2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілді

Құрметті 2024 жылғы талапкерлер! 

2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілгенін тағы да еске саламыз. 

Сараланған гранттар – бұл 50% оқу ақысы төленетін гранттар. 

300 сараланған грант екі бағыт бойынша бөлінген: 

«Педагогикалық ғылымдар» - 150 грант; 

«Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 150 грант. 

Бұл грант конкурстық негізде беріледі. Яғни, 13-20 шілде аралығында (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында) грант конкурсына қатысу қажет. Ешқандай қосымша құжат қажет емес. Толық грант ұтып алмаған кезекте келесі болып тұрған талапкерлер сараланған грантты иелене алады. Пайдалы ақпаратпен достарыңмен бөліс! 

Поделиться:
Top