Бакалавриатқа оқуға түсудің шекті балдары

Достар, 2024 жылы тек «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» білім беру саласы бойынша шекті балл өзгертіліп, ұлттық жоо-ларға түсу үшін де, қалған жоо-ларға түсу үшін де кемінде 50 балл жинау қажет етіледі.

Қалған білім беру салалары бойынша шекті балл деңгейі өзгеріссіз қалды. Атап айтқанда, «Педагогикалық ғылымдар» және «Құқық» – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласына – кемінде 70 балл.

Сондай-ақ Ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл, ал басқа жоо-ларға – кемінде 50 балл.

 «Қазақстан тарихы» және екі бейіндік пән бойынша шекті балл – 5 балл, «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» бойынша шекті балл – 3 балл.

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҰБТ ТАПСЫРАТЫН КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ үшін шекті балл – 25 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.

МАҢЫЗДЫ: Әр жоғары оқу орны білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.

Біздің парақшадағы жазбаларды өткізіп алмаңыздар. Себебі жарияланып отыратын ақпарат Сіздердің грант конкурсына өтініш беру кезінде дұрыс таңдау жасауларыңызға септігін тигізеді деп сенеміз!

Поделиться:
Top