Магистратураға конкурсқа құжаттарды қабылдау басталды

2021 жылғы 11-14 тамыз аралығында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиясына келесі құжаттар тапсырылады:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымша);
  • КТ сертификаты;
  • № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
  • халықаралық сертификат: Toefl, Ielts, GRE, GMAT(бар болған жағдайда);

Оқуға түсуші құжаттарды тапсыру кезінде білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді.

Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді.

Поделиться:
Top