Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Ауыл квотасы неше пайызды құрайды?
Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер!
Бүгін ауыл квотасы туралы ақпарат ұсынамыз!
Ауыл квотасы 35%-ды құрайды. Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 35%-ы ауыл квотасымен беріледі.
Ауыл квотасы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша беріледі. Мысалы, педагогикалық, IT, ауыл шаруашылық, ветеринария, медициналық және т.б.
Ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады.