Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Қандас квотасы неше пайызды құрайды?
Құрметті қандастар!
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға арналған квота туралы ақпарат ұсынамыз!
Қандас квотасы 4%-ды құрайды. Яғни, жалпы бөлінген гранттың 4%-ы қандастарға беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген, оның ішінде 549 грант немесе 4%-ы қандастарға арналған.
Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандастар ұлты (қазақ) көрсетілген шетел төлқұжатын ұсынады. Атап өтсек, қандастар үшін грант конкурсына қатысуға ҰБТ-ның шекті балдары бекітілмеген.