нұсқасы;
- "Елбасы медалі" ерекшелік белгісін тапсыру туралы куәліктің электрондық көшірмесі, халықаралық дипломның электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда);
- көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжаттар (екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын растайтын құжаттар, мүгедектігі туралы анықтамалар және т. б.).
- Ағылшын тілінен халықаралық сертификат (TOEFL ITP,TOEFL iBT, TOEFL, IELTS) (бар болған жағдайда);
- Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы дипломдарының электрондық көшірмелері, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда ағымдағы оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін ұсынады (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат болмаған жағдайда):
- еңбек кітапшасының электронды көшірмесі;
- жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімнің электронды көшірмесі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманың электронды көшірмесі;
- мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартының электронды көшірмесі;
- еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электронды көшірмесі;
- жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндінің электронды көшірмесі.